5
КІРІСПЕ
Кəмелетке толмағандар арасындағы жағымсыз құбылыстар-
дың профилактикасы, жасөспірімдерді əлеуметтік бейімдеу,
балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау деңгейін арттыру,
отбасы жайсыздығының, əлеуметтік жетімдіктің, балаларға қатаң
қараудың алдын алу мəселелері бүгінгі күні күрделі əлеуметтік
проблемалардың біріне айналып отыр.
Балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығы проблема-
сының əлемнің көптеген елдерінде жалпыұлттық қауіп
туғызатын фактор ретінде бағалануы тектен емес. Аталған
əлеуметaтік құбылыстардың етек алуы мемлекет дамуына қатер
төндіреді, себебі қылмыстың, нашақорлықтың өсуіне əкеледі,
қоғамның адамгершілік қағидаларын бұзады. Балалардың
қадағалаусыздығы мен панасыздығы Қазақстанның болашағына
да қауіпті, өйткені мемлекет дамуының келешегі өскелең
ұрпақтың денсаулығымен, адамгершілік тəрбиесі мен білімімен
тікелей байланысты.
Балалардың қадағалаусызды мен панасыздығын, сондай-
ақ кəмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықты
төмендету жолдарын іздеу қоғам алдында тұрған өзекті əрі
əлеуметтік маңызы бар міндеттерінің бірі. Қазіргі таңда
осы міндеттердің бірі балалардың қадағалаусыздығы мен
панасыздығы профилактикасының тиімді жүйесін жəне
кəмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың ал-
дын алу жəне балалардың құқықтарын қорғау бойынша тиімді
шаралар кешенін əзірлеу болып отыр.
Осыған орай, білім беру органдары мен ұйымдарының ма-
мандарына əдістемелік жəне кеңесшілік көмек көрсету үшін
балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының про-
филактикасы, кəмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтың алдын алу жəне балалардың құқықтарын қорғау
мəселелері жөнінде əдістемелік құрал əзірленді.
Бұл əдістемелік құралдың мақсаты – балалардың
қадағалаусыздығы мен панасыздығының жай-күйі мен про-
блемаларына кешенді баға беру, əлеуметтік ортаға қауіпті осы
6
құбылысты туындататын факторларды анықтау жəне кəмелетке
толмағандардың қадағалаусыздығы мен панасыздығымен
профилактикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсынымдар
əзірлеу.
Əдістемелік құралда республикадағы кəмелетке толмағандар
арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық, құқық бұзушылық
проблемасы зерттелген жəне осы мəселені шешу бойынша оң
тəжірибе жинақталған.
Балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының,
кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың ал-
дын алу жəне балалардың құқықтарын қорғау саласындағы
нормативтік құқықтық базаға талдау жасалған, кəмелетке
толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздықтың
профилактикасын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар əзірлен-
ген.
Əдістемелік құралдың материалдары балалар құқықтарының
қорғалуын іске асыру жұмысымен айналысатын білім беру ор-
гандары мен ұйымдарының мамандарына арналған.
7
1-тарау. Қазақстандағы балалардың
қадағалаусыздығы, панасыздығы жəне кəмелетке
толмағандар арасындағы құқық бұзушылық
жағдайының жай-күйі
Қадағалаусыз жəне панасыз балалар – отбасының қажетті
бақылауынан, назарынан жəне қамқорлығынан шет қалған, өз
кезегінде девианттық мінез-құлығымен ерекшеленетін, ішімдік,
есірткі пайдаланатын, құқық бұзушылық əрекеттер жасайтын
кəмелетке толмағандар.
«Қадағалаусыз»
жəне
«панасыз»
сөздерінің
өзіндік
айырмашылықтары бар. Қадағалаусыз балалар іс жүзінде өз от-
басымен бірге өмір сүреді. Алайда баланың тəрбиеленуіне, білім
алуына жəне дамуына ата-анасы мен оқу орны тиісті деңгейде
бақылау жасай алмайды. Балалардың мұндай санатына «тəрбиесі
қиын балалар» деген айдар тағылған. Бұлар «қауіп тобындағы» ба-
лалар саналады.
Панасыздық – қадағалаусыздық санатынан да қауіптірек. Па-
насыз балалар іс жүзінде отбасынан кетіп қалып, онымен қарым-
қатынасын түбегейлі үзеді. Мұндай балалардың тұрақты мекені
де, тұрақты жүретін аймағы да болмайды. Олар көбінесе көше мен
вокзалдарды мекен етеді. Мұндай орындар қылмыстың көп орын
алатын, жезөкшелік пен қайыршылық етек жайған жерлерге жа-
тады.
Қазақстанда қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалардың
нақты санын айғақтайтын статистикалық деректер жоқтың қасы.
Ресми деректер тек қана ішкі істер органдарының қолына түсіп,
тіркеуіне ілікккен немесе панасыз жəне қадағалаусыз балаларға
арналған білім беру ұйымдарының тізіміне енген қадағалаусыз
жəне панасыз қалған балаларды ғана қамтиды. Ресми дерек-
терге сəйкес, Кəмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау,
бейімдеу жəне оңалту орталықтарына (қазіргі таңда Кəмелетке
толмағандарды бейімдеу орталығына) жыл сайын 10 мыңға жуық
қадағалаусыз жəне панасыз балалар келіп түсетін.
Балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының етек
жаюының негізгі себептерінің бірі – ата-аналары мен оларды ал-
мастыратын кісілердің қажетті бақылауының болмауы деуге бола-
ды. Сондай-ақ, зерттеу материалдары көрсеткендей, кедейшілік,
жұмыссыздық, отбасы жағдайының нашарлығы, отбасындағы
8
қолайсыз ахуал (ата-аналардың ішімдікке салынуы, олардың ата-
ана құқықтарынан айырылуы, ата-аналардың өз балаларын асы-
раудан бас тартуы, шектен шыққан қатыгездік, бақылаусыздық)
елдегі қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалардың санын арт-
тыруда.
Осы аталған факторлар өз кезегінде қадағалаусыз жəне панасыз
балалардың пайда болуына алып келетін айтарлықтай жағымсыз
əлеуметтік жағдайға себеп болады. Балалардың қадағалаусыздығы
мен панасыздығы – Қазақстандағы қазіргі таңда қалыптасқан
əлеуметтік-экономикалық жəне рухани-тəрбиелік жағдайдың
келеңсіз жемісі. Соның салдарынан, елімізде əлеуметтік теңсіздік,
отбасылардың əлеуметтік жайсыздығы, олардың өмір сүру
мүмкіндігінің қиындауы, жасөспірімдер арасында қылмыстың
етек жаюы байқалуда.
Балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының нақты
жағдайын анықтау мақсатында жұртшылық арасында əлеуметтік
сауалнама жүргізіліп, Кəмелетке толмағандарды бейімдеу
орталықтарында (бұдан əрі – КТБО) орналасқан балалардың жеке
істері зерттелді.
Зерттеудің негізгі мақсаты:
- балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының
себептерін талдау;
- қадағалаусыз жəне панасыз балалардың негізгі мəселелерін
зерттеу;
-
балалардың
қадағалаусыздығы
мен
панасыздығы
мəселелеріне қатысты қоғамдық пікірді бағалау.
Жұртшылықтың пікірін талдай келе, адамдардың қоғам
өміріндегі балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығына
қатты алаңдайтыны анықталды. Сауалнамаға жұртшылық пен
педагогтар өкілдерінен 186 адам қатысты. Жауап бергендердің
30,8% балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығын қауіпті
үрдіс деп бағаласа, сұралғандардың 10,2% бұл мəселені аса
қауіпті деп бағалаған.
Сауалнаманың нəтижесі бойынша қадағалаусыздық пен
панасыздық «қылмыстың өсуіне» (84%) жəне «алкоголизм
мен нашақорлықлықтың етек жаюына себеп болады» (49%).
Жұртшылықтың мұндай пікірі ресми деректермен де расталып
отыр.
Сауалнамаға жауап бергендердің пікірі қадағалаусыз жəне па-
Достарыңызбен бөлісу: |