Кеңестік темір шымылдық алынып, еліміз



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет5/8
Дата11.01.2020
өлшемі1,31 Mb.
#26362
1   2   3   4   5   6   7   8

5

№51 (3176) 12 шілде 2019

zangazet@mail.ru



ТҰҒЫР

Асқар САБДИН, Діни экстремизмге қарсы орталықтың директоры: 

«

РАДИКАЛИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС 

НӘТИЖЕСІЗ ЕМЕС»

– Асқар Қалижанұлы, сізді қазір 

Қазақстан, қала берді алыс-жақын 

шет елдердің бәрі «Нұр-Мүбәрак» уни-

верситеті  жанындағы  Діни  экстре-

мизмге қарсы орталықтың директоры 

ретінде ғана емес,  Қазақстандағы дера-

дикализм бойынша жетекші сарапшы 

ретінде таниды. Сол себепті бүгінгі 

таңда бұл бағыттағы әлемдік тәжірибе 

қандай болып отырғанынан аз-кем 

мағлұмат бере кетсеңіз.

– Теологиялық тұрғыдан келетін бол-

сақ, біраз елдер түрлі әдістерді қолданып 

жүр. Ол дерадикализацияның «Ақылды 

әдістері» (Умные методы) деп аталады. 

Осы ретте әлемдегі ең белсенді мем-

лекеттердің кейбірін мысал ретінде атап 

өтейін. Біріккен Араб Әмірліктерінде 

(БАӘ) «Хидая» және «Сауап» деген 2 ор-

талық бар. Сауд Арабиясында Ішкі істер 

министрлігі ашқан «Марказ мунасаха» 

деген орталық жұмыс істейді. Түркияның 

«Инсан гелиштирме» адамды дамыту не-

месе «Маниви дестек» деген бағдарлама-

лары бар. Ол рухани көмек деген мағына-

ны білдіреді. Олар радикалдарды ауру деп 

есептеп, соларға рухани тұрғыдан көмек 

береді. Англияда «Стрит» деген бағдар-

лама іске қосылған. Биыл бағдарламаны 

жазған Абдулхақ Бэйкер деген маман 

Қазақстанда семинар өткізді. 

АҚШ көбіне бейнеролик түсіру ар­

қылы  оңалту  жұмыстарын  жүргізеді. 

Олар дың мамандары да біздің елге келіп, 

өз тәжірибесімен бөлісті. Сол сияқты 

Пәкістан, Филиппин, Индонезия елдері­

нің де өз бағдарламалары бар. 

– Олардың нәтижелері қандай?

–  Жалпы  айтқанда,  «ақылды  әдіс­

терді» қолданатын бағдарламалардың 

нәтижелісі  де,  нәтижесіз  болғандары 

да бар. Мысалы, Франция елі одан бас 

тартты. Алайда, дерадикализация деген 

ұғымның бүкіл шарттары мен  анықта-

малары белгілі болды деп айтуға әлі ерте. 

Былай айтқанда, толық емес. Барлығы 

эксперимент түрінде болып жатыр. Әрбір 

елдің өзіндік әдістемелік құралдары бар. 

Сол құралдар бойынша радикалдармен 

жұмыс жасайды. 

Біздің елде радикалдарды иландыру 

арқылы оңалтудың мен білетін 4 әдісі бар. 

Атап айтқанда, Қарағанды облысының 

теолог мамандары жазған әдістемелік 

құралдар, Шығыс Қазақстан облысы-

ның тәжірибесі, менің жеке өзім жазған 

әдістемелік құралым бар және соңғысы 

Астанадағы оңалту орталығының жазған 

әдістемелік құралдары. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш 

Президенті – Елбасының 2015 жылғы 20 

мамырдағы «Ұлт жоспары – бес инсти-

туционалдық реформаны жүзеге асыру 

жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарлама-

сы еліміздің жарқын болашағының кепілі 

екені қазіргі уақытта дәлелденіп келеді. 

Тарқатып айтқанда, «100 нақты қадам»  

– Ұлт жоспарындағы тапсырмаларда мем-

лекеттік қызметке қабылдау ресімдерін 

жаңғырту, мемлекеттік қызметке қабыл-

дау төменгі лауазымдардан басталуы қа-

жеттігі, төмен гі лауазымдарға кандидат-

тарды реттеу және одан әрі лауазымдық 

өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге 

асырылуы тиістігі айтылған болатын. 

Аталмыш тапсырмаларға сәйкес, 2015 

жылы 23 қарашада Елбасы «Қазақстан 

Республикасының Мемлекеттік қызмет 

туралы» заңына қол қойғаны белгілі. Бұл 

заң қол қойылғанға дейін тиісті маман-

дардың талқылауынан өтіп, мақұлданды. 

Заңды әзірлеу кезінде әлемдегі дамыған 

елдердің озық тәжірибелері ескерілгенін 

еске сала кету керек.

Заңның ерекшелігі, ол мемлекеттік 

қызметшінің тек халыққа, мемлекетке 

адал, қалтқысыз қызмет етуін реттейді. 

Яғни, мемлекеттік қызметкер, заңның 

50­бабына сәйкес, мемлекеттік қызметке 

Талап

ЕСЕПКЕ АЛУ ЖЕҢІЛДЕДІ

Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы 

жетілдіру мәселелері қай кезде де өзекті. Бұл ретте 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық 

актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңна­

маны жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер 

мен толықтырулар енгізу туралы» заңнамасы бо­

йынша кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыста­

рын жүргізу үлкен маңызға ие.

Бір деңгейлі жүйені құру арқылы зияткерлік 

меншік объектілерін тіркеу тәртібін жеңілдету, 

объектілерді тіркеу мерзімдерін қысқарту, дау­

ларды алдын­ала реттеу мүмкіндігін кеңейту, ав­

торлық құқықты сотқа дейінгі реттеуді болдырмау

сонымен қатар өнеркәсіптік меншік саласындағы 

қорғау құжаттарын беру үшін мемлекеттік қызмет 

көрсетудің бизнес­үрдістеріне өзгерістер енгізу 

елімізде жолға қойылып келеді. 

Сонымен қатар, тауар таңбасы тіркеуге беріл­

ген кезде өтініш сатысында жариялау, өнеркәсiптiк 

үлгiлердi тіркеу кезiнде маңызды сипаттамалардың 

тiзбесiн ұсыну туралы талапты жою, тауар таңбасын 

заңсыз пайдалану үшін өтемақыны талап етуді енгі­

зу, патенттік сенім білдірілген адамдардың біліктілік 

талаптарын нақтылау жиі талқыға түсіп тұратын 

тақырыптар.

Аталмыш процедураларды жеңілдету және 

бір деңгейлі жүйеге көшу Әділет министрлігінің 

зияткерлік меншік объектілерін тіркеу бойынша 

функцияларын сараптама ұйымына, «ҰЗМИ» 

РМК­ға беру арқылы жүзеге асырылады және де 

құқықтар туралы» заңның 49­бабында құқықтары 

мен заңды мүдделері бұзылған авторлық және 

сабақтас құқықтар субъектілерінің сотқа арыз бе­

руге дейінгі осы құқықтарды пайдаланушыларға 

жүгінуді қажет ететін тәртіпті жою бөлігіне түзету 

енгізілді.

Атап айтқанда, бұл қызмет «Авторлық құ қық­

пен қорғалатын объектілерге құқықтардың мем­

лекеттік тізіліміне ақпарат енгізу» деп аталады. Ал, 

аталған бұл қызмет электрондық үкімет порталы 

арқылы өтініш берушінің жеке кабинеті арқылы 

көрсетілетінін қаперге сала кеткен жөн. 

Куаныш УМАРОВ, 

Кербұлақ аудандық 

Әділет басқармасының бас маманы

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

осы функцияларды оңтайландырудың арқасында 

объектілерді тіркеу уақыты қысқартылды.

Сонымен қатар, «Авторлық құқық және сабақтас 

кір келтiретін тәр тіптік теріс қылықтар 

жасамауы керек. Атап айтқанда, басқа 

мемлекеттік органдардың, ұйымдардың 

қызметіне құқыққа сыйымсыз араласпа-

уы, өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін 

жеке  өзiнің  не  жақын  туыстары  мен 

жекжаттарының  материал дық  мүдде-

лерін қанағаттандырумен бай ланысты 

мәселелерді шешу кезінде пай даланбауы, 

мемлекеттік қызметке кіру және мемле-

кеттік қызмет бабында ілгерілету кезін-

де заңда көзделмеген артықшылықтар 

бермеуі (тамыр­таныс тық, отбасылық 

жақындық), шешімдерді дайын дау мен 

қабылдау кезінде жеке және (немесе) заң-

ды тұлғаларға құқыққа сыйым сыз қолдау 

көрсетпеуі, Қазақстан Рес публикасының 

заңнамасында жеке және заңды тұлға-

лардың ұсынуы көзделмеген ақпаратты 

олардан талап етпеуі тиіс. Егер де мемле-

кеттік қызметші осындай іс әрекеттердің 

болуына жол берсе, қатаң тәртіптік жау-

апкершілікке тартылатыны айқындалған.

Сонымен қатар, Қазақстан Респуб­

ликасының «Мемлекеттік қызмет тура-

лы» заңының тағы бір ерекшелігі, құжат 

мемлекеттік қызметке мансаптық қағи-

дасында, сондай­ақ, құзыреттілік және 

конкурстық тәсілдермен кіру және өткеру 

тәртібін реттейді. Мемлекеттік қызметке 

алғаш рет кіру үш кезеңдік іріктеу негізін-

де төменгі лауазымдардан басталады. 

Ретімен атап өтсек, бірінші кезеңде 

кандидаттар заңнаманы білу және не-

гізгі құзыретін, яғни, қызметке қажетті 

білім деңгейін, икемін және дағдыларын 

анықтау үшін тесттен өтеді. 

Екінші кезеңде агенттік кандидаттар­

дың жеке қасиеттерін (мемлекеттік қыз­

мет  құндылықтарына  бейілділік  дең-

гейін – әдептілігін, сапаға және қызмет 

алушыға бағдарын, тиімділігін, сыбайлас 

жемқорлыққа төзімсіздігін айқындау) 

бағалаудан өткізеді. 

Үшінші кезеңде мемлекеттік орган 

кон курстық негізде әңгімелесу жолымен 

кандидаттардың бейінді білімі мен икем­

ділігін бағалайды. 

Осы үш кезеңнен өтіп, төменгі лауа-

зымнан мемлекеттік қызметті бастаған 

азамат  Қазақстан  Республикасының 

өркендеп дамуына өз күш­жігерін ба-

рынша жұмсайтынын аңғаруға болады. 

Олай деудің себебі, төменгі лауазымнан 

бастаған мемлекеттік қызметкер барлық 

іс­құжаттарын жетік меңгеріп, халықты 

қабылдауды  үйреніп,  халықтың  мұң­

мұқтажын түсінеді.

Тұңғыш рет заң нормалары жеке ерек-

шеліктерімен құқық қорғау қызметіне де 

таралады. Қазақстан Республикасының 

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңында 

құқық  қорғау  қызметіне  тұңғыш  рет 

кіретін азаматтар агенттікте тестілеуден, 

соның ішінде жеке қасиеттерін бағала-

удан өтулері жаңадан енгізілген талап 

болып табылды. 

Заңның біз тоқталып өткен жаңалығы 

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күші-

не енді. Бұл жаңалықтар мемлекеттік 

қызметте жаңа көзқарас белгілеп, мем-

лекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін 

арттыруға мүмкіндік береді. Сондай­ақ, 

өркениетті қоғамда, мемлекеттік қызмет-

те білікті мамандардың қызмет атқараты-

нын, халықтың мемлекетке деген сенімін 

одан әрі нығайтатынын, мемлекеттік ап-

параттың одан да тиімді қызмет атқаруын 

қамтамасыз етеді.



Б.ӘБДИЕВ, 

Қызылорда облысы бойынша 

Қылмыстық-атқару жүйесі

департаменті заң тобының

бас маманы 

100 НАҚТЫ ҚАДАМ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ЖАҢА КӨЗҚАРАС ҚАЛЫПТАСЫП КЕЛЕДІ

СҰХБАТ


–  Қазақстандық  4  әдістеменің 

бір-бірінен қандай айырмашылығы 

бар?

– Қазақстандық әдістеме құралда-

рының біреуі салт­дәстүр тұрғысында, 

екіншісі исламтану тұрғысынан, үшін-

шісі жиһадизм және такфиризмге қарсы 

үгіт­насихат жүргізу арқылы, төртіншісі 

ақида тұрғысынан жазылды. Қазір олар-

дың бәрі де қолданыста жүр және өзіндік 

нәтижесі де жоқ емес. 

– Халықаралық ынтымақтастық 

қалай жүріп жатыр?

– Ол жағын заңгерлерден сұраған жөн 

шығар. Мен сізге теологиялық тұрғыдан 

қай елдерде қандай бағыттағы бағдарла-

малар бар екенін ғана айтып бере аламын. 

Дәл  қазір  БАӘ  діни  радикализмге 

қарсы діни диалог орнауы керек деген 

ұранмен әлемдік деңгейде жұмыс жасап 

жатыр. Тіпті, 2­3 ай бұрын Әл­Азхар 

университетінің ректоры мен Рим папа-

сын Абу­Дабиге алып келді. Сол жерде 

оларды кездестіріп, жалпы төзімділікті 

насихаттау  диалогын  жасады.  Былай 

айтқанда, олардың ұстанымы бойынша 

қандай бағытта болса да радикализмнің 

орнын диалог алу керек деген ұғым бар. 

Бұл бағытта арнайы бірнеше зерттеу ор-

талығын да ашты. 



– Қазақстан да діни диалог тұрғы-

сынан әлемдік және дәстүрлі дін көш-

басшыларының съезін өткізіп жүр. 

Олар қаншалықты деңгейде нәтижелі 

болуда?

– Әлемдік және дәстүрлі дін көшбас-

шыларының бұған дейін VI съезі  өтті. 

Былай айтқанда, қарапайым діндарларға 

диалогтың  насихаты  ғой.    Бұл  да  бір 

төзімділікті насихаттаудың үлгісі. Бұдан 

адамдар үлгі алуы мүмкін. Неге бізге де 

бір үстел басында отыр масқа, сөйлеспес­

ке деген ой адамдарды оятып жатыр деп 

ойлаймын. 



– Мамандардың біліктілігіне қан-

дай баға беруге болады?

– Оған баға беретін мен емес. Оны 

өкілетті органдар айтсын. Жеке пікірім 

біз теория тұрғысынан емес, тәжірибе 

тұрғысынан  өте  жоғары  деңгейдеміз. 

де жазуға көпшілігіміздің уақытымыз 

болмай жатады. Сол себепті теориялық 

тұрғыдан аса ілгерілеп дамып кеттік дей 

алмаймын.  

– Сирияда ДАИШ құрамында бол-

ғандарды елге қайтарып, бейбіт өмірге 

бейімдеудің  керегі  не,  олар  бәрібір 

түзел мейді ғой дейтіндер өз арамызда 

аз емес. Бұл туралы ойыңызды біле 

кетсек?

– Ондай үмітсіздікке баруға болмай-

ды. Мен сізге айтайын, тарихта мұндай 

мысалдар көп. Мәселен, кезінде ДАИШ 

құрамында болған адамдармен біздің ма-

мандарымыз кездесіп, қаншама жұмыстар 

жасап жүр. Солардың бірімен өзім де 10 

рет кездескен соң, ол «болды, мен өзімнің 

адасқанымды жариялаймын, өкінетінімді 

айтып, бейне сұхбат беремін. Жамағат 

мені тыңдасын, танитындар бар шығар. 

Басқаларға сабақ болсын», – деді. Қазір 

оның жасы 55­те. Ол кісі де атыс­шабыс­

тың ішінде болып келді, бірақ қазір «ада-

сып, Сирияға кеткеніме өкінем, түзелем, 

дұрыс жолға түсем» деп жатыр. Ондай 

– Сырттан кәдімгідей аттестациядан 

өткен, діни білімі бар адамды алып келіп, 

намазды солар өткізетіндей ету керек еді.  

Бізде мешіт ашып, «сен имам боласың» 

деп ішінен бір қылмыскерді сайлады. 

Қазір түрмелерде бірде­бір мешіт жоқ. 

Бірақ, дін адамдары онда міндетті түрде 

аптасына 2 рет барады. 

Егер  бәрі  дер  кезінде  жасалған-

да,  түрмелер  діни  радикализмнің  бір 

ошағы емес, керісінше тәрбиелеу орны 

болар еді. Оны біз кеш түсіндік. Дәл 

қазір  сол  мекемелердің  барлығында 

теологиялық қызмет деген бар. Еліміз-

дегі түрлі жоғары оқу орнын бітірген 

арнайы мамандар жұмыс жасайды. Біз 

де оларға семинар оқимыз, дәріс жүр-

гіземіз.  Сотталғандармен  де  жиі  кез-

десеміз.  Жалпы,  радикализмге  қарсы 

күрес белгілі бір деңгейде жүйеге түсті 

деуге болады.

– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,

«Заң газеті» 

адамдар  бізде  жетеді.  Олардың  бар-

лығымен біз сұхбатымызды бейнетаспаға 

түсіре алмаймыз. Оған мүмкіндік те жоқ. 



– Жұртшылық арасында діни ра-

дикализм  тұрғысынан  түрме  қыл-

мыскерлерді түзеудің орнына, бұзып 

жатыр деген пікір жиі айтылады. Ол 

қаншалықты рас?

– Ол қазір дұрысталды. 2012 жылға 

дейін ондай жағдай бізде болды. Себебі, 

халықаралық ұйымдардың ұсынысымен 

бүкіл  түрмелерде  мешіт  2011  жылға 

дейін ашылды. Ал, ондағы имам қылмыс­

керлердің ішінен тағайындалды. Адам 

өлтірген, зорлық­зомбылық жасаған адам 

мінберге шығып уағыз жүргізіп, насихат 

айтты. Оның дұрыс жүріңдер деп уағыз 

айтуға қақысы жоқ. Біз оны мінберге 

шығарып қойдық. Ол мінберден ресми 

түрде теріс ағымдарды насихаттады. Ке­

йін ол өзінің кері әсерін берді. 



– Не істеу керек еді? 

Өткенде Нұр­Сұлтан қаласында өткен 

саясаттанушылардың бір жиналысында 

болдым. Сонда Ресейден келген Мәскеу 

мемлекеттік халықаралық қатынастар 

инс титутының  маманы  «Бізде  қайта-

рылған  кісілермен  дәл  сіздердегідей 

идеологиялық, психологиялық тұрғыдан 

жұмыс жасап жатқан ешкім жоқ. Құқық 

қорғау  органдары  өздері  ғана  жұмыс 

жасайды. Сіздердегідей гумандық тәсіл 

бізде жоқ» деген пікір айтты. 

Тәжірибелік практикада біз көптеген 

елдерден алдамыз. Тіпті, бізден кейбір 

елдер үлгі алып жатыр. Мысалы, теро-

ризмге, экстремизмге қарсы  күресте. 

Оны өзім де көріп жүрмін. Қазақстандық 

сарапшы ретінде өзім де Ресейге Орынбор 

облысының бүкіл имамдарына семинар 

өткіздім. Мен сияқты мамандар бізде көп 

қой. Барлығы жан­жаққа шығып, түрлі 

аудиторияға сабақ беріп, лекция оқып 

жүр.  Бірақ, практикамызды теория ретін-



жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау