Темперамент сипаттамалары, тұлға түрлері
Темпераменттің түрлеріне тоқталып, әрқайсысы психологиялық сипаттама беретін болсақ:
Сангвиник темпераментінің өкілдері қозғалғыш, сергек, қызыққыш келеді. Сангвиниктер негізінен көңілді тип.Эмоциялық көңіл-күйі тұрақсыз, өзгеріп отырады, сезімге тезберіледі. Олардың сезімдері күшті, терең емес. Шапшаң ашуланып, тез арада күйіп - пісіп қалады. Ашуы тез басылады,кек сақтамайды, тез ұмытып кетеді, сәтсіздіктерді тез жеңе біледі,ұжымда беделді. Ұжым мүшелерімен жақсы қарым-қатынастаболады, адамдармен тез арада тіл табыса біледі.
Сангвиник типіндегі адамдар тез пайда болатын күшті, бірақ тұрақсыз эмоциялық қозуымен ерекшеленеді. Ондай балаларәртүрлі іске тез кіріседі, бірақ әр нәрсенің басын бастап, аяқсыз қалдырады, істі аяғына дейін жеткізе алмайды, тез арада суып қалады, олар бір бағыттағы ұзақ, табандылықты қажет ететін іс-әрекетке бейім емес. Олардың ренжуі де, жылауы да тез, күлуіді оңай. Сезімі тез өзгеріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |