Кәсіпорынның жылдық жиынтық табысының салық салуды есепке алу және талдау Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі


КӘСІПОРЫННЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖИЫНТЫҚ ТАБЫСЫНА САЛЫҚ САЛУДЫ



жүктеу 0,62 Mb.
бет5/15
Дата08.07.2020
өлшемі0,62 Mb.
#31134
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
1жылдык жиынтык табыстын есеби

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖИЫНТЫҚ ТАБЫСЫНА САЛЫҚ САЛУДЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



    1. 1.1 Бюджетпен салық бойынша есеп айырысулардың мәні мен салықтық есептіліктің түрлері



Зерттеу барысында біз салық есебінің қорытынды кезеңі болып табылатын салықтық есеп берудіің теориялық анықтылығы және оның негізінің әлсіздігі сияқты проблемамен кездестік. Салықтық есеп беруді қарастырудың қажеттілігі салық есебінің дербес ретінде бөлінуінің негізі болып табылады. ҚР-ң салық жүйесінің даму нәтижесінде 12 маусым 2001 ж №209-ІІ қабылданған Заңдық күші бар «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексте (әрі қарай СК), салық салу элементтері көрсетілген және салықтар бойынша бөлек есепті қолдану мүмкіндігі мен салық есебін есептің жеке дара түрі ретінде бекітілген. Салық есебі сөзінің мағынасын кең және тар мағынада анықтауға болады. Осылайша салық есебінің кең көлемдегі мағынасы ретінде салық төлеушінің мүлкін тіркеу салық төлеудің шаруашылық операцияларын бюджетке төленетін салық сомасын анықтау мақсатында тіркеу болып табылады [2].

Алайда салық есебін бұлай қарастыру статистикалық және бухгалтерлік есепке тән. Бухгалтерлік есеп бюджетке төленетін салықтарды шегеру барысында салық сомаларын есептеуде екі функцияны атқара бастайды. Олар: есепті-қаржылық және есепті-салықтық. Бухгалтерлік есептің бюджетке төленетін салықтарды шегеру барысында салық сомаларын есептеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, салық есебінің тар көлемдегі мағынасы арнайы жүйе ретінде қарастырылады. Бірақ салық есебінің былай ұйымдастырылуы бухгалтерлік есеп қатынасының бір бөлігін жоққа шығарады және салық есебін бухгалтерлік есептен бөлек қарастыруға болмайды [3, 9б].

ҚР-ң СК-ң 12-тарауында салық есебі жүйесін салық төлеушінің өзі ұйымдастыратындығы және салық есебі құжаттарына салық органдарының міндетті формаларды орнатуға құқығы жоқтығы көрсетілген. Бұндай жағдайда салық салу мақсатына байланысты салық есебі бухгалтерлік есепті түзету ретінде қарастырылады. Бірегей әдістемелік базаның болмауы және салық есебін құру жөніндегі баламалы ұсыныстардың болмауы қазіргі кездегі салық есебінің негізгі проблемасы болып табылады. Салық есебінің методикалық шешу мәселесі ақпараттың қозғалыстары мен есептілікті құру көзқарасы бойынша салық есебін енгізу нұсқасын таңдауға негізделуі қажет. Салық есебін есептің жеке түрі ретінде қарастыруға болмайды, өйткені ол өзіне салық есебін, қаржы есебін және басқару есебін қосатын бухгалтерлік есеп жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Салық есебінің қызмет етуі қаржылық есептің мақсатына сәйкессіздігі, ұйымдардың салық міндеттемелерін анықтауға байланысты, қаржылық есеп жүйесінен есептік процедуралардың толық қатарын шығарып тастайды, ал онсыз бухгалтерлік есептің шынайы қалыптасуы мүмкін емес.

Шетелдік тәжірибеде салық есебі негізгі 3 нұсқасы бойынша жүргізіледі. Бірінші нұсқасында бухгалтерлік ақпараттық жүйені ешбір түзетусіз қолданады. Екінші нұсқасы салық есебін бухгалтерлік көрсеткіштердің түзету көрсеткіштері арқылы құруды ұсынады. Үшінші нұсқасы бойынша бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін қолдануынсыз салық базасының есебін құрастырады. Ол келесі объективті көрсеткіштерді қамтиды: белгілі бір салық түрін есептеу мақсатында бухгалтерлік есепті енгізудің міндетті болмауы [4, 25б]. Бухгалтерлік есеп – бұл алым, тіркеу және ұйымның мүлігін, міндеттемелерін ақшалай түрдегі жалпыланған мәліметтердің реттелген жүйесі және олардың қозғалысын жаппай, үздіксіз және құжаттау жолымен барлық шаруашылық операцияларды есепке алу.

Салық есебі – бұл мемлекеттік кірістер департаментімен қарастырылған тәртіпке сәйкес берілген салық бойынша алғашқы құжаттар негізінде салық базасын анықтау үшін жалпыланған мәліметтер жүйесі.

Бұл жердегі айырмашылықтың мәні, бухгалтерлік есептің барлық операция түрлерін, ал салық есебі олардың тек салық салу тұрғысынан қарастыратындығы болып табылады [5, 26 б].

Бухгалтерлік есеп жүйесінен тыс өзінің регистрлері мен құжат айналысы салық есебінің жеке есеп түрі ретінде бөлінуінің қолайсыздығы туралы, біздің пікіріміз көптеген қазақстандық және ресейлік авторлардың пікірлерімен сәйкес келуде. Алайда біздің ойымызша, салық есебі кәсіпорынның қаржылық және біртұтас бухгалтерлік есеп жүйесінің бір бөлігі.

Салық есебінің бөлінуі кәсіпорынның салықтық есеп берудіің жеке есептілік түрі ретінде қарастыру және оны салық есебінің қорытынды кезеңі ретінде мойындау теориялық тұрғыдан жеткілікті. Бұл жерде айта кететін жайт, салық есебінің бухгалтерлік есептен жеке – дара жүйесі ретінде бөлінуі ешбір қосымша арнайы процедураларды қажет етпейді. Бухгалтерлік есеп жүйесінде салық есебінің бөлінуі кәсіпорында қолданатын салық салу мақсатында субшоттардың құрылу жолымен орындалады.

Салық есебінің бухгалтерлік есептің бір бөлігі ретінде және сол салықтық есеп берудіің кәсіпорында жеке есептілік түрі ретінде бөлінуі салықтық есеп берудіің элементтерін талап етуді қажет етеді. Оларға (қаржылық есеп беруэлементтерін қоса алғанда):


  • Айналым – бұл кәсіпорынның іс әрекеті, оның нәтижесінде салық салу мақсатында қолданылатын табыстар мен шығындар пайда болады.

  • Активтер – бұл өткен іс - әрекет нәтижесінде ұйыммен қадағаланатын ресурстар. Олардан салық салуға жатқызылатын болашақ экономикалық пайда күтіледі.

  • Міндеттеме – бұл салық салу мақсатына арналған экономикалық пайдасы бар, реттеу нәтижесінде ұйым ресурстарының кетуіне алып келетін, өткен кезеңде пайда болған ұйымның қазіргі міндеті.

  • Капитал (таза активтер) - бұл ұйымның барлық міндеттемелерін шегерудің нәтижесінде қалған активтерінің үлесін айтамыз.

  • Табыс – есепті кезең ішінде экономикалық пайданың өсу немесе кему формасында активтердің көбеюі немесе міндеттемелердің азаюы. Оның нәтижесі салық салу мақсатында мойындалатын меншік иесінің үлесіне байланыссыз капиталдың көбеюіне алып келеді.

  • Шығындар - есепті кезең ішінде экономикалық пайданың кему формасында активтердің азаюы немесе міндеттемелердің пайда болуы. Оның нәтижесі салық салу мақсатында мойындалатын меншік иелерінің арасында үлестірілмейтін капиталдың азаюына алып келеді.

М.С.Ержановтың пікірі бойынша қаржылық есеп беру– бұл есепті кезеңге арналған ұйымның қаржылық және мүліктік жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы. Есептілік стандарттар нысандарымен бекітілген бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде құралады [6, 14 б]. К.К.Кеулімжаев қаржылық есептілігін есепті кезеңдегі оның жұмыстарының нәтижелері мен шарттарын сипаттайтын, ұйым қызметінің нәтижелері мен жағдайын көрсететін еспті жазбалардың ерекше түрі ретінде түсінеді. Қаржылық есеп беру бухгалтерлік, салықтық, статистикалық, оперативтік – техникалық есеп түрлерінің мәліметтері негізінде құрылады. Бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігінің арасындағы байланыс есептің қорытынды мәліметтері сәйкесінше есеп формаларымен қосылғанда орнайды [6, 14 б].

Көптеген авторлардың есептілік сұрақтарына деген көзқарасы мен оның түрлерін зерттей келе есептіліктің 3 негізгі түрін ерекшелеуге болады. Олар: бухгалтерлік, статистикалық және оперативті. Есептілік, есепті жұмыстың қорытынды кезеңі ретінде қарастырылады, сондықтан бухгалтерлік, статистикалық және оперативті есеп түрлері ерекшеленеді. Біздің ойымызша, статистикалық және оперативті есеп түрлері кәсіпорында шын мәнінде жүргізбейдіктен оларды ерекшелеу негізсіз болып табылады. Ал статистикалық есептіліктің мәліметтер бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде қалыптасатындықтан оның дербес теориялық мағынасын қарастыру мардымсыз болып табылады. Кейбір авторлар бухгалтерлік есептілік терминін қаржылық есептілікпен синоним ретінде қолданады, бірақ біздің ойымызша бұл 2 түсінікті бөліп алуымыз қажет. Есептіліктің жақандануы және халықаралық қаржы есептілік стандарттарына өту кәсіпорынның бухгалтерлік емес қаржылық есептілігінің дайындығын талап етеді. Осылайша біздің ойымызша «қаржылық есептілігі» терминін қолдану, оның заңды негізделуі салдарынан «бухгалтерлік есептілікке» қарағанда мақсатқа лайықты.

ҚР-ң СК салық төлеуші тұлғалардың салық органдарына ұсынатын, салық міндеттерінің шегерілуі туралы ақпаратты қамтитын құжаттарды салық есептілігі ретінде айқындайды. СК 12-тарауының 68-бабында көрсетілгендей салық есептілігі – бұл ҚР-ң Кодексімен бекітілген белілі бір тәртіпте салық органдарына ұсынылатын салық агенттері мен салық төлеушілердің электрондық құжаты немесе арызы. Ол салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, сонымен қатар салық міндеттерін бюджетке төленетін міндетті төлемдерді, с бухгалтерлік есеп алықты төлеу мен шегеруге байланысты ақпараттарды қамтиды [2, 12-тарау 68-бап].

Біздің ойымызша «есеп беру» терминінде белгілі бір мерзімге құрылған кәсіпорынның бухгалтерлік есеп жүйесінің қорытынды мәліметтер жиынтығын түсіну қажет. Кәсіпорынның сыртқы пайдаланушыларына есеп беру: қаржылық, статистикалық есептілігін, салықтық болып 3 түрге бөлінуі қажет. Қаржылық есептілігін анықтай келе, біз қаржылық есеп беру негізінде есепті кезеңге арналған жүйелік кестелерге келтірілген ұйымның мүліктік және қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығын көрсететін М.С.Ержановтың анықтамасына негізделеміз. Статистикалық есеп беруде белгілі бір мерзімге арналған статистикалық есеп формаларына келістірілген кәсіпорынның қызметінің санды – сапалық көрсеткіштері түсініледі. салық есептілігі біздің көзқарасымыз бойынша – бұл бюджетке аударылатын шегерілген және есептелген салықтар, сонымен қатар салықтық есеп берудіің арнайы салвқ формаларында кетлірілген және бекітілген тәртіпте дайындалған бюджеттен қайтарылуға тиісті салықтар жайлы мәліметтер.

Бюджетке төленуге тиісті салық міндеттемесінің соммасын шегергенде бухгалтерлік есепті қолдану кезінде, ол 2 функцияны жүзеге асырады. Біріншісі есепті – қаржылық, екіншісі есепті – салықтық. Салықтық есеп беруді дайындау әр түрлі сипатта болуы мүмкін, мысалы есептің континентік нұсқасын қолдану мен есепті – қаржылық функциясын орындау кезінде салық есептілігі салық салу мақсатында түзетілген бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде құралады.

Арнайы әдебиеттерді зерттеу барысында біз, салықтық есеп берудіің құрылуын қамтамасыз ететін бухгалтерлік есеп жүйесінің есепті – салықтық функциясының орындалуымен кездестік. Бухгалтерлік есеп мәліметтерін түзету жолымен салықтық есеп беруді құрастыру тиімсіз болып табылады. Өйткені салық есебі бухгалтерлік есеп жүйесінің бір бөлігі ретінде бөлінгендіктен салық есптілігі салық есебі негізінде құрылуы тиіс. Ал көрсетілген үлгі мүлдем қолдануға тиімсіз. Өйткені мұндай жүйені қолдану есеп беруті дайындауда уақыттың көп шығындалуына әкеледі. Есептіліктің түрін анықтаған кезде басқару есептілігі көрініс тауып, ал статистикалық есеп беру қарастырылмайды. Алайда қажеттілігіне қарай басқару есептілігі ішкі,ал статистикалық есетілік сыртқы болып табылады. Біздің ойымызша бұл екі есеп берудің маңыздысы статистикалық есеп беру.

Салық есебі бухгалтерлік, аралас, абсолютті болып 3 негізгі түрге бөлінеді. Бухгалтерлік салық есебінде тек бухгалтерлік есеп негізінде қалыптасатын салық есебі көрсеткіштерін түсіну қажет. Аралас салық есебінде әртүрлі салық салу әдістерін қолдану арқылы салық есебі көрсеткіштерінің айқындалуы түсіндіріледі. Абсолютты салық есебі бухгалтерлік есеп пен салық салу әдістерінің қатысуынсыз қалыптасады [7, 11 б]. Салық есебін есеп берудің бір бөлігі ретінде бөлетін кейбір авторлар салық регистрлері мен салықтық есеп көрсеткіштеріне негізделетін құжаттар, салықтық есептер түрінде арнайы салық құжаттарды енгізуді ұйғарады [8, 53 б]. Салықтық есептер салық төлеушінің негізгі салық көрсеткіштері мен салық міндеттемесінің (есептер, декларациялар, кейбір салық түрлеріне байланысты арнайы есептер) есептелген сомасын арнайы типтік формаларда көрсетеді. әрбір салық түріне бөлек және нақты есеп құжаты болатындығын айта өту қажет. Салық регистері – бұл салық есебінің нысандары, бұл нысанның пайдаланылуы тек қана салық салу мақсатыдағы алғашқы құжаттың тіркелуі бухгалтерлік регистрлердің жеткіліксіздігіне байланысты ұйымдастырылады.

Мұндай регистрлерге келіп түскен немесе есептен шыққан шот-фактураларды тіркеу журналы, кәсіпорынға алып келетін сатып алу кітаптары мен өткізу кітаптарын жатқызуға болады. Мұндай формаларды қолдану салықтық есеп беруді нәтижелі дайындауға мүмкіндік береді, яғни есеп беруті толығымен дайындауға кететін уақыт шығынын ұтымдылыққа әкеледі.

Кәсіпорын мен салық есебі регистрлерін қолдануда негізгі ақпараттар қамтамасыз ету салық есебі мақсатында қолданатын алғашқы құжаттар екенін ұмытпау қажет. Алайда бұл алғашқы құжаттардың бөлек нысандарын енгізу немесе салық есебінің арнайы жаңа регистрлерін құруды білдірмейді. Салық есебін енгізу үшін алғашқы құжаттарды қолдану мақсаты мен салық салу қарым - қатынастарына байланысты бөледі. Осылайша салық салуға қарым - қатынасы бар және іске асырылатын операциялардың фактілерін айқындайтын алғашқы құжаттар (белгілі бір салықтарды қамтиды, салық салу базасының жоғарылауына немесе төмендеуіне әсер етеді, салық салу объектісі болып табылады және т.б.) және бұл құжаттардағы мәліметтерсалық есебі шоттарында көрініс табады (кәсіпорын қолданылатын бухгалтерлік есеп шоттарының суб шоттары).

ҚР-ң СК-мен жасалған әрбір төлем мен салық түрлеріне байланысты декларациялар мен есептемелерді құрастыру ережелері салықтық есеп беруді құрастырудағы әдіснамалық негіз болып табылады. Салық құжаттарын толтыру тәртібі мен оларды салық органдарына уақытылы ұсыну ҚР-ң СК-мен белгіленеді.



жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау