Кеңестік темір шымылдық алынып, еліміз



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет8/8
Дата11.01.2020
өлшемі1,31 Mb.
#26362
1   2   3   4   5   6   7   8

8

№51 (3176) 12 шілде 2019

zangazet@mail.ru

Редакторлар кеңесінің 

төрағасы – президент



Досымбек ӨТЕҒАЛИЕВ

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ: 

050012, Алматы қаласы, 

Х.Досмұхамедұлы көшесi 

(бұрынғы Мичурин), 68 «б»-үй.

Қабылдау бөлмесi: 

292-43-43; 292-79-61 (факс); 

Нұр-Сұлтан қаласы, Абай көшесі, 78, 

105-кеңсе

факс: 8 (7172) 52-02-11

E-mail: zanreklamaastana@mail.ru

«Заң газеті» аптасына 2 рет –  

сейсенбі, жұма күндері жарық көреді.

Жеке таралым 5746 дана

Апталық таралым 11 492 дана

Тапсырыс №101 Индекс 65921



Газет Қазақстан Республикасы бойынша 

таралады

Газетіміздің электронды нұсқасын Zanmedia.kz сайтынан 

оқи аласыздар.

Газет бетiндегi жарияланым дардың пози циясы мен фактi лерi үшiн 

редакция жауап бермейдi.

Жарнама мен хабарландырулардың маз мұнына жарнама берушi 

жауап ты.  Жарнама  берушi нiң  жiберген  қа телiгiне  байланысты  та-

лап-тiлектер хабарландыру жарияланған күн нен бастап екi ай мерзiм 

iшiнде қа былданады. 

Газеттi есепке қою туралы 



№16297-Г куәлiктi 2017 жылғы 12 қаңтар-

да Қазақстан Респуб лика сының Ақпарат және  коммуникация министрлiгi 

берген. 


Газеттiң терiмi мен бет қаттау жұ мыс тары «Заң» Медиа-корпорация» 

ЖШС компьютерлiк орта лығында жа салды. Алматы облысы, Iле ауданы, 

Өтеген батыр ауылы, Сейфуллин кө шесi, 2«б», «Принт плюс» ЖШС 

баспаханасында басылып шығарылды. Тел.: факс. 8 (727) 51-78-27, 8 

(727) 51-78-31

Меншiк иесi: 

«ЗАҢ» МЕДИА-КОРПОРА ЦИЯ» 

ЖАУАПКЕРШIЛIГI ШЕКТЕУЛI СЕРIКТЕСТIГI

Бас редактор

Айнұр СЕМБАЕВА

Бас редактордың 

орынбасары

Сәкен ҚАЛДЫБАЕВ

Нөмiрдiң кезекшi редакторы



Камила ЫСҚАҚОВА

Нұр-Сұлтан  Айша Құрманғали

 

8 707 851 91 13.



Алматы  

Нұрбол Әлдібай

 

8 701 357 66 84.



                      Айтақын Бұлғақов

                      8 705 111 37 21



Атырау  

Құралай Қуатова

 

8 701 678 9077.



Ақмола  

Қалкөз Жүсiп

 

8 701 300 14 74.



Түркістан   Шадияр 

  

Мекен бай ұлы

 

8 775 733 56 65.



МЕНШIКТI ТIЛШIЛЕР: 

ҚЫЛМЫС ПЕН ЖАЗА

ШЫТЫРМАН


Күдікті көлік

Тергеу қайтадан басталып, банкті 

сол күні қарауылдаған күзет бөлімше-

сінің қызметкерлерінен жауап алынды. 

Олар дабыл ойнамағаннан кейін банкті 

тек сырттан ғана бақылаған. Іштегі кү-

зетші түнгі сағат бір жарымда есіктерді 

мұқият қарап шығып, секем алатындай 

ешнәрсені байқамағаннан кейін ұйқы 

қысып, сәл мызғып кеткенін айтты. 

Ұрлық та дәл осы кезде жасалса керек. 

Күзетші түнгі сағат бірдің шама-

сында қарсы беттегі дүкеннің жанына 

үш  аяқты  «Урал»  мотоциклі  келіп 

тоқтап, полиция киіміндегі жігіттің 

сөніп қалған көлігін оталдыра алмай 

көп әуреленгенін де есіне түсірді.

– Одан жауап алынды ма? – деді 

Керім полиция бөлімшесінің бастығына 

қарап.


– Тексерілді, біздің учаскелік инс­

пектор Копеек қой, – деді.

– Копеегі несі? – деді Керім. Поли-

ция бөлімшесінің бастығы езу тартты. 

– Шын аты Кенжеғали, бұрын МАИ 

инс пекторы болып, жүргізушілерді зар 

қақсатқаннан кейін кейбір тілінің то­

тияйыны барлар сыртынан солай деп 

атап кеткен. Ол дүкеннің маңайында 

мотоцикілін оталдыра алмай, бір жарым 

сағат бөгелгеннен кейін көлігін үйіне 

сүйреп кеткен, оның бәрі тексерілді. 

Керім:

– Дүкеннің маңайындағы тұрғын-



дардан жауап алынды ма? – деп еді 

полиция бөлімшесінің бастығы:

– Тергеуші жауап алмап па? – деп 

өзіне қарсы сауал қойды. Керім бүйірі 

қабысқан папканы бөлімше бастығы-

ның алдына тастады. 

Үйлері банкке жақын орналасқан 

тұрғындардан жауап алынды. Көрдім, 

білдім деген адам жоқ, бәрі де шырт 

ұйқыда болған. Дәл банк түбінде ор-

наласқан  үйдің  тұрғындарын  сөзге 

тартқан Керім азаматтардың көрген­біл-

генін бүкпесіз айтатынына да күмәнді. 

Өйткені, соңғы кезде халықта сондай 

енжарлық бар. «Менің шаруам қанша? 

Қылмыскерді табу полицияның жұмы-

сы» дегенді көбі ашық айтады. Азамат-

тар оқыс оқиға өздерінің басынан өтпей-

тіндей көреді. «Сен тимесең, мен тимен» 

деген қағидамен өмір сүретін оларға 

полицияға қайта­қайта барып, түсінік 

бергеннен гөрі, «көрмедім, білмедім» 

деген бір ауыз сөзбен тыныш отырған 

тиімді. Сөйте тұрып қылмыс неге ашыл-

майды деп сынайтындарын қайтерсің. 

Апыр­ай, кемшілікке көндігіп, қаты-

гездікке адамдардың еті үйренген сайын 

жауапсыз жандар көбеймей ме? Қылмыс 

саны өспей ме? Бірақ іштегі қыжылды 

кімге айтып, қайсыбіріне түсіндірерсің.

Банк  жанындағы  бірнеше  үйдің 

есігін қағып, біраз адаммен тілдескен 

тергеуші қылмысты ашуға түрткі болар 

бір дерек таба алмады. Осылардың бәрі 

әуре­сарсаңнан құтылу үшін тергеуге 

әдейі болыспай жатыр ма? Жоқ, ауыл 

адамдарының көзіне тіке қараған Керім 

олардың көмектессем, қылмысты ашуға 

титтей  де  болса  үлес  қоссам  деген 

шынайы ниетті оқығандай болды. Со-

нысына риза. Бірақ, адамның пейілін 

папкаға  тіркей  алмайсың.  Қалайда 

қылмыскерге апаратын жолды адаспай 

болжау керек. Бағанадан бері әр есікті 

үмітпен ашып жүрген тергеуші түске 

таман өз ойынан қайта бастаған. «Шы-

нымен де ешкім байқамаған ба?» ішінен 

осы сұрақты бүгіндікке миллион рет 

қайталаған болар. Мүмкін емес қой. Тек 

жасы жетпістегі Жекен қария ғана бір 

деректің шетін шығарды:

–Мұның сендерге қатысы бар ма, 

жоқ па ол жағын білмедім, құданың 

құдіреті, сол күні ит абалап қоймаған-

нан  кейін  сыртқа  шықтым,  айнала 

тым­тырыс, әлден соң үйдің жанынан 

ТҮЙЕНІҢ «КОРОЛІ»

мотоциклін тырылдатып, біреу өтті. 

Сырт кейпіне қарап, Ерәлісің­ау деп ша-

маладым. Ол көпірдің басына жақын-

дай бергенде дүкеннің жанынан әлдекім 

жын қуғандай айқайлап соңынан қал-

балақтап, тұра жүгіргенімен мотоцикл 

мінген адам даусын естімеді ме екен, 

сол құйғытқан күйі тоқтамай кетті. 

Таныдым,  өзіміздің  Әбутәліп.  Мен 

көрген­білгенімді айттым, қартайған 

шағымда өтірік айтып, күнә арқалап 

қайтемін, –деді қария.

 

Күмән

Дүкеннің күзетшісі, қалқан құлақ 

сары жігіттен жауап алынған. Оқиға 

орнынан табылған аяқ киімнің ізіне 

Есенжолдың туфлиінің де көлемі сәйкес 

келген. Бірақ ол бетбақтырмай отырып 

алды: 


–  Айтатындарың  сол  ма,  Ащы-

бұлақтың адамдарының тең жартысы 

дәл осындай қытайдың аяқ киімін ки-

еді. Дәлелдерің осы ма? Банкті тонап 

кетсем, үйімді тінтіп ақшаны таппай-

сыңдар ма? – деп шалқайды ол. 

Сол  күні  Әбутәліптің  жанында 

болған денесі төрбақтанған табақ бет жі-

гіт ә дегеннен қара жаяу емес, заң­зәкүн-

нен хабары бар адам екенін сездіртіп:

– Қарадай жала жапқыларың келіп 

отыр ма, дәлелдерің қайда, қылмыс 

үстінде ұстап алып па едіңдер, қарапай-

ым адамдарды да қорғайтын заң бар. 

Айтпады демеңдер, үстеріңнен про-

курорға шағым түсірсем, талайыңның 

бастарың ұшады, – деп сес көрсетіп 

қойды.


Керім күдіктілердің өмірбаянда-

рымен  танысып  шықты.  Күдік  кел-

тіретіндей  дерек  жоқ.  «Прокурорға 

шағымданамын» деп дөңайбат көрсетіп 

отырған табақ бет жігіттің аты­жөні 

Есенжол, жанындағы денесінде қырым 

еті жоқ, беті ақ құманның қақпағындай 

сары жігіттің есімі Әбутәліп. Екеуі де 

бір кездері шахтада жұмыс істеген. Кей-

ін кен орны жұмысын тоқтатысымен 

Әбутәліп банкке қарама қарсы дүкенге 

қарауыл болып орналасқан. Тұрмысы 

да қоңыртөбел. Әбутәліпке қарағанда 

Есенжол бақуатты тұрады. Зәулім үй 

мен бастырманың астындағы кісінеген 

бес­алты жылқы, ауладағы суы көкке 

шапшыған хауыз бұл адамның шаруа 

мен сауда­саттыққа жақын адам екенін 

көрсетіп тұрғандай еді. Жекеменшігін-

де «Волга­24» көлігі бар. 

Анығында да тергеушінің қолын-

да  ғимараттың  төбесінен  табылған 

табанның іздерінің күдіктілердің аяқ 

киімдеріне сәйкес келетіндігі болмаса, 

басқа тағатындай айып жоқ еді, бар 

дәлелдердің өзінің буыны былқ­сылқ 

етіп тұрысы мынау. Бастысы ұрланған 

айғақты зат – ақша жоқ. Істің мына 

қалпында прокуратурадан өтпей қала-

тындығы анық еді. Облыстық ішкі істер 

басқармасының бастығы да қайта­қайта 

телефон шалып, жандарын жеп барады.



Пәрмен

– Мемлекеттің ақшасы қайда, із-

деңдер, табыңдар! Дәлел жоқ дейді, 

ол сендердің кінәларың. Істі тергеген-

деріңе бір айға жуықтап қалды, әзірге 

бірде бір нәтижені көріп тұрғаным жоқ. 

Күніге басшылардың алдында екілік 

алып қалған баладай сүмірейіп, ұрыс 

есту  маған  оңай  дейсіңдер  ме?  Ен-

шілеріңде бір апта ғана уақыт бар, бір 

апта... деп ашуға булыққан полковник 

сөзін аяқтамай, телефонның құлағын 

тастай салған. 

Жедел  тергеу  тобы  мүшелерінің 

құты қашқан. Не істеу керек? Керім 

Әбутәліптен қайтадан жауап алды.

– Жеті түнде көпірге қарай кетіп 

бара жатқан екі аяқты мотоциклдің 

соңынан соншама жанұшырып, жүгір-

геніңіз қалай? – деді. Әбутәліп:

– Есімде жоқ, қай жерде жүгіріп-

пін, – деді. Тергеуші Жекен қарттың 

түсініктемесін алдына тастап еді, ол көз 

жүгіртіп оқып шығып: 

– Ә, енді есіме түсті, темекім тау­

сылып  қалып,  бір  тал  сұрайын  деп 

едім, –деді. 

– Қызық екен, жеті түнде танымай-

тын адамнан темекі сұрайын дедіңіз бе? 

– деді тергеуші. 

– Қарағым, онда тұрған не бар, мен 

өзі жастайымнан темекіні көп шегетін 

адаммын, – деді Әбутәліп ақталып. 

– Әбеке, жауабыңыз қисынға кел-

мей тұр, егер тыңдасаңыз сіздің кімнің 

соңынан жүгіргеніңізді айтайын ба, – 

деді Керім. Әбутәліптің көзі шарасынан 

шыға жаздап барып, қайтадан сабырлы 

қалпына түсті.

– Ал, айта қойшы, кімнің соңы нан 

жүгіріппін? 

– Ашығын айтсам, сіз осыдан ай ша-

масы бұрын Қаратаудың арғы бетінен 

денесі табылған марқұм Ерәлінің мо-

тоциклінің соңынан жүгірдіңіз. Керім 

сөзін  үзіп  Әбутәліпке  қарап  еді,  ол 

иманды болсын дегендей бетін сипады. 

Бірақ бағанағыдай емес, өңі бозарып 

кеткен еді.

– Сіз бекерге айқайлаған жоқсыз, 

себебі ол дүкеннің маңайындағы жа-

рықтың  тұсынан  өте  берген  кезде 

өзіңіз ұрлаған ақшаның қапшықтарын 

Ерәлінің мотоциклінің қанжығасынан 

көріп қалдыңыз. Оқиғаның әрі қарай 

қалай болғанын баяндайын ба, жоқ әлде 

шындықты өз аузыңызбен айтасыз ба? 

Бағанағыдай емес, үні бәсеңсіп, жүні 

жығылып қалған Әбутәліптің иығын-

дағы басы төсіне қарай құлап кеткен 

еді. Тілі байланып қалған Әбутәліп 

әлден соң ғана сөзге келді.



Айыпты

– Банкті тонайық деген ойды айтқан 

көгермегір Есенжол. Басында көнбедім, 

бірақ оған ақша қарыз болғаннан кейін 

еріксіз келістім. Сол күні ел шырт ұй-

қыға кеткеннен кейін құрал­сайманы-

мызды алып, банктің төбесінен түстік.

– Неге төбесінен?

– Дабыл тек банктің кіреберісіндегі 

есікке ғана орнатылғанын алдын ала 

тексеріп алғанбыз. Сейфті бұзып, ақ-

шаны да оңай алдық. Мен шатырдың 

үстіне шығып, қапшықтағы ақшаларды 

банктің қара көлеңкелеу жеріне тастап, 

енді кетейін деп тұрғанымызда, қыр-

сыққа тап болдық. Дәл дүкеннің жа-

нында учаскелік инспектор Копеектің 

мотоциклі бұзылып, ұзақ уақыт тұрып 

қалмасы бар ма? Не істеу керек, бір 

айналып келейік деп шештік, Есенжол 

жөніне кетті. Түн жарымында банктің 

жанынан  мотоциклін  тырылдатып, 

Ерәлі өтті. Қу жүрегім бір нәрсені сезіп, 

соңынан тұра жүгіріп едім, тоқтамай 

кетті. 

Сол күні одан басқа тірі жанды көр-



ген жоқпын. Шамамен түнгі сағат төрт-

тің кезінде Есенжол да келген. Мына 

сұмдықты қараңыз, осыдан екі­үш сағат 

ғана бұрын талдың тасасына жасырып 

кеткен екі қапшық ақша ізім­қайым 

жоқ. Оны Ерәліден басқа кімнің алуы 

мүмкін? Басында алдап­сулап, ақшаны 

бөлісеміз деп азғырып та көрдік, көн-

беді марқұм. 

Бір аптадан кейін оның Қаратаудың 

арғы бетіне барып келгенін де естідік. 

Енді Ерәлінің ақшаны алғандығына 

күмәніміз қалмады. Есенжол екеуміз 

ұрып­соғып, денесіне үтік те басып 

көрдік. Ақыры ол ақшаны қайда тыққа-

нын мойындады. Ерәліні Есенжолдың 

көлігіне салып алып, Қаратаудың арғы 

бетіне бардық. Сол арада марқұм тағы 

да сөзінен айнып қалды. Ол ақшаның 

тең жартысын алғысы келді, оған біз 

көнбедік. Сол сәт ашуға булыққан Есен-

жол марқұмның көкірек тұсынан бір рет 

соққы беріп еді, өңі көгеріп, құлап түсті, 

тамырын ұстап көрсем жүріп кетіпті. 

Ұрған мен емес, Есенжол. Бар болғаны 

осы деді ол. 



Елу миллион

Есенжол мен Әбутәліп қылмыс жа-

сағандарын мойындағанымен ұрланған 

ақша жоқ еді. Оның қайда жасырылуы 

мүмкін? Тергеу тобы қайтадан Қара-

таудың теріскей жағына барды. Оқиға 

орнындағы тау­тас, жыра­жықпылдың 

бәрі тексерілгенімен, елу миллион тең-

ге таптырмай қойды. Амал таусылған. 

Керім бастаған топ ескі танысы Қозы-

бай ақсақалдың үйіне түсіп, қарияға 

түйенің короліндегі шимайды көрсетіп 

еді, ол картаны ары­бері аударыстырып 

отырып, кенет жерден жеті қоян тапқан-

дай айқайлап жіберді: 

 – Айналайындар­ау, картаны былай 

аударып қарасаңдар мына сызықтарың 

Келіншектің тас түйесінің жанындағы 

әйелдің  емшегінің  ұшындай  болып 

тұрған қос үңгір емес пе? 

Марқұм Ерәлінің қолынан табылған 

түйенің королінің бетіндегі сызбаның 

құпиясы осылайша сырын ашты. Екі 

қапшық ақша үңгірден табылған. 

Араға жиырма жыл салып, қызметі 

жоғарылап, шені өскен Керімнің дәм­

тұз айдап, Келіншектаудың бөктеріне 

бала­шағасымен келіп тұрған беті осы. 

Көп нәрсе өзгерген. Сайын даланың 

төсімен  атын  борбайлатып  шауып 

өтетін Қозыбай қария да, шотын сарт­

сұрт  қағып,  өзіне  қарап,  телмірген 

жұрттың  зейнетақысын  тарататын 

Тұрғамбайдың да бұл дүниеде көздері 

жоқ. Өзгермегені – талай ғасырларды 

табалдырықтан ұзатып салған тәкаппар 

келіншектің тас мүсіні ғана. 

 – Неткен ғажайып көрініс, – деді 

Керімнің  келіншегі  төбесінен  төне 

қараған қарт Қаратаудың сұлулығына 

тамсанып. Іргедегі Жамансу өзеніне 

бағаналы  бері  тесіле  қарап  тұрған 

подполковниктің  ойы  мүлде  басқа 

жақта еді. Керімге Ерәлі марқұм сол 

баяғы қалпындай мұз қабыршағының 

астынан көздері тірі кезінде бір­бірімен 

жағаласып,  жаға  жыртысып  өтетін 

пенделеріне сығалап қарап, «бәрің де 

қызығына тойдырмайтын бес күндік 

жалғаннан  талқандарың  таусылған 

күні аттай желіп өте шығарсыңдар, тек 

сол тәндеріңді жасыратын қара жерге 

өздеріңмен бірге еншілеп алып кететін 

қандай дүниелерің бар?» деп тұрғандай 

еді.

«Әй, бірақ, адамзаттың жасаған та-



лай­талай сойқаны мен сұмдығын ішке 

бүгіп, тымырайып жатқан жалғыз тілі 

жоқ куә – тойымсыз қара жердің құпи-

ясын өлшеулі ғұмыры бітпегендер қай-

дан білсін». 

Самай шашын ақ шала 

бастаған Керім үнсіз тұнжырады.

Жамансу өзені бұдан жиырма 



жыл бұрынғыдай  шымырлап ағады.  

Елеусіз МҰРАТ

(Соңы. Басы өткен санда)

жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау