Жүйемен жұмыс істеудің негізгі принциптері
Пайдаланушымен қарым-қатынас үшін Windows XP-де ақпаратты экранда
әртүрлі суреттер түрінде көрсететін графикалық интерфейс қолданылады.
Жүйенің көптеген функциялары белгіше деп аталатын кішігірім суреттермен
байланысты. Windows XP-де нысан ұғымы кеңінен қолданылады. Нысан ретінде
файлдар мен бумалар, сонымен бірге кейбір физикалық құралғылар, мысалы
дисктер және принтерлер саналады. Монитор экранында барлық нысандар
белгішелер түрінде көрсетіледі.
Жүйені басқару үшін пернетақтадан ұзын және күрделі командаларды
енгізу қажеттілігі жоқ. Басқару компьютер тышқаны немесе пернетақта
көмегімен жүзеге асырылады. Белгілей, орнын ауыстыра және белгішілермен
өзге операцияларды орындай отырып, сіз, негізінде, аталған белгішелермен
байланысты нысандарға кейбір әрекеттер орындайтын операциялық жүйеге
команда бересіз.
Алайда, операциялардың барлығы дерлік белгішелер көмегімен
орындалмайды. Кейде тізімде қажетті әрекетті белгілеу жеңілірек болады. Осы
орайда, сізге, сонда да команданы енгізу керек емес. Жүйе жұмыстың бірнеше
нұсқаларын ұсынады және сіз өзіңізге сәйкес нұсқаны таңдайсыз. Мүмкін
болатын әрекеттердің тізімі мәзірде көрсетілген және білгілермен берілген
мәзірмен де жұмыс Windows-та кең таралған.
Ағылшын тілінен windows сөзі терезе болып аударылады. Терезе белгі бір
бағдарламамен байланысты экранда сызылған аймақты білдіреді. Windows XP
операциялық жүйені іске қосқаннан кейін монитордың бүкіл экранында Жұмыс
үстелі немесе ағылшын нұсқада Desktop (2.1-сурет) деп аталатын сурет орын
алады. Барлық терезелер жұмыс үстелдің үстінде орналасады және олардың
орнын ауыстыруға, үлкейтуге, кішірейтуге және алып тастауға болады.
Терезелер бір-бірлерін толығымен немесе бөлшектеп жаба алады. Жұмыс үстелі
бағдарламаларды іске қосуға, жүйені теңшеуге және басқа әрекеттерді орындауға
мүмкіндік береді. Жұмыс үстеліндегі суреттер мен жазулардың көлемі және саны
сіздің компьютеріңіздегі белгілі бір бағдарламаны теңшеу ерекшеліктеріне
байланысты қатты өзгешеленулері мүмкін. Алайда, кез келген жағдайда жұмыс
үстелінің төменгі жағында Мәселелер тақтасы (Taskbar) деп аталатын жолақ
орналасқан. Мәселелер тақтасының негізгі міндеті -
2
Операциялық жүйелер Windows XP-мен
жұмыстың негіздері сипаттамалары
2.1
13
Жүйемен жұмыс істеудің негізгі принциптері
2.2-сурет. Бастау (Start) батырмасы
2.1-
сурет. Windows XP жұмыс үстелі
батырмалар мен белгішелер түріндегі іске қосылған бағдарламаларды бейнелеу, сонымен
бірге олардың арасында ауыстыру. Одан басқа, мәселелер тақтасы көмегімен кейбір
пайдалы бағдарламаларды іске қосуға болады.
Мәселелер тақтасының сол жағында ішінде Бастау (Start) (2.2-сурет) сөзі
орналасқан жиектеме бар. Windows жүйесінде ішінде мәтіндер мен суреттері бар мұндай
жиектемелерді батырма деп атайды, сол себепті алдағы уақытта біз мәселелер
тақтасында Бастау (Start) батырмасы орналастырылған деп айтамыз. Бұл батырманың
міндеті – бағдарламаларды іске қосу және компьютерді теңшеу. Windows ХР-дегі кез
келген жұмыс аталған батырманы басудан басталатынын айтуға болады.
Windows
жүйесіндегі жұмыс әртүрлі бағдарламаларды Бастау (Start)
батырмасының немесе жұмыс үстеліндегі белгішелердің көмегімен іске қосуды білдіреді.
Әрі сіз іске қосылған бағдарламалардың терезелерімен әртүрлі әрекеттері орындай
аласыз.
Windows жұмыс үстелінде Тіл тақтасы
орналасқан. Ол бір тілден екінші тілге тез
ауысуға арналған. Кейбір қосымшалар, мысалы
Microsoft
Office
XP
құрамына
енетін
бағдарламалар,
тіл
тақтасында
қосымша
батырмаларды иеленеді. Аталған тақта әрқашан
басқа терезелердің үстінде орналасады, бұл
14
2
тарау
Windows XP-
мен жұмыстың негіздері сипаттамалары
ағымдағы уақытта қолданылып жатқан тілді тез анықтауға мүмкіндік береді. Егер сіз
Windows-
тың алдындағы нұсқаларымен жұмыс істесеңіз, онда тілді ауыстырғыш орнын
ауыстырғанын байқаған шығарсыз – мәселелер тақтасының орнына ол енді тіл
тақтасында орналасқан.
Windows XP-
пен ойдағыдай жұмыс істеу үшін жүйемен жұмыстің негізгі
амалдарын меңгеріп алу қажет. Жүйе жұмысының негізгі ұғымдары мен принциптерін
игергеннен кейін сіз Windows басқаруында жұмыс жасайтын көптеген басқа
бағдарламаларды еш қиындықсыз үйрене аласыз, себебі оларда ұқсас принциптер
қолданылады.
Жұмысты бастау және аяқтау, бас мәзір
Сіз компьютерді қосқаннан және оның тестілеуі өткеннен кейін ол автоматты
түрде қатқыл дискке орнатылған операциялық жүйені жүктеуді бастайды. Осы орайда,
экранда Windows XP жүйесі жүктеліп жатқанын білдіретін бейне пайда болады. Экранда
бір-бірін алмастыратын бірнеше бейнелердің пайда болуы мүмкін. Жүктеу үрдісі
бірнеше минутты алуы мүмкін және сізге оның аяқталуын күткен жөн.
Жұмыс үстелінде мәселелер тақтасы және бағдарламаларды тез іске қосуға әрі
қажетті құжаттарды ашуға мүмкіндік беретін бірнеше белгішелер орналастырылады.
Белгішелердің орналасуы және құрамы әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, Менің
компьютерім (My Computer) белгішесі дисктер және файлдармен жұмыс үшін, ал Себет
(Recycle Bin) белгішесі сізге қажет емес файлдарды жоюға және байқамай өшірілген
файлдарды қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Осы және басқа белгішелердің
міндеттерін сіз жүйені игеру барасында білетін боласыз.
Мәселелер тақтасының сол жағында көбіне Windows бас мәзірі деп атайтын, бір
атаулы мәзірді ашуға арналған Бастау (Start) батырмасы орналасқан. Бас мәзірдің
көмегімен әртүрлі тапсырмаларды іске қосуға, құжаттарды ашуға, жүйені теңшеуге,
анықтамалық ақпаратпен қолдануға және көптеген басқаларды жасауға болады.
Бұл мәзірді ашу үшін тышқанмен Бастау (Start) бастырмасын шерту қажет. Тышқанды
қажетті жаққа апара отырып, тышқан сілтеуішін батырмаға апарыңыз. Батырма өзінің
сыртқы келбетін кішкене өзгертеді, сондай-ақ фондық түсінің реңі өзгереді. Тышқанның
сол жақ пернесін басыңыз да бірден жіберіңіз. Жүйенің бас мәзірі деп аталатын
командалармен жиекше пайда болады. Әдетте, жай ғана «батырманы басыңыз»
деп
айтады, бұл тышқанның сол жақ пернесін шертуді білдіреді. Егер сіз мәзірді аша
алмасаңыз, онда жоғарыда көрсетілген әрекеттерді қайта орындауды байқап көріңіз.
Сонымен бірге, пернетақталардың көбісінде бас мәзірді шақырудың арнайы пернесі бар.
Оны басып, сіз тез әрі жеңіл жолмен бас мәзірге кіре алады. Пернені қайта басу экраннан
мәзірді алып тастайды. Сіз қандай да тәсілді қолдансаңыз да, нәтиже сондай болады –
экранда Windows XP операциялық жүйесінің бас мәзірі пайда болады (2.3-сурет).
2.2
15
Жұмысты бастау және аяқтау, бас мәзір