КЛИЕНТТІК КЕЛІСІМ
Осы Келісім Жарғының негізінде жұмыс істейтін RSW Investment Group атынан А.Ф.
Ховратовпен, ары қарай Компания және Компанияның сайтында тіркелген тұлға, ары
қарай Клиент арасында жасалды – арық қарай Тараптар.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Клиенттік
Келісім
– шектелмеген адамдарға
Компанияның
Клиенті болуға және осы
Келісімді жасауға ашық ұсыныс болып табылады, ары қарай Келісім.
1.2. Осы Келісімнің ережелері мен қосымшалары, атап айтқанда: терминология, Тәуекелдер
туралы ескерту, Сыйақы жоспары, Жеке деректерді пайдалану туралы Келісім – жұмыстың
жалпы тәртібін, Клиентке қызмет көрсету ережелері мен шарттарын түсіндіреді және
тараптардың қызмет барысындағы қарым-қатынас принциптерін анықтайды, сондай-ақ
Компания жұмысы туралы жалпы түсінік береді.
1.3. Келісімнің шарттары – Тараптар арасында қалыптасатын құқықтық қарым-
қатынастарды орнатуға негіз болады.
1.3.1. Осы Келісім Тараптар арасында құқықтық қатынастар орнатудың бірінші
сатысы болып табылады, Клиент пен Компания арасында келісімдік байланыстардың
одан әрі дамуы – Клиенттің қосымша шарттарға отыру тілегіне (қалауына және іс-
әрекетіне) байланысты.
1.4.
Клиент
пен
Компания
арасында
Келісім
–
Компания
сайтындағы
www.skywayinvestgroup.com
тіркелу формасын толтыру арқылы жасалады. Оны толтырғанда
Клиент өзінің бірегей авторизациядан өткенін (логин мен пароль) және Жеке кабинетін
жылдамдатқанын көрсетеді.
1.4.1. Клиенттің одан кейінгі әрекеттері Сыйақы жоспары бойынша өзіне алған
міндеттемелерге, сондай-ақ жекеленген шарттарды орындауына байланысты, олар
Компания сайтындағы Жеке кабинетте көрсетілген оферта шарты мен басқа да
шарттардың негізінде жүзеге асады.
1.5. Клиент Компания сайтындағы тіркеу формасын (1.4) толтыру арқылы осы Келісімнің
шарттарымен, Тәуекелдер туралы ескертумен, Сыйақы жоспарымен, Жеке деректерді
пайдалану туралы Келісіммен танысқанын растайды, оның бәрі – Жеке кабинетті белсендіру
әрекеттерінен көрінеді.
1.5.1. Экономикалық жағдайға, маркетингтік стратегиялар мен әрекеттерге
байланысты және жұмыс сапасын жақсарту үшін Компания Сыйақы жоспарына
мерзімді өзгерістер енгізіліп отыруы мүмкін.
1.5.2. Сыйақы жоспарына жаңа ережелер кіргізіліп және олар күшіне енген соң Клиент
сол Келісім бойынша жұмыс істей берсе, онда Клиент Сыйақы жоспарының жаңа
ережелерімен танысқан және келіскен болып шығады.
1.6. Клиент осы Келісімге отырған кезде, ол өзінің құқықтық іс-әрекеттерге толық қабылетті
екенін растайды, яғни өзінің құқықтарын ешкім, ешқашан шектей алмайтынын, Компания мен
үшінші адамдар алдында өзінің іс-әрекетінен пайда болған міндеттемелері үшін өзі жауап
беретінін растайды.
1.7. Тараптар Келісім жасалған жер деп – Компания тіркелген жерді мойындайды.
1.8. Компанияның жұмыс уақыты: Мәскеу уақыты бойынша дүйсенбі күнгі сағат 10.00-ден
жұма күнгі сағат 22.00-ге дейін.
Компанияның жұмыс уақыты: дүйсенбіден Мәскеу уақыты бойынша 10.00-ден
жұманың 22.00-ге дейін Мәскеу уақыты бойынша.
1.8.1. Мереке күндері мен күнтізбеде қызыл түспен боянған күндерді қоспағанда.
2. ШОТ АШУ
2.1. Осы Келісімді жасау (1.4 т.) – Компанияның сайтында шот ашуға негіз болады, ал
сайтта көрсетілген Жеке кабинетті белсендіру – Клиенттің шот ашуының шарты болады.
2.2. Клиент Жеке кабинетіндегі электронды шотын толтырып тұру үшін өз бетінше іс-әрекет
жасай алады.
3. ЕСЕПТЕСУ ТӘРТІБІ
3.1. Компанияның ішкі валютасы болып «Юнит» саналады, шотты толтыру және шоттан
ақша алу операцияларының бәрі Компанияда белгіленген ішкі валютаның эквивалентінде
жүзеге асады және төлем мен төлемақы жасайтын мемлекеттің валютасында. Төлем
сомасы мен төлемақы – төлем жасайтын мемлекеттің ұлттық ақша бірлігінде жасалады
және ол АҚШ доллары бағымына сәйкес сол елдің ұлттық ақша бірлігінде жасалады.
3.2. Клиент Компанияның сайтындағы Жеке кабинеттегі тиісті шотынан қаржы аударып
және одан қаржы алуына құқы бар.
3.3. Компанияның шоттын кез келген уақытта автоматты түрде толтырып тұрады.
3.4. Клиент өзінің Бонустық шотына түскен қаржыдан кез келген соманы алуға құқы бар,
тек егер шотына 50 және одан да көп юнит құйса. Шығаратын минималды сома – 50 юнит.
3.5. Клиенттің электронды шотына қаржы түсіру және қаржы шығару туралы шешім
Компанияның жұмыс уақытында қабылданады, ал оларды өңдеу – Компанияның төлем
жасау бөлімінің жұмыс уақытында жүргізіледі (10:00–16:00 МУБ (МСК). Компания
өтінімде көрсетілген ақшалай қаражатты реквизиттер бойынша екі жұмыс күнінде аударуға
міндеттеме алады, ал Клиент заңды жолмен сол ақшаны алу үшін Компанияның шарттарын
орындауы керек. Ақша аудару мерзімінің бұзылуы – ерекше жағдайға жатады және
Компания ондай жағдайды жеке қарайды.
3.5.1. Компания жеке қарайтын ерекше жағдайларға мына мәселелер жатады: Клиент –
көрсетілген шотқа қаржы аударумен келіспей, осы негізде тараптар арасында дау
туындаса; бонустық есептеулерге қатысты наразылық пайда болса т.б. жағдайда; және
Клиент пен Компания арасында ақшалай қаражатқа қатысты басқа да даулы мәселелер
туындаса.
3.6. Клиенттен түсіп жатқан ақшалай қаражаттың заңдылығына қатысты күдік туындаса
(4.10 т.), Компания ақшалай қаражатты алуға (шығаруға) қатысты өтінімдіқарау мерзімін 5
жұмыс күніне дейін созуға құқы бар.
3.7. Тиісті шотқа ақшалай қаражат есептегенде және шоттан ақша алғанда, қаржы аударуға
қатысты шығындар, банк қызметі үшін ақы төлеу, валюта бағамындағы айырмашылыққа
кететін шығынды Клиент өзі көтереді.
3.8. Компания бір төлем жүйесінен екіншісіне конвертация жасамайды.
4. ТАРАПТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
4.1. Қажет болған жағдайда Компания осы Келісімнің шарттарын біржақты өзгерте алады,
тек өзгертулер туралы 4.2.тармаққа сай Клиентке ескерту керек.
4.2. Осы Келісімге қатысты ескертулер мен толықтырулар – Клиент Компанияның сайтында
көрсеткен электронды поштасына жіберіледі, бірақ оны өзгертулер күшіне енетін мерзімнен
бес жұмыс күн бұрын істейді.
4.3. Байланыс каналдарында ақау пайда болып, Интернет-провайдердің техникалық
проблемаларының кесірінен Компания өзіне алған міндеттемелерді орындай алмаса және
орындау мерзімін бұзғаны үшін жауапты емес.
4.4. Клиенттің Жеке кабинетіне кіруін қамтамасыз ететін парольдің құпиялығын сақтау
үшін Клиент өзі жауап береді.
4.5. Клиент Компанияға тілектер мен сауалдар жолдап, оларға жауаптар мен кеңестер алуға,
анықтама сұрауға, түсініктеме алуға (кері байланыс), өтініш жасауға, өз шоттарына қатысты
тапсырма беруге құқы бар, сондай-ақ осы Келісімнен шығатын басқа да құқықтарға ие.
4.6. Компания осы Келісімде көрсетілген шарттар мен барлық қосымшаларды және оларға
енгізілген толықтыруларды орындауға міндетті, сондай-ақ Клиент те осы Келісімде
көрсетілген шарттар мен барлық қосымшаларды және оларға енгізілген толықтыруларды
орындауға міндетті.
4.7. Клиент тіркеу формасында көрсеткен барлық ақпараттың шынайы, нақты және өзекті
екенін мәлімдейді.
4.8. Компания сайтындағы тіркеу формасында көрсеткен барлық ақпарат үшін Клиент
жауапты. Ол ақпараттың шынайы, нақты және өзекті екенін растайды.
4.9. Клиенттің берген ақпараты нақты, шынайы болмаса, ол Клиентке жағымсыз зардаптар
әкелетінін түсінеді (ақпаратты уақытында алмау немесе мүлдем алмау, тиесілі ақшалай
қаражаттың түспеуі, құжаттар мен сертификаттарды т.б. алмау).
4.10. Клиент Компания сайтында ашқан өз шотына аударған ақшалай қаражатты заңды
жолмен тапқаны үшін өзі жауап береді.
4.11. Компания Клиенттің ақшалай қаражатты қалай тапқаны үшін жауап бермейді.
4.12. Компания Клиентті куәландыратын құжаттарды талап ете алады, соның ішінде
құжаттардың көшірмесін электронды түрде салып жіберуді және тексеру рәсімінен өтуді
талап ете алады.
4.13. Клиент егер өз шотын тікелей мақсатта пайдаланбаса, Компания оның шотын бұғаттап
тастауға құқы бар, сондай-ақ Клиент егер Компанияның Этикалық (корпоративтік) кодексін
бұзса, оның Жеке кабинетінің кейбір қызметтерін де бұғаттай алады.
5. ТАРАПТАРДЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ
5.1. Тараптар арасындағы өзара әрекеттестік, әдетте, Клиенттің Жеке кабинеті, скайп,
электронды пошта арқылы жүзеге асады, және Клиент осы Келісімді жасаған кезде тіркеу
формасында көрсеткен басқа да деректер арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ құжаттар мен
жаңалықтар да Клиентке өзі көрсеткен байланыс жолдары арқылы жіберіледі және
Компания сайтында орналасқан ақпарат арқылы жеткізіледі.
5.2. Клиентке арналған құжаттарды, сондай-ақ Компания ұсынған шарттарды, өзгертулер
мен толықтыруларды жіберу, қабылдау (келісу) немесе қол қоюдан бас тарту, тек Жеке
кабинет арқылы жүзеге асады.
6. КЕЛІСІМНІҢ ҚОЛДАНУ МЕРЗІМІ
6.1. Осы Келісімнің 1.4. тармағына сәйкес Клиент акцепт жасаған кезден бастап осы Келісім
күшіне енеді және Тараптардың бірі одан бас тартқанша қолдану мерзімі созыла береді.
7. ОСЫ КЕЛІСІМДІ БҰЗУ
7.1. Келісім келесі жағдайларда бұзылған болып саналады:
- әрбір Тарап осы Келісімді бұзу туралы біржақты ескертуді екінші жақтың соңғы көрсеткен
пошта не электронды адресіне Келісімнің біту мерзіміне бес күн қалған уақыттан
кешіктермей жіберуге құқы бар.
7.1.1. Оның үстіне Келісімнің күші біткенімен, Тараптардың өзара міндеттемелері әлі
аяқталмағанын әрбір тарап түсінуі керек.
7.2.
Осы Келісімнің шарттары Тараптардың ынтымақтасы кезінде пайда болған қарым-
қатынасты анықтайды, алайда осы Келісімді ары қарай дамыту үшін Тараптар арнайы
жасаған қосымша шарттардың ережелері – Тараптарға қосымша міндеттер жүктеуі
мүмкінжәне ол жауапкершілік Тараптарға 7.1. тармақтың шарты қолданса да, күшін
жоймайды, сондықтан Тараптар немесе тараптардың біреуі әрекетсіздікке барса да,
міндеттерін орындау жауапкершілігінен босатылмайды, және ол міндеттер дау шешілгенше
немесе шарттың мерзімі біткенше жалғаса береді.
8. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
8.1. Осы Келісімді орындау барысында пайда болған барлық даулар бейбіт жолмен шешілуі
тиіс. Өзара келісімге келе алмаған жағдайда, дау Компания тіркелген жердің заңнамасына
сәйкес шешіледі.
8.2. Осы Келісім реттей алмайтын даулы мәселелер бойынша Тараптар Тапсырыс беруші
тіркелген жердің заңнамасын басшылыққа алады.
9. КЕЛІСІМГЕ ҚОСЫМШАЛАР
9.1. Осы Келісімге қосымшалар болып және оның ажырамас бөлігі болып мына құжаттар
саналады:
а) Компанияда қолданатын терминология және осы Келісімгді қабылдағанда Клиенттің
түсінуге болатын әрекеттері.
б) Тәуекелдер туралы ескерту.
в) Жеке деректерді пайдалану туралы Келісім.
г) Сыйақы жоспары.
9.1.1. Клиентке көмек ретінде жоғарыда аталған құжаттар оның Жеке кабинетіндегі
«Профиль» бөлімінің «Шарттың құжаттары» бөлімшесінде болады.
9.1.2. Тараптар мынандай келісімге келді: Клиент Жеке кабинет белсендірілгенін
растап, аталған құжаттардың шарттарымен толық танысып, олармен келіскен болып
саналады.
9.1.3. Клиент аталған құжаттармен, осы Келісіммен келіспеуі – оның осы Келісім
бойынша ешқандай іс-әрекет жасамауынан (яғни, әрекетсіздігінен) білінеді, алайда бұл
Клиентті ақша операцияларына қатысты бастаған ісін соңына дейін жеткізу міндетінен
босатпайды, бұл әрекет міндетті түрде, Клиенттің Компанияға және Компанияның
Клиентке қаржылай талап қоймауымен аяқталуы керек.
КОМПАНИЯ
RSW Investment Group LTD
1837608
Банктің аты: Rietumu Banka
Банктің мекенжайы: Vesetas 7, Riga
SWIFT: RTMBLV2X
IBAN: LV28RTMB0000637806395
Адрес: PO BOX 2283, Road Town, Tortola, British Virgin Islands
E-mail:
rswinvestgroup@gmail.com
Директор __________________ Ховратов А. Ф.
қолы
Достарыңызбен бөлісу: |