Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық


-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет45/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   100

142
51-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен 
жауапкершілігі
1.  Тиісті  бейіні  бойынша  арнайы  педагогтік  немесе  кəсіптік 
білімі бар адамдар педагогтік қызметпен айналысуға жіберіледі.
2. Педагог қызметкердің:
1)  кəсіби  қызметіне  арналған  жағдаймен  қамтамасыз  етіле 
отырып, педагогтік қызметпен айналысуға; 
2)  ғылыми-зерттеу,  тəжірибелік-эксперименттік  жұмыспен 
айналысуға, педагогтік практикаға жаңа əдістемелер мен техно-
логияларды енгізуге; 
3) жеке педагогтік қызметке; 
4)  тиісті  білім  беру  деңгейіндегі  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті 
ұйымдастырудың əдістері мен нысандарын еркін таңдауға;
5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының 
жұмысына қатысуға;
6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір 
рет біліктілігін арттыруға;
7)  санатын  арттыру  мақсатында  мерзімінен  бұрын 
аттестатталуға;
8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік награ-
далар,  құрметті  атақтар,  сыйлықтар  мен  атаулы  стипендиялар 
түріндегі моральдық жəне материалдық көтермеленуге;
9)  өзінің  кəсіптік  ар-намысы  мен  қадір-қасиетінің 
қорғалуына;
10)  əскери  қызметке  шақырылу  мерзімінің  кейінге 
қалдырылуына;
11)  ғылыми  қызметпен  айналысу  үшін  педагогтік  стажы 
сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;
12)  білім  беру  ұйымы  əкімшілігінің  бұйрықтары  мен 
өкімдеріне шағымдануға құқығы бар.
3. Педагог қызметкер:
1) өзінің кəсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық жəне 
практикалық білімді жəне оқыту дағдыларын меңгеруге;
2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының 
талаптарына сəйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапа-
сын қамтамасыз етуге;
3)  білім  алушыларды  жоғары  имандылық,  ата-аналарына, 
этномəдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған 
дүниеге ұқыпты қарауға тəрбиелеуге;


143
4)  білім  алушылардың  өмірлік  дағдыларын,  біліктіліктерін, 
өздігінен  жұмыс  істеуін,  шығармашылық  қабілеттерін 
дамытуға;
5)  өзінің  кəсіптік  шеберлігін,  зияткерлік,  шығармашылық 
жəне жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
6) бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;
7) педагогтік əдеп нормаларын сақтауға; 
8)  оқушылардың,  тəрбиеленушілердің  жəне  олардың  ата-
аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Міндеттері  мен  педагогтік  əдеп  нормаларын  бұзғаны  үшін 
педагог  қызметкер  Қазақстан  Республикасының  заңдарында 
көзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкін. 
4.  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  көзделген 
жағдайларды  қоспағанда,  педагог  қызметкерлерді  өздерінің 
кəсіптік  міндеттерін  орындаумен  байланысы  жоқ  жұмыс 
түрлеріне тартуға жол берілмейді. 
5.  Білім  беру  ұйымдарында  жұмыс  істеуге  педагогтік 
қызметіне  сот  үкімімен  немесе  медициналық  қорытындымен 
тыйым  салынған  адамдар,  сондай-ақ  заңда  белгіленген 
тəртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар 
жіберілмейді.
6. Педагог қызметкерлердің білім беру процесін саяси үгіттеу, 
діни  насихат  жүргізу  мақсатында  немесе  білім  алушыларды 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  жəне  Қазақстан 
Республикасының заңнамасына қайшы келетін əрекеттерге итер-
мелеу пиғылымен пайдалануына тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының 
Президенті 
 
Н. Назарбаев


144
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 
БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ
2002 ЖЫЛҒЫ 8 ТАМЫЗДАҒЫ N 345  ЗАҢЫ
Осы  Заң  балаларды  қоғамдағы  толымды  өмiрге  даярлау, 
олардың қоғамдық мəнi бар жəне шығармашылық белсендiлiгiн 
дамыту, əлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тəн құндылықтары 
негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық 
пен  азаматтыққа  тəрбиелеу,  олардың  бойында  ұлттық  сана-
сезiмдi  қалыптастыру  принциптерiнiң  басымдығына  сүйенiп, 
баланың  Қазақстан  Республикасының  Конституциясында 
кепiлдiк берiлген негiзгi құқықтары мен мүдделерiн iске асыруға 
байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi. 
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынандай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 
1) баланың) бала - он сегiз жасқа (кəмелетке) толмаған адам; 
2  заңды  өкiлдерi - ата-анасы,  бала  асырап  алушылар, 
қорғаншысы,  қамқоршысы,  патронат  тəрбиелеушiсi,  Қазақстан 
Республикасының  заңдарына  сəйкес  олардың  орнында 
қамқорлық жасайтын, бiлiм, тəрбие беретiн, баланың құқықтары 
мен мүдделерiн қорғайтын адамдар;
3)  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  бала - ата-ана 
құқықтарының  шектелуiне  немесе  олардан  айырылуына,  ата-
анасы  хабар-ошарсыз  кеттi  деп  танылуына,  олар  өлдi  деп  жа-
риялануына,  əрекетке  қабiлетсiз  (əрекет  қабiлетi  шектеулi)  деп 
танылуына,  ата-анасының  бас  бостандығынан  айыру  орында-
рында  жазасын  өтеуiне,  ата-анасының  баласын  тəрбиелеуден 
немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, 
оның iшiнде ата-анасының өз баласын тəрбиелеу немесе емдеу 
мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-
анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты 
ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала; 
4) жетiм бала - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты 
ата-анасы қайтыс болған бала; 
5) мүгедек бала - тiршiлiк-тынысының шектелуiне жəне оны 


145
əлеуметтiк  қорғау  қажеттiгiне  əкеп  соқтыратын  аурулардан, 
жарақаттардан,  олардың  салдарынан,  кемiстiктерден  организм 
функциялары  тұрақты  бұзылып,  денсаулығы  бұзылған  он  сегiз 
жасқа толмаған адам;
6) қорғаншылық - он төрт жасқа толмаған балалардың құқығы 
мен мүддесiн қорғаудың құқықтық нысаны; 
7)  қамқоршылық - он  төрт  жастан  он  сегiз  жасқа  дейiнгi 
балалардың құқығы мен мүддесiн қорғаудың құқықтық нысаны; 
8) патронат - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы 
уəкiлеттi мемлекеттiк орган мен баланы тəрбиелеуге алуға тiлек 
бiлдiрген адам (патронат тəрбиелеушiсi) жасасатын шарт бойын-
ша азаматтардың отбасына тəрбиелеуге берген кездегi тəрбиенiң 
нысаны;        
9)  баланың  əлеуметтiк  бейiмделуi - өмiрлiк  қиын  ахуалға 
тап  болған  баланың  қоғамдағы  құндылықтарды,  мiнез-құлық 
ережелерiмен  нормаларын  игеру  жəне  қабылдау  арқылы 
əлеуметтiк  ортаның  жағдайларына  белсендi  түрде  бейiмделу 
процесi, сондай-ақ басынан кешiрген психологиялық жəне (не-
месе) моральдық зардаптарды еңсеру процесi; 
10)  бала  құқықтарын  қорғау  жөнiндегi  функцияларды 
жүзеге  асыратын  ұйымдар - бұл  ұйымдық-құқықтық  нысаны-
на  қарамастан,  балаларды  əлеуметтiк  қолдауды,  əлеуметтiк-
тұрмыстық, медициналық-əлеуметтiк, əлеуметтiк-педагогикалық, 
психологиялық-педагогикалық,  құқықтық  қызмет  көрсетулер 
мен  материалдық  көмек  көрсетудi,  өмiрдегi  қиын  ахуалға  тап 
болған балаларды əлеуметтiк оңалтуды, мұндай балалар еңбекке 
қабiлеттi  жасқа  жеткенде  олардың  жұмыспен  қамтылуын 
қамтамасыз етудi жүзеге асыратын ұйымдар; 
11)  мемлекеттiк  ең  төменгi  əлеуметтiк  стандарттар - мемле-
кет  белгiлеген  əлеуметтiк  қызмет  көрсетулердi,  нормалар  мен 
нормативтердi қамтитын, балалар өмiрiнiң сапасын қамтамасыз 
ететiн негiзгi көрсеткiштер; 
12)  өмiрде  қиын  ахуалға  тап  болған  балалар - қалыптасқан 
мəн-жайлардың  салдарынан  тiршiлiк  етуi  бұзылған  жəне  бұл 
мəн-жайларды  өз  бетiмен  немесе  отбасының  көмегiмен  еңсере 
алмайтын балалар.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы-
ның 2005.04.13. N 40 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау