САБАҚ ҮСТІНДЕГІ ЖҰМЫС
КЕСПЕ БОЙЫНША ЖҰМЫС
СУРЕТ БОЙЫНША ЖҰМЫС
САБАҚТАН ТЫС ЖҰМЫС
І.ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАУҒА КӨМЕКТЕСУ 2.ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
ТӘРБИЕ ЖҮМЫСЫ
1. СЫНЫП САҒАТТАРЫН ӨТКІЗУ
АТА-АНАЛАРМЕН ЖҮМЫС
1.АТА-АНАЛАРҒА ТАЛАПТАРДЫ ТҮСІНДІРУ
ҚОРЫТЫНДЫ
Білім негізі - бастауыш сыныпта қаланатыны жұртшылыққа белгілі жағдай. Оқушының бүл сыныптарда алған білімінің тиянақты да саналы болуы - жоғары сыныпка барғанда жақсы оқуының кепілі болатындығын ешкім жасыра алмайды.
Жаңа бағдарламаға көшкен оқушылар ізденгіш, өз бетінше жұмыс істеуге икемді, ішкі сезімге бай, ақыл-ойы өткір болып тәрбиеленуде.
Әрине, бұл - мұғалімдер жұртшылығының еңбегі. Мектеп жұмысының алға басуы, оқушылардың алған білімінің тиянақты, сапалы болуы, қорыта келгенде, мүғалімдердің күнделікті дайындығы мен оның педагогикалық шеберлігіне, ізденгіштігіне, жеке басының білімі мен ерекшелігіне байланысты.
Дипломдық жұмысты орындау барысында алға қойған мақсатымыз Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға себебін анықтау және оның себебін болдырмау жолдары қарастыру еді. Тақырыптқа байланысты ұлы оқымыстылар мен түрлі ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалынып, теориялық тұрғыдан мағлұматтар алынды. Міндеттерді жүзеге асыруда, 3 сыныптарда ана тілі пәнінде озық іс-тәжірибелерді пайдалана отырып, сабақтар өткізіліп, сабақ үлгілері жұмыс барысында көрсетілді.
Қазіргі кезеңде сабаққа қойылатын талаптарға байланысты сабақты тек оқытумен ғана шектеп қоймай, сонымен бірге тәрбиелеу, дүниетану, әрбір сабақ барысында оқушыны өздігінен еңбектеніп, қорытынды жасай білуге баулу арқылы бірте-бірте ғылым негізіне саналылықпен қарайтын азамат етіп тәрбиелеуге болады.
Болашақ ұрпақтың білікті азамат болып өсіп-өнуі мектептен, ең алдымен, бастауыш білім беруден бастау алатыны анық. Сондықтан да бастауыш мектепте оқу үлгермеуін болдырмау жолында оқулықтар мен білім беру бағдарламаларының сапасын артгыру біздерге жүктелер міндет.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмау әр отбасындағы тәрбиеге, ата-ананың жауапкершілігіне де байланысты.
Әріптестерімізді, туған еліміз Қазақстанның болашағын, өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың жарқын болашағын айқын көру үшін бүгінгі таңнан бірлесе отырып жүмыс істеуге шақырамыз!
Қорыта келгенде, мен өз жұмысымды жазу нәтижесінде төмендегідей ұсыныстарды ұсынып отырмын:
Ата-ана үнемі сынып жетекшісімен қарым-қатынаста болу керек.
Үлгермеуші оқушылармен жұмыс жүргізуге арналған түрлі жаңа инновациялық әдістер мен тәсілдерді ңөрсететін әдістемелік- құралдар көптеп басылып шықса.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы.
Қазақстан Республикасы Тіл туралы Заңы.
3.Қазақстан Республикасы Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Ақпан 2005 ж.
4.Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. А., 2002 ж.
5.Т.А.Ильина. Педагогика. “Мектеп” баспасы, А., 1977 ж.
6.С.Бержанов. Педагогика тарихы.
7.Ыбырай Алтынсарыин тағлымы. А., “Жазушы” баспасы, 1991 ж.
8.Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. А., “Рауан” баспасы. 1994 ж.
9.А.С.Макаренко. Работа воспитателей. Сочинения. V том.
10.Педагогикалық ізденіс. А., “Рауан” баспасы. 1990 ж.
11.Т.Жүндібаева. Оқушылармен жеке жұмыс жүргізу жолдары. Бастауыш
мектеп. №5, 2001 ж. (10-11 бет).
12.Бастауыш мектеп. №8, 2003 (21-22 бет). 12..Мұханбетова. Үлгермеушілікті болдырмау жолдары. Қазақстан мектебі.
13.№4, 2003 (37-40) Т.Қоқымбаева. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру. №5, 2001
(14-15 бет). Н.Жұманова. Оқушылармен жеке жүмыс. Бастауыш мектеп №2, 1992 (37-38 бет).
15. Б.Шетенов. “Жеке оқушымен жұмыс”. Бастауыш мектеп. №12, 1988 (8-9 бет)
1985 ж. (16-19 бет). 19.К.Тілеубергенова, С.Нашарипова. Оқушының үй жұмысына ата-ана көмегі.
Бастауыш мектеп. №5, 1991 ж. (15-17 бет).
Ү.Жаздықбаева, Ж.Тажиева. "Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз тәрбиелейді". Әдістемелік құрал, Шымкент —2001.
Л.В.Занков. "Избранные труды" .Москва "Педагогика"-1990г.
Д.Б.Эльконин. "Избранные психологические труды" М:Педагогика- 1989г.
А.Кенжеғұлова. "Авторлық оқулықгардың ұстанымы, оку әрекеті". Бастауыш мектеп, 1-2002.
М.И.Мұқанов. "Жас және педагогикалық психология". Алматы, 1982.
В.В.Давыдов. "Проблемы развивающего обучения" Москва, Просвещение , 1986г.
И.Я.Лернер. "Процесс обучения и его закономерность". Москва, 1980г.
И.Г.Песталоцци. "Избранные педагогические произведения", том ІІ Москва, "Педагогика ", 1981г.
А.Дистервег Избранные педагогические сочинения "О дидактических законах и правилах" Учебно-педагогическое издательство, Москва ,1956г.
Я.А.Коменский. "Великая дидактика". Избранные педагогические сочинения, 1955.
Л.С.Выготский. "Воображение и творчество в детском возрасте". Москва, Просвещение, 1987г.
Қ.Ыбыраймжанов. Педагогикалық технология. Бастауыш мектеп №8, 2005ж 7бет
К.Бұзаубақова. Жаңа пед технологияны меңгеру – міндет Қазақстан мектебі №9-10. 2005ж 26 бет.
ҚОСЫМША
АНА ТІЛІ (1 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілі Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: көктемдегі өзгерістерді қьіс мезгілімен салыстыра
әңгімелеу. Көктемгі табиғаттың ерекшелігін байқату.
2. Дамытушылық: оқушының таным белсенділігін арттыру,
ойын және тілін дамыту. Көктемде өлі табиғат пен тірі табиғатта болатын
өзгерістерге сәйкес бұрыннан білетіндерін толықтырып, дамыту.
3. Тәрбиелік: табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және оны
қорғай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ, білім, дағдыны бекіту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: мүғалімнің сөзі, сүрақ-жауап, көрнекілік, ойын.
Көрнекілік: қыс пен көктем мезгілін бейнелейтін суреттер, Жер-Ана, көктем
бейнесіндегі қьіз, үнтаспа, қүстардың суреті.
Қолданылатын педагогикалық технология: оқу мен жазу арқылы сын
түрғысынан ойлау технологиясы.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, сурет.
Сабақтың барысы:
1. Дидактикалъщ кезец. Оқушының танымдық қызметінің мотивтенуі. Үнтаспадан көктем әнін тыңдау. Сыныпқа бір бала жүгіре кіреді:
Алақай! Алақай!
Көктем келді!
Біздің жаққа көктем келді! (сол әуенімен қасында көктем кейпіндегі
қызы бар Жер-Ана кіреді)
Жер-Ана:
- Армысыңдар, ұлдарым,
Бармысыңдар, қыздарым?!
Мен Жер-Анамын. Сендерге көктем қызыммен бірге келдім. Көктем-қыз:
- Балалар-ау, балалар!
Шақырады далалар
Көктем келді гүл алып
Құстар келді жыр алып
Қос білекті сыбанып
Жүгірейік куанып.
Жер-Ана: - Бәрекелді!
Бүгін неге сонша әдемі қуанышты күйде отырсыңдар?
Балалар: - Көктем келді.
Жер-Ана: - Иә, біздің жерге көптен күткен шуақты көктем мезгілі де келіп жетті. Табиғат атаулыға Аспан тәңірі Күн өзінің мол шуағын сеуіп, қуанышқа бөлеуде. “Көп сұраса көл болады” деген. Ендеше осы Аспан тәңірі Күннен жақсылық сұралық, Жайыңдар қолдарыңды (ілулі түрған күн сәулесіне қарап).
0, Күн тәңірім, Жаратқаным! Жер бетіне жылылығыңды мол бергей.
Осы жыл - Ауыл жылы. Ауылды жерге жылылығын мен мейіріміңді аяма!
Халқымда тоқтық, байлық, денсаулық болсын! Аумин!
Мен сендерге құр келген жоқпын, балалар, өздеріңе арнап әкелген тапсырмаларым бар. Жақсылап тыңдап, жауап берген балаға сыйлықтарым да бар. (Ішінде тапсырмалар салынған сандықшаны мұғалімге ұсынады.)
Мұғалім: - Ал, балалар, Жер-Анамыздың тапсырмаларын мұқият орындап, риза қьілайық. Төрлетіңіз, Жер-Ана!
// дидактикальщ кезең.
Көктем. Ол қандай?
1. Ассоциация қүру.
Міндеті: оқушылардың көктем туралы білетіндерін жазғыза отырып, тілдік қорын тексеру.
Мұғалім: Балалар, Жер-Анамыздың 1 тапсырмасы көктем туралы екен. Сендердің көктем туралы білетіндеріңді тыңдағысы келеді. Көктем бізге күннің мол шуағымен келеді ғой. Ендеше осы күн сәулесінің тұсына көктем туралы білетінімізді жаза қояйық. (Күн сәулесінің ортасына “Көктем” деген сөзді жапсырып қоямыз.)
күн мен түн теңеледі
малдар,
жануарлар
төлдейді
қүстар қайтып оралады
қар ериді
күн жылынады
ағаштар бүршік атады
(балалардың жауаптарын тақтаға бормен жазып отырдық)
- Дүрыс, балалар, көктемнің ерекшеліктерін жақсы біледі екенсіңдер.
2. Венн диаграммасы бойынша жүмыс.
Міндеті: көктем жайлы білімін тереңдете отырып, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
Тақтада табиғат көрінісін бейнелейтін екі сурет: бірінде - қыс, екіншісінде - көктем көрінісі.
Сүрак-жауап:
Балалар, бүл суреттерде жылдың қандай мезгілдері бейнеленген?
Қыс пен көктем мезгілдері бейнелеген.
Оны қайдан білдіңдер? (оқушылар сипаттама береді)
- Ал енді, балалар, Жер-Анамыздың бізге әкелген келесі тапсырмасы:
қыс пен көктемді салыстыру екен. Яғни, әр мезгілдің өзіне тән және ортақ
белгілерін атауымыз керек. Олар қандай?
(Екі суреттің ортаңғы төмен жағына Венн диаграммасын іліп қоямын. Балалардың жауаптары арқылы диаграмманы өзім маркермен толтырамыз)
қыс
ОРТАҚ КӨКТЕМ
суық,кар
|
/ жыл
|
жылы,
|
жауады,
|
/ мезгілі
|
жаңбыр
|
боран
|
/ 3 ай, күн,
|
жауады,
|
болады,
|
жер, ай,
|
ағаштар
|
ағаштар
|
Аспан
|
бүршік
|
жалаңаш
|
1
|
атады,
|
|
\
|
құстар
|
|
|
келеді
|
Дүрыс, балалар қыс пен көктемнің айырмашылығы мен ұқсастығын жақсы біледі екенсіңдер.
3. Ойын. «Құстарды қарсы алайықң.
Міндеті: құстарды қорғауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Балалар, «жыл қүстарың деп қандай күстарды айтамыз?
Күзде жылы жаққа үшып кетіп, көктемде қайта айналып үшып
келетін күстарды айтамыз.
Жер-Ана бізге жыл қүстарын ертіп келіпті. Енді осы жыл қүстарын
қарсы алайық. Олар кдйда екен? Мүмкін сандықшаның ішінде болар...
Ашып көрелік... Оқушы көмегімен сандықша ашылып төмендегі
тапсырмалар орындалып табиғат көрінісін бейнелейтін суретке
қондырылады.
Жыл мезгілдерін ата.
Көктем айларын ата.
Көктемде болатын қандай мерекелерді білесің?
Көктемдегі табиғат қүбылысына байланысты бір жүмбақ айт.
Көктем туралы қандай тақпақ білесің?
///. Дидактикальщ кезец.4. Өлең негізінде сурет салып әңгіме кұрау.
Міндеті: байланыстырып сөйлеу, тілін дамыту.
- Балалар, біз құстарды қарсы алдық. Енді Жер-Анамыздың келесі
тапсырмасын орындауға көшейік. Бүл тапсырмада сурет саламыз және әңгіме
құраймыз. Мен қазір бір өлең оқимын, сендер мұқият тыңдап отырыңдар.
- Мен осы өлеңді оқығанда, көз алдарыңа не елестеді?
(Оқушылар өз ойларын айтады. Өлеңді тағы 2 рет оқып шығамын,
сурет салуға 5 минут уақыт беремін. Ән-әуез ойнап тұрады. Салған суреті бойынша 1-2 оқушы тақтаға шығып әңгімелеп береді.)
5. Сергіту сәті. Оқушылар қимыл жасау арқылы бойларын жазады:
Қарлығашка ұқсайық.
Кәне, қанат жазайық Қарлығаш боп ұшайық, Үшып-ұшып алайық. ІV. Дидактикалъщ кезец. Білімді бекіту. (1)
Міндеті: алғашқы білім, білік дағдыларын тексеру. Оқушыларға сынау үлестіремін. 1, Сөздерді сызықпен байланыстыр:
Бұлбүл Щымшық-Қарға Қаз
қарқылдаиды қаңқылдайды сайрайды шықылықтайды
2. Қай сөйлем дүрыс жазылған:
а) Келді шуақты көктем.
ә) Шуақты көктем келді.
б) Көктем шуақты келді.
(Кодоскоп арқылы сынаудың кілтін ашу. Нышандық парақша арқылы бағаланады.) V. Дидактикальщ кезең.
Қорытынды. (2-бекіту) Шығарма жазу.
Міндеті: байланыстырьш жазуға үйрету.
Мұғалім: - Енді манадан көрген, білгенімізді қағаз бетіне түсіріп көрейікші. Біз не істедік? Ойланып дәптерімізге жазайық. (1-2 оқушы жазғандарын оқиды.)
Енді Жер-Анамызға сөз берейік.
Жер-Ана:
- Тамаша, балалар. Көңіл-күйлерің жақсы екен. Әр уақытта көктем гүліндей күлпырып жайнай беріңдер. Сендерге көктемнің алғашқы гүлі жауқазыңды сыйлаймын.
(Көктем-қыз балаларға жауқазын гүлін үлестіреді. Музыка ойнап түрады. Жер-Ана Көктем-кызымен бірге коштасып шығып кетеді.)
Мүғалім; - Балалар, сабағымнық соңын мен мына бір өлең шумағымен аяқтағым келеді:
Ауа қандай, дала қандай әдемі
Көктем, көктем, болармысың кәделі,
Сенің мынау үланғайыр сыйыңнан
Туған жердің жасаруда бедері.
АНА ТІЛІ (1 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Тасымалданбайтын сөздер. Біздің ту. Сабақтың мақсаты:
Білімділігі. Оқушыларға тасымалданбайтын сөздер туралы түсінік бере
отырьга, сөз, сөйлем ішінен тасымалданбайтын сөздерді таба білуді меңгерту,
өлеңді түсіндіріп сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру.
Дамытушылығы: Ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, ой-
өрісін дамыту, түрлі тапсырмаларды орындау барысында іскерлік, танымдық,
есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушылардың еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту,
білімділікке, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру (ойын түрінде).
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: репродуктивті - сҮРаК жауап,
проблемалық, ізденушілік, өзіндік жүмыс.
Стратегиялар: ой қозғау, ой толғаныс ой қорыту.
Сабақтың көрнекілігі: Ел рәміздері, бейнетаспа, графопроектор, ойын түріне
жазылған тапсырмалар, геометриялық фигуралар.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану.
Сабактың барысы:
І. Үйымдастыру кезеңі.
1. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Бүгінгі сабақта зерттеуші болатындарын айтып, белсенді, жақсы қатысқан оқушыларға «зерттеушің белгісі сыйланатынын ескерту.
2. Психологиялық дайындық.
ІІ. Ой қозғау. «Ойлап тапң ойынын жүргізу. Берілген сандардың қүрамын
таба отырып, тақтаға ілу.
- Ел, ту, көк.
- О-тан, а-на, о-ю сөздері шығады. Осы сөздерді талдай отырып
буынға бөлу.
- Балалар, ел сөзінде неше дауысты дыбыс бар?
- Неше буын бар?
- Ту, көк сөздерінде ше?
- О-тан сөзінде неше дауысты дыбыс бар? Неше буын бар?
- А-на, о-ю сөздерінде ше?
- Осы сөздерді тасымалдауға бола ма?
- Олай болса тасымалданбайтын сөздер қандай сөздер екен?
(Оқушылар өздері тапты).
- Бір буынды сөздер.
- Бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер.
ІІІ. «Салыстыруң ойыны
Оқушылардың тасымалданбайтын сөздер туралы айтылғандары оқулықтағы анықтамамен салыстырылып, дүрыстығына көздері жетті.
ІV. 1) Балалардың назары қайтадан ел, Отан, ана, ту сөздеріне аударылды.
Бұл естілетін сөздер екен. Оқушыларға сұрақтар қойдым.
- Біздің еліміз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы.
- Отан сөзін қалай түсінесіңдер?
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы.
Оқушылардың Отан туралы үғымдарын кеңейту. Тәуелсіз ел болу үшін сол елдің өзіне тән белгілері, рәміздері болу қажет. Ондай рәміздер біздің елде де бар. Олар Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Әнүраны, Туы.
- Бір оқушы туды сыйпаттап айтып берді.
- Ту туралы түсініктерін толықтырдым.
- Т.Модағалиев ағамыздьщ «Біздің туң өлеңін оқып, танысамыз.
- Өлеңді мәнерлеп оқып беру, мазмүнын түсіндіру.
- Өз беттерінше оқыту.
- Жеке оқушылардан сүрау.
- Өлеңдегі тасымалданбайтын сөздерді тапқызу.
Сергіту сәті. Буын бойынша өлең күрастыру.
V. 76-жаттығу. «Менің мысығымң деп аталады. «Мысық қүрастыруң ойынын жүргізу.
1) Геометриялық фигуралардан мысық бейнесін күрастыру. Әр фигурада жазылған сөйлем ішінен тасымалданбайтын сөзді тауып, тақтаға жазу.
1. Мысық үй жануары. 2. Ол сүт қоректі. 3. Таза жануар. 4. Ет жейді. 5. Сүт ішеді.
2) Өлеңнің бірінші шумағын көшіріп жазу, тасымалданбайтын бір буынды сөздің астын бір рет, бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздің астын екі рет сызу.
VІ. Ой толғаныс. Енді қатардағы оқушыларға орындату. “Кім тапқыр” ойыны.
1-қатар. а) көл, теңіз, өзен, бүта сөздеріндегі тасымалданбайтын сөздерді табу;
ә) сол сөздерге сөйлем қүрап жазу;
б) психологиялық тренинг. Осы сөздердің ішіндегі артық сөзді атау.
2-қатар.: а) түлкі, аю, қасқыр, елік сөздеріндегі тасымалданбайтын сөзді табу;
ә) сол сөздерге сөйлем қүрау;
б) психологиялық тренинг. Осы сөздерді бір сөзбен не деп атайтынын табу.
VІІ. Ой қорыту.
Тірек схемаға тасымалданатын сөздер тауып жазу.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қазақстан Халықтар Достығы Университеті
Диплом жұмысы
Бастауыш мектеп оқушыларының сабақ үлгерімінің нашарлау себептері, оны алдын алудың теориялық және практикалық жолдары
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:
п.ғ.к., Г.Аңламасова
Түркістан 2006
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
І. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРМЕУШІЛІГІН БОЛДЫРМАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Оқушылардың оқуға үлгермеуінің педагогикалық талдаулары мен себептері…………………………………………………………….…4
2.1. Бастауыш сыныпта ана тілі сабағынан үлгермейтін оқушыларды
оқытудың ерекшеліктері………………………………………………16.
ІІ. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ АНА ТІЛІНЕН ҮЛГЕРМЕЙТІН ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ.
2.1. Оқуға үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері
және оны ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері………………….22
2.2. Ана тілін (1-сынып) оқыту процесінде үлгермеуші оқушылармен
жүргізілетін іс-әрекеттер 45
ҚОРЫТЫНДЫ 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 56
ҚОСЫМША 58
Үлгермейтін оқушылардың оқуға қалыпты көзқарасын қалыптастыру жөніндегі жұмыс жүйесі
|
Бірінші кезең
|
Екінші кезең
|
Үшінші кезең
|
Төртінші кезең
|
Оқу материалдарының мазмұнына көзқарас
|
Ең оңай қызықты материал (маңыздылығына қарамастан)
|
Маңызы бар материал
|
Маңызды, негізгі, бірақ қызықсыз материал
|
|
Оқу үрдісіне көзқарас
|
Мұғалім әрекет етуші, оқушы қабылдаушы
|
Мұғалім жетекшілік атқарады. Оқушы үрдістің жекеленген кезеңдерінде ғана қатысады.
|
Оқушы жетекшілік етеді, мұғалім үрдістің жекеленген кезеңдерінде ғана қатысады.
|
Оқушы өз бетімен әрекет етеді.
|
Өзіне, өз күшіне деген көзқарас
|
Көп күшті қажет теппейтін жұмыстар, қол жеткен табыстарын мадақтау
|
Азғантай күш қажет ететін жұмыстар , қол жеткен табыстарын мадақтау
|
Көп мөлшердегі күшті қажет ететін жұмыс, қол жеткен табыстарын мадақтау
|
|
Мұғалімге (ұжымға) көзқарас
|
Нейтралитет
|
Мейірбандылық, көңіл бөлу, көмек беру,жаны ашу
|
Көмек беру мен қатар өзіндік пікірінің болуы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |