Кодекс әрбір қызметкер кмг беделі және қызметінің нәтижелері үшін



жүктеу 471,73 Kb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата24.12.2019
өлшемі471,73 Kb.
#24890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

11 

 

қолжетімділігі  бар  қызметкерлер  лауазымдық  міндеттерін  орындаумен 



байланысты ақпаратты пайдалануы тиіс.     

4.4.  Сыбайлас жемқорлық және тыйым салынған төлемдер  

4.4.1.  Сыбайлас жемқорлық деп жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын 

тұлғалардың,  мемлекеттік  функцияларды  орындауға  уәкілетті  тұлғалардың, 

мемлекеттік  функцияларды  орындауға  уәкілетті  тұлғаларға  теңестірілген 

тұлғалардың,  лауазымды  тұлғалардың  мүліктік  (мүліктік  емес)  игіліктерді  

өзі  үшін  не  болмаса  игіліктерді  және  артықшылықтарды  ұсыну  жолымен 

аталған  тұлғаларды  парамен  сатып  алумен  тең,  үшінші  тұлғалар  үшін  жеке 

өзі  немесе  делдалдар  арқылы  алу  немесе  пайда  түсіру  мақсатында  өз 

лауазымдық 

(қызметтік) 

құзыреттерін 

және 


онымен 

байланысты 

мүмкіндіктерді заңсыз пайдалануы түсіндіріледі. 

 

4.4.2. КМГ-да  лауазымды  тұлғалардың  мүліктік  (мүліктік  емес)  игіліктерді  



өзі  үшін  не  болмаса  игіліктерді  және  артықшылықтарды  ұсыну  жолымен 

аталған тұлғаларды сатып алумен тең, үшінші тұлғалар үшін жеке өзі немесе 

делдалдар  арқылы  алу  немесе  пайда  түсіру  мақсатындағы  кез-келген 

әрекетіне тыйым салынады. 

4.4.3. Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  әрекет  ету  бойынша  тікелей  міндеттер 

КМГ-ның әрбір қызметкеріне жүктеледі.    

4.4.4.  Қызметкерлер  КМГ  ішкі  құжаттарымен  белгіленген  тәртіпке  сәйкес 

өздеріне  мәлім  болған  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтар 

жағдайлары  туралы  хабарлауға  міндетті.  Бұл  ретте  КМГ-ның  бірде-бір 

қызметкерімен,  егер  ол  құқыққа  қайшы  әрекеттердің  болжамды  фактісі 

туралы  хабарласа,  не  болмаса  егер  ол  пара  беруден  немесе  алудан, 

коммерциялық парамен сатып алуды жасаудан немесе парақорлыққа делдал 

болудан  бас  тартса  онымен  еңбек  шарты  бұзылмауы  тиіс,  бірде-бір 

қызметкер  лауазымынан  төмендетілмеуі,  сыйақыдан  және  көтермелеудің 

басқа түрлерінен айырылмауы тиіс. 

4.5.  Мүдделер қайшылығын реттеу және болдырмау  

4.5.1.  Мүдделер  қайшылығы  –  бұл  қызметкердің  жеке  мүддесінің  олардың 

лауазымдық міндеттерін объективті және әділ орындауына әсер ететін немесе 

әсер  етуі  мүмкін,  және  қызметкердің  жеке  мүдделілігі  мен  КМГ  заңды 

мүдделерінің  арасында  қайшылық  туындататын  немесе  туындатуы  мүмкін, 

КМГ заңды мүдделеріне залал келтіруі мүмкін жағдай.  

4.5.2.  Мүдделер  қайшылығының  болуы  немесе  осындай  қайшылықтардың 

әлеуетті түрде болуы КМГ беделіне қауіп төндіреді.  

4.5.3.  КМГ  өз  қызметінде  лауазымды  тұлғалар  мен  қызметкерлердің  жеке 

мүдделерінің және олардың кәсіби міндеттерінің арасындағы қайшылықтарға 

жол  бермеуге  ұмтылады.  Барлық  қызметкерлер  мүдделер  қайшылығынан 

азат, айқын, уақтылы және адекватты шешімдер қабылдауға міндетті болады.   

Қызметкерлер  мүдделер  қайшылығын  туындататын  немесе  туындатуы 

мүмкін жағдайлардан аулақ болуы тиіс.  




12 

 

4.5.4.  Қызметкерлердің  ешбір  қызметі  КМГ  алдындағы  міндеттемелерін 



бұзбауы тиіс немесе КМГ беделіне нұқсан келтірмеуі тиіс. КМГ ресурстарын

оның материалдық емес ресурстарын қоса алғанда теріс пайдалануға тыйым 

салынады.  Теріс  ниетті  мақсаттар  болмаған  кездің  өзінде  қайшылықтардың 

көрінісінің  өзінде  де  жағымсыз  салдар  болуы  мүмкін.  Қызметкерлер  өз 

әрекеттерінің  сипатын  ескеруі  және  мүдделер  қайшылығы  ретінде 

қабылдануы мүмкін жағдайлардан аулақ болуы қажет.     

4.5.5.  КМГ  анықталған  корпоративтік  қайшылықтарды  және  мүдделер 

қайшылықтарын  жедел  түрде  ретке  келтіруді,  сондай-ақ  КМГ  жауапты 

құрылымдық  бөлімшелерінің  әрекеттерін  нақты  үйлестіруді  қамтамасыз 

етеді,  атап  айтқанда  дамудың  алғашқы  кезеңдерінде  қайшылықтарды 

анықтауды  қамтамасыз  етеді  және  мейлінше  қысқа  мерзім  ішінде 

қайшылықтардың  мәні  бойынша  өз  ұстанымын  анықтайды,  тиісті  шешім 

қабылдайды, және оны Қайшылықтар тараптарына мәлімет үшін жеткізеді.    

4.5.6. Корпоративтік басқару қағидаттарын және корпоративтік қайшылықтар 

мен  жеке  қайшылықтарды  қарастыру  және  реттеу  жөніндегі  тәртіпті  сақтау 

мақсатында  КМГ  құрылымдық  бөлімшелерінің  құзыреттері  нақты 

межеленген болуы тиіс.   

4.6.  Бәсекелестік талаптарына сәйкес болу 

4.6.1.  КМГ 

бәсекелестікке  кедергі  келтіретін  келісімдерді  немесе 

уағдаластықтарды жасамайды және Қазақстан Республикасының заңнамасын 

сақтайды. 

4.6.2.  Қызметкерлер бәсекелестікті шектеуге бағытталған анық немесе анық 

емес,  формалды  немесе  формалды  емес,  жазбаша  немесе  ауызша  сипаттағы 

келісімдерге кіру туралы ұсыныстардан аулақ болуы тиіс. 

4.6.3.  Қызметкерлер  Қазақстан  Республикасының  және  қарауында  КМГ 

сыртқы қызметін жүзеге асыратын елдердің бәсекелестікке қатысты заңнама 

талаптарын,  сондай-ақ  монополияға  қарсы  органдарының  нұсқауларын 

сақтауы тиіс.    



4.7.  Жалдау және еңбек тең шарттары 

4.7.1. КМГ  Қазақстан  Республикасының  заңнамасын  сақтайды  және                        

өз  қызметкерлері  үшін  қолайлы  еңбек  жағдайын  жасайды.  Қызметкерлер 

Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасының  нормаларын  және  КМГ 

еңбек тәртібінің ережелерін ұстануға міндетті.      

4.7.2. КМГ  жұмысқа  қабылдау  кезінде  бірыңғай  ережелердің  болуын,  нақты 

және  айқын  өлшемдерге  негізделген,  қызметкерлердің  және  лауазымды 

тұлғалардың  жетістіктерін  және  жоғарылауын  бағалауды  қамтамасыз  етеді.  

Қызметкерлерді  жұмысқа  қабылдау,  жетістіктерін  және  жоғарылауын 

бағалау  туралы  шешімдер  қабылдауға  қатысатын  қызметкерлер  осы 

ережелерді ұстануға міндетті. 

4.7.3.   КМГ-да жыныстық, нәсілдік, ұлттық немесе діни көзқарасы бойынша 

кез-келген  кемсітушілікке,  жекелеген  қызметкерлерге  қандай-да  бір 

артықшылықтар және жеңілдіктер ұсынуға жол берілмейді.  




жүктеу 471,73 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау