Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық


-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары ту-



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет53/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   100

167
үйлестiредi.
52-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары ту-
ралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау
1.  Қазақстан  Республикасының  бала  құқықтары  туралы 
заңнамасының  сақталуына  бақылау  жасау  баланың  құқықтары 
мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге бағытталған жəне оны 
уəкiлеттi  мемлекеттiк  органдар  Қазақстан  Республикасының 
заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
2.  Жеке  жəне  заңды  тұлғалардың  баланың  құқықтарын  iске 
асыруға  бағытталған  қызметi  бақылау  объектiсi  болып  табыла-
ды.
3.  Бақылау  тексерулер  (жоспарлы,  жоспардан  тыс)  түрiнде 
жүзеге асырылады.
4.  Жоспарлы  тексерулер  уəкiлеттi  мемлекеттiк  органдар 
бекiтетiн кестелерге сəйкес жылына бiр рет кезеңдiлiкпен жүзеге 
асырылады.
Жоспардан  тыс  тексерулер  баланың  қорғалатын  құқықтары 
мен  заңды  мүдделерiн  бұзу  қаупiн  дереу  жоюды  талап  ететiн, 
сондай-ақ  азаматтардың  өтiнiштерiне  дереу  назар  аударуды  та-
лап ететiн жағдайларда жүзеге асырылады.
 Тексерудi жүргiзу мерзiмi бес күннен аспауға тиiс.
Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 
2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгiзiлу тəртiбiн 2-баптан қараңыз) 
Заңымен.
53-бап.  Баланың  құқықтарын  қорғау  жөнiндегi  функ-
цияларды  жүзеге  асыратын  мемлекеттiк  органдар  мен 
ұйымдардың қызметiн үйлестiру
Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзе-
ге  асыратын  мемлекеттiк  органдар  мен  ұйымдардың  қызметiн 
үйлестiрудi Қазақстан Республикасының Yкiметi жүзеге асыра-
ды.
Қазақстан Республикасының
 Президентi  
 
 
 
Н.Ə. Назарбаев


168
 
 
 
 
 
 
 
ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
НЕКЕ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚ) ЖƏНЕ 
ОТБАСЫ ТУРАЛЫ КОДЕКСІ
(Үзінділер)
Осы 
Кодекс 
неке-отбасы 
(ерлі-зайыптылық-отбасы) 
қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын 
жəне  құқықтық  негіздерін  айқындайды,  отбасының  дамуын 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік əлеуметтік саясатының 
басым бағыты ретінде айқындай отырып, оның құқықтары мен 
мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
НЕКЕ-ОТБАСЫ ЗАҢНАМАСЫ
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1)  азаматтық  хал  актілері – адамды  дараландыратын  жəне 
оның  құқықтары  мен  міндеттерінің  туындауымен,  болуымен 
жəне  тоқтатылуымен  байланысты  болатын  заңды  ресімделген 
мəн-жайлар;
2) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан əрі – тіркеуші 
орган) - азаматтық  хал  актілерін  мемлекеттік  тіркеуді  жүзеге 
асырушы аумақтық əділет органы;  
3)  аккредиттеу - Қазақстан  Республикасының  балалардың 
құқықтарын  қорғау  саласындағы  уəкілетті  органының  бала 
асырап  алу  жөніндегі  агенттіктердің  өз  қызметін  жүзеге  асыру 
құқығын ресми тануы;
4) алименттер – бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға 
беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат;
5)  ата-аналарының  (ата-анасының)  қамқорлығынсыз  қалған 
бала  (балалар) – ата-ана  құқықтарының  шектелуiне  немесе 
олардан  айрылуына,  хабарсыз  кеткен  деп  танылуына,  қайтыс 
болған  деп  жариялануына,  əрекетке  қабiлетсiз  немесе  əрекет 
қабiлетi  шектелген  деп  танылуына,  бас  бостандығынан  айыру 
орындарында жазасын өтеуiне, бала тəрбиелеуден немесе оның 


169
құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның ішінде 
баланы тəрбиелеу немесе медициналық ұйымнан алудан бас тар-
туына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған 
жəне  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  көзделген  өз 
құқықтары  мен  мүдделерінің  қажетті  қорғалуын  қамтамасыз 
етуге мұқтаж болған өзге де жағдайларда жалғыз ата-анасының 
немесе екеуінің де қамқорлығынан айрылған бала (балалар); 
6) ата-анасы бас тартқан бала (бас тартылған балалар) – тиісті 
заңды құжаттарды ресімдеу жолымен оны одан əрі тəрбиелеуден, 
оқытудан,  материалдық  қамтамасыз  етуден  ата-аналары  (ата-
анасы) бас тартқан бала;  
7) əке болуды анықтау - баланың анасымен некеге тұрмаған 
(ерлі-зайыпты  болмаған)  адамның  балаға  қатысты  əке  болуын 
тіркеуші органның анықтауы не сот тəртібімен анықтау;
8)  бала  (балалар)  – он  сегіз  жасқа  (кəмелетке)  толмаған 
адам; 
9) бала асырап алу – сот шешімі негізінде баланы (балаларды) 
отбасына  тəрбиелеуге  берудің  құқықтық  нысаны  нəтижесінде 
шығу тегі бойынша туыстарының құқықтары мен міндеттеріне 
теңестірілетін, жеке мүліктік емес жəне мүліктік құқықтар мен 
міндеттер туындайды;
10) бала асырап алу жөніндегі агенттіктер – өз мемлекетінің 
аумағында  балаларды  асырап  алу  жөніндегі  қызметті  жүзеге 
асыратын  жəне  осы  Кодексте  белгіленген  тəртіппен  Қазақстан 
Республикасының  аумағында  осындай  қызметті  жүзеге  асыру 
үшін аккредиттелген коммерциялық емес шетелдік ұйымдар;
11) балалық шақ – кəмелетке толмаған адамдардың құқықтық 
жай-күйі;
12) баланың заңды өкілдері – ата-аналар (ата-ана), бала асы-
рап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тəрбиеші 
жəне олардың орнындағы басқа да тұлғалар;  
13)  жақын  туыстар – ата-аналар  (ата-ана),  балалар,  асырап 
алушылар,  асырап  алынғандар,  ата-анасы  бір  жəне  ата-анасы 
бөлек  ағалы-інілер  мен  апалы-сіңлілер  (аға-қарындастар),  ата, 
əже, немерелер;
14)  жалған  неке  (ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылардың 
немесе  олардың  біреуінің  отбасын  құру  ниетінсіз,  Қазақстан 
Республикасының заңында белгіленген тəртіппен қиылған неке 
(ерлі-зайыптылық);
15)  жеке  басын  куəландыратын  құжат – əртүрлі  құқықтық 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау