Кіріспе өзектілігі


Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру



жүктеу 1,44 Mb.
бет6/14
Дата30.07.2020
өлшемі1,44 Mb.
#31197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Курсовая МОИ

1.1 Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.

Оқушылардың тәрбиелеу тек сабақпен ғана шектеліп қоймайды, ол сабақтан тыс уақытта да жалғасады, тереңдетіледі. Сабақ процесі кезінде тәрбие міндеттерінің барлығын ашу мүмкін емес. Әр түрлі сыныптан, мектептен тыс жұмыстар жоспарлау қажет.

Сыныптан тыс жұмыстарға оқушылармен жүргізілетін тәрбиелік, білімдік сипаттағы мақсатты түрде ұйымдастырылған шаралар жатады. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға негіз болады.

Сыныптан тыс жұмыстардың оқу сағаттарының бір – қатар ерекшеліктері бар:

Бірінші ерекшелігі еріктілік негізінде ұйымдастырылады. Оқушылар әр түрлі шараларға қатысуды ерікті түрде таңдайды. Өз қызығушылығы, қабілетіне қарай әр түрлі үйірмелерге жазылып, сабақтан тыс уақыттарда өз қалауымен жеке және көпшілік жұмыстарға қатысады. Еріктілік сыныптан тыс жұмыстар түрлерін таңдау кезінде ғана болады. Педагогикалық және оқушылар ұжымының міндеті – сыныптан тыс жұмыстарға барлық оқушыларды тарту. Мұны ешқандай мәжбүрлеусіз жүргізу керек. Оқушылардың сабақтан тыс кезінде өзімен-өзі болып, сыныптан тыс шаралардан тыс қалуына жол бермеу керек.

Екінші ерекшелігі міндетті оқу бағдарламасымен байланысты емес. Оның мазмұны мен формалары оқушылардың қазығушылығына, сұранысына байланысты болады.

Үшінші ерекшілігі сыныптан тыс жұмыстарға қатысатын оқушылардың жас ерекшелігінің әр түрлігі. Мысалы, мектеп хорына, үйірмелерге әр түрлі жастағы беріледі.

Төртінші ерекшелігі сыныптан тыс жұмыстарда көбінесе оқушыларға өз бетімен жасайтын жұмыстар беріледі.

Бесінші ерекшелігі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қоғамдық пайдалы іс-әрекетке үлкен орын беріледі.

Алтыншы ерекшелігі – сыныптан тыс жұмыстың формасының, әдісінің әртүрлігі.

Төмендегідей бірқатар талаптарды орындағанда сыныптан тыс жұмыстардың құндылығы артады:

- Сыныптан тыс жұмыс өмірмен, тәжірибемен байланысты болуы керек.

- Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны, ұйымдастырылуы мектептің оқу-тәрбие жұмысына бағындырылуы қажет.

- Сыныптан тыс жұмыс үздіксіз өткізілуі тиіс.

- Сыныптан тыс жұмыс оқушыға түсінікті болуы және жаңа әдістермен өткізілуі қажет.

Тәрбиешінің жеке басының аты қызығушылығы, сапалы қасиеттері болмаса, тәрбие жұмысының табыстылығын көзге елестету мүмкін емес. Мұғалім өзінің мінез-құлқы, қарым-қатынасы арқылы балаларға өте сүйкімді, адал көрінуі мүмкін, бірақ оның қолынан ешнәрсе келмейтін, тек сабағын берумен ғана шектелетін мұғалім болса, балалар мұндай мұғаліммен жұмыс жасауды қаламайды. Егер мектепте бірде-бір мұғалім ән айтпайтын, жорыққа шықпайтын болса, би өнеріне қызығушылығы болмаса, сурет салмаса, гүл өсірмесе, спортты сүймесе, музыка үнін сезінбесе, күлкі-әзіл сезімі болмаса, табиғатты, өлке тарихын зерттемесе, өз оқушыларын қалай қызықтырып, өмірге дайындар еді. Егер ұстаздың рухани жан дүние әлемі бай болса, балалар да сондай болуға ұмтылады.

Ұстаздар ата-аналармен бірге отырып, әрбір оқушының қазықты, сүйікті ісімен айналыуына мүмкіндік беретін әр түрлі клубтар, үйірмелер ұйымдастыратын болса, өте маңызды болар еді.

Балаларға әсер етудің үш тәсілі бар: түрлі хабарлар арқылы оқушыларға әсер ету, балалардың жан дүниесіне, сезімдеріне тікелей әсер ету, балаларды әр түрлі қызықты іс-әрекетке қатыстырады.

Тәрбиелеу тек педагогикалық ұжыммен, отбасы алдындағы міндеттерді орындаумен шектелмеуі керек. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қызығушылығына қарай ұйымдастырылуы керек. Қосымша білім беру, балаға әсер ету мәдениет, ғылым, шығармашылық, іс-әрекет арқылы нәтижелі болатыннын білуіміз керек.

Жеке тұлғаның калыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабактан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.

Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы - бұл мектепте, мектептен тыс мекемелерде, коғамдык ұйымдар және бірлестіктерде, тұрғылыкты мекен жайда балалар және жасөспірімдермен оқудан тыс мезгілде өткізілетін жұмыс ретінде қарастырылады.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – сынып жетекшісінің және пән мұғалімдерінің жетекшілігімен сабактан тыс мезгілде оқушылармен өткізілетін тәрбие жұмысының түрі.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – оқушылардың рухани қалыптасуында, олардың азаматтық позицияларының (ұстанымдарының) белсенді қалыптасуында, интеллектілік және шығармашылык күштерінің толығуында педагогикалық ыкпал етудің бірден-бір маңызды кұралы.

Сонымен қатар, сыныптан тыс тәрбие жұмысы - тұлғаның әлеуметтік калыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын, мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабактың максатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ыкпал ете алады.

Сыныптан тыс жұмыс – оқушыларды жан-жақты тәрбиелеудің маңызды факторы. Мәселен, оқу процесінде оқушылардың акыл-ойының дамуы жүзеге асады: ойлау түрлері, ойлау операциялары, таным қабілеті мен кызығушылығы, оқу мотивтері дамиды, оқу әрекеттері - оқушы оқуға, жазуға, есеп шығаруға үйренеді; мәтінді әнгімелеуге, шығарма жазуға және т.б. дағдыланады, нәтижесінде интеллектуалдық мәдениеті калыптасады.

Ал сыныптан тыс жұмыс оларды қайырымдылыкқа, адалдыкқа, әділдікке, жауапкершілікке және т.б. адами касиеттерге тәрбиелейді. Сондай- ақ ол баланың өмір сүру жағдайында кездесетін әртүрлі жағдаяттар мен проблемаларды шешуге де өзінің ықпалын тигізеді. Өйткені баланың тұлға ретінде дамуында өмір жағдайы, көптеген факторлардың әсері мол. Бұл өмірлік жағдаяттардың шешімін табуда сыныптан тыс жұмыс- тардың аткаратын рөлі зор.

Сыныптан тыс жұмыс - оқушылардың өмір сүру және өзіндік әрекет етуінің еркін түрі (спорт, музыка, би, шығармашылық, таным әрекеттері, өзін-өзі баскару, тәрбие формаларын таңдау, өзіне-өзі қызмет көрсету және т.б.). Мұндай көз- қараста бала өзінің демалысын, көңіл көтеруін, бос уақытын тиімді өткізу қажеттілігін жүзеге асырады. Мұғалім оқушылармен еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады. Бұл мүғалімге окушының жеке басының ерекшеліктерін тануға және ұжымның даму жағдайын, ортаның ықпалын, оқушылардың өзара жолдастық карым-катынасын анытауға көмектеседі.

Сыныптан тыс жұмыстың ерекшелігі:

Біріншіден, сыныптан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жакты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат кұндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын калыптастырады.

Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі бағыттағы тәрбие жұмысы оқушы- ларда әрекеттің кайсыбір түріне катысты қызығушылыктың дамуына, оған белсенді катысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егер де балада еңбекке деген тұракты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уакытын кандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі. Сондықтан ол бүгінде өте күрделі мәселеге айналуда.

Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ғана ыкпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және коғамдық пайдалы істерді аткаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамкор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына коя білуге, тапсырылған ортак іске жауапкершілдікпен қарауға тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын (танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, т.с.с.) оқушылардың өзара ынтымақтастык тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп көрініс қойды делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді. Спорттық әрекетте балалар «бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» деген қағиданың маңызын жете түсінеді, т.с.с.

Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уакытка катысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзкарасы және сенімі тұрғысында әрекет етуге мүмкіндік берсе, екінші жағдайда, оның жауапкершілігін арттырады. Бүған қосымша, одан шығармашылық белсенділікті талап етеді.

Алтыншыдан, сыныптап тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бакылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардын жеке-дара даму деңгейін бакылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес кандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден аныктау өте көп киындықты ту- ғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста немкұрайлылыққа жол бер- меуді және оның нәтижесін бағалау- да оларда шиеленіскен жағдайдың болмауын кажет етеді.

Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабактан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұртшылықтың өкілдері катыстырылады.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының кұрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы максатын орындауға бағытталған — балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту жэне коғамдық тұрғыдан кабылданған ұлттық мәдени құндылыктар жүйесін калыптастыруды, оның кабілеттерін неғұрлым толык ашу, белгілі бір нәрсеге кызығушылығы мен ынтасын ояту, коғамдык белсенділігін шыңдау, бос уакытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері:


  • тәрбиенің жан-жақты салаларын жүзеге асыру;

  • оқушыда қоғамдық пайдалы белсенділікті тәрбиелеу;

  • оқушыларда білімнің әр саласына және тәрбие әрекеттің әр түріне кызығушылыктарын ояту және тереңдету;

  • тәрбие әрекетінде окушылар- дың өзіндік кабілеттерін аныктау және дамыту;

  • оқушылардың кәсіби бағытын жүзеге асыру; • мәдени демалысын ұйымдастыру;

  • оқушылардың өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі • жүзеге асыруға педагогикалық қолдау көрсету және т.б. Сыныптан тыс тәрбие жүмысының принциптері:

  • сынынтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формалары мен бағытын таңдаудың еріктілігі;

  • тәрбие жұмысының қай түрі болмасын, коғамдық бағытының болуы;

  • тәрбие жұмысының мақсатын жүзеге асыруда кешенділік және жүйелік принңипін басшылыққа алу;

  • балалардың бастамшылдығы және өздік іс-әрексттері, өздік бағыттылығының болуын қамтамасыз ету;

  • тәрбие әрекеті тек көңіл көтеру түрінде ғана болмауы тиіс, онда романтика, ойын, қызығушылықтың болуы міндетті;

  • көпшілік, жеке-даралық және ұжымдық формалардың үйлесімділігінің болуы;

  • сыныптан тыс тәрбие жұмыс- тарынын барлық түрлерінің сабак- тастығы және өзара эрекеттесуі қамтамасыз ету;

  • оқушынын жас және дара ерекшелігі мен кабілетін (денсаулығы, интеллектуалды даму деңгейі, кажет- тілігі, қызығушылығы, іс-әрекетінің сипатын және т.б.) есепке алу;

  • сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижелі болуы негізінен ұйымдастыру жұмыстарының нақтылығы, оқу кестесін немесе уакыттың қатаң сақталуын басшылыққа алу және т.б.

Принциптер тәрбие жұмысының мәнін анықтайды.

1) Сыныптан тыс жұмыста ба- лалар өздерінің қабілеттерін көр- сетеді, ұжым өмірінде өздерінің орнын табады, өзінің әрекетін еркін таңдауды жүзеге асырады, өздерінің кызығушылығы мен кажеттілігін ка- нағаттандырады, өзін-өзі таниды, қоғамның мәдени кұндылықтарымен карым-катынаска түседі, нәтижесінде тұлғаның өздік дамуы мен өзінің өміршеңдігін камтамасыз ету процесі жүзеге асады.

2) Сыныптап тыс жұмыс балалардың таным әрекетін белсендіруге, саналы кажеттілігін қалыптастыруға, ақыл-ойын, еркіндігін, сондай-ақ адамдармен қарым-қатынас жасау қабілетін дамытуға жағдай тудырады.

3) Сыныптан тыс жұмысы оқу-тәрбис процесінің бірізділігін қамтамасыз етеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мазмұны - бұл базалық және жалпы әлемдік пен ұлттық мәдениет тәжірибесін; өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениетін; экономикалық және еңбек мәдениетін, саяси, демократиялық және кұқық мәдениетін; интеллектуалдық, адамгершілік, көркемөнер және дене мәдениетін: қарым-катынас мәдениетін және отбасылық тәрбиені беру мен меңгертуді көздейді. Сондай-ак, сыныптан тыс тәрбие жұмысының мазмұнына әсер ететін косымша факторлар да болады [2, 66-69 - бб].

Олардың қатарына

1) Мектептің ерекшелігі және ондағы қалыптаскан дәстүрлер. Мысалы, егер мектепте оқуға басымдылык берілген болса, онда сабақтан тыс тәрбие жұмысында таным аспек тісі басым болады, т.с.с.

2) Оқушылардын жас, жеке-дара және сынып ерекшелігі.

3) Мұғалімнің өзінің жеке басымның ерекшелігі, қызығушылығы, бейімі, т.с.с. Егер де мұғалім оқушы- ларды окытуда жоғары нәтижеге қол жеткізуге тырысса, онда оның максатына жетуге ықпал ететін сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнын таңдайды. Басқадай жағдайда, мысалы, мұғалім үшін, мүм- кін оқыту процесінде тұлғаны қалыптастыру маңызды болса, онда сабақтан тыс тәрбие жұмысында еңбек және шығармашылық әрекетке басымдылык беріледі; оқушыларға спорттық-сауықтыру әрекеті арқылы ықпал ету, көбінесе спортты жақсы көретін мұғалім арқылы болады, т.с.с.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мазмұны оның ұйымдастыру формасында жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін кеңейте, толықтыра түсуге лайықталып, олардың жеке қабілеттерін дамыта түсерліктей болғаны жөн. Ондағы материалдың мазмұндылығы, идеялык және әдістемелік сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты болып келеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі қызметі.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттері біртұтас педагогикалық процестің қызметі- не ерекше сипат береді - білімділік, тәрбиелік және дамытушылық.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының білімділік қызметі оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола алмайды. Ол сабақтан тыс тәрбие жұмысында тәрбиелік және дамытушылық қызметті нәтижелі іске асыруда көмекші рөл атқарады. Соған орай сабактан тыс тәрбие жұмысының білімділік қызметі ғылыми білімдер жүйесін және оқу біліктілігі мен дағдысын калыптастыруды көздемейді, керісінше балаларда белгілі бір мінез-кұлык дағдысын калыптастыру, ұжымдык өмірді, карым-катынас мәдениетін, т.б. үйретеді.

Мысалы, мұғалім «қонаққа барған жағдайда қандай мінез-құлық ережелерін сақтау» қажеттігі туралы оқушылармен әңгіме өткізуді жоспарлады делік. Ол үшін оның мақсатына баланың «мінез-кұлык ережесі» туралы білімдерін кеңейтуді белгілейді. Бұл тәрбие жұмысының білімділік қызметін атқарады. Яғни, балада қонаққа барған жағдайда белгілі бір мінез-құлық ережелерін ескеруді қалыптастыру; Этикалык нормаларын сақтауға үйрету; «МІнез-құлық нормалары» деген этикалық ұғымды қалыптастыру; сол сыныптағы балаларда кездесіп қалатын «мінез-құлық нормаларына» қатысты кейбір келеңсіз әрекеттерін талкылауға арналған міндеттерді белгілейді.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының тәрбиелік кызметі негізінен білім беру кызыметімен тікелей байланыста болып келеді. Себебі тәрбие білім беру аркылы жүзеге асатыны бізге мәлім. Олай болса баланың сабақтар жүйесінде алған білімі, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында өз жалғасын табады. Оның барысында баланың дүниетанымы кеңейеді, адамгершілік қасиеттері дамиды, өзін қоршаған ортаға қызығушылығы, эстетикалық талғамы артады, патриоттық сезімі оянады, нәтижесінде білім алуға де- ген ынтасы орнығады. Демек, білім бере отыра тәрбиеле, тәрбиелей отыра білім бер деген кағида жүзеге асады.

Оған француз халкының атақты жазушысы В. Гюгоның «Тәрбие – ар-ұяттың ісі, оқыту - ғылымның ісі, соңынан, адамда қалыптасқан танымның осы екі саласы бірін-бірі толықтырады» деген пайымдауымен, орыстың атакты ғалымы Д. И. Менделеевтің «Тәрбиесіз білім, есі ауысқанның қолындағы кылышпен тең» деген пікірі дәлел ретінде айғақтайды.

Сондай-ақ, тәрбиелік қызмет оқу- шылардың тәрбие ортасын құрумен де байланысты қарастырылады. Мәселен, біздің жоғарыда баяндағанымыздай:

а)оқушылар ұжымын құру және онда жағымды эмоционалды күйді қалыптастыру;

б)оқушыларды жан-жақты қоғамдық пайдалы әрекеттерге тарту;

в)балалардың өзін-өзі басқаруын дамыту секілді, т.б. тәрбие міндеттері жүзеге асады.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушылардың психикалық процестерін, оқушылардың жеке-дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын кабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егер де оқушы бір нәрсеге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұракка катысты қосымша қызықты мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып, оған жағдай туғызып, сонымен бірге оның қызығушылығын арттырады.


жүктеу 1,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау