9
Қызметкерлердің жеке мүдделері олардың өз лауазымдық, функционалдық
міндеттерін әділ орындауына әсерін тигізбеуі тиіс.
3.2.10.3. Қызметкерлер заңды және жеке тұлғалармен өзара қарым
қатынастарда мүдделер қайшылығының туындауы көзқарасымен тәуекел
етілген әрекеттерден өзін-өзі тоқтатуы тиіс.
3.2.10.4. Қызметкерлер қаржылық және басқа да іскерлік байланыстардан,
сондай-ақ қызметі мүдделер қайшылығының туындауына себеп болатын
және КМГ тиімді қызметіне кедергі келтіретін ұйымдармен бірлесіп жұмыс
жасауға қатысудан аулақ болуы тиіс.
3.2.10.5. Қызметкерлер
мүдделер қайшылығының, қаржылық немесе
КМГ-ның басқа мүдделеріне қауіптің туындауы туралы, оның салдарынан
мүдделер қайшылығы туындайтын тысқары жеке іскерлік мүдделердің
туындауы туралы тікелей басшысын тез арада хабардар етуі тиіс.
3.2.10.6. Корпоративтік даулар туындаған жағдайда қатысушылар КМГ және
Мүдделі тараптардың мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету
мақсатында келіссөздер арқылы оларды шешу жолын қарастырады.
3.2.11. Экологиялық жауапкершілік
3.2.11.1. КМГ өз қызметінде қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстар және
адамдардың
денсаулығы
саласындағы
Қазақстан
Республикасы
заңнамасының талаптарын сақтауға, сондай-ақ ресурстарға ұқыпты қарау
арқылы қоршаған ортаға және қоғамға өз қызметінің жағымсыз әсерін
азайтуға тырысады.
3.2.11.2. КМГ энергия үнемдеуді қамтамасыз ету, табиғи ортаға кері әсерді
азайту, ресурстарды және уақытты ұқыпты және жауапты пайдалануға
бағытталған инновациялық технологияны енгізу, еңбек өнімділігін арттыру
арқылы табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қолайлы қоршаған
ортаны сақтау үшін қоғамның және болашақ ұрпақтың алдында өз
жауапкершілігін сезінеді.
3.2.11.3. Әрбір қызметкер өз жұмыс орындарында, шешімдерді жоспарлау,
қабылдау және ресурстарға ұқыпты қарау процестерінде табиғи ресурстарды
ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаны қорғауға жауапты болады.
3.2.12. Қауіпсіздік
3.2.12.1. КМГ адам өміріне басты құндылық ретінде қарайды және салауатты
өмір салтына қолдау көрсетуге және қызметкерлердің денсаулығын қорғауға
айрықша көңіл бөлуге тырысады. КМГ әлемдік стандарттарға сәйкес өз
қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өмірі мен
денсаулығын сақтауға тырысады.
3.2.12.2. Әрбір қызметкер жеке өз басының қауіпсіздігіне және өзін қоршаған
адамдардың қауіпсіздігіне жауапты болады және қауіпсіздік және еңбекті
және денсаулықты қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін сақтау
мәселелеріне айрықша бейілділікті жеке басының үлгісімен көрсетуі тиіс.
10
4. Этикалық нормалар
4.1. Заңнаманы сақтау
4.1.1. КМГ Қазақстан Республикасының заңнамасын, қолданылу орнына
қарай шет елдердің заңнамаларын және операцияларды Қазақстан
Республикасының шектерінен тыс жүзеге асырған жағдайда, капиталдың
халықаралық нарықтарындағы талаптарды мүлтіксіз және қатаң түрде
ұстанады.
4.2. Шешімдерді ақылға салып қабылдау
4.2.1. КМГ-да қабылданатын өндірістік, инвестициялық және басқа да
шешімдердің өлшемдері шын мәнінде айрықша экономикалық болып
табылмайды, олар сондай-ақ әлеуметтік, экологиялық көрсеткіштерді және
тұрақты даму қағидаттарын назарға алады.
4.3. Ақпараттың құпиялылығы
4.3.1. КМГ-ның құпия ақпараты болып Қазақстан Республикасының
заңнамасына және КМГ ішкі құжаттарына сәйкес осындай ақпараттарға
жататын ақпарат саналады.
4.3.2. КМГ қызметкерлердің жеке деректерінің құпиялылығын құрметтейді
және қорғайды және ақпараттық қауіпсіздік саясатын қолдайды.
КМГ мемлекеттік құпияны құрайтын ақпаратты қорғауға міндетті болады.
4.3.3. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасына және КМГ
ішкі құжаттарына сәйкес құпия ақпаратты құрайтын деректермен, соның
ішінде жеке мәліметті құрайтын деректермен жұмыс істеу кезінде
жауапкершіліктің айрықша дәрежесін көрсетеді және осындай ақпаратты
қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
4.3.4. Қызметкерлер КМГ-да жұмыс істеудің барлық кезеңінде де, жұмыстан
босатылғаннан кейін де, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен
басқалары қарастырылмаған болса кез-келген құпия ақпаратты құпияда
ұстауға, оның мазмұны туралы жария қылмауға міндетті.
4.3.5. Қызметкерлер рұқсат етілмеген қол жеткізуді болдырмау туралы және
құпия ақпаратқа рұқсаты жоқ басқа қызметкерлерге, сондай-ақ КМГ-дан тыс
кез-келген үшінші тұлғаларға құпия ақпаратты жария етпеу, сондай-ақ
деректердің жоғалуына немесе жойылып кетуіне жол бермеу туралы әрекет
жасауы тиіс.
4.3.6. Қызметкерлер КМГ ішкі құжаттарымен көзделген және қауіпсіздік
режимімен және құпия ақпаратпен жұмыс істеумен байланысты қағиданы
және рәсімдерді сақтауы тиіс.
4.3.7. Ақпараттың құпиялылығын сақтау қағидасының бұзушылығы туралы
немесе жүйелердің не құрылғылардың қауіпсіздігінің бұзушылығы туралы
мәліметтер алу кезінде қызметкер КМГ ішкі құжаттарымен белгіленген
тәртіпте аталған факт туралы жедел түрде хабарлауы тиіс.
4.3.8. КМГ-ның
құпия және/немесе инсайдерлік ақпаратына, КМГ
қызметкерлерінің немесе мүдделі тұлғаларының жеке деректеріне