Күні: 17. 03. 17 Пәні информатика



жүктеу 3,05 Mb.
бет2/2
Дата27.01.2020
өлшемі3,05 Mb.
#27473
1   2
Информация

Түс туралы мәлімет, олардың координаттары мен өлшемі немесе ерекшеленген обьект өлшемі беріледі. Курсордың белсенді нүктесінде ағымдағы сайман мен түстік координаттары беріледі және терезесінің төменгі жағында горизонталь және вертикаль осьтегі тышқанның көрсеткіші мен проекцияның өлшемі туралы ағымдағы координаталар беріледі.


3-сурет


  • Түс

Түс палитрасы түстерді араластыру мен таңдау үшін қажет. Алдыңғы және артқы пландардың түстері (негізгі және фондық) таңдалады. Палитраның сол жақ бөлігінде түс таңдауға арналған 2 тіктөртбұрыш берілген. Үстінгісі бояу түсімен боялған, ал төменгі фон түсімен боялады.


4-сурет

  • Үлгілер

Үлгілер палитрасы – дайын түстерді қолдану қажеттігі туғанда пайдаланылады. Мұнда қажетті түсті палитрадан таңдауға немесе жаңа түс шығаруға болады, ол үшін бірнеше түстің қосындысы керек.

5-сурет

  • Стильдер

Стильдер палитрасы белгілі бір эффектілер қолдану қажет болғанда пайдаланылады.

6-сурет

  • Қабат

Қабат палитрасы қабаттарды қосу, жою, көрсету/ жасыру, көшіру, біріктіру, байланыстыру және қабаттардың орналасу ретін ауыстыруға болады. Әр қабаттың өзінің түс араластыру режимі және мөлдірлік деңгейі бар, әр қабатты басқаларын өзгертпей өңдеуге болады. Құрылатын құжат бірінші фон қабатын қабылдайды. Ол ақ, мөлдір, немесе басқа түсті болуы мүмкін қабаттарды құруға, жоюға, біріктіруге, орындарын ауыстыруға болады. Әдетте жаңа бейне құрған кезде оның фоны мөлдір болмайды.




7-сурет

  • Тарих

Тарих палитрасы көмегімен бейнені өңдеу барысында орындалған бір немесе бірнеше операцияны қайтарып алуға болады. Қылқаламның әрбір жағылуы бөлек операциялар түрінде көрсетіледі. Егер алдыңғы операцияның үстінен шертсек, сол операция орындалғанға дейінгі күйге қайтып келеді. Ағымдағы күйде соңғы орындалған операциялар сақталып отырады. Бірақ операциялар санын арттыруға да болады.

8-сурет

  • Каналдар

Өңделіп жатқан бейненің түстік және қызметтік каналдарымен жұмыс атқарады. Канал палитрасы бейнені құруға дубликат жасауға, және командаларды өзіндік құжатқа айналдыруға, қосылған бейненің каналдарын қосуға және форматтауға арналған. Экрандағы бөлек каналдарды басқаруға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде бейнені көрінетін және көрінбейтін етіп орналастырады.

9-сурет


  • Контурлар

Контур саймандары көмегімен құрылған векторлық контурларды басқару қызметін атқарады.

  • Әрекеттер

Бейнені өңдеу әрекеттерін автоматтандыру туралы жазбалар сақталады.

  • Символ

Мәтіннің гарнитура, кегль, интерлиньяж, трекинг т.б. негізгі атрибуттарын орнату мен қайта баптау үшін қолданылады.

  • Абзац

Көлемді мәтіндермен жұмыста пайдалануға арналған. Сөздер мен әріп арасындағы интервалды, абзац аралығын, мәтінді туралау тәсілдерін өзгертуді орнатуға болады.

  • Қылқалам

Қылқаламның формасы, өлшемі, текстурасы т.б. ондаған параметрлерін орнату арқылы өнердің дәстүрлі техникасын имитациялауға болады.

  • Гистограмма

Экранда берілген бейне, ерекшеленген бөлігі туралы тондық және түстік ақпарат береді.

Adobe Photoshop нүктелі графика. Өйткені әрбір нүкте пиксель деп аталатын нүктелер жиынтығынан тұрады. Adobe Photoshop-та графикалық бейнелерді құруға, файлдарды редакциялауға болады.

Редакциялау дегеніміз – құжатқа өзгертулер, түзету және қосымшалар енегізу.







Сабақты қорытындылау

  1. Adobe Photoshop қандай графика?

  2. Adobe Photoshop бағдарламасында қалай іске қосамыз?

  3. Adobe Photoshop бағдарламасының терезе элементенңн ата?

  4. Adobe Photoshop бағдарламасында қанша құрал бар?

  5. Редакциялау дегеніміз не?



Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау



Үй тапсырмасы

Adobe Photoshop туралы қосымша материалдар іздеп келу. Сөзжұмбақ, ребус құру.



жүктеу 3,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау