ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ
БАЙҚАУ СЫНАҒЫ
СҰРАҚ КІТАПШАСЫ
9-сынып
4 НҰСҚА
Нұсқау!
1. Сұрақ кітапшасындағы тапсырмалармен танысып, дұрыс деп тапқан жауабыңызды жауап парағында белгілеңіз.
2. Сұрақ кітапшаcы келесі пәндердің тест тапсырмаларынан тұрады: қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, ағылшын тілі.
3. Тест сынағына берілетін уақыт – 180 минут (3 сағат).
4. Жауап беруді кез келген пәннен бастауға болады.
5. Тапсырмада берілген бес жауаптың біреуі ғана дұрыс.
6. Таңдаған жауабыңызды жауап парағындағы пәнге сәйкес сектордағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеңіз.
7. Есептеу жұмыстары үшін сұрақ кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады.
8. Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтырыңыз.
Құрметті ұстаздар мен бітіруші түлектер !
Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы Орта кәсіптік білім беру оқу орындарына (колледжге) дайындау мақсатымен байқау тестін 9 сынып оқушыларына 2007 ж. 1 наурыз айынан бастап жүргізеді.
Байқау тестінің бағасы 1 оқушыға 160 тенге.
Біздің мекен-жайымыз: Достық даңғылы-114 (Оқушылар сарайы)
Байланыс телефондарымыз: 63-50-36, 63-50-35, 63-50-29, 63-57-93. *111
Қазақ тілі
1. Сөз тіркесі, сөйлем түрлерін зерттейтін тіл білімінің саласын атаңыз
A) Морфология
B) Стилистика
C) Синтаксис
D) Пунктуация
E) Фонетика
2. Селтеңдеген – жігіттің соры, секеңдеген – серкенің соры. Бастауыш қай сөз табынан, белгілеңіз.
A) Етіс
B) Есімше
C) Көсемше
D) Етістік
E) Зат есім
3. Жаңа конституцияда қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып қалыптасқан мерзімі.
A) 1993 жыл
B) 1994 жыл
C) 1995 жыл
D) 1996 жыл
E) 1997 жыл
4. Ол бізге ат ізін салмады. 3, 4, 5 сөз қай қатарға лайық, белгілеңіз.
A) сөздер тобы
B) сөз тіркесі
C) сөйлем
D) күрделі сөз
E) тұрақты тіркес
5. Бірнеше бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштары әр түрлі болуы қай қатарға лайықты.
A) Көп бағыныңқылы сабақтас
B) Сатылы бағыныңқылы сабақтас
C) Жарыспалы бағыныңқылы сабақтас
D) Бірыңғай жарыспалы бағыныңқылы сабақтас
E) Әрқалай жарыспалы бағыныңқылы сабақтас
6. Атақты сөзінің синонимін табыңыз.
A) Қасиеті
B) Дарыны
C) Ерекшелігі
D) Мәшһүрі
E) Туындысы
7. «Қарық» сөзінің мағынасын табыңыз
A) жылға B) өзен C) жыра D) арық E) кішкене арық
8. Қазақ тіліндегі ауыр сөзінің татарша аталу түрін көрсетіңіз.
A) Оғыр
B) Оор
C) Ағыр
D) Авыр
E) Уур
9. Тілді жасаушы, көрсетіңіз
A) Тілші
B) Стилист
C) Ғалымдар
D) Халық
E) Әдебиетші
10. Қазақ тілінің құрамындағы стильдердің ең бастылары қанша, белгілеңіз.
A) Біреу
B) Екеу
C) Үшеу
D) Төртеу
E) Бесеу
11. Екпін түспейтін буынды табыңыз.
A) Халық қатесіз сыншы
B) Халық – дана
C) Отан оттан да ыстық
D) Шабанға таяқ өтпес, жаманға сөз өтпес
E) Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы
12. Дәл осылай айтса, сал Біржан сенің сыңарындағы! – деді де тұрып кетті орнынан. Баяндауыштың орнының ауысуы неге тән.
A) Ғылыми стиль
B) Публицистикалық стиль
C) Ауызекі стиль
D) Ғылыми стиль
E) Көркем әдебиет стилі
13. Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі жазудың құпиясын ашқан ғалым –
A) М. Кастрен
B) О. Клаппорт
C) С. Ремезов
D) В. Томсон
E) Н. Видзен
14. Мағауияның үйіне ағаларын, ел жуандарын елші ғып салып жүріп, ақыры, Кәмиланы айттырады, қыздың келісімін алады. Сөйлем түрін белгілеңіз.
A) Жалаң сөйлем
B) Салалас сөйлем
C) Сабақтас сөйлем
D) Сатылы бағыныңқылы сабақтас
E) Аралас құрмалас
15. Әй, байғұсым-ай, басын бастаса, түсіне кетесің-ау! Ойбай, сен өзің әрі тұршы (С. М.). Қай қатарға лайықты сөйлем
A) Көркем әдебиет стилі
B) Ғылыми стиль
C) Ауызекі сөйлеу стилі
D) Публицистикалық стиль
E) Құжаттар стилі
16. Сөздің қолданылу ерекшелігін зерттейтін саласын белгілеңіз.
A) Лексика
B) Морфология
C) Пунктуация
D) Фонетика
E) Стиль
17. Қарапайым сөздер, жергілікті сөздерді қолдану қай қатарға тән, белгілеңіз
A) Ауызекі сөйлеу стилі
B) Көркем әдебиет стилі
C) Ғылыми стиль
D) Іс-қағаздар стилі
E) Публицистикалық стиль
18. Күрделі толықтауыштың жасалу жолы, көрсетіңіз.
Қорыққанда Отанын сататын су жүректерден қорқу керек.
A) Түбір сөзден
B) Туынды сөзден
C) Күрделі сөзден
D) Сөз тіркесінен
E) Тұрақты тіркестен
19. Публицистикалық жанрға тән қатарды белгілеңіз
A) Растама, резюме
B) Естелік, күнделік
C) Мақала, өтініш
D) Памфлет, мақала
E) Баяндама, әңгіме
20. Бастауыш қызметінде жұмсалған сөз табын белгілеңіз.
Жасырғаның жоғалады,
Бергенің оралады.
A) Етістік
B) Етіс
C) Есімше
D) Көсемше
E) Есімдік
21. Артында ұлы қалғанның өзі қалғаны
Қызы қалғанның ізі қалғаны.
Көмекші есіммен омонимдес сөз
A) артында
B) ұлы қалғанның
C) өзі қалғаны
D) қызы қалғанның
E) өзі қалады
22. Тұйық буынмен біткен сөзді табыңыз.
A) Фараби
B) Адамдық
C) Жамбыл
D) Жұмабаев
E) Абай
23. Интервью, репортаж, хроника – сөздер қай стильге тән, белгілеңіз
A) Ауызекі стиль
B) Көркем әдебиет стилі
C) Ғылыми стиль
D) Публицистикалық
E) Іс-қағаздар стилі
24. Термин сөздердің синонимдік жұбын белгілеңіз.
A) Антоним архаизм
B) Диалект кәсіби сөз
C) Фонема, дыбыс
D) Ырғақ, буын
E) Ассонанс, фигура
25. Сен жаралы жолбарыс ең.
Мен киіктің лағы ем. (Абай).
Көркем әдебиетке тән көркем сөзді табыңыз.
A) Теңеу
B) Метонимия
C) Метафора
D) Метонимия
E) Символ
26. Қалалық олимпиадаға жіберуге сұраныс жасаймын. Стиль түрі.
A) Ғылыми стиль
B) Ауызекі стилі
C) Көркем әдебиет стилі
D) Публицистикалық стиль
E) Ресми іс-қағаздар стилі
27. Әр сөзді дұрыс қолдана білу – стильдік қана талап емес, ол мағына айқындығының да талабы. Құрмалас түрі, табыңыз.
A) Қарсылықты сабақтас
B) Себеп-салдар салалас
C) Қарсылықты салалас
D) Іліктес салалас
E) Ыңғайлас салалас
28. Атыңды атағаныма өкпелеме, мен Есекейден бастап жұрттың бәрінің атын атаймын. Бірінші сөйлемдегі жанама толықтауышты сөз қай септік, белгілеңіз.
A) Атау
B) Ілік
C) Барыс
D) Табыс
E) Шығыс
29. Қай қысқарған сөздерде үш нүкте қойылады, белгілеңіз
A) км
B) ҚазҰУ
C) тсс
D) пвт
E) ҰҒА
30. Көпшілікке әсер ету, риторикалық сұрақтар қою. Қай стильге тән, табыңыз.
A) Ауызекі стиль
B) Ғылыми стиль
C) Көркем әдебиет стилі
D) Публицистикалық стиль
E) Іс-қағаздар стилі
Қазақ тілі пәнінен сынақ бітті
Қазақстан тарихы
1. Қазақстан жерінде ең алғашқы адамдардың қоныстанған аймағы.
А) Алтай
В) Батыс Қазақстан
С) Солтүстік Қазақстан
D) Орталық Қазақстан
Е) Оңтүстік Қазақстан
2. Жебелі садақ пен бумеранг дүниеге келген дәуір
А) Энолит
В) Мезазой
С) Неолит
D) Мустьер
Е) Палеолит
3. Сармат мәдениетінің дамуына әсер еткен ел
А) Қытай В) Рим С) Иран D) Грек Е) Византия
4. Қытай шежіресі бойынша «теле» сөзінен
А) «түрік» сөзі шыққан
В) «татар» сөзі шыққан
С) «найман» сөзі шыққан
D) «монғол» сөзі шыққан
Е) «қидан» сөзі шыққан
5. Арабтардан «сүзеген» деген ат алған
А) Бумын қаған
В) Мөде қаған
С) Елтеріс қаған
D) Сұлу қаған
Е) Құтшар қаған
6. Қыпшақ жерлері
А) Жайық пен Еділ арасы
В) Алтайдан Аралға дейін
С) Ертістен Алакөлге дейін
D) Алтайдан Оралға дейін
Е) Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
7. «Сібір Қазақтарының жарғысының» басты мақсаты
А) Қазақстанға орыс әскерлерін әкелу
В) Қазақстанға капиталистік қатынастарға енгізу
С) Хандық билікті күшейту
D) Әкімшілік, сот, саяси басқаруды күшейту
Е) Қазақтардың жерін тартып алу
8. Абылайдың мұрагері
А) Шыңғыс
В) Қасым
С) Кенесары
D) Бөкей
Е) Уәли
9. Ұлы жүздің териториясы қамтыған аймақ
А) Орталық Қазақстан
В) Шығыс Қазақстан
С) Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс Қазақстан
D) Батыс Қазақстан
Е) Солтүстік Қазақстан
10. 1916 ж. Қарқарадағы көтерілістің басшысы, түрмеде у беріп өлтірілген:
А) А.Қошанов
В) А.Иманов
С) Т.Бокин
D) Ж.Мәмбетов
Е) Б.Әшекеев
11. 1916 жылғы. көтерілісі жайлы жазылған «Ботагөз» еңбегінің авторы:
А) А.Байтұрсынов
В) Ә.Бөкейханов
С) М.Әуезов
D) С.Мұқанов
Е) С.Сейфуллин
12. 1916 ж. көтерілістің сипаты:
А) ұлт-азаттық
В) буржуазиялық
С) либералдық
D) социалистік
Е) демократиялық
13. Семей облысын ақ гвардияшылардан азат етуге қатысқан партизан полкі:
А) «Дала қырандары»
В) «Алтайдың қызыл тау қырандары»
С) «Қыран дружинасы»
D) «Қызыл қырандар»
Е) «Алтай қырандары»
14. 1917 жылы желтоқсанда құрылған партия
А) «Алаш»
В) «Үш жүз»
С) «Жас қазақ»
D) «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы»
Е) «Түркістан автономиясы»
15. 1919-1920 ж. Қазревком Қазақстанда
А) Заң шығару билігін қолға алды
В) Қаржы билігін қолға алды
С) Салық жинауды қолға алды
D) Сот билігін қолға алды
Е) Әскери-азаматтық билікті қолға алды
16. Қазревкомның баспасөз органы:
А) «Абай» журналы
В) «Қазақ» газеті
С) «Алаш» газеті
D) «Ұшқын» газеті
Е) «Шаруа» газеті
17. Голощекиннің саясатына қарсы оппозиция басшыларының бірі:
А) С.Сәдуақасов
В) И.Құрамысов
С) А.Андреев
D) В.Ленин
Е) А.Иманов
18. ХХ ғ. 20-шы жылдарындағы. Ауылдық жерлердегі ағарту жұмыстарының орталықтары:
А) оқыту үйі
В) мәдениет үйі
С) қызыл отау
D) клуб
Е) кітапхана
19. 1930-1932 жылдары.еліміздегі жаппай етек алған жағдай:
А) Қаржы дағдарысы
В) Экономикалық дағдарыс
С) Ашаршылық
D) Діни негіздегі қарама-қайшылық
Е) Саяси дағдарыс
20. Қазақстанда 1930-1932 ж. ашаршылық жылдарында қаза тапқан
А) 2,8 млн. адам
В) 3 млн. адам
С) 1,5 млн. адам
D) 2,1 млн. адам
Е)1 млн. адам
21. Қазақстандағы стахановтық қозғалысты жалғыстырушы:
А) Голошекин
В) Курнаков
С) Сәтпаев
D) Күзембаев
Е) Сейфуллин
22. 1937 ж. ҚазКСР-нің Конституциясы бойынша ҚазақКСР-ның саяси негізі:
А) еңбекшілер депутаттарының кеңесі
В) коммунистік партия
С) кәсіподақтар
D) жастар ұйымы
Е) саяси қозғалыстар
23.1926 жылы. Әулиеатада ежелгі Тараз қаласының орнында қазба жұмыстарын жүргізген ғалым:
А) А.Д.Архангельский
В) Ә.Марғұлан
С) А.Самойлович
D) М.Е.Массон
Е) В.П.Комаров
24.1920 жылы ҚазАКСР ОАК-нің төрағасы болып сайланған партия мен мемлекет қайраткері:
А) С.Пестковский
В) С.Мендешев
С) В.Радус-Зенькович
D) Ә.Жангелдин
Е) Ә.Әйтиев
25. Ұлттық қазақ театрында тұңғыш рет қойылған пьеса:
А) «Аркарлық батыр»
В) «Шаншар молда»
С) «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу»
D) «Еңлік - Кебек»
Е) «Қызыл сұңқарлар»
26. «Қырғыз (қазақ) халқының 1000 әні», «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» атты бағалы жинақтар жазған өнер зерттеушісі:
А) М.Төлебаев
В) Л.Хамиди
С) Е.Ерданаев
D) Е.Брусиловский
Е) А.Жұбанов
27. Қиыр шығыстан көшірілген корейлер қоныстырдырылған облыстар:
А) Қарағанды, Семей
В) Қостанай, Ақмола
С) Қызылорда, Алматы
D) Орал, Ақтөбе
Е) Шымкент, Жамбыл
28. 1938 ж. шығарылған қазақтың бірінші дыбысты филімі::
А) «Қаратау құпиялары»
В) «Дала әндері»
С) «Түрксіб»
D) «Жұт»
Е) «Амангелді»
29. 1941 ж. ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім!» деген жырын арнаған қазақ ақыны:
А) Ж.Саин; В) Н.Байғанин; С) Қ.Аманжолов;
D) Ж.Жабаев; Е) Д.Нұрпейісов.
30. Ұлы Отан соғысы жылдарында күріштің 1 гектарынан 260 пұттан өнім жинаған Сыр алқабының атақты күрішшісі
А) Ы.Жақаев
В) Ұ.Иманқұлов
С) Ш.Берсиев
D) Ж.Қуанышбаев
Е) С.Өтепбергенов
Достарыңызбен бөлісу: |