ШЫРШАНЫ МОНШАҚТАРМЕН БЕЗЕНДІРЕЙІК.
Материал: Шырша бейнесі, белгілермен 15 карточка, логикалық пішіндер жинағы
Мақсаты:
• қасиеттерді айқындау мен дәлелдеу ептіліктерін дамыту
• «сызбаны оқу» ептілігі
• реттік санау дағдысын бекіту
Ойын сипаттамасы:
Шыршаны моншақтармен безендіру керек. Шыршада моншақтардан 5 қатар болу керек. Әр қатарда үш моншақтан. Карточкадағы сандар моншақ жібінің реттік нөмірі берілген (есеп шыршаның жоғарғы жағынан басталады). Моншақтардың бірінші қатарын ілейік (1 саны бар карточкалар). Боялған шеңбер жіптегі моншақтың орынын көрсетеді. Бірінші моншақ кішкентай сары шеңбер, екінші үлкен сары шаршы, үшінші кішкентай сары үшбұрыш. Енді үйлесімде қалған моншақтарды ілеміз.
АРХИТЕКТОРЛАР (БАЛАЛАР АЛАҢЫ)
Материал: Алгоритмдер №№ 1,2 Дьенеш блоктары
Ойын сипаттамасы: Балаларға балалар алаңының жобасын әзірлеу ұсынылады
• керекті құрылыс материалдарын таңдау
• балалар алаңының объектісін құру
Құрылыс материалдары ережеге сәйкесті қатаң түрде таңдалады (№ 1 алгоритмі бойынша немесе №2 алгоритмі бойынша). Құрылыс материалдарын қалай таңдау керек? № 1 алгоритмді қолдана, бұны бірге жасайық.
Кез – келген блокты аламыз. Мысалы, үлкен, көк, жуан, үшбұрышты блок. «Бастау» сөзі бізге қай жерден жолды бастау керектігін көрсетеді (сызба блогы бойынша қозғалыс). Ромбыда сұрақ: "қызыл біздің блок па?" - Жоқ. Оңға қарай қозғаламыз. Екінші ромбыда сұрақ: "шеңбер біздің блок па?" – Жоқ, сонымен сызба блоктың соңына жетеміз. Біздің блок құрылыс кезінде қолданылуы мүмкін.
Енді үлкен қызыл жіңішке шеңбер блокты алайық. «Қызыл?» сұрағына «Иә» - деп жауап беріп, сол жаққа қозғаламыз. Ереже бойынша қызыл түсті көк түске ауыстырамыз да, енді көк блокпен бастамаға ораламыз. «Қызыл?» сұрағына «Жоқ» - деп жауап беріп, оң жаққа қозғаламыз. «Шеңбер?» сұрағына «Иә» - деп жауап беріп, шеңбер нысанын шаршыға ауыстырамыз.
Осымен соңында біздің блогымыз үлкен, көк, жіңішке шаршы болады. Осыған орай біздің барлық құрылыс материалдары не қызыл емес, не шеңберлі емес болып шығады (көлемі мен қалыңдығы рөлге алынбайды). Сонымен құрылысқа кірісуге болады. Ең мықты жобалар қошеметтелінеді.
Ең мықтылар № 2 алгоритмді қолдана, ең күрделі таңдауларға қатыса алады. (ойын идеясы О.Финкельштейнге жатады).
ЛОГИКАЛЫҚ ПОЙЫЗ.
Материал:
1.Түрлі түсті үш паровоза (көк, сары, қызыл).
2.Әр пойызда өз нөмірі: 1 2 3 4, 5 6 7 8, 9 10 11 12.
3.4 вагон.
4.Қасиеттер өзгерісінің белгілері бар карточкалар, сандар арасындағы қатынас бейнесі бар карточкалар
5.Дьенеш блоктары және логикалық пішіндер
жинағы.
Ойын мақсаты:
• логикалық әрекеттері мен операциялау қабілеттерін дамыту
• карточкадағы бейнеленген ақпаратты кодсыздандыру (шифрды шешу) ептілігі
• карточкадағы бейнеленген сызба сәйкесінде заттар қасиетінің түрін өзгерту ептілігі
• ережеге қатал сәйкесті ретімен әрекеттену ептілігіу
Ойын сипаттамасы:
Ойында барлық топ балалары қатыса алады, 9-12 адам.
Педагог, сосын балалар өздері ойын материалын жайғастырады: пойыздар, вагондар, әр вагон үстіне қасиеттер өзгерісінің белгілері бар карточкалар қойылады (карточкалар еркінше таңдалады), сонымен қатар сандық қатынасы бар карточкалар жайғастырылады.
Біздің жүкті пойызымыз ерекше, логикалы. Әкеле жатқан жүктері, вагоннан вагонға жүктелінеді. Әр вагонда, вагондар үстіндегі карточкада бейнеленген ережеге сәйкесті өзгерістер жүргізіледі.
Әрекет реттілігі. Топтарды пойыздар бойынша бөлу.
• Әр бала сандық қатынасы бар карточканы алады, мысалы, 2<*<4, *белгіленген саны табады - ол 3, ендеше оның жүгі сары пойызға жүктеледі ("3" мына пойыз нөміріне кіреді 1 2 3 4). Осыған орай барлық балалар үш топқа бөлінеді (жүктерді сары, көк және қызыл пойызда тасиды)
Жүкті тасымалдау
• Өзінің жүгін ережеге сәйкесті барлық вагондардан өткізу керек (сағат тілі бойынша қасиеттердің өзгеруі). Мысалы, сары вагонда логикалық пішін келе жатыр: үлкен қызыл үшбұрыш, бірінші вагонда (пойыз басынан ол көлемін өзгертіп, кішкентай қызыл үшбұрыш болады, екінші вагонда түсін өзгерткеннен кейін, ол кішкентай сары үшбұрыш болады, үшінші вагонда оның нысаны өзгереді, ол кішкентай сары тікбұрыш болады, ал ақырғы төртінші вагонда қайта түсі өзгереді – біздің жүгіміз кішкентай көк тікбұрыш болады.
• Саяхатты пойыздың сол жағынан бастаймыз, сол жерге жүкті қоямыз, ал барлық вагондарда болып шыққан жүкті, ақырғы вагонның оң жағына қоямыз. Осыған орай пойыздың сол жағына үлкен қызыл үшбұрышты, ал ақырғы вагонның оң жағына кішкентай көк тікбұрышты қоямыз. Топтың барлық балалары тапсырманың дұрыс орындалғанын тексеруге тәрбиешімен бірге қатысады.
• Келесі жүкті аламыз, онымен де осы әрекеттерді жасаймыз. Қай топ тасымалдауға көп жүк дайындаса, сол топ жеңімпаз аталынады.
Ойынның ары қарай дамуына арналған бір нұсқасы:
• Жіберу пунктісі мен жүкті белгілеуді таңдау (объектілер құрылысы және т.б.)
• Жүк үшін ілеспе құжаттарды рәсімдеу (саны, түрі (қасиеттері шифрланған).
Ойынды меңгеру кезеңінде, вагондардың алғашқы саны 1 - 2, сосын вагон саны төртке дейін арттырылады. Вагон үстіндегі орналасқан қасиеттері бар карточкалардың орынын өзгерту, осы ойынды бірнеше рет жүргізуге мүмкіншілік береді (балалар қызығушылықтары мен тілектері бойынша).
САНДАР МОЗАИКАСЫ.
Материал: белгілер мен мысалдар бейнеленген 48 карточка.
12 сандық карточка.
Заттар бейнеленген карточкалар (түсімен қалыңдығы көрсетілген)
15 заттық карточка
Дьенеш блоктары
Ойын мақсаты:
• карточкадағы бейнеленген ақпаратты кодсыздандыру (шифрды шешу) қабілеттерін дамыту
• Берілген қасиеттер бойынша блоктарды таңдау ептіліктері.
• Есептеу әрекет дағдыларын бекіту.
Ойын сипаттамасы:
Балалар өзара белгілер мен мысалдар бейнеленген 48 карточкаларды бөлісіп алады (мысалы, егер ойыншылар 12 болса, онда әр қайсысы 4 карточкадан алады). Әр бала өз карточкасында мысалдарды шешеді, "шифырын шешеді" және шифрға сәйкесті блокты алады, сосын заттар бейнесінде оған орын табады.
Егер барлық блоктар дұрыс таңдалса, онда 15 заттық бейнелердің барлығы толтырылады. Мысалы, бала карточка таңдады: (қызыл, шеңбер, үлкен емес, жуан емес, 6-4), демек ол қызыл, шеңбер, кішкентай, жіңішке блокты алып, 2 санымен белгіленген адам пішініне, бөлікке орналастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |