Жастармен және жастар ұйымдарымен жұмыс
Қала аумағында 6 жоғары оқу орыны, 19 колледж жұмыс атқарады.
Облыста 37 жастар ұйымдары әрекет етеді, ішінде 27 белсенді қызмет атқарады.
1) «Өскемен қаласындағы жастар және жастар саясаты» қалалық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, нашақорлықтың, ішімдікке салынудың, темекі шегудің, токсикоманияның алдын-алу, уақытша жұмысқа орналастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді.
Тұрақты негізде құқық сақтау органдарымен, үкіметтік емес, әсіресе жастар ұйымдарымен, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының өз-өзін басқару органдарымен бірлесіп нашақорлықтың алдын-алу жұмысы жүргізілді: дөңгелек үстелдер - 11, семинар-тренингтер - 9, 700 – ден астам кездесулер, сұқбаттар, 30 спорттық – бұқаралық іс-шаралар, ақпараттық парақшаларды тарату, фильмдер көрсету, т.б.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде ШҚО наркология диспансерінде есепте тұрған жастар саны төмендеді: 2008 және 2009 жылдары 3 049 және 3 159 жас азаматтар есепте тұрса, 2010 жылдың аяғында 2419 адам болды.
1. 2007 жылдың желтоқсанында Өскемен қаласының мәслихат сессиясының Шешімімен бекітілген «2008-2010 жылдарға арналған Өскемен қаласының жастар және жастар саясаты».
2. 2011 жылдың 6 қаңтарында Өскемен қаласының әкімдігінің № 10000 Қаулысымен бекітілген «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары» (№ 3 статегиялық бағыт «Өскемен қаласында жастар және жастар бірлестіктерінің дамуына жағдай жасау»).
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 25 мамырындағы № 76-ө өкімімен бекітілген «2009 – 2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпыұлттық бастамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары».
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 Қаулысымен бекітілген «2010 - 2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасы»
5.Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары М.С. Әшімбаевтың 2011 жылғы 31наурызында бекітілген 2011 жылға арналған «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» жастар марафон-эстафетасының маңызды іс-шараларының желілік кестесі.
6. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасының орынбасары М.С. Әшімбаев 2011 жылғы 31 наурызында бекіткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында өткізілетін жастар саясаты саласындағы елеулі іс-шаралардың желілік кестесі
7. Өскемен қаласының әкімі И.Ә. Әбішевпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу бойынша Өскемен қаласының іс-шаралар жоспары
8. ШҚО мәслихатының 2010 жылдың 24 желтоқсанындағы № 26/321-IV шешімімен бекітілген «2011-2013 жылдарға Шығыс Қазақстан облысында қылмыстықтың алдын-алу бағдарламасы»
9. 2008 жылдың 17 сәуіріндегі Өскемен қалалық мәслихатының № 6/8 шешімімен бекітілген «2008-2010 жылдарға Өскемен қаласында құқықбұзұшылықтың алдын-алу және қылмыстықпен күресу бағдарламасы»
10. ШҚО мәслихатының 2007 жылдың 14 желтоқсанындағы № 3/43-IV шешімімен бекітілген «2008-2010 жылдарға Шығыс Қазақстан облысында қылмыстықтың алдын-алубағдарламасы»
11. Өскемен қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 шілдесіндегі № 16/3 шешімімен бекітілген «Өскемен қаласында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасының» негізінде «2010 жылға арналған Өскемен – есірткісіз қала» кешенді Қозғалыс
12. «Бірлігіміз жарасқан – Мы одна команда!» жалпыазаматтық бастама
13. Өскемен қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 шілдесіндегі № 16/3 шешімімен бекітілген «Өскемен қаласында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған бағдарлама»
14. ШҚО Мәслихатының 2008 жылдың 19 желтоқсанындағы № 10/132- IV шешімімен ««Шығыс Қазақстан облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама»
2) Бағдарламаны қаржыландыру бюджетпен қарастырылған қаржы шеңберінде жасалды. 2010-2011 жылдары жалпы 10,7 млн. теңге игерілді. 2010 жылы 5,7 млн. теңге, 2011 жылы 13 млн. 137 мың теңге. 3 млн. теңге республикалық «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» марафон-эстафетасы барысында игерілді, 10 млн. 137 мың теңге іс-шараларға көзделді. Бағдарламаның әкімшісі «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ болды. Бюджеттік қаражаттың мақсаттық пайдалауын тексеру 2010 жылдың қарашасында ШҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясымен өткізілді.
3)Өскемен қаласында жастар саны - 74 046 адам.
4) Жас отбасылар саны – 12 мыңға жуық.
5) Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған жас тұлғалардың, оның ішіндежұмысққа ораналасқан жастардың саны туралы ішкі саясат бөлімінде мәлімет жоқ.
6) 2001 жылдың 9 қаңтарында № 1-1245р Өскемен қаласы әкімі өкімімен Өскемен қаласы әкімдігінің жанында жастарісі жөніндегі үйлестіру Кеңесі құрылып, негізгі функциялары жастар бірлестіктерінің дамуына ықпал ету, жастар ұйымдарының жұымысын үйлестіру, жастар мәселелерін шешуге, іс-шараларды өткізуге тарту, жастар арасындағы қылмыстыққа, нашақорлыққа және ішмдікке салынуға қарсы күресу және алдын-алу бойынша құқық сақтау органдарымен бірлесіп жұмыс істеу болды.
Кеңестің отырыстарында қаланың мемлекеттік органдарына орындау үшін ұсыныстар қабылданады. Хаттамалар орындаушыларға жолданып, келесі отырыстарда ұсыныстарды орындау туралы есептер тыңдалады. Жастарды демалыс кезеңінде уақытша жұмысқа орналастыру бойынша ІІІ еңбек семестрін, ІV еңбек тоқсанын ұйымдастыру туралы, құрылыс, сервис, педагогикалық жасақтарын, «Жасыл Ел» жасақтарын құру бойынша, қалалық іс-шараларды дайындау және өткізуге, Полицияға көмектесу студенттік жасақтарға жастарды тарту бойынша ұсыныстар орындалды.
7) Жастардың әлеуметтік құқығын қамту.
Өскемен қаласының мәслихатының 2009 жылдың 30 желтоқсанындағы № 20/2 «Өскемен қаласының 2010-2012 жылдарға бюджеті туралы» шешімімен 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап күндізгі оқу бөлімімің университеттерінің барлық студенттеріне және колледждердің, кәсіби лицейлердің және кәсіби мектептердің оқушыларына сатылатын студенттік жол жүру билеттері енгізілді. Студенттік жол жүру билетінің құны 3000 теңгені құрайды, жай билеттің құны 4 000 теңге. 2011 жылға жеңілдікпен жол жүру Өскемен қаласының мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсанындағы № 29/5 «Өскемен қаласының 2011-2013 жылдарға бюджеті туралы» шешімімен енгізілді. 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеңілдетілген жол жүру билетінің құны 3 500 теңгені құрайды, жай билеттің құны 4 500 теңге. .
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Автокөлік транспорты туралы» Заңына сәйкес, 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға жол жүру билеттерін пайдалану қарастырылған, билеттің толық құнының 50 % төлеген жағдайда.
«Студенттік тұрғын үй» бағдарламасы аясында Образцовая 3 мекен жайда 240 орынға арналған студенттік жатақхана ашылды.
Жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.
Өскемен қаласы тұрғындарын жұмыс пен қамту жүйесін жетілдіру бойынша 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарына сәйкес, 2010 жылы 500 адам оқытылды. Қала оқу орындарын бітірушілерін уақытша жұмыспен қамту және еңбек нарығында бәсекелестікке қабылеттіліктерін арттыру үшін Жастар тәжірибесі ұйымдастырылып, жүзеге асырылуда. 2009-2010 жылдары Жұмыспен қамту және Жол картасы бағдарламалары аясында 2 575 (жүгінген адамдардың 24%) адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 1250 жоғары оқу орындарының, 859 колледждердің, 355 кәсіби лицелердің түлектері. Тәжірибені өту туралы келесім-шарттар қаланың 95 кәсіпорнымен жасалды.
Тәжірибе біткеннен соң тұрақты жұмысқа 2105 адам орналасты, ол қатысушылардың 82 % құрады.
Ағымды жылы оқу бітірушілерді жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту жұмысы жалғасуда. 2011 жылы бағдарлама аясында 370 оқу бітірушіні қамту жоспарланып отыр.
Оның ішінде «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша – 120 адам. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 250 адамды қамту жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылда 2010-2011 жылғы оқу орындарының түлектері қатарынан жұмыспен қамтуда көмек көрсетуге 2457 адам өтініш берді. Білім деңгейлері бойынша сапалық құрамы келсі түрде болды: жоғарғы біліммен 161 адам, орта кәсіби біліммен – 230. Мамандықтар бойынша: қаржыгерлер, экономистер, заңгерлер, мұғалімдер, оқытушылар, экономиканың әр түрлі салаларының инженерлері, машинақұрастыру және аспап жасу технологтары, менеджерлер, ақпараттық технологиялардың мамандары, менеджерлер, техниктер-теплотехниктер.
2011 жылдың ағымдағы кезеңі бойынша қалалық жұмыспен қамту қызметі арқылы 2 269 адам жұмысқа тұрғызылды, соның ішінде 1123-14-29 жастағы жастар. Жастар арасынан 127 адам кәсіптік оқытуға жіберілсе, әлеуметтік жұмыс орындарға – 72, жастар тәжірибесі аясында құрылған жұмыс орындарына 127 адам, қоғамдық жұмысқа тартылғандар саны-551. Тәжірибешілер келесі мамандықтар бойынша жұмыс істейді: дәрігер, заңгер, есеп пен аудит, қаржыгер, мұғалім, шаштаразшы, ЭЕМ техник-операторы, аудармашы, журналист, және т.б.
Жастарды жұмыспен қамтуды ұйымдастырудың бір түрі «Жасыл ел» жасақтары және студенттік құрылыс және жастар жасақтары болып табылады.
Өскемен қаласы бойынша СҚЖЕЖ жұмыстарын белсендіру мақсатында облыстық Штаб жанында қалалық филиал құрылды, оның жанында педагогикалық, сервистік, туристік жасақтар қызмет атқарады.
Құрылыс жасақтарындағы жауынгерлердің саны өсіп келеді және 2010 жылы оның саны 1292 адамға жетті. «Жасыл ел» елді көгалдандыру бағдарламасы аясында, респбликалық штабтың квотасы бойынша 2010 жылы 301 студент, 2011 жылы – 210 адам жұмыспен қамтылды.
Аталған бағдарламалармен бірге 2011 жылы «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» марафон-эстафетасы аясында демалыс кезінде 207 адам жұмыспен қамтылған.
8) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен, «Іскерлік болашақ» қоғамдық қорымен бірлесіп 2010 жылы тұрғындар үшін, әсіресе жас кәсіпкерлер үшін бес семинар-тренинг өткізілді.
Кіші және орта бизнестің кәсіпкерлік бастамасын және іскерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында 2010 жылдың 14 мамырында 2009 жылдың қорытындысы бойынша «Кіші және орта бизнес саласында үздік кәсіпкер» байқауы ұйымдастырылды. «Үздік жас кәсіпкер» номинациясы енгізілді.
2011 жылдың 18 наурызында Нұр Отан» ХДП Өскемен қалалық филиалының, қалылық бөлімдердің, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының, ЖОО студенттерімен ұстаздарының, бұқаралық ақпараттық құралдарының қатысуымен «Жастар және кәсіпкерлік» дөңгелек үстелі өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты-кәсіпкерліктің дамуы және «Бізнестің жол картасы-2020» Мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағытының жүзеге асырылуы туралы жастардың ақпараттандылуы.
2011 жылдың 26-27 мамыры, 6-7 маусым, 28-29 маусым және 4-5 шілдеде қалалық кәсіпкерлік, ауылшарушалық және малдәрігерлік бөлімі «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп «Бізнестің жол картасы-2020» Мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағытының аясында «Бизнес-кеңесші» семинар-тренингі өткізді. Семинар нәтижесі бойынша қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
9) Өскемен қаласында Жанұяны және балаларды қолдау орталығы құрылды және қызмет етеді. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша осы орталықпен Өскемен қаласының ІІБ КЖТБ есепте және мектепішілік есепте тұрған барлық жасөспірімдердің мәліметтер базасы құрылған. Мәліметтер базасы ай сайын жаңарып отырады. Қаланың ІІМ КЖТБ мәліметі бойынша 2010 жылдың мамыр айында есепте 388 жасөспірім ( 2010 жылдың 2 тоқсанымен салыстырғанда төмендеу байқалады 3,62 %), 133 «нашар» жанұя, 2565 аз қамтамасыз етілген жанұя тұр.
Денсаулық сақтау саласында кадрлардың жетіспеушілігін төмендету мақсатында 2011 жылы 11 пәтер бөлінді, олардың санын 80 жеткізу жоспарланып отыр, әсіресе медициналық ЖОО түлектері үшін.
10) Дарынды жастарды қолдау мақсатымен 2010-2011 жылдары Абайдың және О. Бокейдің шығармашылықтарына арналған көркем оқу байқауы өткізілді. Байқауға қала мектептірінің 7-11 сыныптарының оқушылары және колледждің студенттері қатысты. Жастар қатысатын «Абай оқулары» үнемі өткізіліп тұрады.
Абай, Шәкәрім және М. Әуезовтың шығармашылығын жастар арасында насихаттау үшін 2010 жылғы маусымда және 2011 жылдың маусымында Абай ауданының үздік мектептеріне барулар ұйымдастырылды.
2010 жылғы сәуір-маусым ағымында жалпыбілім беру мектептерінің, өнер мектептерінің, аулалық клубтардың, балалар үйінің, балалар ауылдарының студиялар және Мәдениет сарайларының өнерпаз ұжымдарының балалары мен жасөспірімдерінің қатысуымен «Дарындар шұғыласы – радуга талантов», «Мен талантпын», «Отанға қызмет етемін!» әскери ән фестивалі өткізілді.
2010 жылдың сәуірінде «Би ырғақтары», «Сыңғырлаған дауыстар», «Адамдарға қуаныш сыйлыңдар», хор ұжымдарының қалалық конкурстарының үздік нөмірлерінен бағдарламасы құрылған «Жас Дарын» балалар шығармашылығы жыл сайынғы қалалық фестивальдің нәтижелерін қорытындыланды. Аталмыш концертке 1300 орта мектептер оқушылары қатысты.
2010 жылдың 25 маусымында, 2011 жылдың 25 маусымында Жастар күніне, Халықаралық нашақорлыққа қарсы күнге арналған кешенді іс-шаралар: Аблакетка тауына «Қазақстан» жазуына жылдам шығу, «Болашақ біздің қолымызда» футболдан турнир, «Хип-хоп, брейк-дэнс» фестивалі, рок-фестиваль, мерекелік концерт және жастар дискотекасы, «Темекіні кәмпитке ауыстыр!», Халықаралық нашақорлыққа қарсы күнге орайластырылған «Біз Тәуелсіз Қазақстан үшін!» аналардың акциясы, «Жастар таза экология үшін!» қала жастарының веложүгірісі өткізілді. 2011 жылдың сәуір-маусым ағымында жас таланттарды анықтау мақсатымен «Мен Талантпын», «Өскемен қаласының жұлдыздар фабрикасы» байқаулары өткізілді. Апта сайын қаланың кафе-барларында караоке-байқаулар өткізіліп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Наурыз, Жеңіс күні, мемлекеттік рәміздер күні, Астана күнін мерекелеу аясында Республика алаңында караоке бойынша турнир өткізіледі. 2010-2011 жылдары нәтижелері бойынша гала-концерт өткізілген және ең үздік өнер ұжымдарына және орындаушыларға алғыс хаттар мен құнды сыйлықтармен марапатталған «Студенттік көктем» байқау-конкурсы өткізілді.
11) Жастар үшін әлеуметтік инфраструктура объектілері.
ШҚО ішкі саясат Басқармасының көмегімен ШҚО АМИДО базасында Өскемен қаласының жастар және жастар ұйымдары үшін Ресурстық орталық құрылып, жұмыс істеуде. Орталық жұмысының негізгі бағыттары:
1. Жастар ұйымдарына және бастамашыл топтарына әдістемелік, материалдық – техникалық қызмет көрсету;
2. жастар саясатының сұрақтары бойынша жастарға және жастар ұйымдарына кеңес беру;
3. ақпараттық материалдарды әзірлеп, тираждау (буклеттер, әдістемелік материалдар);
4. оқыту семинарлар, корпоративтік мектептер өткізу;
5. жастар ұйымдарының әлеуметтік-маңызды жобаларының жәрменкесін өткізіп, жеңімпаз жобаларды қаржыландыру.
Қала әкімі И.Ә. Әбішевтің бастамасымен 20 тамызында дыбыс жазу кәсіби студияның ашылуы жоспарланып отыр. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде 5 жылға тегін «Бипэк Авто» ЖШС-мен берілген ғимаратта (мекен-жайы-Славский жағалауы 14), Балалар және жастар Сарайының сынақ алаңшасының ашылуы жоспарланып, Металлургтер Мәдениет сарайы 1 жылға іс-шаралар өткізуге жалға алынды.
12) Этноауылда қалалық іс-шараларға дәстүрлі түрде қатысатын «Шеберлер қаласы» өнер шеберханалары салынды. Жыл сайын скульпторлар симпозиумы өткізіледі, ағаш шеберлер мұражайы ашылды, «Найман» студиясы жұмыс істейді. Жас дарындарды айқындау мақсатында Балалар сүретшілер мектебі қызмет етеді. Абдуллиндер ағайындыларының атындағы Өнер колледжінің негізінде «Жігер» домбырашылар ансамблі құрылып, ай сайын кәсіби домбыраны меңгерген жастар саны көбеюде. Қазақстан Рсепубликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Спорт Сарайында өткен кездесуінде 500 домбырашы өнер көрсетті.
Қаланың дарынды жастарын қолдау жұмыстары жалғастырылып, жыл сайын белсендетіледі.
Өскемен қаласындағы жастар саясатының мониторингі тұрақты жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |