Киселев с. В., Алексахин с. В., Остроух а. В


UNIX- те  көп  пайдаланушы  қорғаныс



жүктеу 2,57 Mb.
Pdf просмотр
бет4/21
Дата23.11.2018
өлшемі2,57 Mb.
#24170
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

System Properties

 

 

 



UNIX-

те  көп  пайдаланушы  қорғаныс  жүзеге  асырылды  –  жүйеге  кіруге  рұқсат 

етілген  пайдаланушылар  пайдаланушылардың  тіркеулік  жазбасында  аталды.  Олар 

топтарға біріктірілді және топтардың тіркеулік жазбасында аталған. Әр пайдаланушыға 

және әр топқа бүтін сандық идентификаторлар берілген.  

Жүйеге кіре отырып, пайдаланушы оған өз атын және құпия сөзді хабарлайды, аты 

бойынша оның  идентификаторы және кіру  құқығы анықталады. Командаларды шақыра 

отырып, 


падаланушы 

оның 


құқығын, 

пайдаланушылық 

және 

топтық 


идентификаторларды  иеленетін  үрдістерді  жасайды.  Жүйеге  кіру  рұқсатын  иеленетін 

барлық  пайдаланушылар  файлға  қатынасы  бойынша  үш  категорияларға  бөлінеді: 

иеленушілердің (үрдістің пайдаланушылық идентификаторы файлдың пайдаланушылық 

идентификаторымен  сәйкес  келеді),  топ  мүшелерінің  (үрдістің  топтық  идентификаторы 

файлдың  топтық  идентификаторымен  сәйкес  келеді)  және  басқалардың.  Файл  осы 

файлды  жасаған  үрдіс  идентификаторлардың  осы  идентификаторларын  иеленеді. 

Пайдаланушылық идентификатор файлдың пайдаланушылық идентификаторымен сәйкес 

келетін үрдіс аталған файлдың иеленушісі болып саналады.  

Файлды  оқу,  жазу  және  орындауға  болады.  Егер  файл  каталог  болып  табылса, 

орындау  оның  ішінде  іздеуді  білдіреді.  Файлға  кіру  кезінде  үрдістердің  құқықтары 

файлды  қорғау  атрибуттарында  сақталады.  Бұл  атрибуттар  файлды  жасау  кезінде 

орнатылады  және  сәйкес  құқықтарды  иеленетін  тек  пайдаланушымен  немесе  үрдіспен 

өзгертілуі  мүмкін.  Құқықтарды  тексеру  үрдісі  файлды  оқу,  жазу  немесе  оны  орындау 

үшін ашуға тырысқан кезде болады.  

Күрделі  есептеулердің  ауқымды  саны,  деректердің  ауқымды  көлемімен 

байланысты  қиын  эксперименттік  зерттеулерді  жүргізу  үшін  айтарлықтай  жүйелік 

ресурстарды  талап  етеді.  Бұл  жағдайда  көптеген  UNIX  кластерді  ұйымдастыруға 

мүмкіндік  береді,  яғни  компьютерлердің  барлық  ресурстары  (дискілік  кеңістік,  жады, 

процессор  ресурстары)  оның  құқықтарымен  сәйкес  кез  келген  пайдаланушы  үшін 

ажыратылатын  және  қолжетімді  болатын  көп  машиналы  есептеуіш  кешен.  Мұндай 

жүйеде  қосымша  компьютерлерді  қосу  тәсілімен  кластердің  қуатын  үнемі  күшейту 

мүмкіндігі  бар,  ал  егер  пайдаланушы  бір  компьютерде  көптеген  ресурстармен  жұмыс 

істейтіндей болса, ондағы жұмыс пайдаланушы үшін абсолютті «мөлдір» болып қалады.   

UNIX-


та барынша кең таралған терезелер менеджері - Windows Motif Manager. 

UNIX 



орнату  үрдісі  айтарлықтай  қиын  және  параметрлердің  анағұрлым  санын 

таңдауды  талап  етеді.  UNIX  орнатылатын  платформаға,  оның  диалекті  және  орнату 

кезіндегі  қолдаулы желілік  сервистерге байланысты орнату 40 мин-тан 1,5 сағ-қа  дейін 

уақытты алуы мүмкін.  

UNIX  коммерциялық  және  айтарлықтай  қымбат  операциялық  жүйе  болып 

табылғандықтан ол тек ірі ұйымдар мен фирмаларға немесе ірі ғылыми мекемелерге ғана 

сәйкес  келе  алады.  UNIX  өзінің  бұзылуға  тұрақтылығы  мен  қорғанысы  салдарынан 

сервер  ретінде  Internet  желісінде  жұмыс  үшін  өте  жақсы  үйлеседі:  SMTP,  NNTP,  FTP, 

Web және т.б., кластерлеу және көптеген UNIX  жүйелер иеленетін өзге тәсілдер (нақты 

уақыттың тапсырмаларын орындау және дерекетерді көп процессорды өңдеу), бұл жүйе 

оның  негізінде  күрделі  үлестірілген  эксперименттерді  ұйымдастыру  немесе  ауқымды 

жүйелік  ресурстарды  талап  ететін  күрделі  есептеуіш  тапсырмаларды  орындау  үшін 

мінсіз келеді.  

Linux операциялық жүйесі. 1990 жылдардың басында Линус Торвальдс елдер 

арасындағы бағдарламашыларының қатысуымен Linux ОЖ әзірледі. Ол  DOS және 

Windows-

ке тән көптеген функцияларды орындайды, айырықша қуаттылығымен және 

 

10 



тарау 

Заманауи операциялық  жүйелердің сипаттамалары 



 

икемділігімен  ерекшеленеді.  Linux  дербес  компьютердің  әміріне  UNIX-тің 

жылдамдығын,  тиімділігі  мен  икемділігін  беретін  және  осы  орайда  заманауи 

дербес  машиналардың  барлық  артықшылықтарын  қолданатын  UNIX  ОЖ-нің 

нұсқасы  болып  табылады.    Қаржылық  жағынан  қарастырғанда  Linux  елеулі 

құндылықты  иеленеді  –  жүйенің  өзі  және  оған  арналған  көптеген  қосымшалар 

тегін болып табылады. Әрі UNIX  ОЖ-не қарағанда Linux тегін бағдарламалық 

қамтамасыз  ету  қоры  (Free  Software  Foundation)  шеңберінде  ашық  лецензия 

бойынша  тегін  таратылады  және  бұл  осы  ОЖ-ні  барлық  қалайтындар  үшін 

қолжетімді  етеді.  Оның  басқа  артықшылығы  ретінде  өңдеу  инструментарийін 

иеленуі,  көптеген  жақсы  жазылған  кітаптар  және  толық  алғашқы  коды  болап 

саналады.  

 

1.3-

сурет. Linux операциялық жүйесі 

 

 



 

 

11 

Unix және Linux операциялық жүйелері 

1.3 


 

 

1.4-сурет. Linux-тегі жұмыс үстелі 

 

 

Linux-


те  (GUI)  X  Window  графикалық  пайдаланушы  интерфейсі  қолданылады. 

Бұл  интерфейс  үшін  терезелерді  басқарудың  көптеген  бағдарламары  –  терезелер 

менеджері әзірленген, мысалы: AfterStep, Wfwm, KDE, GNOME. Соңғы екі менеджерлер, 

қалау бойынша, Linux операциялық жүйесін Windows операциялық ортасына ұқсас етіп 

жасауға мүмкіндік береді (1.3, 1.4-суреттер.). 

Linux 


деректерді  сақтау  үшін  файлдық  жүйелердің  әртүрлі  типтерін 

сүйемелдейді.  Еxt2fs  жүйесі  сияқты  кейбір  файлдық  жүйелер  Linux  үшін  арнайы 

жасалды. Файлдық жүйелердің өзге типтері де сүйемелденеді – Minix-1, Xenix, CD-ROM 

жинақтауышпен  жұмыс  үшін  ISO  9660  CD-ROM  файылдық  жүйесі  және  қазіргі  таңда 

ескірген MS-DOS. Одан басқа, Windows ОЖ қосымшаларын орындауға мүмкіндігі бар.  

Linux жүйесін кез келген желіде қолдануға болады, себебі ол көп пайдаланушылық 

және  көп  тапсырмалы  тәртіптерде  жұмыс  істейді  әрі  пайдаланушының  жүйе 

ресурстарына  қолжетімділік  құқығын  басқара  отырып,  қорғаныстың  жоғары  деңгейін 

қамтамасыз етеді.  

Сонымен  қатар,  қосымша  бағдарламалық  жасақтаманы  орнатқан  кезде  жүйе 

экспериментті жүзеге асыру үшін қажетті нақты уақыттың бағдарламаларын орындауға 

мүмкіндік береді.  

 

 



жүктеу 2,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау