Растрлық графикамен жұмыс істеуде Adobe фирмасының Photoshop программасы ерекше орын алады. Бұл программа қазір компьютерлік графикада стандарт болып табылады, басқа программалардың бәрін осы программамен салыстырады.
Adobe Photoshop программасының атқаратын қызметтері:
Графикалық бейнелерді өте жоғары сапада өңдеу;
Интерфейсі қолдануға ыңғайлы және жеңіл;
Бейнені өңдеу мүмкіндіктерінің көптігі, палитрамен жұмыс істеу, сканерлеу, импорттау мен экспорттау;
Фильтрлеу командаларының мол жиынтығы, олардың көмегімен әртүрлі эффектілерді орындау;
Аймақ пен контурды ерекшелеу;
Сурет салудың әр тәсілдері;
Бейнені түзетуге, қабаттар, каналдар, маскалар, фильтрлер көмегімен бейненің өлшемі таңдау;
Басылымға берудің әр түрлі мүмкіндіктері бар.
Іске қосу үшін: Пуск →Программы →Adobe Photoshop
1-сурет. Adobe PhotoshopCS3 программасының интерфейсі.
1-суретте берілген Adobe Photoshop CS3 программасының терезесінің жоғарғы бөлігінде программаның атауы жазылған тақырып қатары орналасқан. Тақырып қатарынан төмен программаның барлық командалары мен функцияларын пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі меню. Сол жағында программаның негізгі құрал-саймандар тақтасы орналасқан. Оң жағында бейненің түсін, масштабын өзгертуге т.б. орындауға көмектесетін қызметші терезелер берілген. Терезенің ортасында өңделетін графиктік файл ашылатын жұмыс аумағы орналасқан. Ал терезенің төменгі жағында қалып-күй қатары берілген.
Программаның негізгі менюінде бір функционалдық арнайы топқа біріктірілген командалар тізімінің жиынтығы берілген. Бұл тізімдер жинақы күйде беріледі де, олардың біреуін таңдағанда ашылады.
Файл менюінің командалары жаңа файл құру, ашу, сақтау, орналастыру, жабу, сканерлеу, импорттау, экспорттау, бейнені баспаға шығару, желі бойынша файлды жіберу, кей операцияларды автоматтандыру және PhotoShop программасынан шығу қажет болғанда қолданылады.
«Түзету» (Редактерование) менюі
«Түзету» менюінде бейнені өңдеу командалары: көшіру, трансформациялау, бейнені орналастыру мен түсін анықтау, белгілі бір өлшемді және формалы қылқалам, өрнектер мен фигуралар құру, іс-әрекеттерді қайталау және болдырмау командалары орналасқан. Тазарту ішкі менюі жадыны тазартады.
«Бейне» (Изображение)менюі
Бейне менюінің Режим ішкі менюі арқылы бейнені 8 режимнің біріне ауыстыруға болады. Реттеу ішкі менюінің командалары бейненің контрастылығын, түсінің тонын, ашықтығын, қанықтылығын өзгертеді. Бейне өлшемі командасы көмегімен бейненің өлшемін, рұқсат етілімін және файл өлшемін өзгертуге болады. Холст өлшемі командасы көмегімен бейне орналасқан жұмыс аумағының өлшемін өзгертуге болады.
Қабат менюінің командалары жаңа қабат қосуға, көшіруге, жоюға, өзгертуге, топтауға, орындарын алмастыруға, байланыстырылған қабаттарды басқаруға, қабаттарды біріктіруге, оларға маска қолдануға және бейнені бір қабатқа айналдыруға мүмкіндік береді.
«Ерекшелеу» (Выделение) менюі
Ерекшелеу менюінде бейнені толық ерекшелеу және түсіне қарай ерекшелеу командалары, ерекшеленген фрагментпен жұмыс істеу командалары орналасқан.
Фильтр менюінде бейнені өңдеу операциялары кіретін фильтрлер орналасқан.
«Анализ» менюі
Анализ менюінде шкала өлшемін беру, берілген нүктелерді бергілеу, сызғыш құралы, есептегіш құралы, масштаб маркерін орналастыру командалары орналасқан.
«Қарау»Просмотр менюі
Қарау менюінде түс нұсқалары, экран режимі, көрсету, бағыттаушыны бекіту, бағыттаушыны жою, жаңа бағыттауыш, фрагментті бекіту, фрагментті жою командалары ораласқан.
Терезе менюі командалары түрлі палитраларды экранда көрсету және жасыруды басқарады. Сонымен қатар ашылған бейнелердің тізімі берілген.
Көмек менюінің командалары Photoshop программасы нұсқаулығын интерактивті режимде ашып қарауға, Adobe компаниясының соңғы жаңалықтарын қарауға, Adobe Online сайтына шығуға, экранда пайда болатын көмектерді пайдалануға көмектеседі.
Экрандағы бейнені үлкейту және кішірейту. Жұмыс экраны көрінісінің режимдері.
Кейбір құжаттардың өлшемдері үлкен болғандықтан монитор бетіне симай кетеді. Photoshop программасында көрініс масштабы жасалған. Бейнені түгел қарау үшін масштабты азайтып сурет көрінісін кішірейту қажет. Ctrl+«+» пернелерін бірге басқан кезде сурет өзінің терезесінің ішінде жақындап, үлкейеді де, Ctrl+«-» пернелерін басқанда кішірейтеді. Ал Ctrl+Alt+«+» пернелерін бассаңыз кұжат өзінің терезесімен бірге үлкейеді. Ctrl+Alt+«-» құжат өізінің терезесімен бірге кішірейеді.
Навигатор палитрасы арқылы жұмыс істеп отырган бейнені жақындатып немесе керісінше алыстатып көру аймағын өзгертіп, 1% -тен 3200% аралығында қозғауға болады.
Photoshop программасында он екі жылжымалы палитра арқылы көптеген операциялар орындалады. Палитраларды экранның кез келген жеріне қозғалтуға, орналастыруға болады. Экранда көп орын алмас үшін палитралар өзара шағын терезелерге топтастырылған: Навигатор/Ақпарат/Гистограмма, Түс/Үлгілер/Стильдер, Қабаттар/Каналдар/Жиектер/Тарих/ Әрекеттер, Символ/Абзац, Қылқалам.
Кез келген палитраны Терезе менюіне бару арқылы ашуға болады. Аталған палитра өз тобындағы қалған палитралардың бетіне шығады.
Навигатор палитрасы бейненің масштабын өзгерту қызметін атқарады және бейнені жұмыс үстелінде жылжытуға мүмкіндік береді. Бұл палитрада берілген бейненің кішірейтілген нұсқасы беріледі, қызыл жиекпен қоршалған бөлігі ол бейненің жұмыс үстелінде өңделіп жатқан бөлігін көрсетеді. Палитраның төменгі бөлігінде орналасқан 2 слайдер батырмасы бейненің үлкейуіне немесе кішірейуіне әкеледі.
|
2-сурет
| | |