Күні: Пән: Іс құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу. Тақырыбы: Іс құжаттары қарым-қатынас жасаудың тәсілі Мақсаты: Білімділік



жүктеу 4,04 Mb.
бет14/15
Дата14.05.2018
өлшемі4,04 Mb.
#12686
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМА

1. Азаматтардың ұсыныстарының,өтініштерінің және шағымдарының орындалуы туралы мәліметті орыс тіліне аударып, толтырыныз.

Азаматтардың ұсыныстарының,өтініштерінің және шағымдарының орындалуы туралы

МӘЛІМЕТ


200 жылғы жағдай



Құрылымдық бөлімшенің аты

Орындалу үстінде

Олардың ішінде

Барлығы

Алдың-ғы айда келіп түскені

Мерзімінде орындалуда

Мерзімі өтіп кеткендері

барлығы

Мерзімі ұзартылған-дары






























































































































____________________________________________________________________________________________________________________________________

Барлығы:______________________________________________________
Құжаттардың басқару қызметі

басшысының лауазымы ______________ ______________

(қолы)

(мерзімі)




Cабақ:

Күні:

Пән: Іс құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу.

Тақырыбы: Істердің номенклатурасы

Мақсаты: Білімділік: Теориялық материалдарды тәжірибе жүзінде қолданыла білуге үйрету, құжаттарға қоятын талаптарды толық игеру. Жалпы іс қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жаза және толтыра білуді үйретуде жоғары нәтижеге қол жеткізу.

Дамытушылық: Оқушыларды іс қағаздарын екі тілде құрастыруды үйрету. Логикалық қабілетін дамыту. Тіл ұстару екі тілде еркін сөйлеуге орысша, қазақша үйрету. Өз мамандығы бойынша еңбекке араласқан кезінде жұмыс орындарында, мекемелерде іс қағаздарын сауатты және еркін жаза білуге үйрету.

Мәтінмен аударма жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру.



Тәрбиелік мақсаты: Іс қағаздарын толтыру кезінде ұқып-

тылыққа, жауапкершілікке және

мемлекеттік тіл мәртебесін жоғарыла

туға бейімдеу



Үйлестіру

Деректемелері: Екі тілде толтырылатын құжаттар үлгілері.
Сабақтың

түрі: дамыта оқыту, аралас

Ұйымдастыру

формасы: топтық, дербес, жұптық
Сабақтың

өтілу әдісі: - коммуникативтік сөйлеу

  • сөз әдісі

  • әңгіме

  • дәріспен жұмыс

  • сұрақ-жауап

Сабақтың

көрнекілігі: Құжаттар үлгісі көрсетілген плакаттар.

Құжаттар үлгісі салынған папкалар



Техникалық

құралмен жабдықтау: Дербес компьютер
Пәнаралық

байланыс: Орыс тілі, хатшы ісі, қазақ тілі
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру - сәлемдесу.

кезеңі: - кезекшімен сұхбат

Мотивациялық

кезең:

1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

2. Қысқаша теориялық материалды еске түсіру.

3. Құжатқа қойылатын негізгі талаптарға тоқталу

4. Іс қағазын жазу және толтыру ережесін түсіндіру
Операциялық

кезең: 1. Құжат айналымы туралы кіріспе әнгіме

2.Мамандық бойынша іс қағазы үлгісімен таныстыру және жаздыру

3.Сөздік жұмысын жүргізу

4.Әдістемелер мен жұмыс

5.Тапсырма бойынша жұмысты талдау

Тәжірибе бойынша

Тапсырма 1.Папкаларға салынған үлгілер бойынша жұмыс

2. Аударма жұмысын жүргізу



Рефлексивті

бағалау кезеңі: - сабақты қорытындылау

  • оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беру.

  • бақылау сұрақтары бойынша жұмыс істеу

  • тәжірибе жұмысын қорғау

  • сабаққа оқушылар жұмысына баға беру.

Үй тапсырмасы:

Бақылау сұрақтар.

1. Істер номенклатурасы деген не?

2. Істердің тақырыптары іс номенклатурасында қалай рәсімделеді? 3. Істер номенклатурасын келісу және бекіту тәртіптері қандай?

4. Істер номенклатурасы не үшін құрастырылады?



Қолданылған

әдебиеттер: 1. Л.Дүйсенбекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Алматы, 2001ж.,

2.ҚР “Тіл туралы заңы”

3.Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу.Алматы.2001ж,
Тақырып бойынша қысқаша материал

Істердегі құжаттарды жіктеу және негіздеп бөлу, оларды еспке алу және іздестеру мәліметтерімен қамтамасыз ету мақсатында ұйымда істердің номенклатурасы әзірленеді.

Істердің номенклатурасы ұйымның ақпараттық-іздестеру жүйесін жасау кезінде пайдаланылады, тұрақты және уақытша сақтаудағы істердің тізімдемесін құрастыруда негіз болып табылады.

Жоғары тұрған органның құжаттама қызметі құжаттар құрамы біртектес ведомствоға қарасты ұйымдар үшін істердің тұрпатты (үлгі) номенклатурасын әзірлей алады.

Ұйымның істер номенклатурасын әзірлеген кезде құрылтайшылық құжаттарын, құрылымдық, құжаттардың сақтау мерзімдері көрсетілген тұрпатты, салалық (ведомстволық) тізбелерін, істердің тұрпатты (үлгі) номенклатураларын, құрылымын (штат кестесін) басшылыққа алады, ұйым қызметінде жасалған құжаттарың түрлері, құрамы және мазмұны зерттеледі.

Ұйымның істер номенклатурасы белгіленген нысанда жасалады.


Істердің тақырыптары және оларды істер номенклатурасында жүйелеу

Істер а ұйының құжатталатын жұмыс учаскелері көрсетілген істертақырыптарының барлығы, соның ішінде жеке істер, тіркеу-есепке алу нысандары, бақылау-анықтамалық, тақырыптық және басқа картотекалар енгізіледі.

Істер номенклатурасына баспа басылымдары енгізілмейді.

Істің тақырыбы жинақталған түрде іс құжаттарының (хат алмасу, журнал, кітап) немесе құжаттар (бұйрықтар, хаттамалар, актіллер) түрлерінің негізгі мазмұны мен құрамын, сондай-ақ құжаттардың, хат-хабарлардың авторлары, оқиға уақыты, құжаттардың түпнұсқа не көшірме екендігі және басқалар туралы істің мәнін нақтылай деректерді қамтуы тиіс.

Істер номенклатурасында «әртүрлі материалдар», «жалпы хат алмасулар», «кіріс құжаттары», «шығыс құжаттары» және басқа осы сияқты тақырыптары қолдануға рұқсат етілмейді.

Істердің тақырыптары істерді жасақтау және ресімдеу процесінде нақтылануы мүмкін.

Сот, тергеу, жеке, персоналдық, төрелік сот және басқа мәселе бойынша жалғасты түрде іс жүргізуге байналысты іс тақырыптары «іс» сөзімен басталады.

Бір мәселе бойынша жинақталған, бірақ құжаттары жалғасты түрде іс жүргізумен байланысы жоқ істердің тақырыптары «құжаттар» сөзімен басталады, ал тақырыптардың соңында құжаттардың негізгі түрлері көрсетіледі.

Хат алмасудан тұратын істердің тақырыптарында хат алмасу кіммен және қандай мәселе бойынша жүргізілгені

Біртектес хат-хабарлар хат алмасуы бар істердің тақырыптарында хат-хабарлар тізіп аталмайды, бірақ олардың жалпы түрлік атауы көрсетіледі.

Егер іс мазмұны бір әкімшілік-аумақтық бірлікке (елді мекенге) қатысты болса, оның атауы іс тақырыбында көрсетіледі, ал бірнеше тектес әкімшілік-аумақтық бірлікке қатысты болса, онда іс тақырыбында олардың жалпы түрлік атауы көрсетіледі.

Ұйым істер номенклатурасының бөлімдері ұйымның құрылымына (штат кестесіне) сәйкес орналасқан құрылымдық бөлімшелердің атаулары болып табылады.

Құрылымдық бөлімшелері жоқ ұйымда істер номенклатурасы өндірістік-салалық немесе функционалдық сұлба бойынша құрастырылады. Бөлімдер атаулары ұйым қызметінің бағыттарына сәйкес болуы тиіс.

Істер номенклатурасының жеке бөлімі қоғамдық ұйым атауы болуы мүмкін, ол соңында орналасады.

Істердің номенклатура бөлімдері ішіндегі тақырыптары істерді құрайтын құжаттар маңыздылығы дәрежесіне және олардың өзара байланыса сәйкес орналастырады. Алдымен нормативтік құқтық құжаттамадан тұратын істердің тақырыптары орналастырылады. Бұл орайда тұрған ұйымның қаулылары мен бұйрықтарынан тұратын істер тақырыптары ұйым бұйрықтарынан тұратын істер тақырыптарының алдына орналасады. Бұдан әрі жоспарлы және есептік құжаттардан тұратын істер тақырыптары орналасады.

Өкімдік құжаттардың жобалары және оларды дайындауға, жоспарларға өзгерістер енгізуге, бұйрықтарға негіз болған басқа да құжаттар істер номенклатурасында тиісті негізгі құжаттардан кейін орналасады.

Географиялық және хат-хабарлық белгілері бойынша жүргізілген істердің тақырыптары істер номенклатурасына географиялық атаулар мен хат-хабарлар әліпбиі бойынша енгізіледі.
Ұйымның істер номенклатурасы нысанын толтыру тәртібі

Істер номенклатурасының 1-бағанында енгізілген әрбір істің индексі қойылады. Индекстер ұйымда белгіленген істер номенклатурасы бөлімдерінің цифрлық белгілерінен және істің реттік нөмірінен тұрады. Әртүрлі бөлімдер аясындағы біртектес істер үшін бірдей реттік нөмірлерді сақтау ұсынылады.

2-бағанды толтыру талаптары осы Ереженің 4-тарауы 2-параграфында баяндалған.

3-баған күнтізбе жылы аяқталғаннан кейін толтырады.

4-бағанда сақтау мерзімдері көрсетілген құжаттардың тұрпатты немесе ведомстволық (салалық) тізбесі баптары нөмірлеріне, олар болмаған жағдайда – істердің тұрпатты (үлгі) номенклатурасына сілтеме жасай отырып істердің сақталу мерзімдері көрсетіледі.

5-бағанда ұыймның құжаттама қызметі (лауазымды тұлға) істерді сақтау мерзімдері анықтаған кезде пайдаланған құжаттар тізбесінің, істер тұрпатты (үлгі) номенклатурасы атауларын көрсетеді және өтетін істер, аса құнды құжаттар мен істер, істерді құрылымдық бөлімшелерге немесе оларды жалғастыру үшін басқа ұйымдарға, ұйымның ведомстволық мұрағатына беру туралы істер, құжаттардың электрондық көшірмелерінің бар-жоғы олардың жеткізгіштерінің түрлері мен сақталу орындары, істерді қалыптастыруға жауапты кісілер жөніндегі белгілерді қояды.

Жүргізілген істер саны туралы мәліметтер ұйымның ведомстволық мұрағатына хабарланады.

Ұйымның істер номенклатурасын келісу және бекіту тәртібі

Істер номенклатурасы ұйымның орталық сараптау комиссиясы (сараптау комиссиясы) мақұлдағаннан кейін (төрт данасы және дискеттегі электрондық жеткізгіштегі бір данасы) тиісті мемлекеттік мұрағат мекемесіне келісуге жіберіледі. Келісілген істер номенклатурасын ұйым басшысы бекітеді.

Ұйымның бекітілген істер номенклатурасы келесі күнтізбе жылының 1-қаңтарынан іске қосылады. Ұйым функциясы мен құрылымы өзгерген жағдайда істер номенклатурасы қайта әзірленеді және қайта келісіледі, бірақ кем дегенде 5 жылда – рет. Жыл сайын ол тиісті түзетулермен қайта басылады және бекітіледі.

Ұйым істер номеклатурасының бірінші данасы құжаттама қызметінде (лауазымды тұлғада) сақталады, екіншісі – осы қызметте (лауазымды тұлғада) жұмыс құжаты ретінде пайдаланылады, үшіншісі – ұйымның ведомстволық мұрағатына беріледі, төртіншісі – тиісті мемлекеттік мұрағат мекемесінде қалады.

Істер номеклатурасы бекітілгеннен кейін ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне одан үзінділер жіберіледі.

Істердің тұрпатты (үлгі) номеклатурасы ұйымның орталық сараптау коммиссясы (сараптау комиссиясы) мақұлдағаннан кейін Қазақстан Республикасының (жергілікті уәкілетті органның) мұрағаттар мен құжаттаманы басқарушы уәкілетті мемлекеттік органына келісуге жіберіледі, мұнан соң ұйым басшысы бекітеді.

Бекітілген істердің тұрпатты (үлгі) номеклатурасы саланың (жүйенің) ведомствосына қарасты ұйымдарына, Қазақстан Республикасының (жергілікті уәкілетті органның) мұрағаттар мен құжаттаманы басқарушы уәкілетті мемлекеттік органына жіберіледі.

БЕКIТЕМIН

Кәсiпорын басшысы

Қолы, аты-жөнi



IСТЕР НОМЕНКЛАТУРАСЫ

00.00.00.

200____жылға


Істің

индексі


Істің

тақырыбы


Істің саны

(томдары)



Істің сақталу мерзімі

және тізбесі бойынша

баптары


Ескертулер















Референт қолы аты-жөнi

Архив меңгерушiсi қолы аты-жөнi
Iс 200____жылы жүргiзiлдi.

Референт қолы аты-жөнi


Cабақ:

Күні:

Пән: Іс құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу.

Тақырыбы: Істерді қалыптастыру және ресімдеу

Мақсаты: Білімділік: Теориялық материалдарды тәжірибе жүзінде қолданыла білуге үйрету, құжаттарға қоятын талаптарды толық игеру. Жалпы іс қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жаза және толтыра білуді үйретуде жоғары нәтижеге қол жеткізу.

Дамытушылық: Оқушыларды іс қағаздарын екі тілде құрастыруды үйрету. Логикалық қабілетін дамыту. Тіл ұстару екі тілде еркін сөйлеуге орысша, қазақша үйрету. Өз мамандығы бойынша еңбекке араласқан кезінде жұмыс орындарында, мекемелерде іс қағаздарын сауатты және еркін жаза білуге үйрету.

Мәтінмен аударма жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру.



Тәрбиелік мақсаты: Іс қағаздарын толтыру кезінде ұқып-

тылыққа, жауапкершілікке және

мемлекеттік тіл мәртебесін жоғарыла

туға бейімдеу



Үйлестіру

Деректемелері: Екі тілде толтырылатын құжаттар үлгілері.
Сабақтың

түрі: дамыта оқыту, аралас

Ұйымдастыру

формасы: топтық, дербес, жұптық
Сабақтың

өтілу әдісі: - коммуникативтік сөйлеу

  • сөз әдісі

  • әңгіме

  • дәріспен жұмыс

  • сұрақ-жауап

Сабақтың

көрнекілігі: Құжаттар үлгісі көрсетілген плакаттар.

Құжаттар үлгісі салынған папкалар



Техникалық

құралмен жабдықтау: Дербес компьютер
Пәнаралық

байланыс: Орыс тілі, хатшы ісі, қазақ тілі
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру - сәлемдесу.

кезеңі: - кезекшімен сұхбат

Мотивациялық

кезең:

1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

2. Қысқаша теориялық материалды еске түсіру.

3. Құжатқа қойылатын негізгі талаптарға тоқталу

4. Іс қағазын жазу және толтыру ережесін түсіндіру

Операциялық

кезең: 1. Құжат айналымы туралы кіріспе әнгіме

2.Мамандық бойынша іс қағазы үлгісімен таныстыру және жаздыру

3.Сөздік жұмысын жүргізу

4.Әдістемелер мен жұмыс

5.Тапсырма бойынша жұмысты талдау

Тәжірибе бойынша

Тапсырма 1.Папкаларға салынған үлгілер бойынша жұмыс

2. Аударма жұмысын жүргізу



Рефлексивті

бағалау кезеңі: - сабақты қорытындылау

  • оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беру.

  • бақылау сұрақтары бойынша жұмыс істеу

  • тәжірибе жұмысын қорғау

  • сабаққа оқушылар жұмысына баға беру.

Үй тапсырмасы:

Бақылау сұрақтар.

1. Істерді қалыптастыру кезінде қандай талаптар сақталады?

2. Қызметкерлердің жеке істері қалай орналасады?

3. Құжаттардың қосымшалары қалай орналасады?

4. Істерді қалай ресімдеу керек?

Қолданылған

әдебиеттер: 1. Л.Дүйсенбекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Алматы, 2001ж.,

2.ҚР “Тіл туралы заңы”

3.Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу.Алматы.2001ж,
Тақырып бойынша қысқаша материал

Орындалған құжаттар ұйымның істер номеклатурасына сәйкес қалыптастырылады. Құрылымдық бөлімшелердегі істерді қалыптастыруды құжаттау және құжаттаманы басқаруға жауапты лауазымды тұлға жүзеге асырады.

Ұйымда, оның құрылымдық бөлімшелерінде істердің қалыптастырылуын бақылауды ұйымның құжаттама қызметі (лауазымды тұлға) жүргізеді.

Істерді қалыптастыру кезінде мынадай жалпы талаптар сақталады: іске орындалған, номенклатурасы бойынша іс тақырыптарына сәйкес дұрыс ресімделген құжаттар ғана салынады; бір мәселені шешуге қатысты барлық құжаттар бірге салынады;құжаттың мемлекеттік, орыс және басқа тілдердегі нұсқалары бірге топтастырылады; іске келер жылға өтетін және жеке істердін басқа бір күнтізбе жылының құжаттары бірге топтастырылады;сақтау мерзімдері тұрақты және уақытша құжаттар іске бөлек-бөлек топтастырылады; машинограммалар іске істер номенклатурасына сәйкес жалпы негізде салынады. Құжаттар мәселенің шешу ретіне (шешілетін мәселелердің хронологиялық ретімен) сәйкес орналасады немесе іске бірінші бастамашылық құжат, содан кейін – мәселесі толық шешімен тапқан құжат, бұдан әрі мәселенің шешілу барысын көрсететін басқа құжаттар салынады.

Көлемі 250 парақтан асатын істі қалыптастыруға және оған қайтарылатын құжаттарды, шимайжазбалар мен артық даналарды салуға болмайды.

Өкімдік құжат пен оған қосымшалар бір іске салынады. Мәжіліс хаттамалары және оған қосымша құжаттар жеке-жеке істерге жасақталады.

Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар (өкімдер), жеке құрам бойынша бұйрықтар (өкімдер) және қызметкерлердің іс сапары бойынша бұйрықтар (өкімдер) жеке-жеке салынады.

Хат алмасулар, әдетте жыл күнтізбемен топтастырылады және хронологиялық ретте жүйеленеді, мұнымен бірге сұраным-құжаттан кейін жауап-құжат салынады. өткен жылы белгілі бір мәселе бойынша басталған хат алмасу қайтадан жалғасқан кезде оның құжаттары ағымдағы жылдың ісіне енгізіледі.

Еңбек ақы бойынша дербес есепшотары жеке істерге салынады және оларда қызметкерлердің әліпбилік ретімен жеке жасақталады.

Жеке тұлғалардың тізімдері және жинақтау зейнетақы қорына міндетті зейнеткерлік жарна аударуға төлем тапсырмалары бір іске салынады.

Жоспарлар, есептер, сметалар, лимиттер және штат кестелері жасалған, бекітілген немесе түскен уақытына қарамастан қай жылға арналып құрастырылған болса, сол жылдың тиісті істеріне салынады.

Істерді ресімдеу

Істі ресімдеген кезде оның мұқабасына мыналар енгізіледі: жоғары тұрған органның ресми атауы және ұйымның ресми атауы; ұйым орналасқан елді мекеннің атауы; ұйымның құрылымдық бөлемшесінің атауы; іс тақырыбы; іс номенклатурасы ьойынша оның индексі; істің сақталу мерзімі. Істе бірнеше том (бөлім) болса, әр томға (бөлімге) том (бөлім) нөмірімен қоса бір индекс қайталанып қойылады, соңғы томға (бөлімге) «соңғы» сөзі жазылады.

Қол жеткізілуі шектелген істерге, жеке істерге құжаттардың ішкі тізімдемесі қосып салынады.

Тұрақты сақтаудағы және жеке құрам бойынша істерге, олардың іс жүргізілуі аяқталғанда істердің куәландырма қағаздарды қоса тігіледі.

Істің мұқабасына құжаттар құндылығына сараптама жасалғаннан кейін мұрағаттық қордың, тізімдеменің, істің нөмірлері, іс құжаттарының уақыт аралықтары, парақтар саны қойылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құрамына жатқызылған және жеке құрам бойынша, сондай-ақ «сараптау-тексеру комиссиясы» белгісі бар электрондық құжаттар жеке компьютердің сыртқы ақпараттық жеткізгіштеріне аударылады. Олардың заңды куәландырылған түпнұсқалық қағаз құжаттары тиісті істерге тігіледі.




ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМА

ЗАДАНИЕ ДЛЯ ПРАКТИЧЕСКОЙ РАБОТЫ



  1. Істі тапсыру-қабылдау актісін орыс тіліне аударыныз:

БЕКІТЕМІН

Кәсіпорынның басшысы

Соколов В.С.

28.06.08

Мөр
ІСТІ ТАПСЫРУ-ҚАБЫЛДАУ

АКТІСІ
27.05.08 № 27 Алматы қаласы
Жұмыстан босатылатын бас бухгалтер ЖШС «Богатырь Аксес Көмір» Абикеева Гульжаман Болатқызы және жаңадан тағайындалатын бас бухгалтер Исина Лаура Рустамқызы № 17 бұйрық негізінде, 25.05.08 жағдай бойынша олардың істі тапсыру-қабылдау актісі жасалды.

Тапсыру-қабылдау актісі кәсіпорін директорының орынбасары Герасименко Владимир Алексейұлы қатысуымен жүргізілді.

Істі тапсыру-қабылдау нәтижесінде:

1. Бас кітап толығымен 24.05.08 жағдай бойынша толтырылды. Синтетикалық есеп талдама есептің тиісті позициясына сәйкестендірілді.

2. № 23 шоты бойынша аналитикалық есептің карточкасы көрсетілді.

3. Ағымдағы жылдың қантар-қыркүйек айларына арналған ордерлік журналы көрсетілді, № 74 талдама есеп бойынша ведомостар және депоненттерді тіркеу кітабы көрсетілді.

4. 2008 жылғы бухгалтерлік баланс көрсетілді.

5. Мыналар бойынша 2008 жылғы салық декларациясы көрсетілді:

- табыс салығы бойынша;

- ҚҚС бойынша;

- әлеуметтік салық бойынша.

6. 2008 жылғы І, ІІ, ІІІ тоқсандардағы тексерулердің актілері көрсетілді.

7. 29.05.08 жылғы кәсіпорынның жылдық есебін тексерген тәуелсіз аудитордың қорытындысы берілді.

8. Тізімдеме бойынша 23.05.08 жылғы 12 іс архивке өткізілді.

9. Тізімдеме бойынша анықтамалық-нормативтік әдебиеттер тапсырылды.

Қосымша: 1. Кәсіпорын архиві ісінің тізімдемесі, 5 бет.

2. Анықтамалық-нормативтік әдебиеттер

тізімдемесі, 2 бет.


Істі тапсырдым қолы Г.Б. Абикеева

Істі қабылдап алдым қолы Л.Р. Исина


Істіп тапсырып-қабылдап алуға қатысқандар:
Кәсіпорын директорының орынбасары В.А. Герасименко

2. Ішкі тізімдемесін толтырып, орыс тіліне аударыныз.

№_____ іс құжаттарының

ІШКІ ТІЗІМДЕМЕСІ




Рет

№ №


Құжат

нөмірі


Құжат уақыты

Құжат тақырыбы

Іс парақтарының нөмірі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6



















Барлығы_____________________________________құжаттар

(цифрамен және жазбаша)
Ішкі тізімдеменің парақтар саны_________________________

(цифрамен және жазбаша)


Іс құжаттарының ішкі

тізімдемесін толтырушы

тұлғаның лауазым атауы_____________ Қолтаңбаның толық жазылулы

(өз қолы)


Уақыты

жүктеу 4,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау