4
Жалпы ережелер
1.1. Осы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Іскерлік этика кодексі КМГ-ның
корпоративтік құндылықтарын бекітеді, іскерлік жүріс-тұрыстың айрықша
маңызды қағидаттары мен қағидасын және Мүдделі тараптармен өзара
қарым-қатынастар жүргізуді белгілейді, және КМГ барлық қызметкерлері
басшылыққа алатын корпоративтік этика талаптарының жиынтығын
қамтиды.
1.2. Кодекс Қазақстан Республикасының заңнама ережелеріне, КМГ
Жарғысына, КМГ корпоративтік басқару кодексіне, КМГ-ның басқа да ішкі
нормативтік құжаттарына, сондай-ақ іскерлік жүріс-тұрыс пен корпоративтік
басқарудың әлемге танылған нормалары мен практикаларына сәйкес
әзірленді.
1.3. Егер Кодекстің жекелеген ережелері Қазақстан Республикасының
заңнамасымен қайшылыққа енген жағдайда, Қазақстан Республикасы
заңнамасының ережелері қолданылады. Егер Кодекстің жекелеген ережелері
дәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен немесе әлдекімнің жүріс-тұрыстың тиісті
қағидалары туралы дербес түсініктерімен қайшылыққа енген жағдайда,
Кодекстің ережелері қолданылады.
1.4. Кодекс КМГ акционері болып табылатын «Самұрық-Қазына» АҚ Жүріс-
тұрыс кодексінің ережелерін қабылдайды, сақталуына жәрдемдеседі және
қайшы келмейді. КМГ «Самұрық-Қазына» АҚ Жүріс-тұрыс кодексінің
ережелерін өзінің комплаенс – тәуекелдеріне сәйкестей отырып қабылдайды.
2.Қолданылу саласы
2.1. Кодекс ережелері КМГ барлық қызметкерлеріне атқаратын лауазымына
қарамастан, тең дәрежеде таралады. КМГ-ның әрбір қызметкері Кодекс
ережелерімен және талаптарымен танысуға, қабылдауға және жазбаша
растауға міндетті болады.
2.2. КМГ және оның қызметкерлері барлық лауазымдық деңгейлерде
шешімдер қабылдау кезінде, КМГ-ның барлық Мүдделі тараптарымен және
жұртшылықпен өзара қарым-қатынастарда, жалпы алғанда стратегиялық
шешімдер қабылдау кезінде, сонымен бірге күнделікті жұмысты орындау
кезінде Кодекс ережелерін қабылдайды, үздіксіз және бұлжытпай сақтайды.
2.3. Осы Кодекс ережелерінің негізінде, оны өзгертпестен, бірақ осы
ережелерге толықтыру енгізу мүмкіндігімен КМГ ЕТҰ осыған ұқсас өз
Кодекстерін әзірлеп, бекіте алады. КМГ осы Кодекстің ережелерін КМГ
ЕТҰ-ның белгіленген тәртіппен қабылдауына не болмаса осы Кодекстің
ережелеріне қайшы келмейтін осыған ұқсас саясаттарды басшылыққа алуына
кеңес береді.
2.4. Кодекстің әрекеттегі міндеттемелердің қолданылуына қайшы келмеу
бөлігінде, КМГ Мүдделі тұлғалары үшін, сыртқы серіктестер мен заңды
тұлғалар, КМГ-мен жасалған азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс
істейтін жеке тұлғалар үшін, сондай-ақ тапсырмаларды орындаушы не
болмаса егер олардың әрекет етуі КМГ атынан жүзеге асырылатын болса,
5
үшінші тұлғалардың алдында КМГ мүддделерін қорғайтын агенттер болып
табылатын жеткізушілер, мердігер және кеңесшілер үшін ұсынымдық сипаты
болады.
3. Іскерлік этикасының құндылығы және қағидаттары
3.1. КМГ негіз қалаушы корпоративтік құндылықтары келесілер болып
табылады:
3.1.1. «SAQTYQ» / Сақтық
1) біздің қызметкерлеріміздің өмірі мен денсаулығы – КМГ үшін сөзсіз
басымдық;
2) біз еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерінде ымырасызбыз;
3) біз қоршаған ортаға ұқыптылықпен қараймыз және КМГ мүлкін өз
меншігіміз сияқты күтіп ұстаймыз;
4) біз этика, қағида нормаларын сақтаймыз және дұрыс қадам жасауға
тырысамыз;
5) біз ақпараттың құпиялылығын сақтаймыз.
3.1.2. «BIRLIK» / Бірлік
1) КМГ-ның ортақ жетістігіне ұмтылу бізді біртұтас командаға біріктіреді;
2) адамдар және өзара қарым-қатынас бізге процестер мен құралдардан
маңызды;
3) біз әрбір адам өзінің қабілетіне қарай ортақ іске айтарлықтай үлес қоса
алады және соны қалайды деп есептейміз;
4) біз міндеттерді атқаратын лауазымына және орындайтын функцияларына
қарамастан, командада сапалы түрде орындаймыз. Жалпы нәтиже жекеге
қарағанда жоғары тұрады;
5) біз
әрқайсымыздың мықты қасиеттерімізді пайдаланамыз және
бір-бірімізді толықтырамыз.
3.1.3. «SABYR» / Сабырлылық
1) біз бір-бірімізге адалдықпен және түсіністікпен қараймыз;
2) біз өз әріптестерімізді, мердігерлер мен серіктестерімізді сыйлаймыз және
оларға басқа адамдардың бізге қалай қарағанын қалайтындай деңгейде
қараймыз;
3) біз қиындықтарға дайынбыз және кедергілерге қарсы тұра аламыз;
4) шешім қабылдай отырып, біз мәселені жан-жақты қараймыз, барлық
артықшылықтар мен кемшіліктерді ескереміз, барлық көзқарастарды
тыңдаймыз және ескереміз;
5) біз өткен нәтижелерді және атқарымдарды құрметтейміз, сабақтастықты
қамтамасыз етеміз.
6
3.1.4. «SAPA» / Сапа
1) біз әрқашан ең жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуге тырысамыз;
2) біз әрқашан уәдемізді сапалы және уақтылы орындаймыз;
3) біз өзіміздің ішкі және сыртқы клиенттеріміздің игілігі үшін жұмыс
жасаймыз;
4) біз жұмысымызды жеңілдетеміз, стандарттаймыз және ретке келтіреміз;
5) біз үнемі қандай-да бір істі жақсырақ істеудің жаңа мүмкіндіктерін
іздейміз. Біз бірінші және озық болғымыз келеді.
3.2. КМГ қызметі келесі қағидаттарға негізделген:
3.2.1. Ашықтық
3.2.1.1. КМГ құпияны құрайтын және Қазақстан Республикасының
заңнамасымен қорғалатын басқа да ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуді
есепке ала отырып, КМГ туралы, оның қызметінің жетістіктері мен
нәтижелері туралы ақпараттың барынша ашықтығына және сенімділігіне
ұмтылады.
3.2.1.2. Қызметкерлер кездесулерге, талқылауларға және диалогқа ашық
болуға ұмтылады; әріптестерімен және өзара мүдделерді есепке алуға
негізделген басқа Мүдделі тараптармен ұзақ мерзімді ынтымақтастық құруға,
КМГ және оның Мүдделі тараптарының құқықтарын және мүдделерінің
арасындағы теңгерімді сақтауға ұмтылады.
3.2.2. Жауапкершілік
3.2.2.1. КМГ ұзақ мерзімді құнның өсуіне және ұзақ мерзімді кезеңде
тұрақты дамуға Акционерлердің, жұртшылықтың және инвесторлардың
алдында экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға әсер етуіне өз
жауапкершілігін түсінеді.
3.2.2.2. КМГ қызметкерлері әрбір деңгейде ақылға салып және жете ұғынып
шешім қабылдауы және әрекет жасауы тиіс.
3.2.3. Айқындық
3.2.3.1. КМГ шешімі мен әрекеті Мүдделі тараптар үшін белгіленген
тәртіппен түсінікті және айқын болуы тиіс. КМГ белгіленген тәртіппен
істердің жай-күйі туралы Акционерлерге және Мүдделі тараптарға шынайы,
уақтылы ақпарат береді.
3.2.3.2. КМГ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есеп беру
және есепке алу сапасын жақсарту негізіндегі ақпараттың айқындылығын
және қолжетімділігін арттыруға ұмтылады. Қызметкерлердің тарапынан
Қазақстан Республикасының заңнамасымен және ішкі құжаттармен
көзделген ақпаратты ашу құпия ақпаратты қорғау жөніндегі нормаларды
есепке ала отырып, орындалуы тиіс.