Тәжірибенің негізгі мақсаты:
Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын қарапайым математикалық түсініктерін Дьенеш блогы арқылы қалыптастыру,
Сөздік қорларын, тілдерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Балаларды геометриялық фигуралар және заттардың формасы мен өлшемімен таныстыру.
Балаларда көрнекі –бейнелі ойлауды дамыту және ақыл –ой әрекетін қайта құрудың шарттарын, сөздік –логикалық ойлауға өтуін дамыту.
Міндеттері:
Баланың танымдық қабілеттерін қалыптастыру.
Заттардың пішінімен, санын, түсін, көлемімен,
қасиет ұғымдарын дұрыс түсіне, айтуға үйрету.
Дьенеш пішіндерін қолдана отырып, Семадени белгілерін
дұрыс қолдана білуге жаттықтыру.
Балалардың ақыл –ой қабілетін, өзбетінше ойлауын, ойлау операцияларын: талдау, біріктіру, салыстыруды, жалпылау қабілетін;
кеңістікті қиялды дамыту.
Күтілетін нәтиже:
Пішін, көлем, түс, қасиет ұғымдарын меңгереді.
Байланыстырып сөйлеу дағдылары қалыптасып,
ауызша сөйлеу формасын игереді.
Логикалық ойлау қабілеттері арттады.
Бұл белгілердің пішіні квадрат карточкаларда (өлшемі 5х5см) салынады.Олардың әрбіреуіне фланель жапсырылады, фланелеграф тақтайында қолдану үшін.
Бұл белгілер арқылы балалар нақты геометриялық пішіндердің қасиеттерін бере алуы тиіс. Егер мысалға, қыз бала үлкен көгілдір, қалың үшбұрышты таңдаса, онда бұл жағдайда ол фланелеграфқа жапсыратын үшбұрышы бар карточканы алады да ауызша былай айтуға тиіс:
-Мен ұшбұрышты таңдағанымды білдіреді, себебі үшбұрыш көгілдір, тәрбиеші пішінін, сапасын білдіретін белгіні тауып қасына қоюға кеңес береді. Тәрбиеші балаларға өлшемді білдіретін төрт белгіні көрсетеді (үлкен,кішкентай) және қалыңдығын білдіретін ( қалың, жүқа) Балалар тез арада карточканың қайсысы «үлкен» қайсысы «кішкентай» дегенді білідіргенін түсінеді .
«Үлкен» деген мағынаны білдіретін карточка фланелеграфқа «жұқа» мағынасы бар карточканың қасына қойылады.
Енді бала фланелеграфқа қарап былай жауап береді: Үшбұрыш пішіні-түсі көк,көлемі үлкен және жұқа.
Бұл балалар үшін жаңа бір нәрсе болды. Олар таңдаған геометриялық пішін қандай екендігін «оқи алуға» мүмкіндік береді. Дәл осындай жағдай сары, қалың, кішкентай –шеңбер сияқты геометриялық пішіндермен қайталанады.
Дидактикалық ойынның мәні мынада болды: балалар қапшықтан алынған геометрия-
лық пішіндердің белгілерін «кодтауға» және «жазып алуға» тиісті болды.
Балалар белгілерді суреттеп уақыт алмау үшін тәрбиеші оларға көлемі 2,5х2,5см-ден 9 карточка дайындады. Балалар белгілермен еркін қолдануды үйренді. Бұл кейіннен «емес» болымсыздық белгісін енгізуге мүмкіндік берді. Ол суреттік кодта тиісті код
суретінің айқастыра сызып тастау түрінде көрсетіледі. Код белгісі мен «емес» болымсыздық сөзінің қатар қолданылуы оны код мәнін ашу қиындығын туғызатын жағдаймен байланысты болады. Бұндай белгіні түсіну үшін оған қарама-қарсы белгіні таңдап қолдану қажет. Ал егер таңдау екі белгі арасында жасалып жатқан кезде, мысалы: «үлкен»-«кішкентай», «қалың»- «жұқа» онда бұл жағдайда
-үлкен емес деген белгі - кішкентай дегенді
білдіреді.
- кішкентай емес деген белгі - үлкенді білдіреді
- қалың емес деген - жұқа дегенді білдіреді.
- жұқа емес деген - қалың дегенді білдіреді.
Болымсыздық белгілерін «Қандай кубик екенін тап» деген ойында қолдану жеңіл. Үстел басына бірнеше бала отырғызылады. Үстелдің ортасына коды бар алдын-ала дайындалған карточкалар қойылады. Жабық жәшікте көлем белгілері мағынасың болымсыздық белгілері орналасады. Мысалы:
-үлкен емес - кішкентай емес.
Ойында сондай-ақ, көлем сипаттамасының ені мағынасының болымсыздық белгілерін қолдануға болады. Мысалы: қызыл түсті, қалың емес, кішкентай емес ұшбұрыш.
Болымсыздық белгілері бар карточкалар бірінші қатарға қойылған соң оның астына қалыңдық пен көлемді білдіретін тиісті карточкалар қойылады.
Мысалы:
Болымсыздық белгілері қолданумен ойнатын ойынды қиындатуға болады. Егер болымсыздық белгісі түс сипаттамасымен байланысты болатын болса, ойын қиындай түседі. Бұндай жағдайда балаларға осыны түсінуге қиын болады .Мысалы: Тиісті карточкаларды таңдаған кезде және оларды оқыған кезде:
-қызыл емес,демек көкгілдір немесе сары
ж-көгілдір емес, демек қызыл немесе сары
-сары емес, демек қызыл немесе көгілдір
Карточкалар жиынтығы енді әрбір түсті жоққа шығару белгілерімен байиды. Бұндай қиындатылған ойынның нұсқасында карточканың мәнін тек қана арнайы бір түстің болымсыз формасын түсіндіру жеткіліксіз болады, мысалы: «қызыл емес» және оны үстелге қою .Себебі бұл көгілдір немесе сары түс те болуы мүмкін. Ойында тағы бір элемент қолданылады, мысалы мынадай сұрақ: сары түсті ме? Егер бұл сұрақтың жауабы жоққа шығарылса, онда анықталып жатқан геометриялық пішіннін түсі көгілдір,себебі ол қызыл не сары болмаса онда ол көгілдір болады. Бұл логикалық шешім болып табылады.Ойынның соңында ойынның кодтары бар суреттері мына ретімен салынады.
шеңбер көк жұқа үлкен
Бұл ойынды одан да қиындатуға болады. Бұндай ойында 4 түрлі геометриялық пішінді қолданумен ойналады. Осы ойында балалар 3 альтернативаға тіреледі: егер бұл геометриялық пішін шеңбер болмаса, квадрат немесе тіктөртбұрыш бола алады. Мысалы:
егер
немесе онда немесе
Бұнда бір сұрақ қоймай бірнеше сұрақ қою керек, сонда геометриялық пішіннін формасы анықталады.Ойын мына түрде өткізіледі: Тәрбиеші алақанында кез келген пішінді тығып тұрады да, сұрақ қояды:
-Менің қолымда қандай пішін бар?
-Үшбұрыш емес пе?
-Жоқ.
Балалар өз алдарына карточканы қояды.
Бұл ойын арықарай дұрыс фигураны тапқанша жалғасады.
Қиылыспайтын жиынтықтардың пайда болуы. Геометриялық пішіндер қолданатын ойындар мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға әртүрлі екі сипаттамасымен түсіндірілетін екі жиынтықтардың пайда болу дағдыларын қалыптастыруға арналады. Бұндай ойындар бір топ балалармен ұйымдастырылады (мысалы бір үстел басында отырғанда ) Кезекшілер логикалық геометриялық пішіндердің жиынтығын, суреттік коды бар карточкаларды және екі дөңгелекті дайындайды. Тапсырма былай беріледі: Екі дөңгелекті үстелдің ортасына бір-біріне жақын орналастыру қажет. Дөңгелектің біреуіне барлық сары түсті геометриялық пішіндерді салып, олардың үстіне «сары түсті» карточканы қою қажет. Ал қалған сары емес пішіндерді екінші дөңгелектің ішіне салып, оны «сары емес» карточкамен белгілеу керек.
Сары түстілер Сары еместер
Достарыңызбен бөлісу: |