пернелерін басып, ұстап тұрған жөн, кейіннен топтың бірінші және соңғы белгішесіне
тышқанмен шертіп, содан соң пернені жіберу қажет.
Олардың арасында орналасқан барлық белгішелер белгіленетін болады. Егер сіз еркін
белгішелер тобын белгілегіңіз келсе, онда пернені басып, оны жібермей, қажетті
белгішелерге тышқанмен шертіңіз. Белгішеге қайтадан тышқанмен шерту белгілеуді
алып тастайтындығын айта кеткен жөн.
Барлық қажетті белгішелерді белгілеп, пернені жіберіңіз. Қажетті файлдар және
бумалар тобы белгіленгеннен кейін оны бағдарлама терезесінің сол жақ бөлігіндегі
тізімнің қажетті орнына апарыңыз. Орынды ауыстыру көшіру немесе ауыстыру
операциялары көмегімен жүзеге асырылады.
Орынды ауыстыру көмегімен ауыстыру және көшіру өте ыңғайлы болғанымен,
сілтеуіш терезесінде бумалар тізімі болмаған кезде бұл тәсіл жұмыс істемейді. Сонымен
бірге, тышқан көмегімен орынды ауыстыру және көшіру тышқанмен жұмыстың кей
тәжірибесін талап етеді және бастаушы пайдаланушыларда шықпауы мүмкін. Сілтеуіште
фалдарды көшіру және орнын ауыстырудың барынша қарапайым тәсілдері бар, алайда
әдетте қарапайым тәсілдер көбірек уақытты талап етеді, ал күрделілері оны барынша
тиімді етеді.
Егер тышқанның оң жақ пернесімен білгілі бір белгішені немесе белгіленген
белгішелер тобын шертетін болса, онда жанында көмекші мәзір пайда болады (3.2-сурет).
Мәзір командаларының саны және олардың құрамы сіздің компьютеріңізге
орнатылған бағдарламаларға байланысты, алайда көшіру, жою және атын өзгерту
командалары бұл мәзірде әрдайым болады. Файлды немесе файлдар тобын көшіру үшін
аталған мәзірдің Көшіру (Сору) командасын таңдау қажет. Кейіннен белгілеу бумасына
өтіп, бағдарлама жұмыс үстелінің бос орнында тышқан оң жақ пернесімен шерту арқылы
көмекші мәзірді бейнелеу керек. Файлдарды көшіруді жүзеге асыру үшін мәзірде Қою
(
Insert) командасын таңдау қажет. Бұндай тәсілмен орын ауыстыратын және көшірілетін
файлдарды уақытша сақтау орны ретінде Windows айырбастау буфері қызмет етеді.
Файлды көшіру үшін көмекші мәзірінің Көшіру (Сору) командасының орнына Қиып алу
3.2-
сурет. Көмекші мәзір
25
3.1
Файлдарды көшіру, орнын ауыстыру және атын өзгерту
(Cut)
командасын таңдау керек. Осы орайда, бұл файл ағымдағы бумадан жойылады
және Windows айырбастау буферіне орналастырылады. Егер осыдан кейін сіз файлды
басқа бумаға қоймасаңыз, онда ол жоғалады.
Көмекші мәзірде қажетті командалардың қатарын құрайтын тағы бір команда бар,
мысалы Атын өзгерту (Rename) командасы. Бұл команданы таңдау кезінде таңдалған
белгіше атауының орнына өзіңіздің қалауыңызбен белгішеге жаңа атты пернетақта
көмегімен енгізе алатын енгізу өрісі пайда болады. Атты енгізу пернетақтада [Enter]
батырмасын басумен аяқталады.
Файлдарды көшіру және орнын ауыстырудың тағы да бір қолайлы тәсілі бар.
Жоғарыда аталып өткендей, мәселелер тақтасында терезенің ортасында таңдалған
файлмен қажетті әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін әртүрлі командалар
орналасқан. Ол үшін, егер мәселелер тақтасының жоғарғы тізімі жималанған болса, онда
[
Тізімді жаймалау] батырмасын басып, оны жаймалау керек. Тізімде барлық әрекеттер
жазулары бар батырмалармен белгіленген. Файлды немесе файлдар тобын белгілеңіз
және бағдарлама терезесінің орта жағындағы мәселелер тақтасында орналасқан
батырманы басыңыз. Батырманың қасында Файлды көшіру (Copy this file) жазуы бар.
Экранда көшіруге арналған орынды таңдауды ұсынатын диалог пайда болады (3.3-сурет).
Тізімде сіздің компьютеріңіздің барлық дискілері мен бумаларын табуға болады.
Сонымен бірге, сіз бар буманың ішінде жаңа буманы жасай аласыз, ол үшін ол
орналасатын буманы белгілеп, Бума құру (Create folder) батырмасын басу керек. Бумалар
тізімімен жұмыстың алдында сипатталған ұқсас әрекеттерден айырмашылығы жоқ.
Қажетті орынды таңдап, Көшіру (Сору) батырмасын бассаңыз, сіз файлдарды көшіру
үрдісін іске қосасыз.
Файлды көшіру батырмасының үстінде файлдардың орнын ауыстыруға арналған
Файлдың орнын ауыстыру батырмасы бар. Онымен жұмыс жоғарыда аталғанмен ұқсас
келеді. Файлды немесе файлдар тобын белгілеп, батырманы басасыз, пайда болған
диалогта файлдар үшін жаңа орынды таңдап, Орнын ауыстыру (Move) батырмасын
басасыз.
Тапсырмалар тізімінде кейбір кең таралған тапсырмаларды орындауды
жеңілдететін басқа да батырмалар бар. Файлдың атын өзгеру батырмасын басып, сіз
3.3-
сурет. Көшіруге арналған орынды таңдау
26
3
тарау
Файлдар және бумалармен жұмыс сипаттамалары
таңдалған файлдың немесе буманың атын өзгерте аласыз. Файлды басып шығару
батырмасын басқаннан кейін таңдалған файл басып шығарылады, ал Файлды жою
батырмасын басу оны жойып жібереді. Файлды интернетте жариялау үшін Файлды вебте
жариялау батырмасын басқан жөн, ал бұл файлды электрондық пошта арқылы жіберу
батырмасы файлды электрондық пошта арқылы жібереді.
Файлдарды көшіру және орындарын ауыстырудың тағы бір тәсілі бар. Ол үшін
сілтеуіштің екі терезесін қолдану оп-оңай. Аталған бағдарламаның екі көшірмесін іске
қосып, олардың терезелерін жұмыс үстелінің жанында орналастыру қажет. Бір терезеде
әуелгі буманы ағымдағы етіңіз, ал екіншісін – файлдарды көшіргіңіз келетін етіп. Содан
соң тышқанмен қажетті файлдарды бір терезеден басқасына апарыңыз. Осы орайда,
сілтеуіш терезінде дисктер мен бумалардың ағаштарын қолданудан гөрі, мүлт кету
барынша қиынырақ болып табылады.
Файлдармен операциялар жасаудың әртүрлі тәсілдерін қарастырдық, себебі бұл
операциялар өте маңызды және кең таралған. Сіз қандай тәсілді таңдасаңыз да, нәтиже
толығымен бірдей болады. Әртүрлі тәсілдермен жұмыс істеп көріңіз және сізге барынша
қолайлы нұсқасын таңдаңыз.
Жаңа бумалар, файлдар және таңбашаларды құру
Әдетте, жаңа файлдар әртүрлі бағдарламалар көмегімен жасалады, мысалы,
мәтіндік редактор мәтіндік файлдарды, ал графикалық редактор суреттерді жасайды.
Алайда, сіз файлдар мен бумаларды тікелей сілтеуіште құра аласыз.
Көп жағдайларда басқа файлдарға сілтеме жасайтын жаңа бумалар мен таңбашалар
осылай жасалады.
Ең алдымен, буманы, файл немесе таңбашаны құру үшін сіздің компьютеріңіздің
бумалары мен дисктері бойынша бару жолымен сіз жаңа нысанды құрайтын бумаға орын
ауыстыру қажет. Бұдан кейін, ағымдағы бума ішіндегісінің тізімі орналасқан сілтеуіш
терезесінің оң жақ бөлігінің бос орынында тышқанның оң жақ пернесімен шертіп,
көмекші мәзірді шақыру керек. Пайда болған мәзірде Құру (New) командасын таңдаған
жөн. Сонымен бірге, бағдарлама мәзірінің Файл ^ Құру (File -> New) командасын
таңдауға болады. Қай жағдайда да экранда сіз құра алатын нысандар тізбесімен көмекші
мәзір пайда болады.
Егер сіз буманы құрғыңыз келсе, онда осы мәзірдің Бума (Folder) командасын
таңдаған жөн. Сілтеуіш терезесінің оң жақ аймағында тізімде буманың жаңа белгішесі
пайда болады. Сізге жүйе құрылатын бумаға Жаңа бума (New Folder) атауын
ұсынатынына назар аударыңыз. Пернетақтамен енгізу көмегімен сіз осы атауды басқаға
ауыстыра аласыз. Атты енгізу аяқталғаннан кейін [Enter] пернесін басу қажет. Бума
құрылғаннан кейін оның аты сіздің компьютеріңіздің бумалар тізімінде пайда болады
және сіз кез келген басқа бумамен жұмыс істеген сияқты осы бумамен де жұмыс істей
аласыз, яғни онда файлдарды құра аласыз, оның орнын ауыстыра аласыз және т.б.
27
3.2
Жаңа бумалар, файлдар және таңбашаларды құру
Достарыңызбен бөлісу: |