4
№51 (3176) 12 шілде 2019
zangazet@mail.ru
ТАРАЗЫ
БІЗ БІРГЕМІЗ!
Пәрмен
ЗАҢСЫЗ ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРҒАН БАСШЫҒА
АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Мемлекеттік қызметшілердің әлеу
меттікқұқықтық жақтан жанжақты
қорғалуы мемлекеттік қызмет саласы
на ең құзыретті әрі адал мамандардың
келуіне жағдай жасайды. Әрине, тек
жағдай жасаумен мәселе шешілмейді.
Бұған қоса, мамандардың белсенді жұ
мыс істеуіне, құқығының тапталмауына,
ойын еркін жүзеге асыруына қолдау көр
сету де маңызды. Өйткені, өзіне жақпай
АРЫСТЫҢ СОТЫ
ҚҰЛАҚҚАҒЫС
тын, көзге түскен қызметкерлерді аяқтан
шалуға тырысатын басшылар әлі де бар.
Мысалы, облыстық мемлекеттік қыз
мет істері департаментінің мамандары
Ойыл аудандық сәулет, қала құрылы
сы және құрылыс бөлімі басшысының
бөлімдегі бас маманды заңсыз жұмыс
тан шығару фактісін анықтады. Ақпа
ратқа сәйкес, бұған тәртіптік комиссия
ның отырысында қаралған прокуратура
органдарының құқықбұзушылықтарды
жою туралы ұсынысы себеп болған.
Алайда жұмыстан шығаруға тәртіптік
жазаны қолдану мерзімі өтіп кеткен.
Бұған қарамастан тәртіптік комиссия
аталған бөлімнің басшысына бас ма
манға қатысты атқаратын мемлекеттік
лауазымынан шығару түріндегі тәртіптік
жазаны қолдану жөнінде ұсыныс бер
ген. Нәтижесінде, мемлекеттік қызмет
шінің арызына байланысты жүргізілген
тексеру қорытындысына сәйкес, тұлғаны
мемлекеттік лауазымнан босатқаны үшін
Ойыл аудандық сәулет, қала құрылысы
және құрылыс бөлімінің басшысына
37 875 теңге көлемінде әкімшілік айып
пұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке
тартылды. Ал, мемлекеттік қызметші
бұрынғы жұмысына қайта оралды.
Сонымен қатар, тәртіптік комиссия
ның барлық мүшелері жазаға тартылды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Ақтөбе облысы
бойынша департаментінің
баспасөз қызметі
Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–
2020 жылдарға арналған бағдарламасын
орындау мақсатында Сыбайлас жемқор-
лыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
Алматы қаласы бойынша Департаментін-
де іс-шаралар жоспарлы түрде атқарылып
келеді.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде
қоғам тұтастығының бірден бір факторына
Судьялыққа кандидаттардың
тағылымдамадан өтуі үшін
бос орындарды бөлу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасының Жоғары Соты
судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өтуі үшін бос орындарды бөлу
туралы хабарлайды:
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 12 орын
Алматы қаласы бойынша – 12 орын
Шымкент қаласы бойынша – 9 орын
Ақмола облысы бойынша – 5 орын
Ақтөбе облысы бойынша – 6 орын
Алматы облысы бойынша – 5 орын
Атырау облысы бойынша – 3 орын
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 8 орын
Жамбыл облысы бойынша – 4 орын
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 3 орын
Қарағанды облысы бойынша – 8 орын
Қостанай облысы бойынша – 5 орын
Қызылорда облысы бойынша – 3 орын
Маңғыстау облысы бойынша – 4 орын
Павлодар облысы бойынша – 4 орын
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 4 орын
Түркістан облысы бойынша – 5 орын
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қа-
зақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 2-4-тармағында көрсетіл-
ген талаптарға сәйкес келетін азаматтар тағылымдамаға жіберіледі.
Тағылымдамадан өту судья лауазымына кандидаттың тұратын жері бойынша тір-
келген облыс, астана және республикалық маңызы бар қалалар аумағындағы жергілікті
соттарда жүзеге асырылады. Тұрғылықты жері бойынша тағылымдамадан өту үшін бос
орындар болмаған жағдайда, кандидат басқа облыс, астана және республикалық маңы-
зы бар қалаларда бос орындар болған кезде тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы
өтінішпен Тағылымдамадан өтуге адамдарды іріктеу жөніндегі комиссияға (бұдан әрі -
Комиссия) жүгінуге құқылы.
Тағылымдамадан өтуге ниет білдірген адамдар Комиссияға тағылымдамадан өтуге
рұқсат беру туралы өтінішпен хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он
бес күн ішінде жүгінеді.
Өтінішке мынадай құжаттар:
1) кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ;
2) өмірбаян;
3) диплом мен оның қосымшасының көшірмелері;
4) біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
5) соңғы жұмыс орнынан алынған қызметтік мінездеме;
6) құжаттарды тапсырған күнге дейін берілгеніне бір жылдан кешіктірмей судьяның
кәсіби міндеттерін орындауға кедергі келтіретін аурулардың жоқтығын растайтын ме-
дициналық куәландырудан өткені туралы құжат қоса тіркелуі тиіс. Барлық ұсынылған
құжаттарда қол қойылуы және жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда
– шығыс нөмірі мен күні болуы тиіс.
Кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ, өмірбаян, қызметтік мінездеме берілген
немесе жасалған күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды болады және кандидатқа қатыс-
ты өзекті мәліметтерді қамтуы тиіс.
Тағылымдамадан өтуге ниет білдірген адамдар Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Соты аппаратына) құжаттарды Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев
көшесі, 39-үй мекенжайы бойынша қолма қол немесе пошта немесе электрондық түрде
707-0064@sud.kz поштасы арқылы ұсынады.
Құжаттарды электронды түрде электронды мекенжайға жолдаған кезде, олардың түп-
нұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері құжаттарды қабылдау мерзімі
аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынылу қажет. Ұсынылмаған жағдайда, тағылымдама-
дан өтуге жіберу туралы құжаттар Комиссия тарапынан қаралмайтын болады.
Анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 71-00-67, 8 (7172) 71-00-64.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
күндік жалақыларын аударған болатын.
Жақсы істі жалғап әкеткен Түркістан
облысы соттары мен Соттар әкімшісінің
қызметкерлері де өздерінің бір күндік
жалақыларын, яғни 4 миллион теңгені
Арыс аудандық сотының қызметкерлері
мен судьяларына көмек ретінде жинап
берді. Міне, осы игі істің ұйымдасты-
рылуына ұйытқы болып, бар шаруаның
басы-қасында жүрген Түркістан облысы
бойынша Соттар әкімшісінің басшысы
Орынбасар Лештаев өткен жұмада ау-
дандық сот ұжымымен кездесу өткізді.
Қайта қалпына келтірілген аудандық
сот ғимаратына байланысты атқарылған
жұмыстарды Орынбасар Лештаев былай
деп баяндады:
– Арыстағы әскери қоймалардағы
қару-жарақтардың жарылуы салда-
рынан қаладағы басқа ғимараттар секіл-
ді Арыс аудандық сотының ғимараты
мен осы жерде қызмет атқаратын судья-
лар мен сот қызметкерлерінің тұрғын
үйлеріне де айтарлықтай зақым келген
болатын. Осыған орай Түркістан об-
лысы бойынша Соттар Әкімшісінің
ұжымы өзара кеңесе келе мемлекеттен
берілетін көмекті күтіп отырмастан,
бүлінген сот ғимаратын өз күшіміз-
бен, дәлірек айтқанда асарлату жолы-
мен жылдам қалпына келтіру туралы
шешімге келдік. Өйткені, соттың жұмы-
сы тоқтап қалмай, тез арада жалғасты-
рылуы тиіс. Міне, осы шешімге сәйкес
Соттар әкімшісінің қызметкерлері өткен
айналуы тиіс және оған барлық қазақстан-
дықтар азамат ретінде атсалысуы керек.
Ал мемлекеттік тіл саясатын толыққанды
жүзеге асыру бұқаралық іске айналғанда
ғана көздеген мақсатқа жете аламыз. Тіл
– халықтың рухани, мәдени байлығы. Ру-
хани мұрадан көз жазып қалмас үшін қолға
алып жатқан шаралар көп.
Мәселен, мемлекеттік тілдің қолда-
нылу аясын кеңейтуге орай ұйымдас-
тырылатын іс-шаралар жоспарына сәй-
кес Департаменттің жеке құрамының
қатысуымен «Қазақстан Республикасының
Конституциясы», «Рухани жаңғыру» тақы-
рыбында жазба жұмыстары (диктанттар)
алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл ұлттық бюросының нұсқауын
орындау мақсатында астана күніне орай
Департамент қызметкерлері еркін тақы-
рыпта шығарма жазып, жұмыстар Ұлттық
бюроға жолданды.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқор-
лыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросын-
да мемлекеттік тілдің қолданылу аясын
кеңейту мақсатында мемлекеттік тілде
сөйлеу мәдениетінің сақталуын өзек еткен
дөңгелек үстел өткізілді. Шара достығы
мен бірлігі жарасқан Қазақстан халқы-
ның тіл тұтастығына арналған болатын.
Бүгінгі күні қазақ жастары үшін екі тілді
меңгеру аздық етеді. Заманауи білім алу,
жаңа қызметке тұру үшін де бірнеше
тілді білу қажеттігі күннен-күнге артып
келеді. Дөңгелек үстелде Департамент қыз-
меткерлерінің арасында белсенді, білімге
ұмтылған қызметкерлер шет тілін қалай
меңгергені туралы әңгімелеп, өздерінің
жеке тәжірибелерімен бөлісті. Шараға
қатысқан әрбір азамат осы жиыннан үлкен
ой түйіп қайтқаны ақиқат.
Бұған қоса, «Болашаққа бағдар: Рухани
жаңғыру» атты бағдарламаны жүзеге асы-
ру шеңберінде «Ұлттық код. Ұлттық сана.
Ұлттық бірегейлікті сақтау» тақырыбында
2018 жылы Тараз қаласында аумақтық
сайыс өтті. Бұл сайысқа Сыбайлас жемқор-
лыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының
Алматы қаласы бойынша Департамент қы-
зметкерлерінен құралған команда да қаты-
сып, жарыс қорытындысына сай 1-орынды
иеленіп, марапатталды.
Ал, Астана қаласында Қазақстан ха-
лықтарының тілдері меркесіне орай «Ұлт-
тық код. Ұлттық сана. Ұлттық бірегейлікті
сақтау» тақырыбында өткізілген ведомс-
тволық байқауда «Белсенділік танытқаны
үшін» Алматы қаласы бойынша Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызметте құрылған
«Алатау» қомандасы дипломмен марапат-
талды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасын-
дағы «Тiл туралы» заңның 5-бабына сәй-
кес Департаменттің құжат айналымының
кіріс, шығыс және ішкі құжаттарында
орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең
қолданылады.
Қазақ тілі – халқымыздың рухани
байлығы, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа
мирас болып қалып отырған баға жетпес
асыл мұрасы. Ана тілдің қасиеті туралы
қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың
қолындағы барлық асыл заттары тозады,
жоғалады, ал тіл – тозбайтын ең қымбат
мұралардың бірі.
Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмаба-
ев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ
емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры,
тарихы, тұрмыс-тіршілігі, мінезі айқын
көрініп тұрады» – деген. Қазақстан – әлем-
дегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің
қатарына ену үшін қазақ тілінің қолданы-
сын арттырып, назарда ұстауы керек.
Ж.БАЙДИЛДАЕВА
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл Ұлттық бюросы
Алматы қаласы бойынша
Департаментінің аударма редакторы
асар жолымен қалпына келтірілді
КИЕ
ТІЛ – ХАЛЫҚТЫҢ РУХАНИ ҚАЙНАРЫ
Жергілікті тұрғындардың тынышын
бұзып, үрейін ұшырған Арыстағы жой-
қын жарылыс барлығымыздың қабырға-
мызды қайыстырды. Төтенше жағдайдың
салдарынан көптеген ғимараттар жарам-
сыз күйге түсіп, басым бөлігінің терезе-
лері сынып, шатырлары күйреген. Өзгенің
басына түскен ауыртпалықты өзінікіндей
қабылдаған көпшіліктің жаппай қол
ұшын созуының арқасында арыстықтар
қиын-қыстау сәтте панасыз, аш-жалаңаш
қалған жоқ. Бүгінде жарылысқа себеп
болған жалын толығымен ауыздықталып,
тұрғындардың қорқынышы басылды.
Өз үйі – өлең төсектеріне оралды. Алай-
да, олар әлі де материалдық, құқықтық
көмекке мұқтаж.
Осыған орай Қазақстан Республика-
сы Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып
Асановтың үндеуімен еліміздің судья-
лар корпусы және Соттардың қызметін
қамтамасыз ету департаментінің қыз-
меткерлері жарылыстан зардап шеккен
отандастарына көмек көрсету қорына бір
демалыс күндері Арыс қаласына келіп,
сот ғимаратын қалпына келтіру бойын-
ша жұмыстарды атқарды.
Әрине, бұл игі іске жүрегі жомарт
жандар да атсалысты. Түркістандық
«Ақ жол» жеке шаруашылық серіктес-
тігінің бас директоры Сабыржан Атаев
жарылыс салдарынан сот ғимаратының
зақымдалғанын естігенде азаматтық
танытып, өз қаражаты есебінен шатыр-
ды жөндетті, есік-терезелерді қалпына
келтірді. Өзге де бүлінген заттарды алып
беріп, 2 миллионға жуық қаражатын
жұмсады. Сондай-ақ, Арыс аудандық со-
тында қызмет атқаратын қызметкерлерге
көмек ретінде әр отбасыға бір қап ұннан,
жалпы 25 қап ұн мен азық-түлік үлестірді.
«Төртеу түгел болса төбедегі келеді»
дейді дана халқымыз. Ағайынның ауыз-
біршілігі осындай тірліктерден көрінеді.
Мінекей, бүгін біз жалпы қауымның ті-
легі мен ниеті бір екендігінің куәсі болып
отырмыз.
Тағы бір айрықша атап өтерлік
жайт – әркім өзінің бас амандығын
ойлап, бас сауғалаған сәтте маман-
дандырылған күзет қызметкерлері
өмірлеріне тікелей төніп тұрған қауіп-
ке қарамастан, сот ғимаратын тастап
кетпей, өз қызметтік міндеттеріне
адалдық танытты. Осы жиынға арнайы
Нұр-Сұлтан қаласынан келген Ауған
соғысы ардагерлері одағының төрағасы
Шәріпбай Өтегенов тап сол жарылыс
болған күні тәулік бойы сот ғимаратын
қорғап, ерлік көрсеткен маманданды-
рылған күзет қызметкерлері Айдос
Дербисов пен Сұлтанбей Максумовты
«Бауыржан Момышұлына – 100 жыл»
төсбелгісімен марапаттады. Сондай-ақ,
полиция аға сержанттары Айдос Дер-
бисов, Сұлтанбей Максумов, Жомарт
Шойнахов, Бағдат Елғонов, Абылайхан
Нашан және Арман Малтаев Түркістан
облысы бойынша Соттар әкімшісінің
алғыс хатына ие болды.
«Біздің бүгінгі іс-шараны ұйымдасты-
ра отырып, оған БАҚ өкілдерін арнайы
шақыруымыздағы негізгі мақсат – ұлттық
болмысымызды насихаттап, оны жас
ұрпаққа үлгі ету. Ұлттық болмыстың
өзі біздің ежелден келе жатқан қазақы
салт-дәстүрлерімізден, мәдениетімізден,
барлық рухани құндылықтарымыздан
бастау алады десек, мына өзгермелі дү-
ниеде сол құндылықтарымызды заманға
сай одан әрі байытып, дамытып, оны
бүгінгі ұрпақтың санасы мен тұрмысына
сіңіру арқылы жаңа ғасырдың жаңа ұр-
пағын қалыптастыруға болады», – дейді
Соттар әкімшісінің басшысы Орынбасар
Лесбайұлы.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры
тасысын» демекші, осынау игі іске атса-
лысқан және өз қызметіне адалдық та-
нытқан барша азаматтардың еңбектеріне
табыс тілейміз!
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ,
АРЫС ҚАЛАСЫ