Көлік нарықтық экономикадағы стратегиялық маңызды кешен


I. Қазақстан Республикасындағы өндіріс саласы



жүктеу 83,33 Kb.
бет2/6
Дата11.06.2020
өлшемі83,33 Kb.
#30917
1   2   3   4   5   6
Жоламан, Асем апай курсовой

I. Қазақстан Республикасындағы өндіріс саласы

1.1 Өндіріс түсінігі және оның экономикалық мәні


Өндіріс — бұл коғамның дамуы мен өмір сүруі үшін кажетті материалдык және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда — бұл абстракция. Бірак ақылға сыйымды абстракция. Себебі ол шын мәнінде жалпылама мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, кұрылыс сиякты жиынтык өндірісте көрінеді.

Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесіде бола алады. Өсімдік химиялық злементтерді тұтына отырып, өзін-өзі ұдайы ендіреді. Адам тамактану процесінде өзінін тәнін ұдайы өндіреді. Өнеркәсіп өндірісі жүмыс күшін, шикізат пен материадцарды түтына отырып, материалдык игіліктерді ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - ендіріс процесі жок Өндіріс процесі тек кана үш факторлардың — адамнын жұмыс күші, еңбек затыммен еңбек құралдары — өзара іс-әрекеті аркылы (бүл К. Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін. Бірінші фактор жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі — өндіріс процесінін затгык факторы ретінде іске асады. Осы жағдайды ескере отырып, К.Маркс былай жазған: Қоғамдык өндіріс түрлері (нысандары) қандайда болмасын — жүмысшы мен өндіріс кұрал-жабдығы үнемі онын факторы болып калады.

Жұмыс күші - бүл адамның дене және рухани кабілеттілігінің жиынтығы және оны вндіріс процесінің материалдык игіліктер мен кызмет көрсетуінде колданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін, жүмыс күші әрбір кезде іс- әрекетте болуы қажет, басқаша айтсақ, гүтынылуы керек.

Казіргі кезде енбек затынын өзі көа жағдайда бүрынғы еңбектің өнімі болып табылады. Мысалы, машина жасау зауытындағы металл. Құрылыстағы цемент, тоқыма фабрикасындағы мақта және т.б. Бұлардың барлығы түптеп келгенде табиғат қорынан алынады. Еңбек кұрал-саймандары адамның табиғи мүшесінің жалғасы ретівде жүзеге асады және оны еңбек процесінде қолданады. Еңбек қүрал-саймандары бүл әртүрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін кұрылым және т.б. нәрселер.

Еңбек құрал-саймандарының даму деңгейі кеп жағдайда өндірісте жүзеге асатын адамдардын арасындағы катынастар керсеткіші болып табылады. Машина өндірісі жағдайыңда механикалық еңбек қүратдары үш компоненггі машина жүйесінде дамыды: жүмыс машинасы, двигатель, жеткізетін құрылым. Ғылыми- техникалык революция бұған жаңа компонентті қосты — электронды басқару құрыльшын және ол ой еңбегі кызметінің формалды икемге келетін жұмысын аткарды. Осы компонентті қолдана отырып, жүмыскер жайлап тікелей өндіріс процесінен шығады және онымен катар түрады. Нәтижесінде технологияда түбегейлі өзгереді.

Еңбек заты мен күрал-саймандар бірге өндіріс кұрал жабдықтарын кұрайды. Әрбір адам жеке жұмыс істейді, бірақ барлык енбек процесі ұжымда, қоғамда жүзеге асады. Өндіріс әрқашан коғамдық сипат алып, оның екі жағы болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.

Өндіргіш күштер — бұл өндіріс кұрал жабдыктары, ен алдымен еңбек қуралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар. Адамдар қоғамының басты өндіргіш куші, олар ғана өндіріс қүрал-жабдығын іске косады. Өндіргіш күштерде ерекше орынды жер алады. Кейбір салаларда ол енбек заты (қазба өндірісінде) ретінде колданылады, басқасында — басты еңбек қүраддары (ауыл шаруашылығы) ретінде.

Келтірілген өндіріс факторының классификациясы мәңгі қатып калған болып табылмайды. Мысалы, маржинализм теориясының топтауынша, төрт өндіріс факторы бар: жер, енбек, капитал және кәсіпкерлік кабілеттілік. Жер табиғи фактор ретінде карастырылады. Бұған табиғат байлықтары, пайдалы казбалар коры, орман мен жыртуға жарамды жерлер және т.б. жатады.

Капитал — бұл машина, құрал-жабдыктар, қойма, көлік және байланыс кұралдары. Еңбек адамның ақыл-ой және дене кызметтерін көрсетеді. Адам еңбегі әрқашанда ойланып істелетін, мақсатка сәйкес кызмет, ал жануарлар соқыр сезімге бағынып әрекет етеді. Ең нашар сәулетшінің, — депжазды К. Маркс, ең шебер арадан артықшылығы Өндіріс теориясында қызметі зерделенетін субъекті – өндіруші. Өндіруші ретінде (рөлінде) кез келген жеке тұлға болуы мүмкін, бірақ микроэкономикада өндіруші ретінде әдетте фирма болады.

Фирма (итал. Firma – қойылған қол) – санасыз нарық аясында адамдардың саналы ұйымдасу орындары. Фирма – пайда алу мақсатымен сауда қызметін жүзеге асыратын ұйым. Өндіріс – қорларды экономикалық игіліктерге айналдыру үдерісі. Ол игіліктер тура немесе жанама түрде қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған. Өндіріске кіретін қорлар өндіріс факторлары болып келеді. Неоклассиктер оларды 4 негізгі топқа бөледі:

1. Жер – табиғи ресурстары

2. Еңбек – өнідіріс үдерісіне кіретін адамдардың ақыл-ой және дене

қабілеттілігі

3. Капитал – құнды құруда тікелей қатысатын өндіріс құралдары

4. Кәсіпкерлік қабілеттілік (қызмет) пайда табу мақсатымен өндірістің басқа факторларын шоғырландыруы бойынша қызмет Өндірістің әр нақты үдерісі (процесі) технологиясымен –факторлардың белгіленген тұрақты қисынымен сипатталады. Ескеретін жәйт: кейде өндірістің 1 процесі (үдерісі) әр түрлі технологиялардың көмегімен іске асырылады. Өндіріс технологиясы (оның жетілдіруі) қорлардың нәтижелі пайдалануын қамтамасыз ететін негізгі факторы болып табылады. Нәтижелілік категориясын анықтауында 2 амалды айырады: экономикалық және технологиялық нәтижелілік. Факторлардың аз санын пайдалана (тарта) отырып, тапсырылған шығару көлеміне жеткен өндіріс тәсілі технологиялық нәтижелі деп саналады.

Экономикалық нәтижелілік – кеңдеу ұғым. Тартылған өндіріс факторларының баламалы құны ең аз болған технологиялық нәтижелі өндіріс экономикалық нәтижелі деп саналады. Жұмсалған қорлар көлемі мен осы технология шеңберінде шығарылған өнім көлемі араларындағы тәуелділікті өндірістік функция көрсетеді. Оның жалпы түрі келесі:

Q = f(Х1, Х2, Х3,...Хn)

Онда Q – шығару көлемі Х1, Х2, Х3,...Хn – өндіріс факторлары

Барлық өндірістік функциялар жалпы қасиеттерге ие:

1. Әр қайсысы нақты өндірістік процесті (үдерісті) баяндайды, технологияның өзгеруі өндірістік функцияның түрін өзгертеді.

2. Функцияның ішіндегі өндіріс факторлары өзара ауыстыралады – бұл неоклассикалық экономика теориясының негізгі қағидаларының бірі.

3. Өндірістік функция факторлардың тек қана технологиялық нәтижелі қисындарын баяндайды.

4. Өндірістік функция шығарудың тек қана ең жоғары мүмкін болатын мағыналарын көрсетеді. Өндірістік теориясында әдетте 2 факторлы өндірістік функциясы (Кобба – Дуглас функциясы) пайдаланады, онда өндірістің 2 факторын – еңбек пен капиталды тарту есебінде шығару іске асырылады.

Q = f(L,K),мұнда

L – еңбек

К – капитал

Өндірістің кез келген технологиясы өнімнің тапсырылған көлемін өндіру үшін екі фактордың ең аз жиынын сипаттайтын нүкте түрінде графикте көрсетілуі мүмкін. Осы нүктелерді қосып өндірістік функцияны бейнелейтін қисық сызығын (изоквантаны) – isoguanta аламыз. Изокванта – бірдей (тұрақты) шығару көлемін беретін өндірістің екі факторының барлық мүмкін амалдарын көрсететін қисық сызық.
1.2 Материалдық өндіріс түсінігі
Экономикалық теория да шаруашылық практикасы сияқты қоғамдық өнімнің әр қилы өлшемдерін пайдаланады. Бұл әр қилылық мына жайлармен байланысты: біріншіден, қоғамдық өнімді сипаттауға теориялық тұрғыдан жан-жақты қарау; екіншіден (бұл бірінші жағдайдан туындайды) статистикалық есептеудің сан алуан методологиясы, үшіншіден, қоғамдық өнім қозғалысының әр түрлі сатысы тиісінше макроэкономикалық көрсеткіштерді талап етеді.

Кеңес елінің саяси экономикасында материалдық өндіріс саласына жұмсалған еңбек қоғамдық өнімді өндіреді деп түсіндіріледі. Материалдық өндірісте тысқары қалғандар қайта бөлуден кейін қоғамдық өнімді тұтыну саласын құрайды. Демек, бұрынғы КСРО-да жиынтық өнім материалдық өндіріс саласы өнімдерінің қосындысы ретінде анықталды (өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығыныңжүк транспортының, байланыстың (материалдық өндіріске қызмет ететін бөлігі), материалдық-техникалық жабдықтау, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың, сауда мен қоғамдық тамақтандырудың, металл қалдықтарын жинау мен дайындау, кинофильм өндірісінің, кітап және газеттерді баспадан шығару, отын дайындау т.б. Салалары). Айналыс саласында өндіріс процесінің қорытындысын саудадан анықтау практикалық тұрғыдан мүмкін болмағандықтан КСРО статистикасында сауда толығымен өндірістік салаға жатқызылды, сөйтіп жалпы өнім мен ұлттық табысты есептеудің құрамдас бөлігіне айналды.

Материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді өндіруші салаларды қамтитыны белгілі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс), сонымен қатар материалдық қызмет көрсету саласы (өнімдерді) тұтынушыларға жеткізуші транспорт пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, атап айтқанда, киім тігу мен жөндеу, киімді жуу, тазалау, радио және электрлік тұрмыс тауарларын жөндеу т.б.

Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды.

Материалдық өндіріс саласында:

1) алғашқы табыстардың құрылуымен, материалдық өндірістің шаруашылық бөлімшерінде ішкі шаруашылық мақсаттағы жарғылық қорды қолдау қорларын құрумен және пайдалануымен байланысты. Олардың бірі өндірістік қажеттілікті, екіншісі тұтынушылар қажеттігін қанағаттандыруға пайдаланады;

2) айырбас жүргізбейтін, қайта бөлу сипатына ие шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында пайда болады; мұнда қаржы ресурстарының ағымы қордан тыс түрде жүргізіледі (айыппүлтөлеу және алу, жарна төлеу, қаражаттарды басқа кәсіпорындардың акция, облигацияларына салу, т.б.);

3) шаруашылық жүргізуші субъектілер мен сақтандыру ұйымдарының арасында сақтандыру қорларын құру және пайдалануға байланысты туындайтын қаржы;

4) шаруашылық жүргізуші субъект және банк арасындағы ссуда алуға, оларды өтеуге пайыз төлеуге, банктерге уақытша бос ақша қаражаттарын беруге байланысты пайда болатын қаржылар;

5) орталықтандырылған қорларды құру және пайдалануға байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілердің мемлекетпен қатынасы;

6) шаруашылық жұргізуші субъект және басқарудың жоғарғы құрылымы арасындағы қаржылар (қаржы ресурстарын сала ішінде қайта бөлу шегінде вертикалды өзара байланыс).

Материалдық өндіріс Материалдық емес өндіріс Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, Денсаулық сақтау, білім беру, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда,көлік, байланыс, мәдениет, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су несиелік мекемелер, қоғамдық шаруашылығы және т.б. Мекемелер, басқару органдары.

Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды. Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз. Нақты өмірде адамдар алтернативті (баламалы) шығындармен кездеседі. Егер ресурстар бір нәрсеге жұмсалуы мүмкін емес. Бұдан қортынды жасасақ ресурстарды пайдалану - бұл кейбір мүмкіндіктердін жоғалту, яғни қорларды бір мақсатта пайдалансақ, оларды басқа мақсатта пайдалану мүмкін емес. Бұл жоғалған мүмкіндіктерді өлшеп бағалануға болады. Баламалы шығындарды өндірістік мүмкіндіктер сызбасы арқылы бейнелеуге болады.
1.3 Материалдық емес өндірістің ерекшеліктері
Соңғы отыз жылда ғылыми-техникалық революцияның қарқынды және терең дамуына байланысты материалдық өндіріс түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Жаңа технологияның пайда болуы мен қоғамдық еңбектің тереңдеуі, қоғамдық бүкіл- әлеуметтік шаруашылық жүйесінің күрделенуі жаңа салалардың пайда болуына, ал ескі салалардың рөлі өзгеріп, жаңаша сипатқа ие болуда. Мысалы, ғылым бірте-бірте қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуда. Күрделі де, көп салалы және көп дәрежелі қоғамдық өндіріс организмі осы мамандығы терең де жоғары басқарушылар мен ұйымдастырушыларды, қаржы-несие мәселелері, маркетинг т.б. Бойынша маман кадрларды талап етуде. Бұл қызметкерлердің еңбегіне деген сұраныс, еңбекті өнімді және өнімсіз деп бөлудің қандай да болмасын жолдарының теориялық негізін жоюда.

Материалдық емес игіліктерді (рухани байлықтарды) өндіретін сонымен қатар материалдық емес қызмет көрсететін сала (денсаулық сақтау, білім беру, ғылыми болжам жасау) үлкен маңызға ие болуда. Аталған салалардың барлығы да ұдайы өндірісте және өндірістің басты факторы – жұмыс күшіне баға белгілеуде тікелей қатынасады. Көрсетілген салалардың даму деңгейі еңбек өнімділігінің дәрежесімен қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпал етеді.

Материалдық емес өндіріс саласында

1) саланың немесе мекеменің бюджетпен арақатынасы. Осының негізінде бюджет қаржылары есебінен денсаулық сақтау, мәдениет, ағарту және т.б. Салалық қаржылар қалыптасады;

2) басқарудың салалық ұйымдары, ведомствоішілік және ұйымішілік арасында. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілер иелігіндегі салалық мақсатты ақша қаражаттарын (еңбекақы төлеу, күрделі жөндеу және т.б.) Пайдаланумен сипатталады. Мекеме, ұйым ішінде қаржы қатынастары еңбекақы және экономикалық ынталандыру қорларын құрумен байланысты туындайды; арнайы мақсатты ақша қаражаттарын қайта бөлумен байланысты;

3) әр түрлі саладағы шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, оның ішінде әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы және т.б. Бюджеттен тыс қорларды құру және бөлумен байланысты ақша қатынастары;

4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің тұтынушылармен және демеушілермен арасында ақша қатынастары. Оның негізінде өндірістік емес саладағы мекемелер мен ұйымдардың қаржы көздері құрылады.


жүктеу 83,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау