Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық


-бап. Осы Заңның қолданылуы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет46/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   100

146
2-бап. Осы Заңның қолданылуы
1.  Осы  Заң  Қазақстан  Республикасының  азаматтарына, 
шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. 
2. Осы Заңның бала құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейтiн 
нормаларының  күшi  кəмелетке  толғанға  дейiн  Қазақстан 
Республикасының  заң  актiлерiне  сəйкес  азаматтық  əрекет 
қабiлеттiлiгiн толық көлемiнде алған балаларға қолданылмайды. 
(РҚАО-ның ескертуi: қараңыз. ҚР АК (17-баптың 2-тармағы). 
3-бап. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары 
туралы заңдары
1.  Қазақстан  Республикасының  баланың  құқықтары  тура-
лы  заңдары  Қазақстан  Республикасының  Конституциясына 
негiзделедi жəне осы Заң мен Қазақстан Республикасының бала 
құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық 
актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарт-
та  осы  Заңдағыдан  өзгеше  ережелер  белгiленсе,  халықаралық 
шарттағы оны қолдану үшiн Қазақстан Республикасының заңын 
шығару  талап  етiлетiн  жағдайларды  қоспағанда,  халықаралық 
шарттың ережелерi қолданылады. 
4-бап. Балалардың тең құқықтылығы
1. Тегiне, нəсiлiне жəне қай ұлтқа жататындығына, əлеуметтiк 
жəне  мүлiктiк  жағдайына,  жынысына,  тiлiне,  бiлiмiне,  дiнге 
көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға 
жəне ата-анасына немесе басқа заңды өкiлдерiне қатысты өзге де 
мəн-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие. 
2.  Некеден  жəне  некесiз  туған  балалар  тең  əрi  жан-жақты 
қорғауды пайдаланады.
5-бап. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу
1.  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгiленген 
жағдайларды  қоспағанда,  баланың  құқықтарын  шектеуге  бол-
майды.
2.  Баланың  құқықтарын  шектеуге  бағытталған  нормативтiк 
құқықтық  актiлер  олардың  қабылданған  кезiнен  бастап  жарам-
сыз болып табылады жəне олар қолданылмауға тиiс.


147
2-тарау. БАЛАЛАР МҮДДЕСIН КӨЗДЕЙТIН 
МЕМЛЕКЕТТIК САЯСАТ
6-бап. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың 
мақсаттары
1.  Қазақстан  Республикасының  балалар  мүддесiн  көздейтiн 
мемлекеттiк саясатының мақсаттары:
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз 
ету, оларды кемсiтушiлiкке жол бермеу;
2)  балалардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерiнiң  негiзгi 
кепiлдiктерiн  нығайту,  сондай-ақ  құқықтары  бұзылған 
жағдайларда оларды қалпына келтiру; 
3)  бала  құқықтары  кепiлдiктерiнiң  құқықтық  негiздерiн 
қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау 
жөнiндегi тиiстi органдар мен ұйымдар құру; 
4)  балалардың  дене  бiтiмi,  интеллектуалдық,  рухани 
жəне  имандылық  тұрғысынан  дамуына,  олардың  бойында 
елжандылық, азаматтық жəне бейбiтшiл сезiмдердi тəрбиелеуге, 
сондай-ақ  баланың  жеке  адами  тұлғасының  қоғам  мүддесi, 
мемлекет  халықтарының  дəстүрлерi,  ұлттық  жəне  əлемдiк 
мəдениет жетiстiктерiне қол жеткiзуi үшiн мүмкiндiктерiн ашуға 
жəрдемдесу; 
5) кəмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық 
мəдениетiн  қалыптастыру  жөнiндегi  нысаналы  жұмысты 
қамтамасыз ету болып табылады. 
2. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат мемлекеттiк 
органдар қызметiнiң басым саласы болып табылады жəне: 
1) баланың құқықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге; 
2)  балаларға  толымды  тəрбие  берудi,  олардың  құқықтарын 
қорғауды  оларды  қоғамда  толымды  өмiр  сүруге  дайындауды 
қамтамасыз ету мақсатында отбасын мемлекеттiк қолдауға; 
3) аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, балалардың өмiрiн 
жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең төменгi əлеуметтiк стан-
дарттарды белгiлеуге жəне сақтауға; 
4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны, оған 
зиян  келтiргенi  үшiн  лауазымды  тұлғалардың,  азаматтардың 
жауаптылығына;
5) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiн-
дегi функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктер мен 
өзге де ұйымдарды мемлекеттiк қолдауға негiзделген. 


148
7-бап. Қазақстан Республикасы орталық жəне жергiлiктi 
атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын 
қорғау мəселелерi жөнiндегi өкiлеттiктерi
1.  Орталық  атқарушы  органдардың  баланың  құқықтарына 
кепiлдiктердi қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктерiне: 
1)  балалар  мүддесiн  көздейтiн  мемлекеттiк  саясаттың 
негiздерiн талдап жасау; 
2) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн, оның денсау-
лығы  мен  имандылығын  қорғауды  қамтамасыз  ету  жөнiндегi 
қызметтiң басым бағыттарын таңдау; 
3) өз құзыретi шегiнде баланың құқықтары мен бостандықта-
рын  реттеу  жəне  қорғау  жөнiндегi  нормативтiк  құқықтық 
актiлердi қабылдау; 
4) балалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең 
төменгi əлеуметтiк стандарттарды белгiлеу; 
5)  бюджет  қаражаты  жəне  Қазақстан  Республикасының 
заңдарымен  тыйым  салынбаған  өзге  де  көздер  есебiнен  бала-
лар мүдделерiнде мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-
шараларды жүзеге асыру;
6)  баланың  құқықтарын  қорғау  мəселелерi  бойынша 
мемлекеттiң  халықаралық  мiндеттемелерiн  орындау  жəне 
халықаралық ұйымдарда мемлекет мүддесiн бiлдiру;
7)  тəрбие,  бiлiм  беру,  денсаулық  сақтау,  ғылым,  мəдениет, 
дене  тəрбиесi  мен  спорт,  əлеуметтiк  қызмет  көрсету  жəне  от-
басын  əлеуметтiк  қорғау  саласындағы  балалар  мүдделерiнде 
мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шаралар шеңберiн 
айқындау жатады.
3.  Жергiлiктi  атқарушы  органдардың  бала  құқықтары 
кепiлдiктерiн жүзеге асырудағы өкiлеттiктерiне:
1)  баланың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерiн  қорғауға,  от-
басы мен балаларды қолдауға арналған мемлекеттiк, жергiлiктi 
бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз ету;
2)  балаларға  арналған  əлеуметтiк  инфрақұрылымды 
қалыптастыруға қатысу;
3) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi 
консультацияларды  хабарлау  мен  өткiзу, iс-шараларды  жүзеге 
асыру тəртiбiн белгiлеу;
4) тəрбие, бiлiм беру, денсаулық сақтау, ғылым, мəдениет, дене 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау