Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет49/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   100

155
қабiлеттерi  мен  мүмкiндiктерiне  сəйкес  баланың  күтiлуi  мен 
жан-жақты  дамуына  қажеттi  өмiрлiк  жағдайларды  қамтамасыз 
етедi. 
3.  Мемлекеттiк  органдар  Қазақстан  Республикасының 
заңдарына сəйкес балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық 
жəне бос уақытын пайдаланатын өзге де ұйымдарын, лагерьлер 
мен санаторийлердi құрады жəне оларды қолдап отырады. 
4.  Мемлекет  балалардың  демалуға,  сауығуға  жəне  бос 
уақытын  пайдалануға  құқығын  қамтамасыз  ету  жөнiндегi iс-
шараларды жүзеге асырады.
20-бап. Баланың мiндеттерi
Əрбiр  бала  Қазақстан  Республикасының  Конституция-
сын  жəне  заңдарын  сақтауға,  басқа  адамдардың  құқықтарын, 
бостандығын,  ар-ожданы  мен  қадiр-қасиетiн,  Республиканың 
мемлекеттiк  нышандарын  құрметтеуге,  еңбекке  жарамсыз  ата-
анасына  қамқорлық  жасауға,  тарихи  жəне  мəдени  мұралардың 
сақталуына  қам-қарекет  жасауға,  тарих  жəне  мəдениет 
ескерткiштерiн  сақтауға,  табиғатты  сақтауға  жəне  табиғи 
байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.
4-тарау. БАЛА ЖƏНЕ ОТБАСЫ
21-бап.  Баланың  отбасында  өмiр  сүру  жəне  тəрбиелену 
құқығы
Баланың мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспаған-
да,  əрбiр  баланың  отбасында  өмiр  сүруге  жəне  тəрбиеленуге 
құқығы, өзiнiң ата-анасын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығы 
мен тəрбиесiн алуға құқығы бар.
22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары
Бала  отбасында  Қазақстан  Республикасының  Конституция-
сында , осы заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заң 
актiлерiнде белгiленген құқықтарға ие.
23-бап. 
Бала 
тəрбиелеп 
отырған 
отбасыларына 
мемлекеттiк қолдау
Мемлекет  бала  тəрбиелеп  отырған  отбасыларына  Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен əлеуметтiк 
көмек беру арқылы қолдау көрсетедi.


156
24-бап. Ата-анасының баланы тəрбиелеу, күтiп-бағу жəне 
асырау жөнiндегi мiндетi
1. Ата-анасы немесе басқа да заңды өкiлдерi өздерiнiң қабiлетi 
мен  қаржы  мүмкiндiктерi  шегiнде  баланың  жан-жақты  дамуы 
үшiн қажеттi жағдай жасауға мiндеттi.
2.  Ата-анасы  баланы  тəрбиелеуге,  оны  күтiп-бағуды  жүзеге 
асыруға,  материалдық  жағынан  қолдап,  оның  əл-ауқатына 
қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге мiндеттi. 
25-бап. Баланың ата-анасымен бiрге тұру құқығы
1. Баланың өз ата-анасымен немесе басқа да заңды өкiлдерi-
мен бiрге тұруға құқығы бар. 
2.  Баланың,  ата-анасының  немесе  заңды  өкiлдерiнiң 
ықтиярынсыз  баланы  ата-анасынан  немесе  заңды  өкiлдерiнен 
айыруға  тыйым  салынады.  Оларды  айыру  туралы  шешiмдi 
ерекше  жағдайларда  жəне  баланы  қорғау  мақсатында  қандай 
дəрежеде қажет болуына қарай сот қана қабылдайды. 
3.  Ата-анасы  бiр-бiрiнен  бөлек  тұрған  жағдайда  баланың 
тұратын жерi ата-анасының келiсiмiмен, ал ол болмаған жағдай-
да, ата-аналар арасындағы дау сот арқылы шешiледi. Бұл орай-
да  сот  бала  ата-анасының  жеке  қасиеттерi  мен  жағдайларын, 
сондай-ақ баланың мүдделерi мен пiкiрiн ескередi. 
26-бап.  Баланың  өзiнен  бөлек  тұратын  ата-анасымен 
қарым-қатынас жасау құқығы
1.  Баланың  өмiрi  мен  денсаулығына  қатер  төндiретiн 
жағдайлардың  болуын  қоспағанда,  баланың  өзiнен  бөлек 
тұратын ата-анасы туралы ақпарат алуға, олармен кездесiп, ара-
ласып тұруға құқығы бар. 
2. Бала құқығын шектеуге байланысты туындаған, осы бапта 
көзделген даулар сот тəртiбiмен шешiледi.
5-тарау. АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ 
ҚАЛҒАН БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
27-бап. Қорғаншылық, қамқоршылық жəне патронат
1.  Ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаға  оның 
мүлiктiк  жəне  мүлiктiк  емес  жеке  құқықтарын  қорғау  үшiн 


157
Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес қорғаншы немесе 
қамқоршы белгiленедi. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  (4-бөлiм); 
Р991346 ). 
2. Қорғаншылық он төрт жасқа толмаған балаларға белгiленедi, 
ал қамқоршылық он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кəмелетке 
толмағандарға белгiленедi. 
3.  Жергiлiктi  атқарушы  органдар  Қамқоршылық  жəне 
қорғаншылық органдары болып табылады. 
4.  Ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған,  соның  iшiнде 
тəрбиелеушi, емдеушi немесе басқа мекемедегi балаға Қазақстан 
Республикасының заңдарына сəйкес патронат белгiленуi мүмкiн. 
(РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  (16-тарау). 
5. Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленген баланың 
аға-iнiлерi  жəне  апа-сiңлiлерi  бар  болса,  олардың  бiрге  тұруы 
үшiн жағдай жасалады. 
28-бап. Бала асырап алу
Отбасында  өсiрiп-жетiлдiру  мен  тəрбиелеу  үшiн  жағдайлар 
жасау  мақсатында  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  бала 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен 
асырап алуға берiлуi мүмкiн. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  (12-
тарау). 
29-бап.  Баланы  тəрбиелейтiн,  емдейтiн  жəне  сол  сияқты 
өзге де мекемелерде күтiп-бағу мен тəрбиелеу
1.  Ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  бала,  оны  от-
басында  тəрбиелеуге  беруге  мүмкiндiк  болмаған  жағдайда, 
тəрбиелейтiн,  емдейтiн  немесе  сол  сияқты  өзге  де  балалар 
мекемелерiне орналастырылуға тиiс. 
2. Балаға тиесiн алимент, жəрдемақы жəне басқа əлеуметтiк 
төлемдер  оның  жеке  шотына  аударылады  жəне  Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен төленедi. 
3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 
тəрбиелейтiн, емдейтiн жəне сол сияқты өзге де мекемелердегi 
балаға  отбасылық  тəрбиеге  жақындатылған  жағдай  жасалады. 
Баланың  күтiп-бағуды  пайдалануға,  тəрбие,  бiлiм  алуға,  жан-
жақты  дамуға,  ар-ожданы  мен  қадiр-қасиетiнiң  құрметтелуiне, 
өз мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуiне, ана тiлiнiң, мəдениетiнiң, 
ұлттық əдет-ғұрпы мен дəстүрiнiң сақталуына құқығы бар. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау