Көңіл аудару
Құрметті... Мен Сізге екі апта бұрын хат жазған едім, алайда сізге өте маңызды нәрсе айтқым келгендіктен тағы да хат жолдап отырмын.
Қызығушылық туғызу
Менен АҚШ-тың бұрынғы президенті ретінде бірнеше тамаша, мазмұнды бастамаларды менің атыммен атауды өтініпті. Мен Розалинмен кеңестім де, біз өзіміздің атымызды қандай да бір ұйымның атын атау үшін емес, адамдардың өмірін шын жақсартуға бағытталған іске арнауға ұйғардық. Біз “Қоршаған орта адамзаттың пайдасына” атты ұйымның жұмысын қолдауға келістік. Сол кезден бері мен осы ұйымнгың директорлар Кеңесінің мүшесімін. Біз өз ұйымымыздың жұмыс тәжірибесімен кеңірек таныстыратын кітап та шығардық, ондағы мақсатымыз өз өмірімізді қалай қызықты етуге болатынын көрсету болды.
Енді мен Сізге неге осы ұйымның жұмысына қызыққанымды айтайын. Президент кезімде кедейлерге тұрғын үй мәселесі қаншалықты қиындық әкелетіндігі және ол адамдарды қалай мейірімсіз ететіні туралы тікелей мәлімет алып тұрдым. Маған бұл қатты әсер етті! Сұмдық екен!
Бүгін Америкада мыңдаған отбасылар ойға алуға да қиын осындай сұмдық жағдайларда тұрып жатыр:ысталған, ескірген, құлауға аз-ақ қалған ауыл лашықтары, егеуқұйрық қаптаған, сылағы түскен ескі үйлердегі пәтерлер.
Осындай жанұялардың бірі Стронгтар отбасы болды. Руби, Оскар және олардың бес баласы – Миссисипи штатындағы Сампер қаласының бір ескі, ұмыт қалған үйшігінде тіршілік үшін жанталасты (одан әрі ұйымның оларға көмегі айтылады).
Өтініш
Бізге миллион адамның көмегі қажет болып тұр. Олардың әрқайсысы ең болмағанда 20 доллардан көмек көрсетсе, адамдардың тұрмысын жақсарту сияқты қызық та қажет жұмысқа атсалысқан болар еді. Мұның бәрі христиан мархаббаттылығымен үндеседі, ол салық төлеушілерге тиын да тұрмайды.
Меніңше, бұл – ақшаны ең дұрыс жұмсаудың жолы!
Іс-әрекетке шақыру
Мен Сізді осы өмірлік маңызы бар істе Розалин мен маған қосылуыңызға шақырамын. Сіз жібере алатын кез келген мөлшердегі ақша, 20, 50 доллар болсын, өте қажет.
Құрметпен, Джимми Картер.
Р.S. Мен мейірімді адамның кедей отбасына көрсеткен көмегінен артық қайырымдылықты білмеймін. Мархабат етіңіз, маған қосылыңыз, өз жарнаңызды төлеңіз.
Сізге алдын-ала алғысымды айтамын.
Біздің ұзақ үзіндіні келтірген себебіміз – оны зерделей оқу көп нәрсені ұқтырады.
Бастапқы жолдардан-ақ (көңіл аудару) хат иесі бұрынғы болса да АҚШ президентінің өзі болуымен көңіл аудартады. Оның үстіне ол өте маңызды нәрсе айтқалы тұр. Оқырман: “Президент менімен қандай маңызды нәрсе туралы ой бөліскісі келіп тұр?” – деп ойланады. Көңіл аударылды.
Хаттың келесі бөлімінде (қызығушылық туғызу) бұрынғы президент әзірше атын атамай қандай да бір жоба екенін білуге қызығушылық туады. Одан әрі хатта толығырақ Дж. Картердің жобаға қатысуға бел байлағанының себебі ашылады. Оның эмоциялы түрде берілген жеке басының көзқарасы оқырманды одан әрі сендіре түседі.
Деректері көп бола тұра, хат авторы дәлел ретінде Стронгтар отбасының тұрғын үй жағдайын мысалға келтіреді. өте сәтті де шебер жасалған қадам. Оқырман Д.Ж. Картердің қайырымды көңіліне риза болып, оған көмектесуге әзір тұрады. Міне, осы кезде түсіндіру (өтініш) айтылады да, ешқандай қысымсыз нақты көмек (20 доллар) сұралады.
Тек осыдан кейін ғана нақты көмекке шақыру орын алады (іс-әрекет).
Көріп отырғанымыздай, “психологиялық сюжет” шешендіктің, тапқырлықтың барлық үлгісін сақтап құрылған: онда қисынды мекемелер де, оқырманның сезімі мен ұятына әсер ету де мына бастың үлгісі де бар. Еш жерде ат иесінің әлеуметтік жағдайын баса көтерілмейді, хаттың жазылу мәнері сабырлы, көретіндей қайырымдылық қатынасқа құрылған.
Бұған жақсы хат жазу бес минуттық шаруа емес, шығармашылықты қажет ететінін көруге болады. Дайын үлгіге құрылған хат, әрине, оңай болар еді (ол алты-ақ секунд уақыт алады) “Қоршаған орта – адамзат пайдасына” қайырымдылық ұйымының директорлар кеңесі барлық азаматтарды жағдайы төмен адамдардың тұрғын-жайларын жақсартуға мүмкіндігінше үлесқосуға шақырады. Есеп-шотымыз мынадай...”
Үйреншікті, бірақ әсер етпейді. Джимми Картер хатының жазылуы – түйіні (посткриптум) өте әсерлі. Онда автордың қазіргі ойы қорытылады, үндеуінің мәні қайталанады.
Келтірілген хат оқырманға тамаша, бірақ сирек кездесетін құбылыс сияқты көрінуі мүмкін. Олай емес, ол тәжірибеде жиі кездеседі. Тек, адамның тілін таба білу – оларға сендіріп әсер етудің ең тимімді жолы екенін түсінген адамдарға ғана тән. Рон Теппер өз кітабында ондай іскерлік хаттардың ондаған түрін келтіріп талдау жасайды.
ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ТАПСЫРМА
1. Іскерлік хат деректемелерінің орналасу тәртібіне қарап іскерлік хат құжатын құрастырыныз:
Хат жіберуші ұйымның атауы.
Сілтемеге көрсеткіш. Онда хат жазушының немесе машинистканың аты-жөні, фирманың, бөлімнің әріптік, сандық белгілеулері т.б көрсетілуі мүмкін. Бұл жағдайда алушының көрсеткіштеріне сілтеме беріледі, одан кейін жіберушіге сілтеме жасалады.
Хаттың жазылған күні.
Хат алушының мекен-жайы.
Нақты адамды көрсету. Егер хат бір фирманың лауазымды қызметкеріне арналса да осы деректер қолданылады. Бұл жағдайда мынадай белгі көрсетіледі «Attention to Mr…» яғни, «... мырзаның есіне».
Кіріспе арнау.
Хат тақырыбы.
Хат мәтіні. 5 белгіге шегіндірілген азат жолдың құрылымы кең тараған. Бірақ әрбір азат жол 2 емес, 3-4 интервал арқылы басылады.
Ізеттіліктің қорытыңды түрі.
Қолы.
Қосымшағы нұсқау.
Көшірменің жіберілгеніне нұсқау.
2. АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картердің коммерциялық хатының толық мәтінін орыс тіліне аударыныз:
Көңіл аудару
Құрметті... Мен Сізге екі апта бұрын хат жазған едім, алайда сізге өте маңызды нәрсе айтқым келгендіктен тағы да хат жолдап отырмын.
Қызығушылық туғызу
Менен АҚШ-тың бұрынғы президенті ретінде бірнеше тамаша, мазмұнды бастамаларды менің атыммен атауды өтініпті. Мен Розалинмен кеңестім де, біз өзіміздің атымызды қандай да бір ұйымның атын атау үшін емес, адамдардың өмірін шын жақсартуға бағытталған іске арнауға ұйғардық. Біз “Қоршаған орта адамзаттың пайдасына” атты ұйымның жұмысын қолдауға келістік. Сол кезден бері мен осы ұйымнгың директорлар Кеңесінің мүшесімін. Біз өз ұйымымыздың жұмыс тәжірибесімен кеңірек таныстыратын кітап та шығардық, ондағы мақсатымыз өз өмірімізді қалай қызықты етуге болатынын көрсету болды.
Енді мен Сізге неге осы ұйымның жұмысына қызыққанымды айтайын. Президент кезімде кедейлерге тұрғын үй мәселесі қаншалықты қиындық әкелетіндігі және ол адамдарды қалай мейірімсіз ететіні туралы тікелей мәлімет алып тұрдым. Маған бұл қатты әсер етті! Сұмдық екен!
Бүгін Америкада мыңдаған отбасылар ойға алуға да қиын осындай сұмдық жағдайларда тұрып жатыр:ысталған, ескірген, құлауға аз-ақ қалған ауыл лашықтары, егеуқұйрық қаптаған, сылағы түскен ескі үйлердегі пәтерлер.
Осындай жанұялардың бірі Стронгтар отбасы болды. Руби, Оскар және олардың бес баласы – Миссисипи штатындағы Сампер қаласының бір ескі, ұмыт қалған үйшігінде тіршілік үшін жанталасты (одан әрі ұйымның оларға көмегі айтылады).
Өтініш
Бізге миллион адамның көмегі қажет болып тұр. Олардың әрқайсысы ең болмағанда 20 доллардан көмек көрсетсе, адамдардың тұрмысын жақсарту сияқты қызық та қажет жұмысқа атсалысқан болар еді. Мұның бәрі христиан мархаббаттылығымен үндеседі, ол салық төлеушілерге тиын да тұрмайды.
Меніңше, бұл – ақшаны ең дұрыс жұмсаудың жолы!
Іс-әрекетке шақыру
Мен Сізді осы өмірлік маңызы бар істе Розалин мен маған қосылуыңызға шақырамын. Сіз жібере алатын кез келген мөлшердегі ақша, 20, 50 доллар болсын, өте қажет.
Құрметпен, Джимми Картер.
Р.S. Мен мейірімді адамның кедей отбасына көрсеткен көмегінен артық қайырымдылықты білмеймін. Мархабат етіңіз, маған қосылыңыз, өз жарнаңызды төлеңіз.
Сізге алдын-ала алғысымды айтамын.
Cабақ:
Күні:
Пән: Іс құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу.
Тақырыбы: Коммерциялық хаттың жазылу стилі
Мақсаты: Білімділік: Теориялық материалдарды тәжірибе жүзінде қолданыла білуге үйрету, құжаттарға қоятын талаптарды толық игеру. Жалпы іс қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жаза және толтыра білуді үйретуде жоғары нәтижеге қол жеткізу.
Дамытушылық: Оқушыларды іс қағаздарын екі тілде құрастыруды үйрету. Логикалық қабілетін дамыту. Тіл ұстару екі тілде еркін сөйлеуге орысша, қазақша үйрету. Өз мамандығы бойынша еңбекке араласқан кезінде жұмыс орындарында, мекемелерде іс қағаздарын сауатты және еркін жаза білуге үйрету.
Мәтінмен аударма жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Іс қағаздарын толтыру кезінде ұқып-
тылыққа, жауапкершілікке және
мемлекеттік тіл мәртебесін жоғарыла
туға бейімдеу
Үйлестіру
Деректемелері: Екі тілде толтырылатын құжаттар үлгілері.
Сабақтың
түрі: дамыта оқыту, аралас
Ұйымдастыру
формасы: топтық, дербес, жұптық
Сабақтың
өтілу әдісі: - коммуникативтік сөйлеу
сөз әдісі
әңгіме
дәріспен жұмыс
сұрақ-жауап
Сабақтың
көрнекілігі: Құжаттар үлгісі көрсетілген плакаттар.
Құжаттар үлгісі салынған папкалар
Техникалық
құралмен жабдықтау: Дербес компьютер
Пәнаралық
байланыс: Орыс тілі, хатшы ісі, қазақ тілі
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру - сәлемдесу.
кезеңі: - кезекшімен сұхбат
Мотивациялық
кезең:
1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
2. Қысқаша теориялық материалды еске түсіру.
3. Құжатқа қойылатын негізгі талаптарға тоқталу
4. Іс қағазын жазу және толтыру ережесін түсіндіру
Операциялық
кезең: 1. Коммерциялық хат алмасу туралы кіріспе әнгіме
2.Мамандық бойынша іс қағазы үлгісімен таныстыру және жаздыру
3.Сөздік жұмысын жүргізу
4.Әдістемелер мен жұмыс
5.Тапсырма бойынша жұмысты талдау
Тәжірибе бойынша
Тапсырма 1.Папкаларға салынған үлгілер бойынша жұмыс
2. Аударма жұмысын жүргізу
Рефлексивті
бағалау кезеңі: - сабақты қорытындылау
оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беру.
бақылау сұрақтары бойынша жұмыс істеу
тәжірибе жұмысын қорғау
сабаққа оқушылар жұмысына баға беру.
Үй тапсырмасы:
Бақылау сұрақтар.
1. Коммерциялық хаттың жазылу стилі қандай болуы тиіс?
Қолданылған
әдебиеттер: 1. Л.Дүйсенбекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Алматы, 2001ж.,
2.ҚР “Тіл туралы заңы”
3. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу. Алматы. 2004ж.
Тақырып бойынша қысқаша материал
Тең дәрежеде, өзара құрметке негізделген қарым-қатынас формалды түрде де, формалды емес тұрғыдан да жүзеге асырылуы мүмкін. Коммерциялық хатты жазуда жеке адамның қабылдауына ептеліп бағытталған ресми тілді қолдану онша лайықты болмай шығады.
Одан гөрі күнделікті достық қарым-қатынас түріндегі сөз хат мазмұнына сенімділік арттырады. Ол қисындылығымен ғана емес, қысқалығымен де, эмоциялығымен де, нақтылылығымен де әсер етеді
Сөздің әсерлілігі, бірегейлілігі оның жағымды сапалары ретінде “Сөз мәдениеті” тарауында қарастырылған еді. Бұл жерде біз іскерлік хаттардың батыс авторлары көңіл аударған қажетті стилистикалық сапаларына дән қоймақпыз.
Алдымен сөздің бірегейлілігі туралы жалпылама түрде бір-екі ауыз сөз. Жарнаманың шаблонды мәтіні сіздің көңіліңізді аудара алмайды. Мысалы, газеттерде (сан рет қайталанған мынадай хабарлама: «Ұйым базар бағасынан анағұрлым төмен бағамен ұсынады...» (өткен жылғы жауған қардай жаңа). Сондықтан мәтінге назар аударту үшін, оны әр түрлі тәсіл арқылы жанжандырып, құбылту қажет. Әрине, шектен шықпау керек. Артық қылам деп тыртық қылуға болмайды. Тіл шығармашылығының бірегейлігі – басқа адамға түсінікті болатындай дәрежеде болуы керек. Дегенмен де бір адамның сөзі – айрықша әсерлі, екінші адамның сөзі - өзіне еш көңіл аудармайды, әсерлі емес.
Әсерлі сөз – тілдік талғамның нәтижесі, ол – ұзақ оқу, жаттығу жұмыстарының, өз сөзіңді талдап, талғап, өңдеп қолдану бағытында мақсатты түрде істеген жұмыстарынның нәтижесі.
Сөз құру, сөйлеу мәнерін жетілдіру үшін не істеу керек? Оған Д. Карнеги, Р. Теппер, П. Соппер қандай кеңес береді екен?
Поль Соппер «Сөз өнерінің неіздері» деген кітабында сөздің айрықша болуы ойдың, идеяның айрықша болуынан дегенді айтады. «Ой сонылығы, - дейді ол, - өзіндік сөйлеуде ерекше сезіледі». Оның пікірінше, ерекше әсерлі болатындар – сезімдік қабылдауғ бағытталған сөздер мен сөйлемдер.
Алайда кейбір әсері мол деген сөздердің өзі жиі қолданылғаннан ескі көйлектей тозады, жаттандыға айналып, жауыр болады. Сондықтан көсемсөзші шаблонға айналған мұндай сөздерден сақ болғаны жөн.
П. Соппер көп қолданыстан әбден жауыр болған мақал-мәтелдерді де пайдаланбауға кеңес береді, оның есесіне қолданыста аз кездесетін мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді көбірек іске жарату қажет.
Сөздің бойына қан жүгіртіп, тірілту үшін көне замандардан кел жатқан тәсіл – риторикалық сұрақтарды пайдаланған да ұтымды.
Жауабын қажет етпейтін ондай сұрақтар айтылған ойды нықтап, шегелей түсуге қызмет етеді.
Айшықтылықты арттыруға мысқыл-сықақа та ерекше көмектеседі. С. Торайғыровтың атақты «Бір адамға» өлеңіндегі: «Ойладым: «Оңдырған-ау, баққан халқын!» сөзі езуге кекесін үйіріп, экспрессия тудырады. Сондай-ақ дамыту, инверсия, шендестіру т.б. фигуралық қолданыстар да сөзді әсерлі етеді.
Сөз қолдану тәсілдерін игеру тәжірибе арқылы қалыптасады. Сондықтан Поль Соппер мынадай кеңестер береді: 1) тұрмысты сөзді қалай болса солай емес, ұқыпты қолдану керек; 2) әдеби тілдің түрлеріне талдай отырып оқу керек; 3) жазу жұмыстарында болсын, әңгімелесу кезінде болсын, сөздік қорытыңды үнемі толықтырып отыру керек; 4) сөйлеуге дайындық кезінде, жұмысында сөйлемдерінді қайта-қайта өндеуден өткізіп тәжірибе жүргізу керек.
Әртүрлі ұсыныс кеңестер Д. Карнегидің «Жұрт алдында сөйлеу кезінде адамдарға әсер ететіндей өзіне сенімділікті қалай қалыптастыру керек» деген кітабында келтіріледі. Сөйлеу тәсілдерін жетілдіруді автор көркем әдебиет шеберлерінің талаптарын, байсалды ғылыми кітаптарды оқумен, сөздіктерді пайдаланумен, жаңа сөздерді тәжірибеде жиі қолданумен байланастырады.
Айтылғандарды бір сөзбен былай жинақтауға болады: егер мәнерлі де әсерлі сөйлегіңіз келсе, сөзбен үнемі әрі үздіксіз жұмыс жасауыңыз керек. Суға түспей, жүзуді үйренуге болмайды.
Cабақ:
Күні:
Пән: Іс құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу.
Тақырыбы: Хат-хабарларды ресімдеу ережесі
Мақсаты: Білімділік: Теориялық материалдарды тәжірибе жүзінде қолданыла білуге үйрету, құжаттарға қоятын талаптарды толық игеру. Жалпы іс қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жаза және толтыра білуді үйретуде жоғары нәтижеге қол жеткізу.
Дамытушылық: Оқушыларды іс қағаздарын екі тілде құрастыруды үйрету. Логикалық қабілетін дамыту. Тіл ұстару екі тілде еркін сөйлеуге орысша, қазақша үйрету. Өз мамандығы бойынша еңбекке араласқан кезінде жұмыс орындарында, мекемелерде іс қағаздарын сауатты және еркін жаза білуге үйрету.
Мәтінмен аударма жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Іс қағаздарын толтыру кезінде ұқып-
тылыққа, жауапкершілікке және
мемлекеттік тіл мәртебесін жоғарыла
туға бейімдеу
Үйлестіру
Деректемелері: Екі тілде толтырылатын құжаттар үлгілері.
Сабақтың
түрі: дамыта оқыту, аралас
Ұйымдастыру
формасы: топтық, дербес, жұптық
Сабақтың
өтілу әдісі: - коммуникативтік сөйлеу
сөз әдісі
әңгіме
дәріспен жұмыс
сұрақ-жауап
Сабақтың
көрнекілігі: Құжаттар үлгісі көрсетілген плакаттар.
Құжаттар үлгісі салынған папкалар
Техникалық
құралмен жабдықтау: Дербес компьютер
Пәнаралық
байланыс: Орыс тілі, хатшы ісі, қазақ тілі
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру - сәлемдесу.
кезеңі: - кезекшімен сұхбат
Мотивациялық
кезең:
1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
2. Қысқаша теориялық материалды еске түсіру.
3. Құжатқа қойылатын негізгі талаптарға тоқталу
4. Іс қағазын жазу және толтыру ережесін түсіндіру
Операциялық
кезең: 1. Коммерциялық хат алмасу туралы кіріспе әнгіме
2.Мамандық бойынша іс қағазы үлгісімен таныстыру және жаздыру
3.Сөздік жұмысын жүргізу
4.Әдістемелер мен жұмыс
5.Тапсырма бойынша жұмысты талдау
Тәжірибе бойынша
Тапсырма 1.Папкаларға салынған үлгілер бойынша жұмыс
2. Аударма жұмысын жүргізу
Рефлексивті
бағалау кезеңі: сабақты қорытындылау
оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беру.
бақылау сұрақтары бойынша жұмыс істеу
тәжірибе жұмысын қорғау
сабаққа оқушылар жұмысына баға беру.
Үй тапсырмасы:
Бақылау сұрақтар.
1. Іскерлік хаттың аршықшылығы қандай?
2. Хат –хабарларды ресімдеу ережелеріне не жатады?
Қолданылған
әдебиеттер: 1. Л.Дүйсенбекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Алматы, 2001ж.,
2.ҚР “Тіл туралы заңы”
3. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу. Алматы. 2004ж.
Тақырып бойынша қысқаша материал
Іскерлік хаттар осы кезге дейін байланыстың ең көп тараған түрі болып келді. Телекс, телефон, компьютерлік байланыс өте тез, жылдам іске асады, алайда хаттың да өз артықшылығы бар: ол көлемі, арзандығы, әсіресе, заң тұрғысынан тыңғылықтығымен маңызды.
Шет елдерде хаттың формалдық жағына ерекше көңіл бөледі. Өйткені әріптесіңмен қарым-қатынасынды ушықтырмас үшін – хабар алмасу этикетін қатаң сақтау керек.
Іскерлік хаттар фирма не ұйымның деректемелері бар арнаулы қағазға (бланк) жазылады. Оның сыртқы түрі фирманың өзіндік бет-бейнесін береді, сондықтан оны безендіру ұсақ-түйегіне дейін ойластырып жасалады.
Халықаралық ережелер бойынша мекен-жай екі рет жазылады: конверттің төменгі оң жағына және хаттың сол жақ жоғарғы бұрышына. Егер хат көрінетін конверт түріне салынса, онда мекен-жай хаттың сол жақ жоғарғы бұрышына бір-ақ рет жазылады. Демек, онда хат алушының мекен-жайы конверттің ашық жерінен көрініп тұратындай болып орналастырылуы керек.
Хаттың міндетті түрде болуға тиіс келесі тізбесі – хат арналған адамның аты-жөні. әр мемлекетте аты-жөнін жазудың әр түрлі дәстүрі қалыптасқан, бірақ көбінесе алдымен атын, содан кейін тегін жазу қалыптасқан. «Мырзаға», «Докторға» деген арнаулар және басқалары міндетті түрде қысқартылған түрде беріледі.
Одан кейін қабылдаушы жұмыс істейтін фирманың аты, мекен-жайы жазылады: үйдің нөмірі, көше аты. Ең соңында қала, штат (графство, кантон т.б.), пошта индексі және елдің атауы тұрады. Толық мекен-жай, мысалы, былай жазылады:
К. Липински мырзаға,
«ТАМПЕЛЛА ПАУЭР Инк»,
Бас директорына
109, Лапинти,
ТАМПЕРЕ, 33101,
ФИНЛЯНДИЯ (6, 71).
Жіберуші фирманың деректемелерінен кейін жіберілген күні көрсетіледі. 12.05.97 деген сияқты, қысқарту түрі халықаралық тәжірибеде қолданылмайды. Хаттың жазылу уақыты төмендегідей үлгіде беріеді: 12 май, 1997 ж. АҚШ-та алдымен айын, одан кейін күнін көрсету қалыптасқан: Май 12, 1997.
Хаттың өзі сол жақ жоғарғы бұрышына мекен-жайды жазумен басталатыны айтылған болатын. Одан кейін төменде азат жолсыз сол жақтан сыпайы түрдегі арнау жазылады. Ол дәстүрлі мынадай сөздерден тұрады: «Қымбатты (тегі) + мырза (немесе ханым)» немес «Қымбатты (тегі) + доктор» немесе «Құрметті мырзалар», «Құрметті (тегі) + мырза».
Хат арналған адам сізге қаншалықты жақсы таныс болса да, іскерлік хаттарда «сен» деп айтуға болмайды.
Кіріспе қаратпа сөзден кейін леп белгісі емес, үтір қойылады.
Қаратпа сөзден кейін келесі жолда хат тақырыбы аталады. Бұл үшін Re («Reference») белгісін қою жеткілікті, бұл сөздің мағынасы «тақырыпқа байланысты» дегенді білдіреді.
Мысалы: Re: Сіздің 1997ж. 8 майдағы телексіңіздің жауабына. Егер тақырыбы бірнешеу болса, онда олардың әрқайсысы жаңа жолдан басталады. Мысалы:
Қымбатты Смит м-за,
Re: Сіздің «Омега» жобасы бойынша ұсыныстарыңыз жөнінде,
Төленбеген есепшоттар № 28765, 54 328,
1996 ж. қазан айында мұнай өнімдерін жеткізу туралы.
Хат мәтінінің тақырыбын бас әріптермен жазу немесе астын сызу қазіргі жаңа үлгінің тәсілі болып табылады. Мысалы:
Қымбатты Смит м-за,
Сіздің «Омега» жобасы бойынша ұсыныстарыңыз жөнінде,
Одан әрі хат мәтіні жалғасады.
Хат әдетте жақсы тілек білдіру сөздерімен аяқталады. Егер хат ресми болса, онда «Сізге шынайы тілектес...» деген жақсы ықпал білдіру құрылымы қолданылады. Немесе хат соңында мынадай тілектерді айтуға болады: «... мырзаға ең жақсы тілектер тілеймін», «Ең жақсы тілектермен», «Менің игі тілектерімді қабыл алыңыз» т.б.
Кіріспе сөз бен тілк білдіруд құруда өзара сабқтастық принципі сақталады: жауапхатта да жіберілген хатта айтылған сөздер қолданылады.
Тілек сөзден кейін қол қойылып, одан төменірек сіздің аты-жөніңіз бен қызметіңіз көрсетіледі. Көптеген елдерде қол парақтың оң жағынан ізеттілік сөздерінен кейін қойылады.
Егер хатқа қандай да бір материал немесе құжат тіркелсе, әдетте олар хат соңында сол жақта жолда «Қосымша» сөзінен кейін санамалап жазылады. Мысалы,
Қосымша: 1. Келісім (5 бет)
2. Сақтандыру полисі (6 бет)
Көшірмесі жіберілгендігі жөнінде (егер болса), қосымшадан кейін көрсетіледі.
Cабақ:
Күні:
Пән: Іс құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу.
Тақырыбы: Құжат айналымын ұйымдастыруға қойылатын талаптар және оның көлемін қысқарту жолдары
Мақсаты: Білімділік: Теориялық материалдарды тәжірибе жүзінде қолданыла білуге үйрету, құжаттарға қоятын талаптарды толық игеру. Жалпы іс қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жаза және толтыра білуді үйретуде жоғары нәтижеге қол жеткізу.
Дамытушылық: Оқушыларды іс қағаздарын екі тілде құрастыруды үйрету. Логикалық қабілетін дамыту. Тіл ұстару екі тілде еркін сөйлеуге орысша, қазақша үйрету. Өз мамандығы бойынша еңбекке араласқан кезінде жұмыс орындарында, мекемелерде іс қағаздарын сауатты және еркін жаза білуге үйрету.
Мәтінмен аударма жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Іс қағаздарын толтыру кезінде ұқып-
тылыққа, жауапкершілікке және
мемлекеттік тіл мәртебесін жоғарыла
туға бейімдеу
Үйлестіру
Деректемелері: Екі тілде толтырылатын құжаттар үлгілері.
Сабақтың
түрі: дамыта оқыту, аралас
Ұйымдастыру
формасы: топтық, дербес, жұптық
Сабақтың
өтілу әдісі: - коммуникативтік сөйлеу
сөз әдісі
әңгіме
дәріспен жұмыс
сұрақ-жауап
Сабақтың
көрнекілігі: Құжаттар үлгісі көрсетілген плакаттар.
Құжаттар үлгісі салынған папкалар
Техникалық
құралмен жабдықтау: Дербес компьютер
Пәнаралық
байланыс: Орыс тілі, хатшы ісі, қазақ тілі
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру - сәлемдесу.
кезеңі: - кезекшімен сұхбат
Мотивациялық
Достарыңызбен бөлісу: |