Келісілді Бекітілді



жүктеу 109,99 Kb.
Дата19.02.2018
өлшемі109,99 Kb.
#10056

Келісілді Бекітілді

№41 ЖББОМ жанындағы шағын №41 ЖББОМ жанындағы шағын

орталықтың әдіскері орталықтың директоры

___________ М.А.Дүкенбаева ___________ Ж.С.Баймолдина

_____ _______________2016ж ____ _______________2016ж


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: «Мүсіндеу»





Айы

Апта

Тақырыбы

Мақсаты

1

Қыркүйек

1

«Жеміс бағында»




2

Қыркүйек

2

«Себет»

Себеттің қажеттілігі туралы түсінік беру,ермексазды бірнеше бөлікке бөліп,есу тәсілі арқылы затты құрастырып мүсіндеуге үйрету.

Ұсаққол,саусақ қимылдарын дамыту.

Тәрбиелік:жұмыс барысында тазалыққа,бір-біріне өзара көмек көрсетуге,жақсы нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.


3

Қыркүйек

3

«Көкөніс»

Балаларға көкөністің пайдасын түсіндіре отырып,мүсіндеуге үйрету.

Қол бұлшық еттерін,ойлау қабілеттерін дамыту.

Сенсорлық тәрбие беру,еңбекқорлыққа баулу.


4

Қыркүйек

4

«Саңырауқұлақтар»

Түс ерекшеліктерін ажырата отырып бірнеше саңырауқұлақты мүсіндеу арқылы сюжетті мүсіндеуге үйрету;үңгу,жалпақтау әістерін меңгерту.

Балалардың есте сақтау,ойлау қабілетін дамыту.

Еңбекқорлыққа,ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.


5

Қазан

1

«Күзгі жапырақтар»

Балаларға күз туралы түсінік беру,күз айларының атауын меңгеру,мүсіндеудің жалпақтау,бедерлеу,шымшу дағдыларын қалыптастыру.

Есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын молайту,арнайы құралдармен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.

Еңбекке деген ынтасын арттыру,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


6

Қазан

2

«Жаңғақ кемірген тиін»

Тиін, тиіннің тіршілігі туралы түсінік беру; тиіннің мүсінін жасай білуге, дене бөліктерін біріктіріп қосу, шымшып қысу, дөңестеу тәсілдерін үйрету; саусақ моторикасын жақсарту.

Баланың ойын, тілін, шығармашылық қабілеті, көркемдік талғамын дамыту.

Ұқыпты жұмыс істеуге, бір-біріне көмектесе білуге баулу; эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.


7

Қазан

3

«Үйрек»

Кесек ермексаздан үйрек бейнесін мүсіндеуді үйрету; мүсіндеудің шымшу, есу, басу, тегістеу тәсілдеріне жаттықтыру.

Көркемдік талғамдарын, қиялдарын, ойлау қабілеттерін, саусақ қимылдарын дамыту.

Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


8

Қазан

4

«Қоян баурсақты кездестіреді»

Ертегі әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру, ертегі кейіпкерлерінің бейнесін мүсіндей бүлуге және кеңістікке орналастыра білуге үйрету. Балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту.

Әсемдікті сезіне білуге, сүйіспеншілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



9

Қараша

1

«Биші Айгерім»

Ойыншықтардың әр түрін мүсіндеуге, жеке жұмыстарды қосып мүсіндеуге үйрету. Балалардың ойлау қабілетін, көркемдік талғамдарын арттыру, саусақ қимылдарын дамыту.

Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



10

Қараша

2

«Ит адамның досы»

Адам мен жануар бейнесін мүсіндеу іскерлігін қалыптастыру.

Ойлау қабілетін, қол қимыл әрекетінің үйлесімділігін, шығармашылық қабілетін, көркемдік ойлауын дамыту.

Балаларды үй жануарын сүюге, оларға қамқор бола білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


11

Қараша

3

«Жайылымдағы түйе»

Әдемі түйенің мүсінін ермексазбен жасай білу әдіс – тәсілдерін үйрету

Есу , шымшып созу, домалақтау әдістерін меңгеру,ептіліктерін түстерді дәл таңдай білу арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту

Үй жануарларына күтім жасауға, қамқорлық болуға тәрбиелеу, еңбекке баулу


12

Қараша

4

«Жүйрік ат»

Мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін сақтай отырып, жүйрік атты мүсіндеу.

Мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту , тілін дамыту.

Бастаған істерін аяғына дейін жеткізуге, төзімділікке тәрбиелеу.


13


Желтоқсан

1

«Бұғы»

Дымков ойыншығын жасауға, сәндік мүсіндеу өнеріне үйрету.

Мүсіндеу іскерліктерін , қол , саусақ моторикасын дамыту .

Өнерді бағалай білуге тәрбиелеу,эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.


14

Желтоқсан

2

«Шана»

Қысқы табиғат әсемдігін сезініп, шананы мүсіндей білуге үйрету

Ұсақ қол қимылдарын дамыту түстерді сәйкес дұрыс таңдау, іскерлік дағдыларын жетілдіру.

Қыс мезгілінің өзіндңк ерекшеліктерін ескеріп, әңгімелей білу дағдысын арттыру, достыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


15

Желтоқсан

3

«Аққала соққан бала»»

Балаларға қыс мезгілі және қыс айлары туралы түсінік беру.

Есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, еңбек үрдісі арқылы бала қиялын жетілдіру, саусақ моторикасы арқылы шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Ұйымшылдыққа . ұқыпшылыққа тәрбиелеу .


16

Желтоқсан

4

«Қуыршақ» Дымков ойыншығы

Сазбалшықпен жұмыс істей білуге үйрету,сәндік өнерге баулу, қол , саусақ моторикасын дамыту,ұлттық құндылықтарды бағалай білуге тәрбиелеу , эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.

17

Қаңтар

1

«Біздің аю»

Аюдың өзіне тән ерекшеліктерін ажырата отырып мүсіндей білуге үйрету.Үңгу, бекіту әдістерін меңгерту.

Салыстыра отырып жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру,жүйелі әңгімелей білуін дамыту.

Табиғатты сүюге және аялауға тәрбиелеу.


18

Қаңтар

2

«Қоян көжектерімен»

Балаларды қоянның тыныс-тіршілігімен таныстыру,қоянның үй жануарына жататынын түсіндіру.

Ұзақ қол қимылдарын жетілдіру,баланың ойлау қабілетін , тілін дамыту,сөздік қорын нығайту

Ұйымшылдыққа, тазалыққа,жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу


19

Қаңтар

3

«Жіп орамымен ойнаған мысық»

Саусақ арқылы жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, Ермексаздың түсін ажырата білу,саусақ бұлшық терінің қимыл дамыту

Тәрбиелік: тазалыққа , ұқыптылыққа , еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



20

Қаңтар

4

«Торғай»

Құстардың дене бөліктерінің көлемдерін үйлестіре білуге үйрету.

Мүсіндеу арқылы қол қимыл қозғалыстарын дамыту.

Құстарды сүюге,қамқорлық жасауға баулу, адамгершілікке тәрбиелеу


21

Ақпан

1

«Қуыршаққа арналған ыдыс»

Геометриялық фигураларға келтіре отырып ыдыстарды мүсіндеу.

Шығармашылық қаблеттерін дамыту.

Қамқорлық жасай білуге , адамгершілікке тәрбиелеу


22

Ақпан

2

«Құмыра»

Ыдыстар туралы түсініктерін кеңейтіп,құмыраны мүсіндеу әдіс-тәсілдерін үйрету

Есте сақтау , ойлау қабілеттерін, ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Ұқыыптылыққа , еңберқорлыққа, әддемілікті сезе білуге тәрбиелеу


23

Ақпан

3

«Кесе»

Мүсіндеудің созу, тегістеу , сылау сияқты техникалық әдістерін пайдалануға түстерді қабылдай білуге ермексазды дұрыс қолдана білуге үйрету

Белсенділігін шығармашылығын дамыту.

Тазалыққа , ұқыптылыққа тәрбиелеу


24

Ақпан

4

«Менің сүйікті ойыншығым»

Балаларды сүйікті ойыншықтары туралы әңгімелей білу,қиялдай арқылы турлі ойыншықтарды мүсіндеуге үйреті.

Ойыншықтарды мүсіндеу арқылы бала қиялын қол қимылдарын,ойлау қабілеттерін дамыту

Ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа өзгеге комектесуге тәрбиелеу тәрбиелеу


25

Наурыз

1

«Анама тарту»

Балалардың қол-қимыл әрекетін жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету. бірлесіп әрекет етуге, өз жұмыстарының нәтижесін салыстырып Бағалай білуге жетелеу; үлкендерді құрметтей білу дағдыларын дамыту.

Ананы сыйлап, сүюге, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу; жұмыстарын ұқыпты, таза істеуге үйрету.



26

Наурыз

2

«Тостаған»

Балаларды қазақтың сәндік қолданбалы өнерімен таныстыру; Қымыз құятын ыдыс- тостағанмен таныстыру; ұлттық ыдыстардың ерекшеліктеріне назар аудара отырып, оны мүсіндеудің әдіс-тәсілдерімен таныстыру. Ойын арқылы балалардың қимыл қозғалыстарын, көркемдік талғамдарын дамыту.

Балаларды ауызбірлікке, ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу.



27

Наурыз

3

«Торсық»

Қазақтың ұлттық бұйымы – торсықпен таныстыру; торсықты ермексаздан мүсіндеу әдіс-тәсілдерін үйрету; торсықты әртүрлі әдіс-тәсілдермен безендіру; торсықтың пішініне сәйкес ою-өрнектерді шығармашылықпен таңдап, әшекейлеу жолдарын түсіндіру.

Ұсақ қол қимылдарын дамыту, көру арқылы мүсіндей білу іскерліктерін қалыптастыру.

Ұлттық бұйымға деген қызығушылықтарын ояту, өнерді сүюге тәрбиелеу.


28

Наурыз

4

«Әжемнің сандығы»

Балаларды мүсіндеудің тегіс нәрсеге бедерлі сурет түсіре білу әдісімен таныстыру және үйрету Ұзақ қол қимылдарын дамыту. Есілген ермексазбен әшекеулеу бейімдерін дамыту.

Еңбекқорлыққа, үлкенді құрметтеуге, халықтық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.



29

Сәуір

1

«Ғарыш кемесі»

Балаларға ғарыш, зымыран, ұшақ туралы түсінік беру.

Балалардың ой-қиялын дамыту, ғарыш әлеміне қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамдарын дамыту.

Отанын, елін, жерін сүюге, адалдыққа, батылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


30

Сәуір

2

«Суда жүзіген қайық»

Суда жүретін көліктер туралы түсініктерін қалыптастыру,қайық бейнесін мүсіндей білуді үйрету. Ұзақ қол қимылдарын есте сақтау қабілеттерін сөйлеу тілін дамыту

Табиғатты сүюге қоршаған ортаны аялауға , еңбекқорлыққа тәрбиелеу



31

Сәуір

3

«Дән шоқыған құс»

Балаларға құстардың тіршілігі туралы түсінік беру,мүсіндей білуге үйрету.

Балалардың ойлау қабілетін , шығармашылығын, ұсақ қол қимылдарын дамыту. Құстарға қамқор болуға , адамгершілікке,ұқыптылыққа , еңбексүйгіштікке тәрбиелеу



32

Сәуір

4

«Қанат жалау ұстап келеді»

Бала бейнесін мүсіндеуге үйрету.

Шығармашылық белсенділігін арттыру, қол, саусақ икемділігін дамыту. Жинақылыққа , ұқыптылыққа тәрбиелеу



33

Мамыр

1

«Әдемі гүлдер»

Түймедағы гүлін мүсіндей білуге үйрету,көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту

Саусақ бұлшық еттірін , сөздік қорын, тілін дамыту .

Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру,табиғатты аялай білуге тәрбиелеу


34

Мамыр

2

«Жәндіктер. Қанқыз»

Қаңқыз және оның өзіне тін белгілері мен таныстыра отырып , әдемі мүсіндеуге үйрету

Ұсақ қол қимылдарын , есте сақтау қабілеттерін , тілін дамыту Жәндіктерге деген қамқорлық сезімдерін ояту,балаларды ұқыптылыққа , еңбекке тәрбиелеу



35

Мамыр

3

«Айнұр балапандарға жем береді»

Балаларға кесек ермексаздан балапан бейнесін мүсіндеуді үйрету..

Қол-қимыл әрекеттерінің қозғалғыштығын, үйлесілімділін дамыту. Ұқыптылыққа, әсемдікке тәрбиелеу.



36

Мамыр

4

«Жайлауда»

Сурет бойынша әңгімелей отырып жайлау, киіз үй туралы түсінік беру; ұлттық ою-өрнектерті мүсіндей білуге үйрету.

Балалардың қиялын, ойлау қабілеттерін дамыту.



Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, ұлттық өнерді бағалай білуге тәрбилеу.

жүктеу 109,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау