4.1-
сурет. Басқару тақтасындағы топтар
пернетақта, тышқан, ойын құрылғылары және факстермен жұмысқа өту үшін Принтерлер
және басқа құрылғылар (Printers and Other Hardware) атауымен белгішені тышқанмен
шертіңіз. Сілтеуіште қолжетімді тапсырмалар және әртүрлі құрылғыларды білдіретін
белгішелер пайда болады. Осы орайда, мәселелер тақтасында басқару элементтерінің
басқа топтарына сілтемелер пайда болады. Сіз тиісті сілтемеге тышқанмен шертіп,
принтерді орнату процедурасын іске қоса аласыз, алайда алдымен жүйеде орнатылған
барлық принтерлер және факстердің сипаттамаларын құрайтын бумаға өткен дұрыс.
Бұл жабдықпен жұмыс істеуге арналған бумаға өту үшін тышқанмен Принтерлер
және факстер (Printers and Faxes) белгішесіне шертіңіз. Сонымен қатар, егер сіз басқару
тақтасының классикалық түрін қолдансаңыз, онда Басқару тақтасы (Control Panel) бас
мәзірдің командасын таңдау кезінде сілтеуіш терезесінің оң жақ бөлігінде барлық
белгішелер пайда болады. Белгішеге екі рет шертіп, сіз қажетті бумаға өтесіз.
Сіз қажетті буманы қандай да тәсілмен ашсаңыз да, сілтеуіш терезесінің оң жақ
бөлігінде сіздің компьютеріңізде орнатылған барлық принтерлерді білдіретін белгішелер
пайда болады. Сонымен бірге, жүйеге жаңа принтердің қосылуын жеңілдететін шебер
белгішесі бумада орналасқан. Дәл осы бумада кейіннен айтылатын факстер белгішелері
болуы мүмкін. Егер белгішелердің біреуі де белгіленбесе, мәселелер тақтасында сіз жаңа
принтерді орнату командасын көресіз. Мәселелер тақтасында принтер белгішесін
белгілеу кезінде оны теңшеу үшін командалар пайда болады (4.2-сурет).
Windows
ХР жүйесі компьютерге бірнеше принтерлерді қосуға мүмкіндік береді,
сол себепті белгішелер де бірнешеу болуы мүмкін.
37
4.1
Принтерді қосу және теңшеу
Егер сіздің компьютеріңіздің атымен белгіше бумада болса, онда барлығы дұрыс және сіз
Windows
басқаруымен кез келген бағдарламадан принтерде басып шығара аласыз. Егер
бұндай белгіше жоқ болса, онда принтерді орнату процедурасын орындау керек.
4.2-
сурет. Принтерлер және факстармен жұмыс үшін бума
4.3 -
сурет. Принтерді орнату шеберінің екінші диалогы
38
4
тарау
Windows XP-
де баспаны басқару
Бұл процедураны жеңілдету үшін принтерді орнатудың арнайы шеберін қолданыңыз.
Алайда, Hewlett Packard сияқты кейбір принтерлерді өндірушілер өзінің құрылғыларын
Windows орнату шеберін қолданусыз принтердің бағдарламалық қамтамасыз етілуін
орнатудың өзіндік бағдарламасы бар дискетамен немесе компакт-дискпен жабдықтайды.
Мұндай жағдайда онымен бірге жеткізілетін принтерді өндірушімен ұсынылатын
дисктегі емес, Windows жүйесіне кіріктірілген принтерді қолдау бағдарламасы
орнатылады.
Принтерді орнату шеберінің іске қосылуы үшін Принтерді орнату (Add printer)
белгішесіне тышқанмен екі рет шерту керек. Шебердің бірінші диалогы бұл шебердің
қадам-қадаммен принтерді орнатуға көмектесетіндігін түсіндіреді және үйретеді. Себебі,
бұл диалогта ештеңе енгізу керек емес болса, онда бірден келесі диалогқа өтеміз. Екінші
диалогқа өту Ары қарай (Next) батырмасын басумен жүзеге асырылады. Принтерді
орнату шеберінің екінші диалогы принтердің текілей сіздің компьютеріңізге
қосылғандығын немесе бұл принтер сіздің компьютеріңіз сияқты компьютерлік жүйеге
қосылғандығын айқындауды сұрайды (4.3-сурет).
Принтерді сіздің компьютеріңізге тікелей қосудың нұсқасын қарастырамыз.
Диалогта [Жергілікті принтер]жалаушаны орнатып, кейіннен жұмысты жалғастыру үшін
Ары қарай (Next) батырмасын басыңыз. Егер принтер автоматты түрде табылса және
орнатылса, сіз бірнеше қадамдарды қалт жібересіз. Егер де Windows принтерді қоса
алмаса, ол туралы сізді тиісті хабарландыру ақпараттандырады. Бұндай жағдайда барлық
қажетті параметрлерді қолмен көрсету талап етіледі, ол үшін Ары қарай (Next)
батырмасын басыңыз. Экранда принтер қосулы портты анықтауды ұсынатын шебер
диалогының келесі диалогы пайда болады (4.4-сурет). Егер сіз принтерді автоматты
түрде іздеудің жалаушасын орнатпасаңыз, онда бұл диалог екінші шебер диалогынан
кейін бірден пайда болады. Әдетте, LPT1 принтердің стандартты порты немесе USB
әмбебеп бірізді шинасы қолданылады.
Тізімде қажетті портты таңдаңыз, одан кейін орнатуды жалғастыру үшін Ары
қарай (Next) батырмасын басыңыз. Принтердің портын көрсеткеннен кейін кезекті шебер
диалогы сізге тізімнен принтер моделін таңдауды ұсынады. Бұл диалог өндірушілер
тізімін және принтерлер модельдерін құрайды. Сіздің принтеріңіздің өндірушісін
тышқанды шерту арқылы таңдаңыз. Содан соң принтерлер тізімінде принтердің нақты
моделін таңдаңыз.
Егер сіздің принтеріңіз тізімде жоқ болса, онда сіздің принтеріңізді жеткізу
жинағында болуы тиіс дискета немес компакт-дискті қолдаңыз. Бұндай жағдайда
Дисктен орнату (Have disk) батырмасын басыңыз. Экранда драйверлер орналасқан
орынды таңдау диалогы пайда болады. Сіз енгізу өрісінен жолды енгізе аласыз, әлде
пайда болған диалогты қажетті буманы таңдау үшін Шолу (Browse) батырмасын баса
аласыз. Дискте жеткізілетін драйвердің адресін көрсеткеннен кейін сіз шеберге қайта
ораласыз. Тәсілдердің біреуімен принтер моделін таңдағаннан кейін келесі диалогқа өту
үшін Ары қарай (Next) батырмасын басыңыз.
39
4.1
Принтерді қосу және теңшеу