Темперамент
Табиғатта екі бірдей адамды, жеке тұлғаны кездестіру қиын. Әрбір адамның жеке тұлға ретінде даралық ерекшеліктері қайталанбайды. Адамдар бір-біріне ұқсас болып келуі мүмкін. Адамдардың даралық-психологиялық ерекшеліктері әртүрлі болады.
Осындай тұрақты және адамға туғаннан берілетінпсихологиялық қасиеттер темпераменттің қасиеті болып табылады. Демек, темпераменттің қасиеттеріне ең алдымен туа
біткен және даралық-өзіндік психикалық қасиеттер жатады. Тіпті ерте кезден бастап темпераменттің төрт түрін кездестіре аламыз:сангвиникалық, флегматикалық,холерикалықжәне меланхоликалық.
Темперамент дегеніміз психикалық үрдістер мен мінез қүлықтың жүру қарқынын анықтайтын адамның дара ерекшеліктері. Темпераменттің қасиеттерін мінез-құлық қасиеттерімен немесе қабілеттіліктерімен шатастыруға болмайды.
Темпераментті анықтайтын төмендегідей негізгі қасиеттерді атап өткен жөн:
адамның психикалық іс-әрекеті мен мінез-құлықтың жалпы белсенділігі әрекет етуге ұмтылудың әртүрлі деңгейінде, қоршаған дүниені меңгеру және өзгерту, әртүрлі іс-әрекетте өзін көрсете білуде анғарылады.
қозғалыс немесе моторлы белсенділік және тілдік-қозғалыс аппаратының белсенділік жағдайын көрсетеді. Адамның бұлшык ет қозғалысы мен тілінің шапшаңдығында, күшінде, жылдамдығында аңғарылады, оның сыртқы қозғалысында, сөзшеңдігінде байқалады.
эмоциялық белсенділігі эмоциялық көңіл-күйінде, эмоциялық қозгалғыштығында т.б. көрінеді.
Темперамент адамның іс-әрекетінде, мінез-құлқында және қылықтарында аңғарылады және сыртқы пішінінен байқалады. Сыртқы тұрақты белгілері бойынша темпераменттің кейбір қасиеттері туралы айтуға болады.
Темпераменттің қасиеттері адамның психикалық іс-әрекетінің динамикалық жағын анықтайтын табиғи қасиеттер болып табылады. Басқаша айтқанда, психикалық іс-әрекеттің іске асу сипаты темпераментке байланысты, атап айтқанда:
психикалық үрдістердің пайда болу жылдамдығы мен оның тұрақтылығы (мысалы, қабылдау жылдамдығы, ойдың ұшқырлығы, зейіннің шоғырлану ұзақтығы);
психикалық үрдістердің қарқындылығы (мысалы, эмоцияның күші, еріктің белсенділігі);
психикалық іс-әрекеттің белгілі бір нысандарға бағыттылығы (адамның жаңа адамдармен қарым-қатынаста болуға ұмтылуы, адамның өзіне-өзі, өз идеалдары мен образдарына бағытталуы).
Дегенмен осының барлығы темпераментті толық сипаттау үшін әлі де жеткіліксіз, себебі психикалық іс-әрекеттің динамикасы басқа жағдайларға байланысты. Кез-келген адамда өмірінде кездесетін қуанышты оқиға жан дүниесі мен тән дүниесін, күш-жігерін арттыра түседі, ал керісінше қайғылы жағдай оның көңіл-күйінің түсуіне себепші болады.
Темпераменттің қасиеті адамның басқа психикалық ерекшеліктерімен салыстырғанда ерекше тұрақты және әруақытта да болады.
Достарыңызбен бөлісу: |