|
Кодексі жалпы бөлім I бөлім. Негізгі ережелер 24 1-тарау. Жалпы ережелер 24-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскелерін ұстап тұру мәртебесі
|
бет | 19/22 | Дата | 14.05.2018 | өлшемі | 2,92 Mb. | | #12458 | түрі | Кодекс |
| 29-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскелерін ұстап тұру мәртебесі Ұстап тұру мәртебесі түсінігі және оны беру негіздері
Ұстап тұру мәртебесі дегеніміз жер қойнауын пайдаланушының осы Кодекспен көзделген шарттарда және тәртіпте аталған учаскеде (немесе оның бөлігінде) қатты пайдалы қазбаларды өндіруді бастауға немесе уақытша тоқтатуға құқығын көздейтін қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша жер қойнауы учаскесінің ерекше құқықтық режимі.
Осы тарауды ережесі өндіру мерзімі ішінде кез келген уақытта қолданыла алады.
Жер қойнауы учаскесіне ұстап тұру мәртебесін беру жер қойнауын пайдаланушыны осы Кодекстің 168-бабында көзделген міндеттерді, сондай-ақ онымен байланысты ұстап тұру мәртебесінің қолданылу кезеңіне есептілікті тапсыру бойынша міндеттемелерді орындаудан босатады.
Жер қойнауы учаскесін ұстап тұру мәртебесін өндіруге арналған лицензия бойынша беру осы Кодекстің 167-бабы 2) тармақшасында көзделген жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері мөлшерінің пропорционалды төмендеуіне әкеледі.
Ұстап тұру мәртебесі кейінгі бес жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен бес жылға дейінгі кезеңге беріледі. Ұстап тұру мәртебесінің жалпы мерзімі жер қойнауы учаскесіне қолданылатын оны ұзарту мерзімін ескергенде он жылдан аса алмайды.
Ұстап тұру мәртебесін беру жер қойнауын пайдаланушыға ұстап тұру мәртебесі қолданылатын жер қойнауы учаскесінің аумағын және осындай мәртебенің қолданылу мерзімін көрсете отырып өндіруге қайта рәсімделген лицензияны беру арқылы расталады.
Ұстап тұру мәртебесі кез келген келесі негіздемелер болған кезде беріледі:
Табылған минералды ресурстарды өндіру мұндай өндіру болашақта рентабелді болуы мүмкін деп ұйғаруға салмақты негіздемелері болған жағдайда қолайсыз нарықтық жағдайларға байланысты жер қойнауын пайдаланушы үшін рентабелді болып табылмайды;
Экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес қатты пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін технологияны болмауы;
Еңсерілмейтін күштің болуы, яғни төтенше және осы жағдайларда ырық бермейтін жағдайларда (апатты құбылыстар, әскери әрекеттер және т.с.с)
Жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органның қатты пайдалы қазбаны өндіруге арналған лицензияны кері қайтарып алу туралы шешіміне дау айтуы;
Жер қойнауын пайдаланушыға оңалту рәсімдерін қолдану немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімінің күшіне енуі.
Ұстап тұру мәртебесін беру тәртібі
Ұстап тұру мәртебесі жер қойнауын пайдаланушының, оңалтылған немесе банкроттық басқарушының өтініші бойынша беріледі.
Өтініште жер қойнауын пайдаланушының ұстап тұру мәртебесін беру үшін жүгінуіне негіздеме болып табылатын жағдайлар көрсетіліп, сипаттайды.
Өтінішке мыналар қоса беріледі:
Осы Кодекстің 180-бабының 5-тармағы 3)-5) тармақтарымен көзделген негіздемелердің болуын растайтын құжаттар;
жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жұмыс жоспары.
Құзыретті орган өтінішті қарастырып, ұстап тұру мәртебесін береді және өтінішті алған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей жер қойнауын пайдаланушыға ұстап тұру мәртебесі берілетін жер қойнауы учаскесінің аумағын көрсете отырып қайта рәсімделген лицензияны береді.
Ұстап тұру мәртебесінің шарттары
Ұстап тұру мәртебесін берген кезде жер қойнауы учаскесінде өндіру кезеңі аталған мәртебенің барлық мерзіміне ұзартылады.
Жер қойнауын пайдаланушы жұмыс бағдарламасына сәйкес ұстап тұру мәртебесіндегі жер қойнауы учаскесін пайдалануға міндетті.
Ұстап тұру мәртебесіндегі жер қойнауы учаскесіндежер қойнауын пайдаланушы қатты пайдалы қазбалар ресурстарына барлау жүргізуге, осындай барлау жұмыс бағдарламасымен көзделген жағдайда құқылы.
Ұстап тұру мәртебесіндегі жер қойнауы учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операциялар жүргізуге тыйым салынады.
Жер қойнауын пайдаланушы есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын құзыретті органға жұмыс бағдарламасының орындалуы туралы есепті ұсынып отыруы міндетті.
Ұстап тұру мәртебесімен өндіру учаскесіндегі жұмыс бағдарламасы
Жұмыс бағдарламасы жер қойнауын пайдаланушы ұстап тұру мәртебесімен жер қойнауы учаскелерін пайдалану мақсаттары үшін әзірлейтін жобалау құжаты болып табылады.
Жұмыс бағдарламасы өндіру учаскесін одан әрі пайдалануға жарамды жағдайда ұстап тұру жөніндегі шараларды, сондай-ақ аталған учаскеде өндіруді жаңарту бойынша іс-шараларды көздейтін консервация жоспарының сипаттамасын қамтиды.
Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді өткізуді көздейтін жұмыстар бағдарламасына осы Кодекспен көзделген тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жоспары үшін көзделген талаптар қолданылады.
Жұмыс бағдарламасы мемлекеттік экологиялық сараптамаға және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сараптамаға жатады.
Ұстап тұру мәртебесін ұзарту
Ұстап тұру мәртебесін ұзарту ұстап тұру мәртебесінің алғашқы мерзімінің аяқталуына дейін ұсынылатын жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жүргізіледі.
Ұстап тұру мәртебесін ұзарту жер қойнауы учаскесіне ұстап тұру мәртебесін беру үшін көзделген тәртіпте жүргізіледі.
Жер қойнауын пайдаланушы ұстап тұру мәртебесін ұзарту туралы өтініш берген жағдайда ұстап тұру мәртебесі Жер қойнауын пайдаланушыға ұстап тұру мәртебесінің ұзартылған мерзімін көрсете отырып қайта рәсімделген лицензияны бергенге дейін жер қойнауы учаскесіне қолданылуын жалғастырады.
Ұстан тұру мәртебесін ұзарту мерзімін есептеу ұстап тұру мәртебесінің өткен мерзімінің соңғы күнінен кейінгі күннен бастап басталады.
Ұстап тұру мәртебесін тоқтату
Ұстап тұру мәртебесі ол берілген мерзім аяқталуымен немесе жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Ұстап тұру мәртебесін тоқтату өндіруге арналған лицензияны қайта рәсімдеу үшін негіз болып табылады және жер қойнауын пайдаланушыға осы Кодекстің 167 және 168-баптарының талаптарын қолдануына әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|