Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары



жүктеу 1,15 Mb.
бет4/5
Дата17.11.2017
өлшемі1,15 Mb.
#1047
1   2   3   4   5

1. Сабақ үстінде:

а) үлгерімі төмен оқушылардан жиі-жиі сұрау, сабақ үстінде оларға барынша
мүмкіндік тудыру. Ол үшін: берілетін білімді түсіндіріп айту, ойландыру,
сүраққа толық жауап алу, жазуға үйрету, жазбаша салыстыру.

ә) жолдастарының берген дүрыс жауаптарын жиі қайталатып өз қателерін түзеттіру.

б) сол пәнді өте жақсы білетін жолдастарының көмегін үйымдастыру.

  1. Сабақтан тыс уақыттарда:

а) өзіндік жүмыстың пайдасы көп. Оқушыларға жеңілдетілген үлестірмелер, қызықты тапсырмалар беріп, көбірек сөзге, іске тартып белсенділігін арттыру. Мысалы: Әліппе кезеңі - сауат ашудың негізгі кезеңі. Бүл кезеңде оқушы оқу мен жазуды жүзеге асырады. Осыған орай үлгерім дәрежесі төмен оқушыларға тапсырманы жеңілден бастап біртіндеп күрделендіру көзделеді.
Ұлы педагог К.Д.Ушинский: “Егер сіз бір сөз айтудың өзі қиын соғатын сыныпқа кірсеңіз, жұмысыңызды сурет көрсетуден бастаңыз, сонда сынып сөйлей жөнеледі”, - дейді.

Балаларға, әсіресе үндемейтін, тұйық оқушыға суреттің, суретті үлестірмелердің әсері зор. Суретті бала көзімен көріп, көңіліне тоқиды, сол заттардың түсін, бейнесін есіне сақтайды.

С.Н.Лысенкованың іс-тәжірибесін тірек схемасын пайдалана отырып, сөйлем құрату. Бұл оқушыны “қателесіп қаламын ба”, не “артык сөз айттым ба?” деген сезіктенуден сақтайды, балаларды дәл ойлауға бағыттайды.

1.Үлестірме бойынша суретке қарап үш сөзден түратын сөйлем қүрайды.

2.Әр заттың бастапқы дыбысын астындағы тор көзге жазып, шыққан сөзді
оқып дауысты дыбысты атау.

3.Әуелі суреттегі затты атайды. Бірінші қандай дыбыс екенін біліп, орын
ауысқан дыбыстарды реттеп дүрыс күрап шығуы керек.

3. Ата-аналарымен байланыс.

Мұғалім мектептің жүрегі деген болсақ, ата-ана мүғалімнің жүрегі десек артық емес сияқты. Ата-ана біздер үшін сарқылмас күш, олармен жиі байланыс жасап, көмекке шақыру, үлгерімі төмен окушылардың алға басуына көмегі зор. Ата-аналардың үйлеріне барып, мектепке шақырып әңгімелесеміз.

Сыныпта ата-аналар жиналысын өткізіп, балалары жөнінде оның үлгерімі, тәртібі, оның оқуына үйде қалай көмектесу керектігін түсіндіреміз.

Осы сияқты жұмыстарды үзбей жүргізіп отыру, үлгерімі төмен оқушыларды қатарға қосуға және олардың тиянақты білім алуына жәрдемдеседі.Біз осы тұрғыдан үлгерімі төмен оқушылармен арнайы жүмыстар жүргізіп келеміз. Жұмыстың жоспары мен оны жүргізудің әдіс-тәсілдерін оқу жылы басталмай түрып, бірлестік отырысында кеңінен талқылап, белгілеп алады.

Үлгерімі төмен оқушылармен жүмыс жүргізу үшін алдымен олар арнайы зерттеледі. Оқушыны зерттеуде мына мәселелерге баса назар аударылады:

-ұжыммен, ортамен қарым-катынасы.

-оқу-тәрбие процесіне жанұяның ықпалы.

-қоғамдық және үй жұмыстарына араласуы.

-үйде күн тәртібі жоспарлануы және оның орындалу барысы.

-денсаулығы туралы медициналық анықтамалар мен үсыныстар.

-сабаққа қатысуы мен бірыңғай талапты орындауы.

-дара ерекшеліктері.

-ойлау қабілетінің деңгейі.

-зейіні мен есте сақтауы.

-ерік-жігері.

-табандылығы.

-қызығу шыл ығы.

-жеке пәндер бойынша үлгерімінің көрсеткіштері.

-үлгермеу себептері.

Осы мәселелер анықталғаннан кейін, баланың жеке пәндер бойынша білімі мен дағдыларын есепке ала отырып, ондағы негізгі олқылықтар анықталады. Жеке жүмыстар сол кемшіліктерді жоюға бағытталып, оңайдан қиынға қарай сатылап жүргізіледі. Зерттеу жүмыстарының қорытындыларына сәйкес алдағы уақытта жүргізілетін педагогикалык жұмыстар белгіленеді.

Мысалы, Жұлдызай деген оқушыға зерттеу нәтижелеріне орай мынадай педагогикалық жұмыстар жүргізу керек деп ұйғардық.

1. Ата-анасымен тығыз байланыс жасау. Үйдегі күн тәртібін белгілеп, оны орындаудың қажеттілігін ата-анаға түсіндіру. Оқушының ұжыммен байланысын нығайту мақсатында арнайы
әңгімелер, тәрбие сағаттарын өткізу, мінез-құлқының жақсы жақтарын
жетілдіру мақсатында сабақта жұмыстар жүргізу, белсенділігін жандандыру,
оқуға ынталы, алғыр балалардың жолдастық көмегін үйымдастыру.


  1. Баланың қабілетін, зейінін, қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін пайдалану, оқушының оған белсенділігін арттыру.

Сабақта дидактикалық материалдарды, техникалық қүралдарды молынан пайдаланып жүргізу. Жеке жұмыстарда да көрнекіліктер пайдалану.

3. Есте сақтауын дамыту мақсатында шағын да тілге жеңіл көркем
текстерді, мақал-мәтелдер мен жұмбақ, жаңылтпаштарды жаттауға ұсынып
отыру.

Барлық жеке жұмыстарда “оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге” принципін басшылыққа алып, қайталауға көбірек мән беру.

4. Оқушының еңбектерінін жақсы жақтарын дер кезінде байқап,
тиісінше мадақтап, өз күшіне сенімін ояту, т.б.

Жұмыс барысында үлгерімі төмен оқушылардың жеке пәндер бойынша біліміндегі олқылықтар анықталып, жүргізілетін жұмыстар соларға орай нақты белгіленеді, олардың нәтижелерін жазып отырамыз.

Оқудың белгілі бір кезеңінде үлгерімі төмен болған оқушылардың жоғарыдай жұмыстар барысында едәуір жақсы нәтижелерге бастауы осы бағыттың дұрыстығын көрсетеміз.

Талапқа сай білім беру, сабақтың тиімді, қьізықты өтуі мұғалімнің жеке оқушыны тани білуіне де байланысты.



Мектепке жаңа келген шәкірттің жан дүниесіне, физиологиялык, логикалық және психологиялық дамуына, ұғу, сезу, түсіну қабілетіне үнемі зер салу - үстаз парызы.

Әсіресе, жеке жұмыс жүргізуді бастарда оқушының сөз коры, сөйлеу дағдысы, ойын баяндай білуі, сөйлемді толық аяқтай білуі, сүраққа жауап беруі, өзін қоршаған дүниені тануы таразыдан өткізілуі керек. Бастауыш мектепті бітірген оқушы 4-5 сыныптың пән мұғалімдерімен сынып жетекшісіне жатырқай қарайды.

Өйткені бірнеше жыл бойы бір немесе екі мүғалімнің ғана шәкірті болып оның мінезінде жүмыс істеу мәнеріне үйренеді. Олар үшін оқу мен тәрбиенің жоғары кластағы түрі - жаңа кезең. Сондықтан пән мүғалімдері мен сынып жетекшісінің жылы жүзділігі, мейірбандылығы қажет. 4-5 сыныпта оқушылардың жеке ерекшеліктерімен таныс емес мүғалімдер сабақ береді. Оқушылар пән мүғалімдерімен түсініскенше уақыт керек болады. Міне, сондықтан да жоғары сынып мүғалімдері бастауыш сыныпта оқып жүрген кезінде-ақ оқушылармен тынысып, біле бергені жөн. Бастауыш сынып мүғалімі өз тарапынан жоғары сынып жетекшісімен тығыз байланыс жасап, психологиялық зерттеу табелін тапсырып, жеке оқушылар туралы пікірлесу өткізгені дұрыс. Сынып жетекші ғана емес, пән мүғалімдері де оқушы қабілетін, мінезін түсінуге үмтылуы керек. Бастауыш сынып мүғалімі оқушыларды таным қабілетіне қарай бірнеше топқа бөліп, қысқаша мінездеме жазып, зерттеу табеліне түсіреді. Олардың сипаттама шамасы төмендегідей:

- Танымы жақсы жетілгендер, зейінділер



- Тез қабылдайтын, бірақ зейіні түрақсыз, бұл 7-9 жастағылар арасында жиі
кездеседі.

- Қабылдауы баяу, зейіні ықтиярсыздар.



- Зейінсіз, қабылдауы төмендер.

Мұғалім сабақ жоспарын жасаған кезде жеке оқушылармен жүргізілетін жүмыс түрлерін қоса белгілейді немесе арнаулы табель ашады. Қойылатын сұрақтарды, үлестірмелермен жазбаша тапсырмаларды алдын-ала іріктеп алу дара жұмыс жүргізу жоспарының орындалуын тексеруге мүмкіндік береді. Бүл жұмыс оқушыларды жеңілден бірте-бірте күрделіге жетелеу арқылы жүзеге асады. Оларды топқа бөліп, жеке дара жүмыс істеу мұғалімнің шеберлігіне де байланысты.Қазір мектептерде сабақты оптималдандырудың әдістері қолданылуда.

Оптималдандыру заңдылықтары мен принциптерін қолдану, яғни оқыту мен тәрбиенің озық формалары мен әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру, әр сыныптың немесе жекелеген оқушылардың ерекшеліктерін жан-жақты ескеріп, тиімді жұмыс істеу, уақытты ұтымды пайдалану оқушылардың білімді өз еркімен қабылдауын көздейді. Мұғалім күнделікті жеке жұмыстың нәтижесін мұқият зерттеп, оны күрделендіріп, бағдарламалық білім деңгейіне жетуді мақсат етеді. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болады.

Үлгерімі жақсы оқушылармен жүргізілетін жұмыс. Осы оқушылар барлық пәннен бірдей жақсы оқи ма? Соны мұқият зерттеп алған жөн.

Мәселен бір оқушы жекелеген пәндерден озық. Сүйте тұра ауызша пайымдауға онша емес. Екінші бір оқушы керісінше ауызша мазмұндауға шебер. Енді осындай оқушылардың осалдау жерін дәл тауып жүмыс жүргізу - пән мұғалімінің міндеті. Ал өзі жақсы көретін, сүйіп оқитын пәннен үлгерімі нашар оқушыға көмектесуді тапсырып, оның қабілетін арттыруға болады. Барлық пәннен бірдей жақсы оқитын оқушылар сынып жоғарылаған сайын азая береді.

Мәселен, бастауыш сыныптарда жақсы және өте жақсы оқитындар саны жоғары сыныптармен салыстырғанда көп болады. Осындай алшақтыктың негізі кайда жатыр? Әрине пән мүғалімі сабақ бере алмайды, оқу-тәрбие жүмысына жүрдім-бардым қарайды деуге болмайды. Әйткенмен де жеке оқушылармен жұмыс жүргізуде олардың ерекшеліктерін зертеу жетіспей жатады. Сондықтан әр сабақты шығармашылықпен оптималды жүргізсе, іс нәтижелі болар еді. Өкінішке орай кейбір мұғалімдеріміз оқу мен тәрбиедегі олқылықты тек бастауыш сыныптан кеткен кемшілік деп санайды. Бұл жаңсақ пікір.

7-9 жастағы оқушылардың көбісінің зейіні тұрақсыз болғанымен тез қабылдағыш келеді. Бірақ ұққанын тез ұмытып қалады. Біраз күннен кейін сұрасаң жауап бере алмайды. Бүл зейіннің тұрақсыздығынан. Мұндай оқушымен жүргізілетін жеке жүмыс ерекше есте қалардай қызықты болуы керек. Қабылдауы баяу немесе мінезі түйық, көп сөйлемейтін, тыныш отыратын, сабаққа ынтасыз оқушыға берілетін тапсырма оны ширату, сабақта сөзге тарту, көңілдендіру, өзге оқушының берген жауабын қайталату немесе сөздар балалармен кабаттастыра сөйлету мақсатын көздеуі тиіс. Берген жауабын нақтылап, анықтап, өзінің өзгелерден қалмай жауап беріп түрғанына көзін жеткізіп, белсенділік туғызу шарт.

Қабылдауы нашар оқушының жауапкершілігі де төмен болады. Олар қанша қыбыр етпей тыңдап отырғанымен қабылдауы төмен болса, мұғалімнің 10-15 минут баяндаған әңгімесінен сөйлем қүрап айта алмайды.

Сондықтан үй тапсырмасын оқушылардың зейін - қабылдау мүмкіндігіне қарай жеке берген жөн.

Жеке оқушылармен мінез-құлыққа байланысты жұмыс жүргізу үшін сабақтың күнделікті қызықты ұйымдастырылуына да көп көңіл болу керек. Керекті көрнекіліктер күні бұрын әзірленіп, оқушыларға берілетін жеке тапсырмалар алдын ала ойластырылса сабақтың сапалы өтуіне тиімді әсер етеді.

Баланың мінез-құлқын, жүріс-түрысын білу, білімін іждағатты есепке алу - үлгермеушіліктен сақтандырудың басты шарттары. Шәкірттің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу мұғалімге жалпы тәрбие жұмысын, оның ішінде әрбір оқушымен жеке жұмысты қандай бағытта құру қажеттегіне жөн сілтейді.

Оқушы Сәкен 1 сыныпқа басқа мектептен келді. Оның оқуға ынтасыздығы бірінші күннен-ақ байқалды. Ақылға көнбейді. Көңілі соқпаса, сабаққа келмей қалатынды шығарды. Ата-анасының “тілімізді алмайды” деп, бала тәрбиесіне жауапсыз қарайтынын білдім. Сабаққа үй жұмысын орындамай келіп жүрді. Егер қатаң талап қойып, кітабынан тапсырманы жеке көрсетіп берсең, сол бетті жыртып тастайтын болды. Сабақта әдейі бір жағымсыз мінез көрсетіп, мұғалім назарын еріксіз өзіне аударып, “ескерту айтсын” дегендей әрекеттер жасайтынды шығарды.

Денсаулығында ақаулық бар ма деген оймен алғашқы кезде дәрігерлермен де кеңестім. Бірақ дені сау екен, ал жағымсыз қылыктарды қасақана істейтіні анықталды. Сабақтан тыс уақытта не істейтінін бақылап, оның ойнайтын, бірге жүретін жолдастары кімдер екенін білдім. Өзінен үлкен, басқа мектепте оқитын нашар мінезді балалармен бірге жүретінін анықтадым. Ата-аналары балаға бірыңғай талап қоймай, әкесі үрысса, шешесі болысып дегендей, тәрбиені әлсіретіп алғандығы байқалды.

Сәкеннің оқуға ынтасын қалыптастыру үшін сабақ тыңдамай отырған кезінде қосымша сұраулар беріп, үғымын бақылап, ескертулер жасадым. Материалды баяндау кезінде мұқият тыңдау сабақ түсінудің қажетті шарты екенін айтып, ақыл-кеңес бердім.

Кейде:


- Сен тыңдап отыр, түсіндіріп болған соң, сұраймын, - деп қатаң талап қойсам, кейде сенім білдіріп, көтерме баға да қойып жүрдім. Оның балаға үлкен әсері болды. Ойламаған жерден “4” алуы баланың психологиялық түйсігіне әсер еткендігі, соншалық, баланың бет бейнесі бірден өзгеріп, көзінен қуаныш табы байқалады. Сол күнгі басқа сабақтардың барлығында тәртіп бүзбай тыныш отырды. Бүл алғашқы нәтиже еді.

Окушыны жеке алып қалып, түсінбеген тақырыптарын анықтап білгеннен кейін, күнделікті сабак үстінде, сабақтан кейін де қосымша түсініктерді беруді әдетке айналдырдым. Баланың білмейтін материалдарын күнделікті дәптеріме жазып жүрдім. Оқушының сынып ұжымына қалай карайтынын, берілген жазаны және мадақтауды қалай қабылдайтынын сабақ үстінде, тәрбие сағаттарында анықтадым.

Баланың ата-анасымен әңгімелесіп, өмірден көптеген мысалдар келтіріп, бірлесіп, кеңесіп істеген тәрбиемен ғана баланы түзете алатынымызды айттым.

Ата-ананың бала тәрбиесіне жауапты екенін де ескерттім.



Жеке ерекшеліктерін байқап, білгеннен кейін алып қалып, білмейтін тақырыбы бойынша түсінік бердім, ана тілінен күнделікті өтетін тақырыпты екі ай бойы буын жігіне бөліп оқыттым. Өздігінен қосымша оқуға, жазу үлгісін көшіріп жазуға тапсырмалар бердім. Ертегі суреттер бойынша әңгіме қүрастыруға үйреттім. Математикадан да жеке тапсырмалар бердім. Берілген тапсырмаларды ұмытпай күнде сұрадым. Дұрыс орындамаған жағдайда сабақтан кейін алып қалып, түсіндіре отырып орындаттым. Сабаққа келмей қалса, үйіне барып себебін анықтап, дәлелсіз болса, өзін де, ата-анасына да үғындырып айту әдісін қолдандым.Ата-анасымен бірлесіп, баланың күн тәртібін жасадық. “Күн тәртібі - менің досым” тақырыбына тәрбие сағатын өткізудің де әсері болды. Ата-аналармен “Баланы мектепке қалай даярлау керек” тақырыбына пікірталас тәрізді әңгіме-кеңес өткіздім. Оған Сәкеннің де анасын шақырдым. Баланың күн тәртібінде белгіленген уақытта сабаққа дайындалуында қадағалап жүрдім, 2-3 рет ойыннан шақырып альш, сабақ дайындатқан кездерім де болды. Үйіне барып бақылау баланың да, оның ата-анасының да жауапкершілігін арттырып, кейіннен барлық сабақтан да үлгеретін болды. Балалардың мінез-құлқын, жүріс-тұрысын зерттеу, мұғалімге оқыту және тәрбиелеу процесінде оқушылардың әрқайсысына қай қырынан келу жолдарын табуға жәрдемдеседі.

Оқушылардың жас ерекшелігінен басқа да жеке ерекшеліктері болады. Түрлерінің ұқсамайтыны сияқты балалардың мінез-қүлқында да көп айырмашылықтар бар. Осы жағдайдың өзі мұғалім мен тәрбиешіге әр оқушыға жеке қатынас жасауды міндеттейді.

Кейбір өрескел мінезі үшін оқушыға бірден ұрсып, зекуге болмайды. Мұндай тәрбие еш уақытта да жақсы нәтижеге жеткізген емес. Қайта баланы жөнсіз қайсарлыққа үйретеді. Сол себепті баланың мінезіндегі сабақ оқудағы бір жағымды ісіне сүйсінумен қатар жағымсыз қылықтарына ашу шақырмай, жөнсіздігін ақылмен иландыра түсіндірген жөн.

Мен сабақ үлгермейтін баланы сабақ үстінде де, сабақтан тыс уақытта да бақыладым. Окушылардың жеке ерекшеліктерін бақылағанда белгілі бір мақсатты көздедім. Мәселен, оқушының өтілген материалды қалай меңгергенін байқаймын. Мұндай бақылау оқушының берген жауабын талдаумен, оның сөйлеген сөздерін, логикалық ойлауын, елестетуі мен ұғымының нақтылығын тексерумен байланысты болады. Оқушылардан сабақ сұрағанда оның білім дәрежесінің тереңдігін анықтап қана қоймай, сонымен бірге бала сабаққа үнемі дайындалып келе ме, бала үшін қандай мәселелер қиын немесе жеңіл екендігіне де назар аудардым.

Сыныптағы барлық балаларға дәптер арнап, әрқайсысының әрекеттерін белгілейтін күнделік жүргіздім. Бұл күнделікке баланың іс-әрекеттерін тіркеп қана қоймай, олардың себептерін ашып, оку-тәрбие жұмысын соған сәйкес жүргіздім.

Жеке оқушылармен жұмыс істеуде мына төмендегі мәселелерге үнемі көңіл бөлдім.

  1. Оқушылардың жаңа материалды сабақ үстінде қабылдауы.

  2. Үй жүмысын күнделікті орындауына мүқият есеп жүргізу.

  3. Оқушының сабақ оқуға ынтасын қалыптастыру.

  4. Әр оқушының оқу материалын меңгеру ерекшелігін байқау.

  5. Оқушының денсаулығы, жасында қандай аурумен ауырғандығы.

  6. Оқу күралдарын үстауы.

  7. Оқушының сынып үжымына, жазаға, мадақтауға калай қарайтыны.

  8. Баланың әр сабаққа бейімділігін байқау.

Сол бейімді ілгері дамыту мақсатында қосымша тапсырма беру. Мұнда тек үлгермеушілерге ғана емес, 5-ке оқитын окушыларға да білімін дамыту мақсатында жеке тапсырма беріледі. Енді сабақ үлгермеуші қатарына қосылуға таяған 1-сынып оқушысы Сәкенді мысалға алайық.

Сәкен басында орыс сыныбында 3 ай оқып, сабақ үлгере алмаған соң, қазақ сыныбына ауысқан.

Бақылау “Әліппе Сәкенді қызықтырмайды. Балалар сабақта “Әліппеден оқып, кеспе әріптен сөз құрап, суреттерден әңгімелер айтып жатқанда, ол кітапты сырғытып қойып, қабырғаға қарайды, жұмыс істемей жайымен отырады. Сабақ айтуға қолын сирек көтереді. Жауап беруге шақырғанда орнынан баяу тұрып, аузын ашпай тұрып алады. Кейде “естіген жоқпын”деп ернін ғана қимылдатады. Мен Сәкенге төмендегідей жұмыс істеттім. Балалар өз беттерінше оқып “Әліппемен” жұмыс істеп жатқан кезде Сәкеннің жанына отырып, көмектестім. Онымен бірге “Әліппедегі” суреттердің біразын қарап шығып, мазмұнын айтып бердім. Өзімен бірге бірнеше сөз оқыдым.

Әрбір сөзді қағазбен жауып қойып, есінде сақтаған сөздері бойынша сөз қүрауға, содан кейін оны “Әліппеден” тексеруін талап еттім. Ж. бүл жұмысқа көңіл қойып, қызыға бастады. Бірнеше күннен кейін, “Әліппеден” суреттер бойынша үйде әңгіме әзірлеп, есте сақтағаны бойынша бірнеше сөздер қүрастырып жазып келді. Сәкен картина бойынша әңгіме құрастыруды ерекше ұнатады. Бұл жұмысты бүкіл сыныппен жүргізгенде белсене қатысады. Әйткенмен, “Әліппеден” оқуға әлі ынтасы жоқ.

Оны жұмысқа қатыстыру үшін суреттермен безендірілген сынып плакаттарындағы әңгіме текстін оқуға жиі шақыратын болдым. Суретті картинаның бірінші буынын алдырып, екінші буынын толықтырып үйреттім. Үйде дидактикалық үлестірмелер бойынша сөз құрастырып келуді тапсырдым. Ол суретті үлестірмелерге заттың атын жазып, сурет бойынша әңгімелеп айтып берді. Үш ай бойы үнемі осылай жұмыс істеу нәтижесінде бір буынды, екі буынды сөздерді тұтас оқуға, одан көп буынды сөздерді ежіктеп оқуға үйренеді. Әңгімені оқып болғаннан кейін картина бойынша айтып беруді жақсы көреді. Оның оқуға ынтасын қолдап тапсырманы күнделікті орындауына катты талап қойдым. Осындай жұмыстардың нәтижесінде Сәкен окуға ынтасы артып, сабақ үлгерімі бірте-бірте едәуір жақсарды. Оқушының сабақ үлгермеу себебі кейде оның көңіл-күйімен де байланысты.

Бұл айтылғандардан балаларды сыныпта ғана емес, сабақтан тыс уақыттарда да үзіліс кездерінде де, сыныптан және мектептен тыс уақыттарда да, саяхат барысында да, қоғамдық жұмыстарды орындау кездерінде де, жанұяда да, жолдастарының ортасында болған уақыттарда да бақылау қажет екенін байқадық.

    1. Ана тілін (1-сынып) оқыту процесінде үлгермеуші оқушылармен жүргізілетін іс-әрекеттер

Қазіргі кездегі мектептің қойып отырған талабы - жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген ілімдерді күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік - шеберліктермен қолдана білу. Мұндай күрделі мәселені мектеп тек қана ата-ананың бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінде шеше алады.

Мектепке барған бала еңбектің жаңа түрі - оқумен шұғылдана бастайды. Бірінші сынып оқушыларының көбінің оқуға деген талабы болады. Бұл - бірақ алғашқы мектепке, оқуға деген сыртқы еліктеу. Сондықтан оқушының осы бастауыш сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын қалыптастырмаса, оқу жылының соңында бірінші сынып оқушысының оқуға, тіптен мектепке бару талабы жойылады. Сол себепті ата-ана баласының оқып жүргеніне немқұрайды қарамауы тиіс. Амал жоқтықтан оқып жүрген оқушы өзіне де, жанұяға да, мектепке де көптеген реніш әкеледі.

Ата-ана осыған байланысты баласьшың мектепке барған күннен бастап оның оқуына, тәртібіне көңіл бөліп, тиісті дәрежеде қадағалап көмектесуі керек. Бірінші сынып балаларында оқуға және алғашқы мүғаліміне деген сүйіспеншілік пайда болады. Ата-ана мұны әрқашан қолдауы тиісті. Мұғалім туралы айтқан дөрекі сөздер ол мұғалімнің абыройын төмендетіп, баласының мұғалімге, ол жүргізетін пәнге деген қызығушылығын жойып жібереді.

Ата-ана баласының кейбір мәселені білмей, шеше алмай жатқан кезінде оны кекетпеуі керек, себебі ол баланың алғашкы қадамдары.

Егер бала ата-анасының сабақ дайындау барысында қиын мәселелерді шешуге көмектесетінін білсе, оларды сыйлаушылығы артады. Төмен баға алса, олардан ұялып, қысылады. Сөйтіп келесі жолы жақсы баға алып, ата-анасын қуантуға тырысады.

Ата-ананың көп қателесетін мәселесі, ол мұғалімнің бірінші сынып оқушыларына қоятын бағасы жөнінде. Кейбір ата-ана баласын тек қана “4” пен “5” алуы тиісті деп те айтады. Мұны естіген бала ата-анасының жазалауынан қорқып, “2” немесе “3” бағасы тұрған күнделіктің бетін жыртуға, бағаны түзетуге немесе басқаша жолдар арқылы оларды алдауға барады. Сол себепті ата-ана баға баланың оқуындағы маңызды, бірак басты мәселе емес екендігін білулері керек. Тек жақсы баға үшін оқыған балада танымдық қызмет пен қызығушылықтың жақсы дамуы екіталай. Сонымен қатар бала өтірік айтуға, тек өзіне пайдалы жаққа ғана әдістенуге, жағымсыз қьшықтарға үйренеді.

Ата-ана баласының сабақ дайындау барысында қиын мәселелерді шеше алмай жалғыз қалуына жол бермеуі керек. Егер баласы “2” алса, оның себебін біліп, оны тез арада жою шараларын қолдануы керек. Үштік бағамен де қанағаттаған дүрыс емес. Бүл баға ла баланың біліміндегі олқылықты көрсетеді. Сол себепті “2” мен “3” деген баға оқушыға көмек керек екендігі жөніндегі хабарлама болып табылады.

Ата-ана баланың үйде жасайтын өзіндік жұмысына қажетті жағдай жасауы керек. Бала өз оқуының туған-туыстары үшін аса маңызды екенін түсінуі тиіс. Ата-ана баланың бойына лайықты үстел, кітап қоятын сөре, оқу кұралы, қалам, қара және түсті қарындаш, сызғыш, өшіргіш т.б. құрал-жабдықтары бар оқушы бұрышын жасауы керек.

Оқуға барған күннен бастап бала үйге белгілі бір уақытта сабақ дайындауы үшін күн тәртібі болуы керек. Бала сабақ дайындағанда бөлмеде тыныштық болғаны жөн. Осыдан-ақ бала әке-шешесінің оның оқуына үлкен мән беретінін байқайды. Үйде сабағын тамақ ішетін үстелде дайындайтын балалар бар. Мұндай жағдайда ата-ана, “сабағыңды үстелдің үстінен алып кет басқа жерге, не қоя тұр” деп ұрсады. Тамақ ішіп болған соң ата-ана телевизор көреді, сабақ дайындауға қолайлы жағдайы болмаған бала да солармен телевизор көріп үйықтайды. Ертеңгі күні, әрине сабақ дайындамаған бала “2” деген баға алып келеді. Сөйтіп сабақ оқуына жағдай

жасалмаған, мән берілмеген баланың сабақ оқуға қызығуы бірте-бірте азаяды.

Мәселен, “Ана тілінен балалар бірініші сыныпты бітірер кезде әрбір сөзді дүрыс, мәнерлеп оқи білулері керек. Тез оқу дағдысы түрлі жаттығулардың нәтижесінде калыптасады. Әрине, бүл жөнінде де ата-ана тарапынан бақылау болуы керек. Бірақ, “осыны оқымай, орныңнан тұрмайсың” деуге болмайды. Кітапты оқып көп отыра беру баланы

жалықтырып жібереді. Баланың одан гөрі берілген тапсырманы дауыстап бірнеше минуттай оқығаны жөн. Осылайша күнде оқуы керек. Ата-ана баланың оқуын қадағалауға уақыт бөліп дұрыс бағалап отырса, баланың өзіне деген сенімділігі күшейе түседі. Тез оқуға дағдыландыру үшін мыналарды басшылыққа алған жөн.

  1. Оқу жылдамдығы: 1-сынып 1 минутта - 20-40,

2 - сынып 1 минутта - 60-70 сөз
3-сынып 1 минутта - 80-90 сөз

1.Тез оқуға жаттығуды жаңа тақырыптармен жүргізу керек.




  1. Оқудан бұрын тез дем алып, ақырын дем шығаратын жаттығу жасату
    керек.

  2. Оқығанда жеке әріптерді емес, буындап сөздерді тұтас оқып-үйренуі
    керек.

1-сыныпта берілетін үй тапсырмаларын оқығанды ауызша айтып беру, әңгімедегі негізгі мәселелерді ажырата білу және сүраққа жауап бере білу бағытында болғандықтан, тез оқып үйренудің мәні зор. Жазбаша үй тапсырмаларын дайындау барысында оқушы!

1. Жаңадан берілген жазбаша жұмыс түрлерін орындауда бұрынғы
жазғандарында жіберілген қателерімен жұмыс істеуден бастауы керек.

  1. Егер жазбаша жұмысы белгілі бір ережеге сай орындалуы шарт болса, ол
    ережені оқулықтан окып, жаттап алуы керек.

  2. Жазбаша жұмыста баланың жазғанын, оның әр бөлігін жіті тексеріп
    отырған жөн.

  3. Байқалған қателерді тиянақты түрде түзету керек.

Әр ата-ана жазбаша жүмыстарды бақылауы үшін баланың сөз жазу жылдамдығын білуге тиісті.

Егер бала баяу жазатын болса, кез келген қысқа әңгімені белгілі бір уақыт ішінде жаздыртып, жатқа білетін өлең шумағын жаздырып үйретуі керек. Көбірек ермексаздан жүмыс жасатқан жөн. Ол баланың саусақтарының бүлшық еттерін дамытып, жазуға икемділігін арттырады.

Үйде баланың сабаққа даярлығын жүйелі бақылап, тексеріп отыру

нәтижесінде баланың өзіндік жүмыс орындауға жауапкершілігі, дағдысы

қалыптасады.

Оқушыларды өздігінен жүмыс істей білуге үйрету - олардың сабақ үстіндегі

белсенділігін арттырады.



Бұл орайда Н.К.Крупская техниканың, ғылымньщ алға басып өркендеуі үшін жас өспірім ұрпағымызды өздігінен жұмыс істей білуге үйретудін маңызын атап көрсеткен.

Өз бетінше жүмыс істеуге дағдыланған бала кездескен қиындықтарды жеңе алатын, өз ісіне тыңғылықты, алға қойған мақсатына жетпей тынбайтын азамат болып өседі. Бастауыш сыныптарда оқушылардың өз бетінше атқаратын жүмысын барлық сабақтарда іске асыруға болады. Бұл орайда оқушылардың жас ерекшелігі мен білім қабілеті ескерілуі шарт.

Қабілетті оқушылар тапсырманың мақсатын түсініп, оны қандай жолдармен орындауды бірден біледі. Кейде оқушылардан берілген тапсырманы тезірек орындау талап етіледі. Мұндайда қабілеті төмен балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. Өздігінен жұмыс істеуге оқушылар бірте-бірте дағдылануы керек. Олардың өздігінен істейтін жүмыстарын ана тілі сабағында түрлендіре іске асыруға болады.

Себебі ана тілі сабағында оқушылар жүйелі оқуға, ойды талдауға, ережені саналы түсінуге дағдыланады. Бүл жұмыстар түсіндіру, бекіту, білім тексеру мақсатында жүзеге асады.

Ана тілі сабағында өз бетінше жұмыс кезінде викторина ұйымдастырамын. Өлеңнен не әңгімеден үзінді оқып, оның қай өлең немесе әңгімеден екенін, авторын сүраймын. Кейде автордың суретін көрсетемін де, “Бұл кім? Оның қандай әңгімесін оқыдың?” деп балалардың ойлануына жағдай жасаймын. Ал оқыған өлеңдегі немесе әңгімедегі кейіпкердің суретін салып, оның қайдан екенін, тақырыбын табу, мазмүнын еске түсіру де - өз бетінше жүмыс істеудің бір түрі. Осы орайда оқыған әңгімелері, ертегілері бойынша инсценировка даярлаудың маңызы зор.

Мәселен, “Түлкі, қойшы, аю” ертегі бойынша даярлаған инсценировкадан балалар рухани ләззат алды. Олар әр кейіпкердің ролін қызыға, тартымды орындады.






жүктеу 1,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау