133
31-бап. Бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білім
беру
1. 1-сыныпқа оқуға балалар алты (жеті) жастан қабылданады.
2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы
білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім
беретін ұйымдардың негізгі түрлері мектеп, шағын жинақталған
мектеп, гимназия, лицей, бейіндік мектеп болып табылады.
3. Он алты жасқа дейінгі балаларды орта білім беретін
мемлекеттік ұйымдардан шығаруға құқыққа қарсы əрекеттер
жасағаны, білім беру ұйымдарының жарғысын өрескел жəне
бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымы мемлекеттік басқару
органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат
етіледі.
Жетім балаларды жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларды шығару туралы шешім қорғаншы жəне қамқоршы
ұйымдардың келісімімен қабылданады.
6-тарау. Білім беру қызметінің субъектілері
40-бап. Білім беру ұйымдары
1. Бір немесе бірнеше білім беретін оқу бағдарламаларын іске
асыратын жəне (немесе) білім алушыларды, тəрбиеленушілерді
асырау мен тəрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар білім
беру ұйымдары болып табылады.
Білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының
заңнамасына сəйкес жеке жəне заңды тұлғалар (құрылтайшылар)
құрады.
Білім беру ұйымдарының қызметі тиісті үлгідегі білім беру
ұйымдары қызметінің үлгілік ережелерімен жəне солардың
негізінде əзірленген жарғылармен реттеледі.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше
көзделмесе, білім беру ұйымдарында білім беру қызметін жүргізу
құқығы лицензия алған кезден бастап туындайды жəне соттың
лицензиядан айыру туралы шешімі заңды күшіне енген немесе
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен
лицензия жарамсыз деп танылған сəттен бастап тоқтатылады.
2-1. Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден
бастап алты ай ішінде білім беру қызметімен айналысу құқығына
лицензия алмаған жағдайда білім беру ұйымы сот тəртібімен та-
134
ратылады.
Осы мерзімнің өтуін білім беру саласындағы уəкілетті орган
білім беру ұйымының білім беру қызметімен айналысу құқығына
лицензия алу туралы материалдарын қарау мерзіміне тоқтата
тұрады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше
көзделмесе, білім беру ұйымының мəртебесін (үлгісін, түрін)
оның құрылтайшылары айқындайды жəне осы Заңның талапта-
ры, білім беру қызметін лицензиялау кезіндегі біліктілік талап-
тары, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік
ережелері ескеріле отырып, оның жарғыларында көрсетіледі.
4. Іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламаларына қарай
білім беру ұйымдарының мынадай үлгілері болуы мүмкін:
1) мектепке дейінгі ұйымдар;
2) жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жал-
пы орта);
3) техникалық жəне кəсіптік білім беру;
4) орта білімнен кейінгі білім беру;
5) жоғары білім беру;
6) жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
7) мамандандырылған білім беру ұйымдары;
8) арнайы білім беру ұйымдары;
9) жетім балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің)
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру
ұйымдары;
10) балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары;
11) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары.
Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын білім беру
саласындағы уəкілетті орган бекітеді.
5. Медициналық білім беру ұйымдары қаржыландырылуы
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған
көздерден жүзеге асырылатын клиникалық базасы бар болған
кезде ғана жұмыс істеуі мүмкін.
Клиникалық базалар туралы ережені денсаулық сақтау
саласындағы уəкілетті орган бекітеді.
45-бап. Еңбек қатынастары жəне білім беру ұйымы
басшысының жауапкершілігі
1. Қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары
135
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
Жоғары
оқу
орындарындағы
ғылыми-педагогтік
қызметкерлердің
(профессорлық-оқытушылық
құрамның,
ғылыми қызметкерлердің) лауазымдарға орналасуы конкурстық
негізде жүзеге асырылады.
2. Азаматтарды күндізгі бөлімдерінде оқыту уақыты əскери
қызметті өткеруге теңестірілетін білім беру ұйымдарының бас-
шылары мен профессорлық-оқытушылық құрамын лауазымға
тағайындау тəртібін жəне олардың еңбек жағдайларын Қазақстан
Республикасының заңнамасына сəйкес олардың мемлекеттік
басқару органдары айқындайды.
3. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасы-
ның заңдарында белгіленген тəртіппен:
1)
білім
беру
ұйымы
білім
алушыларының,
тəрбиеленушілерінің,
қызметкерлерінің
құқықтары
мен
бостандықтарын бұзғаны;
2)
өзінің
құзыретіне
жатқызылған
функцияларды
орындамағаны;
3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының та-
лаптарын бұзғаны;
4) білім беру ұйымы білім алушыларының жəне
тəрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тəрбие процесі
кезіндегі өмірі мен денсаулығы;
5)
қаржы-шаруашылық
қызметтің
жай-күйі,
оның
ішінде материалдық жəне ақша қаражаттарын нысаналы
пайдаланбағаны;
6) нормативтік құқықтық актілерде жəне еңбек шартының
талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін
жауаптылықта болады.
47-бап. Білім алушылар мен тəрбиеленушілердің
құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Рес-
публикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдардың қабылдау талаптарына сəйкес білім беру
ұйымдарын жəне білім алу нысандарын таңдауға құқығы бар.
2. Білім алатын адамдар білім алушылар немесе
тəрбиеленушілер болып табылады.
Бiлiм алушыларға оқушылар, кадеттер, студенттер, магис-
транттар, адъюнкттар, интерндер, курсанттар, тыңдаушылар
Достарыңызбен бөлісу: |