System Properties
Дисктер және бумалар бойынша ауысу
Егер сіз қажетті файл қайда орналасқанын нақты білсеңіз, онда сіз Адрес
(Address) енгізу өрісінде оған апаратын толық жолды енгізе аласыз. Осы орайда,
қажетті файл орналасқан тікелей бумаға ауысу жүзеге асырылады. Пернетақта
көмегімен адресті енгізгеннен кейін қажетті бумаға ауысу үшін Адрес (Address)
өрісінің оң жағында орналасқан «^» (Ауысу) батырмасын басқан жөн. Алайда,
әдетте файлдың нақты адресі белгісіз болады. Сонымен қатар, пернетақтадан
адресті енгізу тышқан көмегімен адресті тізімде таңдауға қарағанда аса қолайлы
емес. Сіз бумалардың ішіндегісін қарап, файлдармен әртүрлі әрекеттер жасай
отырып, сіздің компьютеріңіздегі дисктер мен бумалар бойынша саяхаттай
аласыз. Адрес (Address) өрісінің оң жағында орналасқан «V» батырмасын баса
отырып, сіз компьютердің бумалар тізімін ашасыз. Қажетті бумаға тышқанмен
шертсеңіз, сіз оны ағымдағы етесіз. Алайда, бумалар тізімімен бағдарлама
терезесінің сол жағында жұмыс істеу қолайлырақ.
Сілтеуішпен жұмыс істеу кезінде сіздің компьютеріңіздегі барлық дисктер
және бумалар ағаш түрінде бейнеленеді (2.6-сурет). Әдетте тамыры деп
аталатын ағаштың негізінде Жұмыс үстелі (Desktop) атты ерекше бума
орналасады. Бұл бумада қызметтік бумалар, компьютердің барлық дискілері
және басқа маңызды бумалар бар. Дәл осы тәсілмен сіздің компьютеріңіздің
барлық файлдары мен бумалары Windows жұмыс үстелінде жатыр деген ой
дәлелденеді. Егер белгілі бір буманың ішінде өзге бумалар болса, онда оның
белгішесінің сол жағында «+» немесе «-» белгішесімен жиіктеме орнасады.
Кіріктірілген бумалары жоқ бумалар бұндай жиекшемен белгіленбеген. Егер
бума «+» белгішесімен белгіленсе, онда буманың іші тізімде ашылмаған. Егер сіз
«-
» белгішесін көрсеңіз, онда буманың
ішіндегісі тізімнен төменде орналасқан. Осы
белгішелерге тышқанды шертудің көмегімен сіз
сәйкесінше бумалардың ішіндегісін аша немесе
жасыра аласыз. Дисктер де белгішелер түрінде
көрсетілген және дисктің ішіндегісін ашу үшін
қажетті дискті көрсетіп тұрған белгішені шерту
жеткілікті.
Сілтеуіш терезесінің сол жағында тек
дисктер мен бумалар көрінеді, ал жеке файлдар
көрінбейтіндігіне назар аударыңыз. Оған
бірінші аймақ арналған. Егер сіз сол жақ
аймақта бумаға тышқанмен шертсеңіз, онда
оның ішіндегісі оң жақ бөлікте белгішелер
түрінде бейнеленеді. Буманың немесе дисктің
ішіндегісін өзге тәсілмен де ашуға болады. Егер
сілтеуіштің оң жақ аймағында бума белгішесіне
тышқанмен екі рет шертсе, онда бума
2.4
2.6 сур. Бумалардың
иерархиялық тізімі
21
2.4
Дисктер және бумалар бойынша ауысу
ашылатын болады
.
Бұл тәсіл бумалар тізімі көрінбейтін режимде жұмыс істеп жатқан
кезде қолайлы. Бумаларға кезекпен шертуді жүргізсеңіз, сіз бумалар иерархиясы
бойынша төменге өтесіз. Егер сізге қарама-қайшы әрекетті орындау қажет болса, онда
құрал-саймандар тақтасында «Т» (Жоғары) батырмасын қолданған жөн. Сілтеуішпен
ағымдағы жұмыс сеансы шеңберінде бумалар бойынша барлық қозғалыстар есте
сақталады. Кез келген уақытта сіз алдында қараған бумаға қайта оралуға болады. Құрал-
саймандар тақтасында орналасқан батырмаларды баса отырып, сіз бумалар мен дисктер
бойынша саяхаттау кезінде сәйкесінше артқы немесе алғы қадамға ауысасыз.
Жоғарыда аталып өткендей, файлдар тізімінің сол жағында орналасқан мәселелер
тақтасында сіздің компьютеріңіздегі маңызды бумаларға сілтемелер бар. Осы
сілтемелердің кез келгеніне тышқанмен шертсеңіз, сіз таңдаған буманың жұмысына
өтесіз.
Компьютердің дисктері мен бумалары бойынша саяхаттаудың барлық бейнеленген
тәсілдері бір ғана мақсатты жетелейді – бұл қажетті буманы табу және онда
орналастырылған файлдармен кейбір әрекеттер орындау. Сілтеуіште файлдармен
орындалатын әрекеттердің кең таралғаны олардың көшірілуі және орнын ауыстыруы
болып табылады.
Сілтеуіштен бағдарламаны іске қосу
Windows-
та белгішеге екі рет шерту осы белгішемен байланысты бағдараламаны
іске қосуға алып келсе, сілтеуіште жұмыс істей отырып, бағдарламаны іске қосу аса оңай
болып табылады. Қажетті белгішеге екі рет шерту жеткілікті және бағдарлама іске
қосылады, ал оның терезесі жұмыс үстелінде пайда болады.
Windows жұмыс үстелінде терезесі бар іске қосылған бағдарламаға мәселелер
тақтасында батырма сәйкес келеді және сілтеуіш ерекшелік болып табылмайды. Осы
бағдарламаға қайтып келу үшін Windows мәселелер тақтасында тиісті батырманы басу
қажет. Іске қосылған бағдарламаны аяқтау бағдарлама жұмыс үстелінің оң жақ жоғарғы
бұрышындағы «х» батырманы басу арқылы болады. Осындай тәсілмен сілтеуіштен сізге
қаншалықты қажетті бағдарларды іске қосуға болады.
Бағдарламаны іске қосудың өзге тәсілі бағдарламамен байланысты файл
белгішесіне екі рет шерту болып табылады. Мысалы, дыбыстық файлды екі рет шерту
кезінде Windows Media ойнатқышы іске қосылады, ал мәтіндік құжатқа екі рет шерткен
кезде мәтіндік редактор іске қосылады.