■
Орындауға жататын бағдарламаларды жедел жадыға жүктеу.
■
Бағдарламаны бастамалау (нәтижесінде процессор бағдарламаны басқаруды
орындайуға оған беру).
■
Барлық бағдарламалар және деректерді сәйкестендіру.
■
Файлдарды басқару жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету.
■
Бір процессорда екі немесе одан да көп бағдарламаларды орындау тәртібін
қамтамасыз ету.
■
Енгізу/шығару амалдарын басқару
■
Жадыны үлестіру, виртуалды жадыны ұйымдастыру.
■
Орындалып жатқан бағдарламалар арасында хабарламалар және деректермен
алмасу.
■
Деректердің сақталуын қамтамасыз ету.
■
Бағдарламалау жүйелерінің жұмысын қамтамыз ету.
Операциялық орта — осы орта жұмысының ережелері бойынша жасалған
бағдарламалар орындалуы мүмкін жүйелік бағдарламалық қоршау. Операциялық орта
бағдарламалық интерфейстермен, яғни үрдістер, жады, енгізу/ шығаруды басқару енетін
API(Application Program Interface) және қолданбалы бағдарламалаудың интерфейсімен
айнықталады. Кейбір ОЖ өзге ОЖ арналып жасалған бағдарламаларды орындауды
ұйымдастыруы мүмкін. Басқаша айтқанда, сәйкес операциялық орта ОЖ-да жеке
виртуалды машина шеңберінде ұйымдастырылады.
«Операциялық жүйе» және «операциялық орта» терминдерінің қатарлас болуы
операциялық жүйенің жалпы жағдайда бірнеше операциялық орталарды сүйемелдеу
қабілеттілігімен байланысты. Операциялық ортаға бірнеше интерфейстер, әсіресе
пайдаланушылық және бағдарламалық енеді.
ОЖ-ні тапсырмаларды өңдеу тәртібін тағайындаумен, жүйемен өзара әрекеттестік
тәсілімен, архитектуралық қағида бойынша жіктейді.
Тағайындау бойынша ОЖ жалпы және арнайы тағайындау жүйелерге бөлінеді.
Жалпы тағайындаудың ОЖ типтік компьютерлерде орнатылады. Арнайы тағайындаудың
ОЖ өз алдына тасымалды микрокомпьютерлерге (қалталы дербес компьютерлер) және
әртүрлі кіріктірме жүйелерге арналған.
Тапсырмаларды өңдеу тәртібі бойынша мультибағдарламалық және бір бағдарламалық
тәртіптерді қамтамасыз ететін ОЖ ажыратады. Мультибағдарламалық тәртіп деп бір
процессорлы машинада сырт көзден бірнеше бағдарламалардың орындалуы пайда
болатын есептеуді ұйымдастыру тәсілін атайды. Бір бағдарламалық тәртіпте ағымдағы
уақытта бір ғана бағдарлама орындалады. Мультибағдарламалық және
мультитапсырмалық тәртіптер арасындағы айырмашылық – мультибағдарламалық
тәртіпте бірнеше қосымшалардың қатарлас орындалуы қамтамасыз етіледі және осы
орайда қолданбалы бағдарламалардың бағдарламашысы олардың қатарлас жұмысының
ұйымдастырылуын қадағалауы тиіс. Бұл функцияларды ОЖ өз мойнына алады,
орындалып жатқан косымшалар арасында есептеуіш жүйе ресурстарын бөледі,
есептеудің қажетті синхрондауын және өзара әрекеттілігін жүзеге асырады.
Мультитапсырмалық тәртіпте, керісінше, қосымшалардың қатарлас орындалуы және
әрекеттестігі туралы жұмыс қолданбалы бағдарламашыларға жүктеледі. Дербес
компьютерлер үшін заманауи ОЖ мультибағдарламалық,
сонымен бірге
мультитапсырмалық тәртіптерді жүзеге асырады.
5
Операциялық жүйелер
1.1
Диалогтық тәртіпте есептеуіш жүйемен жұмыс ұйымдастыру кезінде
мультитерминалды және бір терминалды ОЖ туралы айтуға болады. Мультитерминалды
ОЖ бір кезде әркім өз терминалынан бірнеше пайдаланушы жұмыс істей алады, ал бір
терминалдыда – тек біреу. Есептеуіш жүйеге мультитерминалды кіруді ұйымдастыру
үшін
жұмыстың
мультибағдарламалық
тәртібін
қамтамасыз
ету
қажет.
Мультитерминалды ОЖ-ге мысал ретінде Linux болып табылады.
Жүйемен өзара әрекеттестік тәсілі бойынша нақты уақыттың ОЖ және
тапсырмаларды орындаудың кейінге қалдыру тәртібімен ОЖ болып ажыратылады.
Нақты уақыттың ОЖ-нің негізгі ерекшелігі асыруға болмайтын белгіленген уақыт
аралығы кезінде түскен тапсырмаларды өңдеуді қамтамасыз ету болып табылады.
Мультибағдарламалау жүйенің өнімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады.
Нақты уақыттың жүйелері үшін өнімділік бойынша ең үздік сипаттамалар нақты
уақыттың бір терминалды ОЖ-мен қамтамасыз етіледі. Мультибағдарламалық тәртіпті
ұйымдастыру құралдары әрдайым жүйенің жалпы жұмысын бәсеңдетеді, алайда жүйенің
функционалды мүмкіндіктерін кеңейтеді. Осындай жүйелердің бірі QNX болып
табылады.
Тапсырмаларды орындаудың кейінге қалдыру тәртібімен ОЖ қазіргі кезде кең
таралған (Мысалы, Windows).
Архитектуралық қағида бойынша ОЖ микроядерлік және монолитті болып
бөлінеді, микроядерлік ОЖ мысал ретінде ОС QNX, ал монолитті – Windows ОЖ
тұқымдастары.
MS Windows XP
операциялық жүйесі
Windows XP
(өңдеу кезіндегі кодты атауы – Whistler; ішкі нұсқасы — Windows NT
5.1) – Microsoft
компаниясынан Windows NT тұқымының операциялық жүйесі. Ол 2001
жылы шығарылып, Windows 2000 Professional дамуы болып табылады. XP атауы
ағылшын тілінен (experience – тәжірибе, әсер) шыққан. Серверлік әрі клиенттік
нұсқаларда қамтамасыз етілген Windows 2000 алдындағы жүйеге қарағанда Windows XP
(1.2-
сурет) тек қана клиенттік жүйе болып табылады. Оның серверлік бөлігі – кейіннен
шығарылған Windows Server 2003.
Windows XP
көптеген нұсқаларда шығарылады:
Windows XP Professional Edition
кәсіпорындар мен кәсіпкерлер үшін қолдануға болатын
және компьютердің жұмыс үстеліне қашықтықтан кіру, файлдарды шифрлау (Encrypting
File System көмегімен), кіру құқықтарын орталықтан басқару және көп процессорлы
жүйелерді қолдау сияқты функцияларды иеленеді.
6
1
тарау
Заманауи операциялық жүйелердің сипаттамалары