1.2 Салықтық есеп беруге қойылатын талаптар мен қағидалар
Өткен ғасырдың 30 жылдардың басында есеп берудің жалпы қабылданған және кең танымал ережелерін түгел қарау қажет еді. Әлемдік нарықтық қорда индустриясы дамыған елдерде 1939 жылы көпжылдық экономикалық дағдарыстың басы болды. Сол кезде қолданылған бухгалтерлік есеп жүйесі мен қаржылық есеп берудің жеткіліксіздігі дағдарыспен айқындалды. Әр түрлі мемлекеттерде тіпті бір мемлекеттің ішіндегі әр түрлі компаниялардың қаржы есептілігінің концептуалды қағидаларын құрудағы айырмашылықтар елеулі болды. Әр түрлі компаниялардың есептілігі бір – бірімен салыстыруға келмейтін және түсініксіз болды, оның негізінде копанияның қызмет нәтижесі мен қаржылық жағдайының мүмкіндігін алу мүмкін емес болатын. Бұл жағдай бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің ұлттық және халықаралық стандартын өңдеуді және қабылдауды қажет етті. Негізгі қағида болып, есептеу әдісі бойынша, ол шығын мен кірістің салыстыру сәтін үйлестіруге мүмкіндік береді, коммерциалық және қаржылық операцияларды нақтырақ өлшейтін және ұйым қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін әдіс болып жарияланды [9, 15-19б.].
Салықтық есеп берудіің жүйесін құру үшін белгілі бір амал – тәсілдерді пайдалану арқыылы салықтық есеп беруді мейлінше жетілдіру қажет, яғни бұл оның негізгі қағидасы болып табылады. Қағида (Principium) латын тілінен аударғанда басталу немесе негіз деген мағынаны білдіреді [10, 69б.]. Бәрімізге мәлім болғандай қағида негіз болатын алғышарттар, негізгі жағдайлар, қайнар көздері, қандай да бір теорияның шығу көзі мен концепциялар болып табылады [8, 242б.]. Есеп беруде қолданылатын принцип аясында есепті ақпараттардың қолданушыларына түсінікті болатын шаруашылық қызмет фактілерінің мөлшерін анықтау жағдайларын түсінуге болады [11, 83б.]. Э.С.Хендриксен қағидаға анықтама бергенде, салық төлеушілерге салықтық есеп берудіің мағынасын ашатын фактілер туралы және есеп беруке қойылатын талаптар жайында айтқан. К.Ш. Дүйсенбаевтің «Аудит және қаржылық есеп беруке талдау» кітабында бухгалтерлік есеп қағидалары мен қаржылық есеп беруке терең талдау жасай отырып, батыс елдері мен ТМД елдеріндегі көптеген авторларымен ұсынылған «қағида» сөзінің мағынасын беруде, американ ғалымдары Р.Энтони және Дж. Ристің пікірлерімен келіседі. Ол есеп беру қағидаларының жалпы мойындалуы, әдетте олардың орындылық, объективтілік, жүзеге асырушылық критерилеріне байланысты. Егер біреудің, белгілі бір ұйым жайлы білуіне берілген ақпараттар пайдасын тигізсе, онда бұл қағида орында болады. Егер ақпаратқа оның құрастырушыларының жеке пікірлері мен бағалауы кірмесе, онда бұл қағиданың объективті болғаны. Объектілік мағынасында сенімділік, бақылау, ақпаратқа сәйкес келуі түсініледі. Егер қағида еш қиындықсыз немесе шығынсыз орындалса, онда оның жүзеге асырылғаны [10, 76 б.]. Салық есебі мен салық салу қағидасына сәйкес салық мемлекетпен бекітілетіндіктен, субъектілік элементтерін өзінде қамтитындығын айта кету керек. Жалпы салық жүйесін қалыптастырған кезде мемлекет салық жүйесін құрайтын әрбір салық пен оның жиынтығының қандай болу керектігін айқындайды. Нәтижесінде мұндай құрастырулар салық салу жүйесін құрудағы қолданылатын қағидалар ретінде қалыптасады.
1-кесте. Салық салу қағидалары
ҚР Салық кодексі [2]
|
А.Смит [11]
|
Б.Б.Султанова [7]
|
А.И.Худяков [12]
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Салық төлеудің міндеттілігі
2. Салық салудың айқындылығы
3. Салық салудың әділдігі
4. Салық жүйесінің біртұтастылығы
5. Салық заңнамаларының жариялығы
|
1.Әділдік
2. Айқынды-лық
3. Ыңғайылық
4. Салық салудың тиімділігі
|
1. Салық төлеудің міндеттілігі
2. Салық салудың айқындылығы
3. Салық салудың әділдігі
4. Салық жүйесінің біртұтастылығы
5. Салық заңнамаларының жариялығы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |