Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет60/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   100

188
Аталған  мəмiлені  жасасуға  нотариатта  куəландырылған 
келiсiмi  алынбаған  жұбай  осы  мəмiленiң  жасалғандығы  тура-
лы өзi бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап үш жыл 
iшiнде мəмiленi сот тəртiбiмен жарамсыз деп тануды талап етуге 
құқылы.
35-бап. Ерлі-зайыптылардың əрқайсысының меншігі
1. Ерлi-зайыптылардың əрқайсысының меншiгi: 
1)  некеге  отыруға  (ерлі-зайыпты  болуға)  дейiн  ерлi-
зайыптылардың əрқайсысына тиесiлi болған мүлiк;
2)  ерлi-зайыптылардың  неке  (ерлі-зайыптылық)  кезеңiнде 
мұрагерлiк тəртiбiмен немесе өзге де өтеусіз мəмiлелер бойынша 
сыйға алған мүлкi;
3)  неке  (ерлі-зайыптылық)  кезеңінде  ерлi-зайыптылардың 
ортақ  қаражаты  есебiнен  сатып  алынса  да,  қымбат  заттар  мен 
басқа да сəн-салтанат заттарын қоспағанда, жеке пайдаланатын 
заттары (киiм-кешек, аяқкиiм жəне басқалар) болып табылады. 
2.  Некенің  (ерлі-зайыптылықтың)  іс  жүзінде  тоқтатылуына 
байланысты  бөлек  тұрған  кезеңде  ерлi-зайыптылардың 
əрқайсысы жинаған мүлiктi сот олардың əрқайсысының меншiгi 
деп таниды. 
36-бап.  Ерлі-зайыптылардың  əрқайсысының  мүлкін 
олардың бірлескен ортақ меншігі деп тану
Егер  неке  (ерлі-зайыптылық)  кезеңінде  ерлi-зайыптылардың 
ортақ  мүлкi  немесе  ерлі-зайыптылардың  бірінің  мүлкi  не 
олардың  кез  келгенiнiң  еңбегi  есебiнен  осы  мүлiктiң  құнын 
едəуiр  арттырған  салыным  жасалғаны  (күрделi  жөндеу,  рекон-
струкциялау,  қайта  жабдықтау  жəне  басқаларды)  анықталса, 
ерлi-зайыптылардың  əрқайсысының  мүлкi  олардың  бiрлескен 
ортақ меншiгi болып танылады. 
37-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу
1. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу ерлi-зайыптылар-
дың кез келгенiнiң талап етуі бойынша неке (ерлі-зайыптылық) 
кезеңiнде де, ол бұзылғаннан кейiн де, сондай-ақ кредит берушi 
ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкiндегi  ерлi-зайыптылардың 
бiреуiнiң үлесiнен өндiрiп алу үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ 
мүлкiн бөлу туралы талабын мəлiмдеген жағдайда да жүргiзiлуi 
мүмкiн.


189
2. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi олардың келiсiмi бойынша 
ерлi-зайыптылар арасында бөлiнуi мүмкiн. Ерлi-зайыптылардың 
ортақ мүлiктi бөлу туралы келiсiмi нотариатта куəландырылуға 
тиіс.  
3.  Дау  туған  жағдайда  ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкiн 
бөлу,  сондай-ақ  ерлi-зайыптылардың  осы  мүлiктегi  үлестерiн 
айқындау сот тəртiбiмен жүргiзiледi. 
Ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкiн  бөлу  кезiнде  сот 
кəмелетке  толмаған  баланың  мүдделерін  ескере  отырып,  ерлi-
зайыптылардың талап етуi бойынша қандай мүлiктің ерлi-зайып-
тылардың  əрқайсысына  берiлуге  тиiс  екендiгiн  айқындайды. 
Егер  ерлi-зайыптылардың  бiреуiне  құны  оған  тиесiлi  үлестен 
асатын мүлiк берiлсе, екінші жұбайға тиісті ақшалай немесе өзге 
өтемақы берiледі.
4. Тек қана кəмелетке толмаған балалардың қажеттерiн қана-
ғаттандыру  үшiн  сатып  алынған  заттар  (киiм-кешек,  аяқкиiм, 
мектеп жəне спорт керек-жарағы, музыкалық аспаптар, балалар 
кiтапханасы  жəне  басқалары)  бөлуге  жатпайды  жəне  балалары 
өзімен бiрге тұратын жұбайға өтемақысыз берiледi. 
Ерлi-зайыптылар  өздерiнiң  кəмелетке  толмаған  ортақ 
балаларының  атына  ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкi  есебiнен 
салған салымдары сол балаларға тиесiлi болып есептеледi жəне 
ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлген кезде есепке алынбай-
ды.  
5.  Ерлi-зайыптылардың  неке  (ерлі-зайыптылық)  кезеңiнде 
ортақ  мүлкiн  бөлген  жағдайда  ерлi-зайыптылардың  ортақ 
мүлкiнiң бөлiнбеген бөлiгi, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың неке 
(ерлі-зайыптылық) кезеңiнде жинаған мүлкi бұдан əрі олардың 
бiрлескен ортақ меншiгiн құрайды.  
6. Некесi (ерлі-зайыптылығы) бұзылған ерлi-зайыптылардың 
ортақ мүлкiн бөлу туралы ерлi-зайыптылардың талаптарына неке 
(ерлі-зайыптылық) бұзылған кезден бастап талап-арыз ескіруінің 
үш жылдық мерзiмi қолданылады .  
38-бап.  Ерлі-зайыптылардың  ортақ  мүлкін  бөлу  кезінде 
үлестерді айқындау
1. Егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлi-
зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу жəне осы мүлiктегi үлестерiн 
айқындау кезiнде ерлi- зайыптылардың əрқайсысының үлесi тең 


190
деп танылады.  
2. Егер жұбайлардың бiреуi дəлелсiз себептермен табыс тап-
паса немесе ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн екінші жұбайдың 
келісімінсіз отбасының мүдделерiне нұқсан келтiрiп жұмсаса, сот 
кəмелетке толмаған балалардың мүдделерiн негiзге ала отырып 
жəне (немесе) ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мүдделерiн негiзге 
ала  отырып,  ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкiндегi  үлестерiнiң 
теңдiгi негiзiн ескермеуге құқылы. 
3.  Ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкiн  бөлу  кезiнде  ерлi-
зайыптылардың  ортақ  борыштары  олардың  арасында  өздерiне 
берiлген үлеске пропорционалды түрде бөлiнедi.
§3. 
Ерлі-зайыптылардың 
міндеттемелер 
бойынша 
жауапкершілігі
44-бап. Ерлі-зайыптылардың мүлкінен өндіріп алу
1.  Ерлi-зайыптылардың  бiреуiнiң  мiндеттемелерi  бойын-
ша тек сол жұбайының мүлкi ғана өндiрiп алынады. Бұл мүлiк 
жеткiлiксiз болған жағдайда кредит берушi өндiрiп алу үшiн ерлi-
зайыптылардың  ортақ  мүлкiн  бөлу  кезiнде  борышкер  жұбайға 
тиесiлi болатын борышкер жұбайдың үлесiн бөліп беруді талап 
етуге құқылы.  
2.  Егер  сот  ерлi-зайыптылардың  бiреуiнiң  мiндеттемелерi 
бойынша 
алынғандардың 
бəрi 
отбасының 
мұқтажына 
пайдаланылғанын 
анықтаса, 
өндiрiп 
алу 
ерлi-
зайыптылардың  ортақ  мiндеттемелерi  бойынша,  сондай-ақ 
ерлi-зайыптылардың  бiреуiнiң  мiндеттемелерi  бойынша  ерлi-
зайыптылардың  ортақ  мүлкi  өндіріп  алынады.  Бұл  мүлiк 
жеткiлiксiз  болған  жағдайда  ерлi-зайыптылар  көрсетілген 
мiндеттемелер  бойынша  өздерiнiң  əрқайсысының  мүлкiмен 
ынтымақты жауапкершілікте болады.  
Егер  соттың  үкiмiмен  ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкi 
ерлi-зайыптылардың  бiреуi  қылмыстық  жолмен  алған  қаражат 
есебiнен  сатып  алынғаны  немесе  көбейтiлгенi  анықталса, 
тиiсiнше  ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкi  немесе  оның  бiр 
бөлiгi өндіріп алынады. 
3. Ерлi-зайыптылардың өздерінің кəмелетке толмаған баласы 
келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының  
Азаматтық  кодексімен  айқындалады.  Ерлi-зайыптылардың 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау