Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет52/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   100

164
он  төрттен  он  сегiз  жасқа  дейiнгi  кəмелетке  толмағандардың 
құқықтарын жəне заңмен қорғалатын мүдделерiн олардың заңды 
өкiлдерi қорғайды. 
3.  Тəрбиелеу,  емдеу  ұйымдарындағы,  халықты  əлеуметтiк 
қорғау  ұйымдарындағы  балаларға  өкiлдiк  ету  мен  олардың 
мүдделерiн қорғауды осы ұйымдар Қазақстан Республикасының 
заңдарына сəйкес жүзеге асырады. 
4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға өкiлдiк ету 
мен оның құқықтарын жəне заңмен қорғалатын мүдделерiн қор-
ғау уақытша, баланы отбасына немесе балалардың құқықтарын 
қорғау  жөнiндегi  функцияны  жүзеге  асырушы  ұйымға 
орналастырғанға дейiн қорғаншылық, жəне қамқоршылық орга-
нына жүктеледi. 
44-бап. Мемлекеттiк органдар жəне баланың құқықтарын 
қорғау
Балалардың  құқықтарын  жəне  заңмен  қорғалатын  мүдделе-
рiн  қорғауды  өздерiнiң  өкiлеттiктерiне  сəйкес  мемлекеттiк  ор-
гандар жүзеге асырады. 
45-бап. Осы Заңды орындау кезiнде дауларды шешудiң сот 
тəртiбi
Ата-аналар (олардың орнындағы адамдар), сондай-ақ балаға 
бiлiм  беру,  оны  тəрбиелеу,  дамыту,  оның  денсаулығын  сақтау, 
оны  əлеуметтiк  қорғау  мен  оған  əлеуметтiк  қызмет  көрсету, 
оның əлеуметтiк бейiмделуiне, əлеуметтiк оңалуына жəрдемдесу 
жөнiндегi iс-шараларды  жəне  (немесе)  ол  қатысатын  iс-
шараларды жүзеге асырушы адамдар Қазақстан Республикасының 
заңдарында  белгiленген  тəртiпте,  баланың  денсаулығына, 
мүлкiне  келтiрiлген  зиянды,  сондай-ақ  моральдық  зиянды  өтеу 
туралы талап арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
46-бап.  Қазақстан  Республикасындағы  балалардың 
жағдайы туралы мемлекеттiк баяндама
Қазақстан  Республикасындағы  балалардың  жағдайы  тура-
лы  жыл  сайынғы  мемлекеттiк  баяндаманы  балаларды  қорғау 
саласындағы  уəкiлеттi  орган  Қазақстан  Республикасының 
Президентiне ұсынады жəне ол ресми басылымда жарияланады.


165
47-бап. Босқын жəне амалсыз қоныс аударушы балалардың 
құқықтарын қорғау
1.  Босқын  жəне  амалсыз  қоныс  аударушы  балалардың  өз 
мүдделерiнiң қорғалуына құқығы бар.
2. Баланың тұрып жатқан жерiндегi қорғаншы жəне қамқоршы 
органдар,  аумақтық  көшi-қон  қызметтерi  ата-анасының  не  өзге 
де  заңды  өкiлдерiнiң  бар  екендiгi  жəне  олардың  тұратын  жерi 
туралы мəлiметтер алуға жəрдемдеседi, қажет болған жағдайда 
баланы емдеу-профилактикалау немесе бала құқықтарын қорғау 
жөнiндегi функцияларын жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға ор-
наластырады.
9-тарау. БАЛА ЖАУАПКЕРШIЛIГIНIҢ ЖƏНЕ ОНЫҢ 
МIНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА ƏСЕР ЕТУДЕН ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
48-бап. Бала жауапкершiлiгiнiң ерекшелiктерi
1.  Құқыққа  қарсы  əрекет  жасаған  бала  Қазақстан 
Республикасының заң актiлерiне сəйкес жауапты болады.
2. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар жаза түрiн 
белгiлеу кезiнде баланың өмiр сүру мен тəрбиелену жағдайын, 
психикалық даму деңгейiн, жеке басының өзге де ерекшелiктерiн, 
сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалын ескеруге тиiс. 
49-бап. Баланың мiнез-құлқына əсер етудiң ерекшелiктерi
Ата-анасы  жəне  басқа  да  заңды  өкiлдерi  ата-аналық 
құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене жəне психика-
лық  денсаулығына,  оның  имандылық  дамуына  зиян  келтiруге 
құқылы емес. Баланы тəрбиелеу тəсiлдерiнде баланың адамдық 
қадiр-қасиетiне  менсiнбей,  қатал,  дөрекi  қарау,  оны  қорлау  не-
месе қанау болмауға тиiс. 
10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
50-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы 
заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
1.  Қазақстан  Республикасының  бала  құқықтары  ту-
ралы  заңдарының  бұзылуына  кiнəлi  адамдар  Қазақстан 
Республикасының заң актiлерiне сəйкес жауапты болады. 


166
2.  Ата-аналық  мiндеттерiн  орындаудан  жалтару  ата-ананың 
(олардың  орнындағы  адамдардың)  балаларды  тəрбиелеу  мен 
күтiп-бағу  мiндеттерiн  тиiсiнше  орындамауы,  ата-ананың 
перзентханадағы (оның бөлiмшесiндегi) немесе балаларды емдеу 
мекемесiндегi  баласынан  бас  тартуы,  балаларды  қадағалаусыз 
қалдыруы,  оларға  қатыгездiкпен  қарауы,  оларды  қанауы  ата-
аналық  құқықтарынан  айыруға  немесе  оларды  ата-аналардың 
орнындағы адамдардан шектеуге əкеп соғады. 
Баланы алып қойған кезден бастап балаға арналған жəрдем-
ақы төлеу, сондай-ақ өзге де төлемдер соттың шешiмi бойынша 
тоқтатылады. 
3. Ата-ана (олардың орнындағы адамдар) балаларға арналған 
жəрдемақыларды жəне өзге де төлемдердi мақсатсыз пайдалан-
ған  жағдайда,  егер  бұл  баланың  мүдделерiне  елеулi  нұқсан 
келтiрсе, əлеуметтiк қорғау органдары, қорғаншы жəне қамқоршы 
органдар,  кəмелетке  толмағандардың  құқықтарын  қорғау 
жөнiндегi комиссиялар немесе прокурор бала мүдделерiне орай 
оған негiзсiз жұмсалған қаражатты өтеу туралы талап қояды. Сот 
арқылы өндiрiлген қаражат баланың жеке шотына аударылады.
4.  Ата-аналық  құқықтарынан  айырылған  ата-ана  ата-аналық 
құқықтарынан айырылуына қатысты балаларға алименттер төлеу 
жөнiндегi мiндеттерден босатылмайды.
51-бап. Уəкiлеттi органның Қазақстан Республикасының 
бала құқықтары туралы заңдарының сақталуын iске асыру-
ды үйлестiруi
 Балалар құқықтарын қорғау саласындағы уəкiлеттi органды 
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Балалар  құқықтарын  қорғау  саласындағы  орталық  уəкiлеттi 
орган:
1)  бала  құқықтарын  қорғау  саласындағы  басқа  мүдделi 
уəкiлеттi органдардың қызметiн үйлестiредi жəне бағыттайды;
2) баланың негiзгi құқықтарын iске асыру жөнiндегi əртүрлi 
бағдарламалар əзiрлейдi;
3) балалар өмiрi көрсеткiштерiнiң ең төменгi əлеуметтiк стан-
дарттарын,  нормалары  мен  нормативтерiн  жақсарту  жағына 
қарай жыл сайын қайта қарауды қамтамасыз етедi;
4)  балалар  құқықтарын  қорғау  саласындағы  уəкiлеттi 
органдардың  халықаралық  ынтымақтастық  iсiндегi  қызметiн 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау