Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет54/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   100

170
қатынастарға  түскен  кезде  азаматтың  жеке  басын  растайтын, 
тиісті уəкілетті орган беретін белгіленген үлгідегі құжат. 
Жеке басын куəландыратын құжаттарға Қазақстан Республи-
касы азаматының жеке куəлігі, ұлттық паспорт, азаматтығы жоқ 
адамның куəлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға 
ықтиярхаты жатады;
16)  жекжаттық – ерлі-зайыптылардың  бірінің  екінші 
жұбайының жақын  туыстарына қатысы;
17)  жетім  бала  (балалар) – ата-анасының  екеуі  де  немесе 
жалғыз анасы (əкесі) қайтыс болған бала (балалар); 
18) Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау 
саласындағы  уəкілетті  органы – Қазақстан  Республикасының 
Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;
19)  қамқоршылық – он  төрттен  он  сегіз  жасқа  дейінгі 
баланың  (балалардың),  сондай-ақ  спирт  ішімдіктеріне  немесе 
есірткі заттарына салыну салдарынан сот əрекет қабілетін шек-
теген кəмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерін 
қорғаудың құқықтық нысаны;
20)  қиын  өмір  жағдайындағы  бала  (балалар) – қалыптасқан 
жағдайлар  салдарынан  өмір  тіршілігі  бұзылған  жəне  осы 
жағдайларды  өз  бетінше  немесе  отбасының  көмегімен  еңсере 
алмайтын бала (балалар);  
21) қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың жəне 
сот əрекетке қабілетсіз деп таныған тұлғалардың құқықтары мен 
мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;
22)  қорғаншы  немесе  қамқоршы – қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыру  үшін 
Қазақстан  Республикасының  заңында  белгіленген  тəртіппен 
тағайындалған тұлға;
23)  қосалқы  репродуктивтік  əдістер  мен  технологиялар – 
азаматтардың репродуктивтік қызметiн түзеуге бағытталған диа-
гностика, емдеу жəне оңалту жөнiндегi медициналық іс-шаралар 
кешенi;
24) материалдық жағдай – жалақының, зейнетақының, басқа 
да  табыстардың  болуы  немесе  болмауы;  олардың  мөлшері; 
мүлкінің болуы; отбасының басқа да мүшелерінен материалдық 
көмек алуы немесе алмауы;
25)  мүліктің  шарттық  режимі – ерлі-зайыптылардың  неке 
шартымен белгіленген меншік режимі;
26)  неке  (ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылар  арасындағы 


171
мүліктік  жəне  жеке  мүліктік  емес  құқықтар  мен  міндеттерді 
туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасы-
ның  заңында  белгіленген  тəртіппен  тараптардың  ерікті  жəне 
толық  келісімімен  жасалған  еркек  пен  əйел  арасындағы  тең 
құқықты одақ;
27) неке (ерлі-зайыптылық) жасы – осы Кодексте белгіленген,  
адамның некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) құқылы болатын 
жасы;
28) некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) ана – бала (бала-
лар) туған, бірақ тіркеуші органдарда тіркелген, некеде тұрмаған 
(ерлі-зайыпты болмаған) əйел; 
29)  отбасы – некеден  (ерлі-зайыптылықтан),  туыстықтан, 
жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тəрбиеге 
алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік жəне жеке 
мүліктік  емес  құқықтар  мен  міндеттерге  байланысты  жəне  от-
басы  қатынастарын  нығайтып,  дамытуға  жəрдемдесуге  тиісті 
адамдар тобы;
30) отбасылық жағдай – некеде (ерлі-зайыпты) болу не болмау 
немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, жесірлік, балалардың 
немесе  отбасының  басқа  да  мүшелерінің  болуы  немесе  болма-
уы;
31)  патронат – жетім  балалар,  ата-аналарының  (ата-
анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылық неме-
се қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ор-
ган мен баланы (балаларды) тəрбиеге алуға тілек бiлдiрген адам 
жасайтын  шарт  бойынша  отбасыларға  патронаттық  тəрбиеге 
берілетін тəрбие нысаны;   
32)  репродуктивтік  денсаулық – адамның  толымды  ұрпақ 
туғызуға  қабілетін көрсететін денсаулығы;
33)  суррогат  ана – суррогат  ана    болу  шартына  сəйкес  тап-
сырыс берушілер үшін қосалқы репродуктивтік əдістер мен тех-
нологиялар  қолданылғаннан  кейін  құрсақ  көтеретін  жəне  бала 
(балалар) туатын əйел;
34) суррогат ана болу – сыйақы төлене отырып, суррогат ана 
мен  ерлі-зайыптылар  арасындағы  шарт  бойынша  күні  жетпей 
босану жағдайларын қоса алғанда, бала (балаларды) көтеру жəне 
туу;
35) суррогат ана болу шарты – некеде тұрған (ерлі-зайыпты 
болған)  жəне  балалы  болғысы  келетiн  адамдар  мен  қосалқы 


172
репродуктивтік əдістер мен технологияларды қолдану жолымен 
бала  көтеруге  жəне  тууға  өз  келiсiмiн  берген  əйел  арасындағы 
нотариатта куəландырылған жазбаша келiсiм.
2.  Егер  осы  Кодексте  өзгеше  белгіленбесе, «бала  (қыз)  асы-
рап  алу»  жəне  «бала  асырап  алу», «бала  (қыз)  асырап  алушы-
лар»  жəне  «бала  асырап  алушылар», «асырап  алынған  балалар 
(қыздар)»  жəне  «асырап  алынған  балалар», «бала  (балалар)» 
жəне  «бала», «ата-аналар  (ата-ана)»  жəне  «ата-аналар», «ерлі-
зайыптылар  (жұбайы,  зайыбы)»  жəне  «ерлі-зайыптылар»  деген 
ұғымдардың мəні бірдей.
 
 
2-бап.  Қазақстан  Республикасының  неке-отбасы  заң-
намасының негіздері
1.  Неке  (ерлі-зайыптылық)  жəне  отбасы,  ана,  əке  жəне  бала 
мемлекеттің қорғауында болады.
2. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы:
1)  еркек  пен  əйелдің  некелік  (ерлі-зайыптылық)  одағының 
еріктілігі;
2) отбасындағы ерлі-зайыптылардың құқықтарының теңдігі;
3)  отбасының  ісіне  кімнің  болса  да  өз  бетінше  араласуына 
жол берілмеушілік;
4) отбасы ішіндегі мəселелерді өзара келісім арқылы шешу; 
5)  балалардың  отбасында  тəрбиелену  басымдығы,  олардың 
өсіп-жетілуі мен əл-ауқатты болуына қамқорлық; 
6) отбасының кəмелетке толмаған, қарт жəне еңбекке қабілет-
сіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін басымдықпен қорғау; 
7)  отбасы  мүшелерінің  өз  құқықтарын  кедергісіз  жүзеге 
асыруын  қамтамасыз  ету,  осы  құқықтарды  сот  арқылы  қорғау 
мүмкіндіктері; 
8)  отбасының  барлық  мүшелерінің  салауатты  өмір  салтын 
қолдау қағидаттарына негізделеді. 
3.  Тек  мемлекеттік  органдар  қиған  неке  (ерлі-зайыптылық) 
ғана танылады. 
Діни  жоралар  мен  рəсімдер  бойынша  қиылған  неке  (ерлі-
зайыптылық)  тіркеуші  органдарда  тіркелген  некеге  (ерлі-
зайыптылыққа) теңестірілмейді жəне тиісті құқықтық салдарлар 
тудырмайды. 
Еркек  пен  əйелдің,  сондай-ақ  бір  жыныс  өкілдерінің  шын 
мəнінде бірге тұруы неке (ерлі-зайыптылық) деп танылмайды.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау