келбеті сіздің компьютеріңіздегі кез келген бумасымен жұмыс кезіндегі осы
бағдарлама терезесінен еш айнамайды (3.7-сурет).
Жойылған файлдар себетте орын болғанға дейін сонда орналасады. Егер жаңа
жойылған файлға орын жетпесе, онда бұрын жойылған файлдар біржолата өшіріледі.
Бұрын жойылған файлдарды қайта қалпына келтіру үшін себетті ашып, қажетті файлды
немесе фалдар тобын белгілеу керек, содан соң мәселелер тақтасында батырманы басу
қажет. Сонымен бірге, Файл ^ Қалпына келтіру (File -> Restore) мәзір командасын
таңдауға болады. Себетте орналасқан барлық файлдарды қалпына келтіру үшін
бағдарлама терезесінің оң жақ бөлігіндегі бос орында тышқанмен шертіп, файлдардың
белгіленуін болдырмау керек, содан соң мәселелер тақтасындағы Барлығын қалпына
келтіру (Restore all items) батырмасын басу қажет.
Себет кез келген басқалар сияқты бума болып табылғандықтан, бұл бумада
сақталған файлдарды өшіруге ешкім тыйым салмайды. Бұл жағдайда жойылған файлдар
қайтарусыз жоғалады және оларды қалпына келтіруге болмайды. Себеттен барлық
файлдарды өшіру үшін мәселелер тақтасында орналасқан Себетті тазалау (Empty the
Recycle Bin) батырмасын қолдануға болады.
Сығылған бумалармен жұмыс
Windows операциялық жүйесінің әуелгі нұсқаларына қарағанда Windows XP-де
3.7-
сурет. Себетте файлдарды жою
31
3.4
Сығылған бумалармен жұмыс
қосымша бағдарламаларды, қолданусыз файлдарды мұрағаттау мүмкіндігі бар. Windows-
та мұрағаттар Сығылған бумалар (Compressed Folder) деп аталады. Жүйе танымал WinZip
бағдарламасының мұрағаттарымен үйлесімді ZIP типті мұрағаттармен жұмыс істейді.
Файлды сығу немесе мұрағаттау үшін сілтеуіш терезесінің оң жақ аймағында
файлдың белгішесіне тышқанның оң жақ пернесіне шертіп көмекші мәзірді шақыру
керек және Жіберу (Send to) командасын таңдау қажет. Көмекші мәзір ашылып,
Сығылған бума (Compressed Folder) командасын таңдаған жөн. Файлды белгілеп, Файл ^
Жіберу ^ Сығылған бума (File ^ Send to ^ Compressed Folder) мәзір командасын да
таңдауға болады. Кез келген жағдайда ағымдағы каталогта бастапқы файлдағыдай атауы
бар мұрағаттың жаңа файлы пайда болады. Мұрағатта сығылған түрде сіздің файлыңыз
орнасады.
Сіз Файл ^ Құру^ Сығылған бума (File ^ New ^ Compressed Folder) мәзір
командасын таңдап, бос мұрағатты құра аласыз. Сығылған буманы құрудың қарапайым
буманы құрудан іс жүзінде еш айырмашылығы жоқ. Бос немесе кез келген файлдан
құралғандығына, басқа компьютерден немесе интернеттен алынғандығына қарамастан,
сіз файлдарды оңай мұрағатқа қосып, оларды одан ала аласыз. Мұрағатпен жұмыс істеу
үшін оның белгішесіне тышқанмен екі рет шерткен жөн және сіз онымен жұмысқа өтесіз.
Сіз мұрағатпен жұмыс істеп жатқаныңызды байқамай қалуыңыз да мүмкін, себебі
сыртқы келбеті жағынан барлығы кіріктірілген бумаға өту кезіндегідей болады.
Мұрағатпен жұмыс сілтеуіште қарапайым бумен жұмыстан еш ерекшеленбейді. Кез
келген басқа бумамен жұмыс кезіндегідей сіз файлдарды қарай аласыз және өшіре
аласыз. Егер сіз файлды мұрағаттан кез келген басқа бумаға көшірісеңіз немесе
ауыстырсаңыз, онда файл мұрағаттан шығады. Файлды кәдімгі бумадан сығылғанға
апару кезінде таңдалған файлды мұрағаттау орындалады. Файлды мұрағатқа қосу оның
белгішесін сілтеуіштегі мұрағат белгішесін апару жолымен жасауға болады. Мұрағаттың
барлық файлдарын мұрағаттан шығару Файл ^ Барлығын шығару (File ^ Extract All) мәзір
командасын таңдау арқылы болады.
Windows XP-
мен жұмыс кезінде сығылған бумалар қарапайым бумалардан
өзгешеленбейді. Сіздің компьютеріңіздің дисктері мен бумалары тізімінде олар басқа
бумалар қатарында орналасады. Алайда, егер сіз сығылған буманы дискетке қайта
жазсаңыз және оның ішіндегісін Windows XP немесе Windows Me өзгешеленетін
операциялық жүйе орнатылған компьютерде қарағыңыз келсе, онда ZIP кеңейтілуімен
мұрағаттық файлды көресіз. Мұрағаттың ішіндегісін көру және файлды мұрағаттан
шығару үшін сізге қосымша бағдарлама қажет, мысалы WinZip.
Компакт-дисктере жазу
Windows XP-
дің аса пайдалы қабілеттерінің бірі ақпаратты жазатын және қайта
жазатын компакт-дисктерге (CD-R және CD-RW) жазу мүмкіндігі болып табылады.
Соңғы уақытта компакт-дисктерге жазу құрылғыларының танымалдығы күрт артты және
олар экзотикалық қымбат жабдықтан қажетті және қолайлы құралға айналды.
Файлдарды компакт-дискке жазу үшін дайындаманы құрылғыға енгізіп, сілтеуіш
32
3
тарау
Файлдар және бумалармен жұмыс сипаттамалары
көмегімен қажетті файлдарды аталған дискке көшіру керек. Алайда, дискке негізіде
ештеңе жазылмайды. Ары қарай жұмыс істеу үшін сілтеуіште компакт-дискті ашқан
жөн. Дискте орналасқан барлық файлдар дискке шынымен жазылғандар және жазылуға
дайындар, бірақ әлі жазылмағандар деп екі топқа бөлінгендігін сіз көре аласыз.
Сілтеуіш терезесінің оң жақ бөлігінде файлдар тізімінің жоғарғы жағында компакт-
дискке бұрыннан жазылған файлдар мен бумалар орналасқан. Егер сіз таза дайындаманы
қойсаңыз, онда, әрине, жазылған файлдар болмайды. Тізімнің төменгі жағында дискке
жаңа ғана көшірілген файлдар орналасқан. Физикалық түрде олар әлі компакт-дискке
жазылмады, уақытша сақталуға арналған арнайы бумада орналасқан. Бұл файлдарды сіз
өшіре аласыз, алайда компакт-дискке физикалық түрде жазылған файлдарды жоюға
болмайды. Егер сіз жазылуға арналған барлық файлдарды өшіргіңіз келсе, онда оларды
тышқанмен белгілеп, [Delete] пернесін басқан жөн. Файлдардың қажетті жинағын
қалыптастырмағанша компакт-дискке файлдарды көшіріңіз және ауыстырыңыз.
Бұдан кейін сіз ақпараттың дискке физикалық түрде жазылуына дайынсыз. Бұл
рәсім әдетте жандыру деп аталады. Мәселелер тақтасында Оптикалық дискке жазу
батырмасын басыңыз және компакт-дискттерді жандыру шебері іске қосылады.
Шебердің бірінші диалогында сізге жасалатын дисктің атын енгізуді ұсынады. Әдепкі
қалпы бойынша атау ретінде ағымдағы күн ұсынылады, алайда сіз кез келген басқа атты
енгізе аласыз. Егер сіз диалогтың астыңғы жағында жалаушаны ортансаңыз, онда
жандыру аяқталғаннан кейін шебер диалогы автоматты түрде жабылады. Ары қарай
(Next) батырмасын басып, сіз шебердің келесі диалогына өтесіз.
Бір мезетте компакт-дискті жандыру басталады. Қазіргі уақытта операция қалай
жүргізілетінін шебердің хабарландыруларынан білуге болады. Сонымен бірге,
операцияның орындалу пайызы ілгерлеу-индикаторының көмегімен көрсетіледі. Жазылу
уақыты жазылатын ақпараттың көлемі мен жазылу жылдамдығына байланысты.
Мысалы, 640 мегабайтты сегізінші жылдамдықта жазу шамамен 10 мин уақытты алады.
Жандыру аяқталғаннан кейін экранда шебердің соңғы диалогы пайда болады. Егер сіз
онда жалауша орнатсаңыз, онда дисктің екінші көшірмесін жаза аласыз. Кері жағдайда
диалогты жабу үшін жай ғана Дайын (Ready) батырмасын басыңыз. Осылайша компакт-
дискке жазу аяқталады. Сіз оны кәдімгі компьютердің компакт-дискі ретінде қолдана
аласыз.
Егер сіз дайындалған файлдарды жазбай дискті шығаруға талпынсаңыз, онда
экранда ауыстырып-қосқыштың көмегімен сіз үш нұсқаның біреуін таңдай алатын
диалог пайда болады. Файлдарды қазір жазуға, файлдарды кейіннен жазу үшін уақытша
бумада сақтауға, компакт-дискке жазбай-ақ дайындалған файлдарды жоюға болады.
Егер дайындама ретінде сіз CD-RW деп аталатын қайта жазылатын дискті
қолдансаңыз, онда сіз барлық файлдарды өшіріп, оны тазарта аласыз. Бұдан кейін дисктті
жазу үшін жаңа диск сияқты қолдануға болады. Шебердің бірінші диалогында ештеңе
енгізудің қажеттілігі жоқ, шебердің екінші диалогына өту үшін жай ғана Ары қарай
(Next) батырмасын басыңыз. Осы орайда, дисктің тазартылуы басталады. Тазартудың
орындалу пайызы ілгерлеу-индикаторының көмегімен көрсетіледі. Тазарту аяқталғаннан
кейін шебердің соңғы диалогы пайда болады. Ол операцияның табысты аяқталғаны
туралы ақпараттандырады. Диалогты жабу үшін Дайын (Ready) батырмасын басыңыз.
Бәлкім, сіз дискті жазудың кейбір параметрлерін теңшегіңіз келеді. Ол үшін Менің
компьютерім (My Computer) бумасына өтіп, компакт-дискті жазуға арналған
33
3.5
Компакт-дисктере жазу