Киселев с. В., Алексахин с. В., Остроух а. В



жүктеу 2,57 Mb.
Pdf просмотр
бет20/21
Дата23.11.2018
өлшемі2,57 Mb.
#24170
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

 

Электрондық  поштамен  ұқсас  тәсілмен  жұмыс  істейді.  Электрондық  поштамен 

жұмыстың кейбір ерекшеліктерін қарастырайық.  

Интернет  қызметін  жеткізушісінде  пошталық  жәшіктен  корреспонденцияны  сіз 

өзіңіз  алып  кетуіңіз  керек.  Ешқандай  пошта  тасушы  электрондық  хаттарды  беру  үшін 

сіздің  есігіңізге  келіп  соқпайды.  Электрондық  поштамен  жұмыс  үшін  адрестер  аса 

маңызды  болып  табылады.  Интернетке  қосылған  кезде  сіз  электрондық  поштаның 

адресін  аласыз.  Бұны  Интернетпен  хат  алмасқысы  келетін  басқа  адамдар  да  жасайды. 

Егер  сіз  хат  алушының  адресін  дұрыс  жазбасаңыз,  онда  адрес  иесі  табылмады  деген 

таңбамен  ол  сізге  қайтып  келеді.  Сізде  электрондық  поштаның  бірнеше  жеке  адрестері 

болуы мүмкін.  

Хаттарды  құру  үшін  бағдарламаның  құрал-саймандар  тақтасында  Жасау 

батырмасы  арналған.  Алдын  ала  дайындалған  формаларды  тізімнен  таңдап,  оларды 

толтырып,  әдемі  безендірілген  хабарламаларды  құруға  болады.  Қарапайым  хатты  құру 

үшін Жасау батырмасын басыңыз. Хаттарды жасауға арналған терезе пайда болады (5.9-

сурет). Терезенің жоғарғы жағында адресті және хаттың тақырыбын енгізу үшін өрістер 

орналасқан, ал үлкен жұмыс аймағында хаттың мәтіні енгізіледі.  

Ең  алдымен,  хатты  кімге  жолдағымыз  келетіндін  көрсету  керек.  Ол  үшін  Кімге 

(То)  енгізу  өрісі  арналған.  Егер  сіз  бір  мезетте  хаттың  көшірмесін  біреуге  жібергіңіз 

келсе, онда оның адресін Көшірме (СС) өрісіне енгізіңіз.  

 

 

5.8-



сурет. Outlook Express 5.3 бағдармасының жұмыс терезесі 

55 

5.3 

Электрондық хаттарды жіберу және қабылдау 


 

 

5.9-



сурет. Хабарламаны жасау терезесі 

Тақырып  (Subject)  хаттың  қысқаша  аннотациясын  енгізуге  арналған.  Хабарламаның 

тақырыбы терезенің тақырып атауына да шығарылатындығына назар аударыңыз. Хатты 

алу  кезінде бұл  жол  хаттардың тақырып атаулары тізімінде көрінеді және қабылданған 

хат  не  туралы  екендігін  корреспондент  оңай  біледі.  Бұл  жол  тек  қана  қолмен 

толтырылады және оның толтырылуы міндетті емес, алайда жақсырақ. Егер сіз аталған 

өрісті толтырмасаңыз, онда бағдарлама сізді бұл туралы арнайы диалогта ескертеді.  

Енді  жолданатын  хабарламаның  мәтінін  жазуға  кірісудің  уақыты  келді.  Ол  үшін 

терезінің  төменгі  аймағы  қызмет  етеді.  Бұл  аймаққа  тышқанмен  шертіңіз  және 

пернетақта  көмегімен  хабарламаның  мәтінін  теріңіз.  Кез  келген  мәтіндік  редакторда 

мәтіндерді  пішімдеуге  ұқсас,  мысалы  WordPad  редакторында  сияқты  Сіз  бағдарламаны 

пішімдеу мүмкіндіктерін қолдана аласыз.  

Адресті  көрсеткеннен  және  хатты  құрағаннан  кейін  адрес  иесіне  хабарламаны 

жіберген  жөн.  Ол  үшін  хабарламаны  құру  терезесінің  құрал-саймандар  тақтасындағы 

Жіберу  батырмасы  арналған.  Егер  сіз  бұл  батырманы  бассаңыз,  онда  жүйе  оны  жіберу 

үшін Интернетпен байланысты орнатуды ұсынады (5.10-сурет.). Еге сіз, шынымен, хатты 

жібергіңіз  келсе, онда  Қосылу (Connect)  батырмасын  басыңыз. Интернетпен  байланысу 

үрдісі  басталады.  Байланыс  орнатылғаннан  кейін  ілгерілеу-индикаторы  бар  диалогтың 

пайда болуымен сүйемелденетін  поштаны жолдау үрдісі басталады. Егер сіз  Аяқталған 

кезде  байланысты  тоқтату  (Hang  Up  when  Finished)  жалаушаны  орнатсаңыз,  онда  хат 

жіберілгеннен кейін Интернетпен байланыс автоматты түрде үзіледі.  

Сіздің  адресіңізге  келіп  түскен  электрондық  хаттар  Интернет  қызметін 

жеткізушісінде  сақталады.  Сіз  оларды  өзіңіздің  компьютеріңізге  жазбасаңыз,  онда  бұл 

жалғаса береді.   

 

56 



тарау 

Интернет желісіндегі жұмыс сипаттамалары 



System Properties

 

 

 



Сіздің  пошталық  жәшігіңізді  Интернет  қызметін  жеткізушісінде  тексеру  және 

поштаны  жеткізу  үшін  Outlook  Express  бағдарламасының  құрал-саймандар  тақтасында 

Жіберу және алу батырмасы арналған. Егер бұл батырманы бассаңыз, онда Интернетке 

қосылу  керек  деген  хабарламасы  бар  диалог  пайда  болады.  Бұл  диалогтың  Қосылу 

(Connect)  батырмасын  басу  қажет.  Байланыс  орнатылғаннан  кейін  жіберуді  күтуші 

барлық пошта жолданатын болады. Егер пошталық серверде сіз үшін пошта болса, онда 

сіздің  компьютеріңізге  қайта  жазылады.  Поштаны  қабылдау  аяқталғаннан  кейін 

Интернетпен байланысты үзуді ұмытпаңыз.  

Сіз Интернеттен қабылдайтын хаттар Кіріс (Inbox) бумасында жиналады. Жұмыс 

терезесінің  сол  жақ  бөлігінде  бумалар  тізімінің  элементіне  тышқанмен  шертіңіз. 

Терезенің  оң  жақ  жоғарғы  бөлігінде  хаттар  тақырып  атауларының  тізімін  көрсететін 

бумалардың  ішіндегісі  пайда  болады.  Сізді  қызықтыратын  хатты  қарау  үшін  оның 

белгішесіне тышқанмен шертіп, тізімнен таңдау жеткілікті. Хаттың ішіндегісі бағдарлама 

терезесінің  оң  жақ  төменгі  бөлігінде  пайда  болады.  Тышқанмен  екі  рет  шерту  арқылы 

таңдалған хаттың ішіндегісі бар жеке терезені ашады.  

Сіз алынған хатқа жауап бере аласыз. Ол үшін қажетті хатқа тышқанмен шертіңіз 

және құрал-саймандар тақтасында батырманы басыңыз. Осы орайда белгіленген хаттың 

ішіндегісі  орналасқан  хаттарды  құруға  арналған  терезе  пайда  болады  және  Кімге  (То) 

өрісінде осы хаттың авторының адресі қойылады. Шығыс хаттың әр жолының басында 

дәйексөзді білдіретін «>» символы орналасады. Сіз хаттың мәтінін өзгерте аласыз және 

өзіңіздің  ескертулеріңізді  қоса  аласыз.  Осылайша  пікірталасты  ұйымдастыруға  болады. 

Келген  хатты  басқа  корреспондентке  өзгертусіз  қайта  жіберуге  болады.  Ол  үшін 

мәселелер тақтасында Қайта жіберу батырмасы арналған.  

 

5.10-



сурет. Поштаны жіберу кезіндегі диалог

 

 

57 



5.3 

Электрондық хаттарды жіберу және қабылдау 


жүктеу 2,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау