13
4.7.4. КМГ қызметкерлердің құқықтарын қорғау немесе сақтау мақсатында,
сондай-ақ оларға қосымша әлеуметтік игіліктер ұсыну мақсатында бірігу
және ұжымдық шарттар жасау құқығын құптайды.
4.8. Меншікті қорғау және ішкі бақылау
4.8.1. Барлық қызметкерлер өздеріне сеніп тапсырылған КМГ мүлкінің
сақталуын қамтамасыз етуі және оның тиімді мақсатты пайдаланылуын
қамтамасыз етуі тиіс. КМГ кез-келген мүлкі КМГ қызметін жүзеге асырумен
байланысты, заңды мақсаттарда ғана пайдаланылуы тиіс.
4.8.2. Қызметкерлер КМГ мүлкіне және активтеріне ұқыпты қарауға және
олардың қолды болуына, бүлінуіне, ысырап болуына, ұқыпсыз қаралуына
жол бермей, заңды іскерлік мақсаттарда тиімді пайдаланылуын қамтамасыз
етуге міндетті болады. КМГ мүлкіне және активтеріне: материалдық
активтер, ақшалай қаражат, зияткерлік меншік объектілеріне арналған
құқықтар, «ноу-хау», бизнес-процестер туралы деректер, желілік ресурстар,
сондай-ақ жазбаша хат-хабарлар мен мәліметтер және электрондық почта
және басқа байланыс жүйелері немесе оларда сақталатын ақпараттар жатады.
4.8.3. Қызметкерлерге КМГ-дағы корпоративтік меншікті, ақпаратты немесе
қызметтік жағдайды пайдалану арқылы туындауы мүмкін іскерлік
мүмкіндіктерді пайдалануға не болмаса үшінші тұлғаларға беруге тыйым
салынады.
4.8.4. Қызметкерлерге жеке пайда түсіру мақсатында корпоративтік
меншікті, ақпаратты немесе қызметтік жағдайды пайдалануға тыйым
салынады.
Зияткерлік меншік КМГ-ның ең құнды активтерінің бірі болып табылады.
Барлық қызметкерлер КМГ меншігі болып табылатын патенттерді, тауарлық
белгілерді, авторлық құқықтарды, коммерциялық құпияны және басқа
ақпаратты қорғауы тиіс.
4.8.5. Сонымен қатар басқа тұлғалардың зияткерлік меншікке арналған
заңдық құқығын құрметтеу қажет. Бөгде зияткерлік меншікті заңсыз
пайдалану КМГ-ны және жекелеген қызметкерлердің өзін де соттық
айыптауларға және елеулі айыппұлдарды және қылмыстық жазаларды қоса
алғанда, өтемақылар төлеу міндеттемелеріне ұшыратуы мүмкін.
4.8.6. Қызметкерлер ішкі бақылаудың белгіленген шараларын қатаң түрде
ұстануға және ішкі бақылау шараларының кез-келген бұзушылықтары
туралы немесе алаяқтық жағдайлары туралы ішкі құжаттарда белгіленген
тәртіпте хабарлауға міндетті.
4.8.7. Қызметкерлер қаржылық операциялар және мәмілелер туралы
есептерді уақтылы және объективті түрде ұсынуға және барлық қажетті
құжаттаманы белгіленген тәртіппен сақтауға міндетті.
4.9. Сыйлықтармен алмасу және өкілдер шығысы
4.9.1. КМГ клиенттермен және контрагенттермен әріптестік қарым-
қатынасты дамытуда және іскерлік практикасына сәйкес келетін
корпоративтік сыйлықтармен алмасуға рұқсат етеді. Әрбір қызметкер
14
іскерлік
сыйлықтармен
және
ойын-сауық
іс-шараларға
шақырту
қағаздарымен алмасу іскерлік қарым-қатынастың әлеуметтік мойындалған
құрамдас бөлігі болып табылатындығын түсінуі тиіс, алайда мұндай жайт
қандай-да бір жағдайда да КМГ-ның іскерлік беделіне залалын тигізбеуі тиіс
және белгілі бір тікелей немесе жанама экономикалық мақсаттардағы әрекеті
үшін немесе әрекетсіздігі үшін «төлем» болып табылмауы тиіс. Сыйлықтар
заңдық мақсатта сыйлық сыйлаумен тікелей байланысы болуы тиіс және
құқыққа қайшы әрекеттерді жүзеге асыру әсерін туғызбауы тиіс.
4.9.2. КМГ КМГ қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындаумен
байланысты іскерлік қатынас процесінде сыйлықтарды және қызметтерді
алу/ұсыну саласындағы реттеудің, ережелердің және шектеулердің негізгі
міндеттерін, сондай-ақ оларды қабылдау/ұсыну себептерін анықтайды.
Кез-келген рұқсат етілмеген сыйлықтар оларды сыйлау сәтінде-ақ бас
тартылуы/қайтарылуы тиіс.
4.9.3. Сыйлық ретінде КМГ жұмысымен байланысты алынған, әдеттегі баға
төлеу міндеттемесі жоқ, соның ішінде ақша, құнды қағаздар және басқа
мүліктер, мүліктік сипаттағы (жұмыстар, қызметтер, ойын-сауық төлемдері,
көлік шығыстары, жеңілдіктер, мүлікті пайдалануға ұсынымдар, соның
ішінде тұрғын-үй, қайырымдылық салымдары және т.б.) пайдалар мен
қызметтер, материалдық немесе материалдық емес нысандағы кез-келген
құндылықтар айтылады.
4.9.4. Құны екі айлық есептік көрсеткіштен (2 АЕК) асатын сыйлықтарды
сыйлауға және қабылдауға рұқсат етілмейді. АЕК мөлшерін уәкілетті
мемлекеттік
органдар
өзекті
жылға
Қазақстан
Республикасының
заңнамасына сәйкес белгілейді.
4.9.5. Бұл ретте, егер бір адамның (яғни қызметкердің) атынан берілетін
сыйлықтың не болмаса ақшалай салымның мөлшері жоғарыда белгіленген
мөлшерден аспайтын болса, қызметкерге сыйлықтарды ұжымның атынан
сыйлауға рұқсат етіледі.
4.9.6. Қандай-да бір жағдайда сыйлықтарды ұсыну/алу қызметкердің
және/немесе тұтастай алғанда КМГ-ның беделіне кері әсерін тигізуі мүмкін
жасырын сыйлықақы болып табылмауы тиіс.
4.9.7. Қызметкердің
КМГ-дағы
функционалдық
және
лауазымдық
міндеттерін орындаумен, лауазымдағы жоғарылауымен не болмаса
лауазымға тағайындалуымен байланысты қандай-да бір әрекет (әрекетсіздік)
жасауына орай берілген, КМГ қызметкерінің отбасы мүшелеріне,
туыстарына немесе басқа да жақын адамдарына сыйлықтарға рұқсат
етілмейді.
4.9.8. Әрбір қызметкер сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық
бұзушылықтар үшін, сондай-ақ игіліктерді және артықшылықтарды
құқықтарға қайшы алумен байланысты сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
жауапты болады.