Көлік нарықтық экономикадағы стратегиялық маңызды кешен



жүктеу 83,33 Kb.
бет1/6
Дата11.06.2020
өлшемі83,33 Kb.
#30917
  1   2   3   4   5   6
Жоламан, Асем апай курсовой


Кіріспе
Көлік - нарықтық экономикадағы стратегиялық маңызды кешен. Көлік - мемлекеттің күшін мағыналы дәрежеде анықтайтын, себебі қоғамның қажеттілігін жүктерді және жолаушыларды тасымалдағанда қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды кешен.

Еліміздің социалистік кезеңімен сипатталатын қоғамдық меншік акционерлеу және жекешелендірудің арқасында барлық көлік түрлері басқа меншік түрлеріне ауысты. Ертеректе көлік түрлерін басқару (бағыттау) мәселелері бөлек көлік министрліктеріне бытыратып орналастырылған болса, қазіргі уақытта олар ҚР көлік және коммуникация Министрлігінде шоғырланған. Нарықтық шарттарда біріңғай көлік жүйесіне тәсілдемесі сәл өзгерген.

Қазіргі кезде пайда болған бәсекелестікті бір көлік түрінің екінші көлік түріне деген қарама-қарсылығы ретінде емес, көліктің дамуын ынталандырушы, көліктік қызмет көрсетудің құнын төмендету үшін тасымалдаудың жаңа прогрессивтік технологиясын іздеу және жеткізу жылдамдығын көтеретін құбылыс ретінде қарастыру қажет. Құнның төмендеуі және тасымалдау уақытының азаюы белгілі бір көлік түрін қолдану саласын кеңейтеді, яғни оның көлік қызметі нарығындағы маңыздылығын арттырады.

Көлік қызметінің құны тасымалданатын жүктердің соңғы құнында айтарлықтай білінеді, сондықтан тапсырыс беруші өзінің тауарларын тасымалдауға көліктің арзанырақ түрін іздейді. Жолаушыларды тасымалдау әлеуметтік маңыздылық болып табылады. Көлікке деген шығын отбасылық бюджеттің белгілі пайызынан аспауы керек. Әлемнің көптеген елдерінде халықтың бөлек қалың бұқара топтары үшін көліктік шығындарға дотация қарастырылған.

Нарықтық қатынастар әрбір көліктік кәсіпорындардың көлік қызметі нарығында өздерінің қуысын іздеуге күш салды. Еліміздің аумағы үлкен болғандықтан әрбір көлік түрінің пайдаланылуына қарай нақты белгіленген салалары бар, яғни алшақтық бойынша, жолаушыларды тасмалдауда көліктің жайлылығы мен жылдамдығы, қашықтығы бойынша, жылдамдығы және жүктің түрлері бойынша (мысалы, шикізатты белгілі қашықтықта темір жол арқылы тасымалдау)

Көлік - жолаушыларды және жүктерді тасымалдаудағы қоғамның керекті қажеттілігін қамтамасыз ететін өндірістің саласы.

Көлік экономиканың негізгі қызмет көрсететін өндірістің инфрақұрылымының құрамына кіред, олар: өнім алушы, қайта өндіруші және ауылшаруышылығы. Инфрақұрылымға сонымен қатар байланыс, энергетика, материалды-техникалық қамтамасыз ету жүйесі жатады.

Көлік өндірістің саласы ретінде өз алдына жабдықтар мен хабарлама жолдарының жиынтығын, әртүрлі техникалық құрылғылар мен ғимараттар қамтамасыз ететін қалыпты қызметті білдіреді

Көліктің қоғам өміріндегі экономикалық мән-мағынасы экономиканың барлық саласының жұмыс бағытын және байланысының дамуын қамтамасыз етуден тұрады.

Көлік мемлекеттің бүтіндігіне, ресурстарды арттыру, төтенше жағдайларды жедел түрде шешуге ықпал етеді, Бұл оның саяси мағынасын білдіреді.

Көліктің мәдени мән-мағынасы қоғамның білімін және мәдениетін жоғарылататын эстетикалық құндылықтарды тарату мүмкіншілігінен тұрады, бұл тұрғындардың білімі мен мәдениетін көтеретіні анық. Мұнымен қоса, көліктің өзі мәдениеттің элементіне айналды:

- көліктің жеке немесе барлық түрлері бойынша мұражайлар салынуда;

- көлік өнеркәсібінің жетістіктеріне көрме өткізілуде;

- көліктегі жетістіктер мен идеялардың таратылуы бойынша қоғам құрылуда.

Көліктің әлеуметтік мән-мағынасы еңбектің жеңілдетілуі мен оның өнімділігін арттырудан, уақытты үнемдеуден тұрады. Көлік сонымен қатар адамдардың бос уақыт өткізуін ұйымдастыруға, яғни олардың өнімдік және шығармашылық мүмкіншіліктерін қалпына келтіру үшін арналған уақытына қатысады. Халыққа қызмет көрсететін көлік жұмысының жетіспеушілігінен көліктің қажуы жұмыс өнімділігін 12% -ға түсіруі мүмкін.

Көліктің ғылыми мән-мағынасы бағаланбайды. Көлікті жетілдірудің қажеттілігі ғылым алдына жаңа мақсаттар қояды, ал ғылымның дамуы өз алдына көлікке аз шығынмен жоғары дәрежеде халыққа қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Көліктің еліміздің қорғанысы үшін үлкен мәні бар, себебі соның көмегімен өндірісті, әскерді, халықты жылдам көшірге мүмкіндік береді.

Автомобиль көлігі еліміздің өндірістік кешенінің жұмысын атқаруда маңызды роль атқарады. Автомобильдердің маневр жасағандығының арқасында жүктерді көліктің бір түрінен екінші түріне тиемей-ақ, жөнелтушінің қоймасынан тікелей қабылдап алушының қоймасына дейін тасымалдауға мүмкіндік бар. Толық жетілдірілген жолдар жолаушыларды, жүктерді бағытталған пунктілерге жоғары жылдамдықтағы қозғалыспен жеткізуге мүмкіндік береді. Автомобиль тасымалының әуе, су және теміржол сияқты көлік түрлеріне қарағандағы артықшылығы оның тасымалдық қабілетінің ауқымдылығы, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудағы шапшаңдығы мен жақын ара қашықтыққа тасымалдаудағы өзіндік құндылығының аздығы болып табылады.



жүктеу 83,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау