Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы



жүктеу 0,53 Mb.
бет151/203
Дата07.06.2020
өлшемі0,53 Mb.
#30874
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   203
Psikhologia negizderi-1

Психастеникалық тип. Психопатияның бұл типі аяқталған түріңде негізінен ересек адамдарда кездеседі. Психастеникалық жеке адамның ең маңызды белгілері тартыншақтық, өзіне-өзі сенбеушілік, үнемі күмәңдану, өзін талдау, өзін «қазу», қазір болған емес көбінесе болатын не болуы мүмкін оқиғалар көңілшектік көрсету. Мінезінің психастеникалық белгілері бар жасөспірімдер мұғалімдердің, ата-аналарынын, үлкендерді қойған талаптарына жауапты қарап, олардың үмітін ақтауға тырысады.

Психопатияның психастеникалық типінен басқа осы типтен көптеген ұқсастығы бар астениялық тип бөлінеді. Психастеникалық типтің астеникалық типтен айырмашылығы олардың барлығынан қорқуы, мазасыздануы «бір нәрсе болып қалмасын», өздері мен жақыңдарында күтпеген бақытсыздық болмауы үшін келешекке бағытталған. Болған оқиғаға қарағаңда олар болашақ бақытсыздықтан қорқады. Үнемі күмәңданудан қорғану үшін олар арнайы белгілер, салт жораларын және басқаларды ойлап табады.



Шизоидты тип. Шизоидты не аутизмді (жұрттан оқшаулану) патологиялық тұйық жеке адам. Оның ең алдымен жасырынды, түйық және айналадағылармен қарым-қатынас жасауға ықыласы мен қабілеті жоқ. Айналадағы әлемнен бөлектену, ішкі дүниесі бай бола тұрып сыртқы көрінісі кедей, тәртібі мен эмоционалдық қайғы-қасіреті, қарама-қайшылық бұларға тән. Шизоидты психопатия басқа типтерге қарағаңда сирек болады, ол ұлдарда жиі кездеседі. 2-4 жастағы балалардың мінез-құлқы құрдастарына қарағаңда ерекше болады. Мектепке дейінгі жасында өз күрдастарынан тасаланып, бірге ойнаудан қашады. Мектеп жасында олар белгілі бір сабаққа қызығып, сол сабақты күшті оқи бастайды. Мысалы, математиканы, астрономияны, психология мен философияны. Ақыл-ой дарындылығы бола тұра, олардың қозғалысы икемсіз, өздерін-өздері күте алмай, киім мен тамақ қабылдағанда салақтық пен ұқыпсыздықты көрсетеді.

Психопатиялық қалыптасуы негізінен ересек жаста аяқталады. Психопатияның шизоид пен истерия сияқты түрлері бала кезден біліне бастайды. Бірақ та кісінің бұзылуы (психопатия) диагнозы 18 жастан бұрын қойылмайды. Одан бұрын «патологиялық дамуы» деп саналады.

Емдеу - балалар мен жасөспірімдерде негізінен емдеу-педагогикалық шаралар арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда дәрігер мен педагогтың эмоционалдық әсері негізінен емдеуге көмегін тигізеді. Жасөспірімдердің айналасындағы ортаны (отбасы, мектеп, құрдастары) сауықтыру өте маңызды принцип. Емдеу-түзету жұмыстары психотерапиямен және дәрілер арқылы емдеумен жалғасады. Психотерапия әдісін таңдау психикалық жағдайға, жеке адаммен не топпен өткізуге байланысты. Емдеуде тәртіпті түзететін дәрілер қолданылады.

Психопатиялардың алдын алу жалпы психогигиеналық шараларға, жүкті әйелдің сауығуына, дұрыс босануына, балалардың жұқпалы және басқа ауруларының алдын алуға, дұрыс тамақтануға тіреледі. Одан басқа балалардың айналасындағы адамдардың, ата-аналардың отбасындағы қарым-қатынасының маңызы зор. Бала тәрбиелейтін мекемелердің тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдерінің атқаратын рөлі де үлкен.


жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   203




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау