Балабақшада балалар театр іс – әрекетін ұйымдастыру жолдары. Изтаева Айтолкын Адильхановна Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы «Қарлығаш бөбекжай»



жүктеу 123,66 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі123,66 Kb.
#5059


Балабақшада балалар театр іс – әрекетін ұйымдастыру жолдары.
Изтаева Айтолкын Адильхановна

Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы

«Қарлығаш - бөбекжай» балабақшасының

жоғары санатты әдіскері.


Қазақстан Республиканың «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» мәселелерин шешуде, әр педагог алдындағы - балаға білім беріп қана қоймай әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылыққа жеткізіп, баланың өзіне деген сенімін туғызу міндеттері тұр.

Шығармашылық пен өнер – егіз ұғымдар. Сондықтан, шығармашылықтың қозғаушы күші – әр алуан өнердің түрі болып табылады. К.Ушинский «Адамды жан-жақты дамыту эстетикалық тәрбие арқылы жүзеге асырады. Өнер адамды өмірді жете білуге, тануға көмектеседі, әсер етеді»[2] десе, Л.Толстой «Талант деп аталатын ерекше қасиет басқалар көре, аңғара алмайтын құбылыстарды көре алады» [3] дейді.

Шығармашылық әрекет театрлық іс әрекет, көркемөнерпаздар байқауы, көркемсөз оқу, қолөнер шеберлері және сурет байқауын ұйымдастыру әдісінен көрініс береді. Осылардың ішінде театрлық іс әрекет баланы жан жақты дамытуда маңызды әдістердің бірі болып табылады. Мен осы баяндамамда балабақшамызда жылдар бойы жүзеге асырылып келе жатырған театр іс әрекетінің жұмыс барысына тоқталғым келеді.

Жалпы, Театр өнері балаға не береді, оның маңыздылығы неде?- деген сұрақ төңірегінде көпжылдық тәжірибеден ой қозғасақ, алдымен театр өнері баланың эмоциональды ашылуына, қымсыну мінезінен арылуына, сөз мағынасын сезіне білуге және көркем бейнелей білуге, қиялдай, ойлап құрастыра білуге үйретеді, өзіне деген сенім, өзіндік ой – пікірін қымсынбай еркін жеткізе білуге тәрбиелейді, көрінбей жатқан қабілеттерін ашады, ізгі қасиеттерге тәрбиелейді. Балалар сахнаға шыққанда тек белгілі бір кейіпкерді сомдап қана қоймай, достықтың, адамгершіліктің асыл қасиеттерін де бойына сіңіре отырып, жаман мінез-құлықтан, жаман қасиеттерден жиіркеніп, жақсыдан үлгі алуға үйретеледі.

Атақты педагог Сухомлинский : «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады» [5] - деген екен.

Осындай ғылыми дәйектерді негізге ала отырып, соңғы кезде педагог мамандар кездесіп жүрген көптеген проблемаларды шешу мақсатында балабақшада «Балалар театр әлемі» атты жоба жасақталды.



Жобаның өзектілігі:

Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдардың дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, балалардың жеке басының қабілеттілік жақтарына терең үңіле бермейміз. Соңғы кездері балалардың ғаламторға, ұялы телефондардағы ойындарға тауелді болуы, бала бойындағы рухани құндылықтардың азаюы, балалардың сөздік қорының, шығармашылық қабілеттерінің нашарлауы, тілдік қарым қатынасқа түсу барысында қиындықтардың туындауы бүгінгі күннің өзекті проблемаларының бірі болып отыр. Ал аталмыш жоба осындай проблемалардың алдын алудың, жоюдың таптырмас жолы деп білемін.



Жобаның басты мақсаты: Балабақшада балалар шығармашылығын жүйелі дамыту. Бала бойындағы дарындылықтарды анықтау. Сахна мәдениетіне, өнерге ерте жастан баулу.

Жобаның міндеті:

- Театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;

- Балаларды театрланған іс – әрекеттің барлық түрлерімен таныстыру

және эмоционалдық сезімдерін дамыту;

- Адамгершілік – рухани тәрбие беру;

- Әр баланың жеке қабілетін ашу;

- Балалардың сөз байлығын дамыту;

- Баланың жеке шығармашыл дамуына қажетті жағдай тудыру;

- Театр іс –әрекетінің әдіс – тәсілдерін, ережелерін үйрету.

Болжам: Егер педагогикалық – әдістемелік тұрғыдан негіздеуге арналған еңбектерге талдау жасалса, ертегілер бағдарлама мазмұнына сәйкес жас ерекшеліктеріне қарай арнайы іріктелсе, сахналау әдістерін оқу іс –әрекетімен ұштастырып пайдаланудың әдіс – тәсілдері нақтыланса, балабақшада ертегілерді пайдалануға арналған көмекші құрал дайындалса онда біздің жүргізген еңбегіміз оң нәтиже береді.

Жаңашылдығы:

  Ертегі қойылымдарының заманауи тұрғыда түрленуі. Театр өнерін белгілі бір жүйемен, жоспармен балабақшада тұрақты дамыту.



Күтілетін нәтиже: Сахналау шеберлігі , тіл мәдениеті, адамгершілік жан дүниесі қалыптасқан дарынды балалар тәрбиелеу.

Жобаны іске асыру сатылары:

  1. Дайындық (ұйымдастыру) кезең

  2. Негізгі кезең

  3. Қорытынды кезең.

Жоба бір жылға жасалып, жылма- жыл өзгертіліп отырылады.

І кезең -дайындық кезеңі.

1. Жоба жұмысы бойынша шығармашылық топты дайындау және құру.

2. Тәрбиешілермен, ата-аналарды жоба идеясымен таныстыру.

3. Ата-аналармен біріккен жұмыстар ұйымдастыру, сауалнамалар

жүргізу.

4. Көрнекілік материал, көркем әдебиеттерді, бейнематериал жинақтау;

5. Қойылатын ертегіні таңдау, өзгерістер енгізу.

6. Декарациялар мен костьюм үлгілерін жасақтау.

Осы жобаны жүзеге асыру үшін алдымен балабақшамыздағы тәжірибелі педагогтардан шығармашылық топ құрдық. Шығармашылық топпен бірлесе отырып, балабақшаның оқу – тәрбие процесін үздік, жаңашыл тәжірибемен ұштастырып, баланың жеке шығармашылық дарындылығы мен қабілеттілігін анықтау мақсатында ертегі жанрын заманауи тұрғыда сахналау әдісін дамытуды қолға алып, жұмыс жүргізе бастадық.

Жобаға қатысушылар: ересектер мен ортаңғы топ балалары, тәрбиешілер, ата аналар қатысады.

Дайындық кезеңінде алдымен жұмыс жоспар жасақталып, тәрбиешілер мен ата –аналарға таныстырылды. Жоба барысында ата-аналарға «Театр өнеріне деген көзқарасыңыз» атты сауалнама жүргізілді.

Жобаға қатысушы ата – аналар да тәрбиешілерде бірдей ізденісте, іс– әрекетте жүреді. Топтар арасында «кішкене шебер актерлер» атты конкурс өткізіледі. Мұнда кішкене бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлерін сомдап, өздерінің қабілет қарымын ортаға салады. Осы арқылы алдағы уақытта жобаға сай қойылатын ертегіге балалар таңдалып алынады.

Ал, шығармашылық топ мүшелері әлем ертегілерін, әр ұлт ертегілерін және де олардың бейнематериалдарын жинақтап, олардың ішінде балалар тіліне жақын, жетік меңгере алатын жеңіл ертегілерді сұрыптап, жоспар құрып, қазіргі заманауи тұрғыда өңдейді. Яғни, жобаның басты ерекшелігі ертегілер қазіргі заманауи тұрғыда жазылып, дайындалады. Топ мүшелері ақылдаса отырып қойылымға қажетті декарациялардың, кеіпкерлер костюмдерінің эскиздерін дайындап, оларды жасатуға тапсырыс береді.

ІІ кезең – негізгі кезеңі.


  1. Ертегі сценарийлерін әзірлеу

  2. Ертегі рольдеріне балалар таңдап алу.

  3. Таңдалған ертегі мультфильмдерін көрсету, сценариймен таныстыру,

ертегі кейіпкерлер мінездерін талдау,рольдерге бөлінген балаларды

дайындау.

4. Ертегіні қою.

Ертегі сценарийі, декарациялар әзір болғасын дайындық кезеңінде айтылғандай топтар арасында өткен конкурс арқылы таңдалып алынған балаларды ролдерге бөліп дайындай бастаймыз. Қандай да сахналық қойылым алдында балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргізіледі.



  1. Тәрбиешілер балаларға ертегі, әңгіме оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің мінез – құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аудартады.

  2. Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлінеді.

  3. Сұрақ – жауап арқылы кейіпкердің қимылын, іс – әрекетін байқап, бағалап отыру.

  4. Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалау жұмыстары жүргізіледі.

Заманауи тұрғыда өзгертілген ертегілерді сахналауға тоқталатын болсам, мысалы: «Шегіртке мен құмырсқа» ертегісін алайық. Ертегі кіріспесінде кішкене қыздың орманға серуенге шығып, жалмауыз кемпірмен кездесуінен басталады. Жалмауыз кемпір қатты қорыққан қызға өзінің басқа ертегілердегідей залым емес, мейрімді екенін, өзінің сұлу да ақылды болғысы келетінін, ол үшін кішкене қыз өзіне қызықты ертегі айтып берсе, бұл тілегін орындайтынын айтады. Ертегіде шегіртке, құмырсқа, тышқандардың қыс мезгіліне дайындық кезіндегі қызу еңбектерін көрсете отырып, ойын - сауық құрған шегірткенің жалқаулығын сахналау болса, «Маша мен аю» ертегісін де кішкентай қыздың орманда достарынан адасып қалып, орманда аю үйіне келіп, аюдан құтылудың жоспарын құрып, тапқырлық танытып, ата мен әжесіне аман – есен қосылса, ал Жеті лақ» ертегісінде ертегішінің ертегі айтуынан бастау алып, ормандағы ешкі мен лақтарының алаңсыз өмірлерін бейнелеу және де ешкінің орманға кеткен кезіндегі қасқырдың озбырлығы, оның арам ойының жүзеге аспауы, аңшының тапқыр әрекетінің арқасында ешкінің балаларына аман –есен қосылуын сахналасақ, «Алтын бақ» ертегісінде қыздың анасына деген махаббатын бейнелеп, ондағы қыз ұйқыға кеткен кездегі көрген түсін сахналау арқылы табиғаттағы қураған жерді гүлдендіру, өсімдіктердің мәз болуы, би өнерімен ұштастырып сахналадық. Ал «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінде жайлаудағы әжесінің немересіне айтқан ертегісін сахналау арқылы залым айдаһардың бейнесін сомдап, ондағы маса, түлкі, уәзірлердің жаман пиғылдарын әшкерейлеу, қарлығаштың адам баласына дос екендігін көрсеттік. «Сиқырлы қылқалам» ертегісінде Аспан ананың баласының зеріккен кезіндегі сиқырлы қылқалам арқылы жылдың төрт мезгілді бейнелеп салу кезіндегі әр жыл мезгіліндегі балалардың іс –әрекетін сахналадық.

Осы ертегідегі «Шегіртке мен құмырсқа» ертегісіне тоқтала кетсем,сахнада еңбекқор жәндіктер,тышқан, ара, құмырсқалардың қызу еңбегі бейнеленеді. Әр жәндік өз ұяларының маңында әр түрлі еңбек түрлерімен айналысып жатады. Құмырсқалар өз илеуіне ағаш кесінділерін, аралар үй маңына гүл отырғызу , тышқандар егін егу жұмыстарымен айналысып жатады да, сахна сыртынан ертегі желісі бастап оқылады. Сахнаның бір шетінде шегірткенің жапырақ көлеңкесінде қаннен қаперсіз жатуы, қолына гитарасын алып, ән шырқап, би билеп еңбекқор жәндіктерді сауық- сайран құруға шақыруы бейнеленеді. Әрмен қарай әр жәндіктің өз тіршілігін мақтан етіп ән салып, би билеуімен ертегі желісі жандана түседі. Ертегіде қыс мезгілінің келуі кішкене ақшақарлар биімен көрініс табады. Жерді ақ ұлпа қар жауып,боранның ызғарлы дауысы беріліп, шегірткенің мүшкіл қалі көрсетіледі. Шегіртке суыққа тоңып, тоңған денесін әрең ала жүріп, еңбекқор жәндіктерден көмек сұрайды. Ертегі соңында аязға тоңып, үйсіз-күйсіз әбден қалжыраған шегірткені ұлпа қар қыздар орталарына алып сахнадан шығып кетеді.Сахнаға кішкене қыз бен жалмауыз кемпір шығады. Кішкене қыз өз уәдесінде тұрып жалмауыз кемпірді сұлу да ақылды аруға айналдырады. Ертегінің бұлайша түрленуі бала бойында эстетикалық талғам қалыптастыра отырып, олардың ой-қиялын дамытып, өнегелі тәрбие құралы бола алатыдығына көз жеткізуге болады. Сонымен бірге «Жеті лақ», «Маша мен аю», «Қарлығаш пен Дәуіт» бастапқы оқиға желісінде қалып қоймай, өңделіп кейіпкерлердің толығуымен, музыкамен үндесуімен және ән айта жүріп би билеу түрінде жаңартылды. Сондықтан балалар да көп жалықпай, қызыға ойнап сәтті шығаруға тырысады.

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінде немере үшін ең мейірімді де, қамқор жан ата мен әже болса, біз өз қазақ ертегімізді таңдаганымызда, осы әже мен немере арасындағы бір тәтті байланысты орнатқымыз келді. Сондықтан ертегінің түрлендіру мақсатында да бар мейірім шуағын немересіне төгетін, бар тәттісін немересіне арнайтын әженің ертегіні немереге баяндауы арқылы өрбіттік. Мұндағы тағы бір айтқымыз келген ой - мақсатымыз бір жағынан баланың әжеге деген сүйіспеншілігін арттыру болса, екінші жағынан қазіргі кезде балаға, яғни немереге ертегі айтып беретін әжелеріміздің азайып бара жатқандығын тілге тиек ете отырып, осындай мейірімді әжелер дәстүрімізді бүлдіршіндердің бойына ертегі арқылы сіңіре білсе деген болатынбыз. Барынша ертегіде де ата бабаларымыздың бізге мұра ғылып тастап кеткен салт - дәстүр, ою - өрнек, киіз үйінде қамтуға тырыстық. Балаларға бұндағы құралдар жабдықтармен жеке - жеке түсіндірілген болатын. Ертегі қойылымын тоғыз көрініске бөліп, әрбір көріністе оқиға желісінің ауысуына, мазмұнына қарай ауысып отыратын декорациялармен өзгертіп отырдық.

Ертегі желісі басталмай тұрып, бірінші көріністе, киіз үйде әже ұршығын иіріп, ал бала ертегі кітабын оқып отырады. Бұл жерде балаға біздің ата - бабаларымыздың киіз үйді баспана жасап, жаз жайлауда өмір сүргендігінен, киіз үйдің құрылысынан ( шаңырақ, уық, кереге,сықырлауық) да мағлұмат беріліп кеткен болатын. Енді осы шаңыраққа қонақтап ұя салған қарлығаштың киелігін түсіндіру арқылы әже құстарға, тірі табиғатқа деген қамқорлыққа шақырады. Бала бойына ұлттық рухани адамгершілік қасиеттерді сіңіреді. Әрі қарай Әже немересіне туған жерінің көркемдігін, кең байтақ екендігін айта отырып, осы өңірде өте ерте заманда бір айдаһар болыпты деп ертегі желісіне түседі. Орманда қаннен – қаперсіз жүрген аңдар айдаһар келе жатыр деген хабарды естігенде, оларда айдаһардың аш көзділігінен қорқып , оның жерді жарардай тарсылдай басқан аяқ іздерінен шошына жан – жаққа зытып отыратындығы сахналанды. Айдаһарда өзінің күштілігіне маз болып, бәрінің өзінен зәре құттары қалмай қорқатындығынан көкіректеніп, өзінің әлемдегі ең күшті, мықты аң екендігін дәлелдегісі келеді. Уәзірлері, тышқандарды зыр жүгіртеді. Осылай екінші көріністе аяқталады. Бұл жерде әлділердің әлсіздерге күш көрсетуі, үстемдік жасауы.... осындай жаман қасиеттерді ажырата білуге баулу, аулақ болуға тәрбиелеу болатын. Негізгі мақсатымыз да осы, балаларды ертегі кейіпкерлері ролдерінде ойнату арқылы мейірімділікке, әдептілікке, жақсыдан үйрену, жаманнан жирену қасиеттерін ажырата білуге тәрбиелеу. Әрі қарай ертегі кітаптағы желі бойынша өрбіп отырады. Бірақ көрермендерге қызықты әрі шынайы шығу үшін біріншіден әрбір көріністердің мазмұнын ашатын музыкалық сүймелдеулер, қимыл қозғалыстар енгіземіз. Екіншіден, ертегінің декорацияларының бояуларының қанық, әдемі болуын, кейіпкерлердің костюмдерінің де балаға қонымды әрі шынайы шығуына, түр түсіне, былай қарағанда көзге көріне бермейтін әрбір уақ істерге де үлкен мән береміз. Үшіншіден, қойылымызда балалардың ойнау шеберліктеріне, әрбір образдың шынайы берілуіне жіті қадағалап, балаға түсіндіріліп, шыңдай түсеміз. Егерде осы үш нәрсе бірімен – бірі үйлесім тапса, онда ертегі қойылымыңның сәтті шыққаны деп есептей беріңіз. Ертегі басталғанда міндетті түрде балаға тәрбиелік мәні түсіндіріліп отырылады. Мысалы, Әже немересіне ертегіні баяндарда: «қарлығаш ұясын неге бұзбаймыз, ол қандай құс, оның қандай қасиеті бар, адамдар неге қарлығаш досымыз?- деп айтады, сондықтан мен саған бір мысал айтайын сонда түсінетін боласың» деп алып, ертегі желісіне түсіп, ал ертегі аяқталғанда бала қарлығаш құсының ісін өзіне үлгі ететіндігін және де қарлығаштай құс арқылы көрермен болып көріп тамашалап отырған кішкентай балалардың де жүрегіне еліне деген, адамдарға деген сүйіспеншілігін оятуға, жігер беруге ой тастаймыз. Міне, осылай әрбір ертегіні түрлендіргенде оның тәрбиелік мәніне көп көңіл бөліп, жақсы іс жасай білуге, ал жаман іс болса аулақ болыңдар деп, жаңағы жоғары да айтқанымыздай жаманнан жирену, жақсыдан үйрену қасиетіне баулимыз.

Шығармашылық топтың жұмысы әр халықтың ертегілерінің желісімен ертеңгіліктер мен ойын – сауық кештеріне қойылымның сценарийін балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дайындап, топ тәрбиешілеріне ұсынылады. Тәрбиешілер топта өткізетін әрбір ертеңгіліктер, ойын – сауық кештерді берілген заманауи ертегілердің желісімен жүргізіп, баланың бойына тек ғана шығармашылық өнерді үйретіп ғана қоймай, жан – жақты дамуына жол ашамыз.

ІІІ кезең – қорытынды

1. Салыстырмалы нәтижелерін талдау.

2. Дидактикалық және әдістемелік материалдар дайындау.

3. Қайырымдылық шараларына қатысу.

4. Аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысу.

5. Педагогикалық кеңестерде, семинар мен кеңестерде өз жетістіктерін

көрсету.

6.Жеткен нәтиженің сапасы мен тиімділігінің сараптау бойынша жобаны

өзгерту.

7. Бағдарламаның авторлығын қорғау.

Жоспар бойынша жүргізілген жұмыстарымызды саралай келе, шығармашылық топ жұмыстарын педагогикалық кеңесте немесе шығармашылық топ отырысы кезінде қорытындылап, талдаулар жасалып отырамыз. Әр ертегінің желісі бойынша жеткен нәтиженің сапасы мен тиімділігін сараптау арқылы жоба өзгертіліп отырылады. Жыл сайын заманауи тұрғыда өңделген ертегі жылдағы дәстүр бойынша өткізілетін «Айгөлек» фестиваліне ұсынылады. Сонымен қатар озат тәжірибелерді тарту мақсатында ұсынылған ертегілердің кітапшалары дайындалып, аудандық, облыстық конференцияға ұсынылды.

Алдағы уақытта жоба аясын одан әрі кеңейтіп, ертегілерді үш тілде қою жоспарланып отыр. Еліміздің ертеңі білімді жас ұрпақ десек, үш тілді балабақша табалдырығынан меңгерту, оны бала шығармашылығымен ұштастыру заман талабы болып отыр.

Қорыта келгенде, театр балалардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіріп қана қоймай олардың өзара қарым – қатынасын, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенімі артып, алғашқы өзіне арналған қол шапалақтауларды сезіне алады.

Қалай десекте театр – балалар үшін мереке, демалыс орны. Балаларының ертеңгілікте, сахнада ойнаған рөлдерін көру ата – аналар үшін зор бақыт деп білемін. Ал осындай бақытқа жол ашу біздер үшін мол бақыт деп есептеймін.



        Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында жан-жақты білімі бар, тез дамыған, дүние жүзіне әйгілі және сыйлы мемлекеттің патриоттарын тәрбиелеу ісін педагогтар қауымына жүктеген. Сол ауырда, жауапты істердің нәтижелі болуы әрине біздерге байланысты, сондықтан да әр педагог балаға білімді беріп қана қоймай, сол білімді баланың бойына сіңіру жолында, баланың білімге деген қызығушылықтарын оята отырып, оның бойындағы қабілеттерін аша білу керек деген екен [5].



жүктеу 123,66 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау