Ойын дегеніміз не? Бұл ең алдымен ойдағы іс-әрекет, басқаша айтқанда- түрткілердің бірлігімен ұйымдасқан, ойластырылған әрекеттер жиынтығы. Демек, ойын іс-әрекет ретінде жеке тұлғаның қоршаған ортаға белгілі қатынасының көрінісі болып табылады. Ойын өмірдің өзіндік бейнесі болып табылады. Ойын баланы өмірден, дүниеден алшақ алып кетпейді, керісінше бұл оны өмірге даярлайды, балаға қуаныш, махаббат пен қоршаған дүниеге жан-жақты қызығу сыйлайтын нағыз өмірдің өзі. Ойын - өмірге даярлау мектебі, тәрбие құралы.
Оқу - іс-әрекеттің негізгі түрі. Оқудың негізгі мақсаты - бұл болашақ, өзіндік еңбек іс-әрекетіне даярлау, ал негізгі тәсілі адамдардың бұдан бұрынғы еңбегімен жасалған мұраларыныц жинақталған нәтижесін меңгеру. Оқыту - білімдерді беру мен меңгерудің екі жақты үрдісі, шәкірт пен мұғалімнің өзара байланысты іс-әрекеті. Оқу әрекеті төмендегілерден тұрады: қоршаған заттар мен құбылыстар туралы ақпаратты меңгеру; іс-әрекеттің негізгі түрлерінен құралатын тәсілдер мен дағдылар; іс- әрекеттің мақсаттары мен шарттарына сәйкес тәсілдер мен дағдыларды дұрыс таңдау үшін көрсетілген ақпаратты қолданудың тәсілдерін меңгеру.
Адамзаттың қоғамдық тәжірибесін меңгеруде баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқының бағыттарының белсенді үрдісін оқыту деп атайды. Оқу іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен іске асады және меңгеруге, икемділікті, дағдыны калыптастыруға, ақыл-ой дамуына бағытталған.
Адамзат іс-әрекетінің тарихи алғашқы түрі еңбек болып табылады. Еңбек жалпы алғанда, психологиялық емес, әлеуметтік категория. Еңбек дегеніміз белгілі қоғамдық пайдалы өнімді өндіруге бағытталған іс-әрекет болып табылады. Еңбек іс-әрекеті - адамның негізгі, басты іс-әрекеті. Адам егер еңбек етпесе, өз өмір сүруін тоқтатқан болар еді. Мектепте оқытудың бірінші жылынан бастап, мектеп бітіргенге дейін еңбекке деген кезқарас, сүйіспеншілік, еңбек адамдарына кұрмет қалыптасады.
Еңбектегі табыстар мен нәтижелер адамның дүние танымына, наным-сеніміне, мақсат-мүддесіне, нақты қажетіне сәйкес келу-келмеуіне қарай әртүрлі болады. Не үшін еңбек ететіндігін бар саналылығымен сезіну - еңбек етудің ең басты түрткісі болып табылады. Еңбек үстіндеадам өзіне, қоғамға қажеттіматериалдық игіліктерді өндірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын біртіндеп қалыптастырып отырады. Еңбек үстінде адамның өзіне-өзі қызмет ете алу қабілеті, тәжірибелік іскерлігі, дербестігі, икем дағдысы, ынтасы мен тапқылығы, белсенділігі шыңдала түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |