6
БҰЛ КОДЕКС
КІМГЕ ҚАТЫСТЫ?
БҰЛ КОДЕКСТІ
ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК
Бұл Этика кодексі L'ORÉAL Group компаниясының және оның
бүкіл әлемдегі филиалдарының барлық қызметкерлеріне
қатысты. Бұл L'ORÉAL Group компаниясының және оның бүкіл
әлемдегі филиалдарындағы Атқарушы және Менеджмент
комитетінің лауазымды тұлғалары мен мүшелеріне қатысты.
Сондай-ақ бұл Этика кодексі L'ORÉAL Foundation тобының
барлық қызметкерлеріне және лауазымды тұлғаларына
қатысты. Осы құжатта пайдаланылған "L'ORÉAL" сөзі
L'ORÉAL Group және L'ORÉAL Foundation тобындағы барлық
филиалдарды меңзейді. Бұл Кодекс мүмкіндігінше көп
қызметкер оқи алуға ыңғайлы болу үшін қазіргі таңда 45 тілге
аударылған. Ағылшын (Біріккен Корольдік) тіліндегі нұсқасы
Сілтемелік құжат болып табылады.
Этика кодексі L'ORÉAL ресми веб-сайтында көпшілікке
қолжетімді.
L'ORÉAL көптеген елдерде жұмыс жасайтындықтан әртүрлі
мәдениеттің, заңдардың және саяси жүйелердің ұясы болып
табылады.
Біз бизнес пен өз ісімізге жауапты жеке тұлға ретінде L'ORÉAL
жұмыс істейтін мемлекеттердің заңдары мен ережелерін
бағалауға міндеттіміз.
Кейбір жағдайлардың оңай еместігін мойындаймыз. Этика
дегеніміз қағидалардың тоғысын реттеу болып табылады.
Біздің Этика кодексіміз топ үшін заңнан тыс, жабық түрде
қабылданатын шешім қажет болатын "сұр аймақтар" болып
саналатын түсініктер үшін стандарттарды орнатады.
L'ORÉAL компаниясының этика жағынан не күтетінін және
стандарттарын білу үшін Кодексті түгел оқып, болашақта
мәселелер туындаған жағдайда қарау үшін өзіңізге
көшірмесін жасап алыңыз.
Әрине, түрлі жағдайдың барлығын түгел қарастыратын құжат
болмайды. Осындай мәселемен ұшырасқан жағдайда өзіңізге
мынадай сұрақтарды қойып көріңіз:
1.
Бұл Этика кодексіне сай келе ме?
2.
Бұл заңды ма?
3.
Бұл біздің тұтастық, сыйластық, батылдық және айқындық
деп танитын қағидамызға сай келе ме?
4.
Менің әрекеттерім өкілдерімізге қалай әсер етуі мүмкін және
мен өз шешімімді ақтай аламын ба?
5.
Менің шешімімді көпшілікке немесе өз арамызда жарияласа,
мен өзімді қалай сезінемін?
Сұраққа жауап жоқ болса, не күмәніңіз болса, ұсынатын
алтын ережеміз тиісті тұлғалармен кеңесу (басқарма,
ішкі сарапшылар, этика тілшісі, т.б.) және мәселені
шешім қабылдаудан бұрын ашық түрде талқылау
("Менің мыналарға қатысым бар: Ашық талқылау"
тарауын қараңыз).
Этика кодексі қолданыстағы ережелерді алмастырмайды,
сондықтан жұмыс орнында бекітілген ережелер мен
стандарттарға жүгіне беруіңіз қажет. Бұл Кодекс ол заңдар
мен стандарттардың түпнегізінде не жатқанын түсінуге оңай
болу үшін астар бола алады.
L'ORÉAL Этика кодексінің жан-жақты толық емес екенін және
оның мазмұнының ауысып тұратыны туралы хабардар етеді.
L'ORÉAL Этика кодексін кез келген уақытта, ескертумен
немесе ескертусіз өзгертуге және белгілі бір жағдайда L'ORÉAL
этикалық қағидаларына қайшы келмейтін дұрыс деп тапқан
әрекетті жасауға құқылы.
Жұмыс істеу әдебіміз
7
L'ORÉAL қызметкерлері ізгі ниеттерін не ойларын білдіре
алуы үшін ашықтық мәдениетін дәріптейді.
Біз барлық қызметкерлерімізді көзқарастарын айтуға, жеке
ойларын қорғауға және жағымсыз әрекеттерді айшықтауға
ынталандырамыз.
Қызметкерлердің қандай болмасын бір іске қатысты ойлары
болып, оны шешу үшін кеңес қажет болуы мүмкін. Компания
тарапынан, не оның қызметкерлерінің немесе бөлек бір
тараптан болатын, мәселеге кім қатысты болмасын, кез келген
олқы әрекетті мұқият зерттеп, тиісті шара қолданү — біздің
саясатымыз.
Осындай мәселелерді сіз операциялық немесе
функционалдық басқармаңыз арқылы көтере аласыз.
Сондай-ақ кадр бөлімінің менеджеріне немесе этика тілшісіне
хабарлай аласыз. Сіздің мемлекетіңізде ұжым өкілі сияқты
қосымша ресурстар болуы мүмкін.
Сіздің аумағыңыздың менеджері, я болмаса корпорация
немесе аумақ ұжымына, шағымыңыздың Этика кодексіне
сәйкестігіне жауапты топтың атқарушы комитетінің
мүшесіне; қажет болса, онымен хабарласыңыз.
Мәселеңіз әдепкі жолмен шешіле алмайтын бір ерекше
жағдай болса, сіз Этика бөлімінің басшысымен қауіпсіз веб-
сайт арқылы тікелей байланыса аласыз:
www.lorealethics.com
Осындай мәселелерді дұрыс жолмен көтерген қызметкер
қыспаққа алынбайтындай қорғалатын болады. Қызметкер
мәселені көтергені үшін қыспаққа алынып жатқанын
аңғарса, дереу жоғарыда көрсетілген арналар бойынша
шағымдануы тиіс.
"Дұрыс жолмен" дегеніміз сіздің кейін қателескеніңіз
аңғарылса да, сіздің берген ақпаратыңыз түсінікті, шынайы
және нақты уақытында дегенді білдіреді.
Мәселені зерттеу барысында құпиялық пен кінәсыздық
презумпция қағидалары сақталатынына кепілдік береміз.
Кез келген тексеру жұмысы берілген мәселеге қатысты
жергілікті заңға сәйкес болады.
Этикалық зерттеу кезінде мәселеге қатысы бар әр адамның
қатысуы және барлық ақпарат пен құжаттың алғашқы
сұраныста берілуі міндетті.
Мәселеге кірістірілген адамға оның қандай қатысы бар
екендігі туралы хабар берілетін болады. Ақпараттың дереу
берілмеу себептері фактілердің тексерілуінде, айғақтың
сақталуында немесе жауапты тұлғаларға хабар берілуінде
болуы мүмкін.
Мәселеге қатысты барлық ақпарат тек оның дұрыс шешіліп,
қадамдардың дұрыс орындалып жатқанын заңды түрде білуі
қажет тұлғаларға беріледі.
Біз мәселені көтерген тұлғаға рұқсат етілген түрде және
заң талаптарына, басқа да құпиялық шарттарына нұқсан
келтірмеуден зерттеудің нәтижелерін қамтамасыз етеміз.
Жала жалғанға саналатын немесе басқа таса жолмен
жасалған кінә тағу әрекеті тәртіп жөніндегі жазаға тартылуы
мүмкін.
МЕНІҢ МЫНАЛАРҒА
ҚАТЫСЫМ БАР