Кеңестік темір шымылдық алынып, еліміз



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет2/8
Дата11.01.2020
өлшемі1,31 Mb.
#26362
1   2   3   4   5   6   7   8

2

№51 (3176) 12 шілде 2019

zangazet@mail.ru



(Соңы. Басы 1-бетте)

Маман мінбері 



МҮЛІКТІ ТІРКЕУ – МІНДЕТТІ ШАРА

Жылжымайтын мүлікке белгілі бір орын-

мен тығыз байланысты нәрсенің бәрі жатады. 

Атап айтқанда, жер телімдері, ғимараттар 

мен құрылыс нысандары. Жылжымайтын 

мүлік бастапқы және кейінгі нысандар болып 

екіге бөлінеді. Бастапқыға ерекше мақсатқа 

арналған ғимараттар мен құрылыстар, қала 

құрылысының маңызды нысандары жатса, 

ал кейінгі нысандарға – жекелеген құқық 

объектілері (пәтерлер, жапсарлас салынған 

үй-жайлар, дүкендер мен кеңселер) жатады. 

Әр азаматтың жеке куәлігі, ЖСН болатыны 

секілді, ел аумағындағы жылжымайтын мүлік 

нысандарының да  бірегей нөмірі (кадастрлық 

нөмірі) және техникалық төлқұжаты бар.

Сондықтан, сіз жылжымайтын мүлікті са-

тып алу туралы келісім жасасқаннан кейін 

немесе оны мұраға алғаннан соң, аталған 

мүлікке құқығыңызды тіркеуге қою ең 

маңызды шарт болып табылады. «Жылжы-

майтын мүлікке құқықты мемлекеттік тір-

кеу туралы» заң бойынша (9-бап), жылжы-

майтын мүлікке қатысты дау туындамаған 

жағдайда өзге оны 6 ай ішінде тіркеу қажет. 

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды немесе 

ауыртпалықтарды тіркеу үшін «Азаматтарға ар-

налған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ-

АҚ-ға неме се нотариусқа жүгінуіңізге болады.  

Бұл ретте мәмілені тиісінше рәсімдейтін білікті 

нотариусты таңдай білген жөн. Электрондық 

үкіметтің жобаларының бірі нотариустар үшін 

арнайы әзірленген е-нотариат ақпараттық 

жүйесі болып табылады: ол сатып алынатын 

жылжымайтын мүліктің мәліметтерін және 

оған тіркелген құқықтар мен ауыртпалықтар-

ды тексеруге мүмкіндік беріп, сол арқылы 

жылжымайтын мүлікті сатып алушыны және 

өзін қауіп-қатерден сақтандырады. Мәміле 

жасалғаннан кейін, дәл сол жерде, нотариус 

қасынан ұзамай-ақ, сатып алған/ алынған 

жылжымайтын мүлікке құқығыңызды жылжы-

майтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу 

көмегімен тіркей аласыз. Ол үшін сізге ЭЦҚ қа-

жет емес, тек порталда тіркелу ғана жеткілікті. 

Қажетті операциялардың барлығын нотариус 

жүргізеді. Ал, төлемдерді екі түрлі жолмен жү-

зеге асыруға болады – жақын маңдағы банкте 

немесе электрондық үкімет порталында онлайн 

режимінде. Ол үшін порталда тіркеулі және 

онлайн-төлемді жүргізуге мүмкіндік беретін 

банк карточкасы (VISA, VISAElectron, Maestro, 

MasterCard және т.б.) болуы тиіс.

Роллан ДЖУМАБЕКОВ, 

Алматы қаласы «Азаматтарға арналған 

үкімет» мемлекеттік корпорациясы» 

КЕАҚ, Жылжымайтын мүлікке 

құқықтарды тіркеу бөлімі, 

сарапшы-архивариус

ТҮЙТКІЛ 


ДЕНСАУЛЫҚ

ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙДЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ

Олай болса, әрбір судья БАҚ өкілдерімен сұхбаттасқанда олардың сұрағына дәйекті және 

қарапайым тілде жауап беруі шарт деп ойлаймын. Жасыратыны жоқ, бүгінгі билеріміз «төртін-

ші биліктен» жасқанады, себебі көптің алдына шығып сөйлеу дағдысы нашар. Тілшілер қой-

ған сұрақтарға заңнамаларды, олардың мақсатын өмір шындығымен қабыстырып, түсіндіре 

алмайды.  

Үміткерлерді іріктеу кезінде заңгерлік білімі барлар тамыр-таныстықтың арқасында өтіп 

кетіп жататыны жасырын емес. Оған дәлел осындай судьялар жазған сот актілерін көп жыл-

дық тәжірибесі бар заңгерлер болмаса, қарапайым адам түсіне алмайды. Аталмыш сұхбатта 

автор айтқандай, сот үкіміне тергеушілер жазған айыптау қорытындысындағыларды қайталап, 

арасында кодекстегі баптарды көшіріп, адам түсінбейтін қойыртпақ, жаңылтпаш іспетті сот 

актісін түзеді. Себебі, олар қылмыстық істердің санаты бойынша шығарылған үкімдерді басқа 

әріптестерінен сұрап алып, өзі қараған іс бойынша сот актісін басқа судья жазған шаблонға 

салып дайындайды. Істердің санаты бірдей болғанымен, ондағы қылмыстық оқиғаның желісі 

басқа ғой және судья өз бетінше пайымдап, заң мен арды басшылыққа алмай ма?! 

Тұқым қуалайтын аурулар санатына 

жататын фенилкетонурияны (ФКУ) дер 

кезінде емдесе, ешқандай қаупі жоқ. Ал, 

ауру белгісі байқала салысымен тиісті ем-

дом қабылдамаса, ол сәбидің ақыл-есінің 

дұрыс қалыптасып, дамуына кері әсерін 

тигізеді. Тіпті, мезгілсіз ерте көз жұмуға 

дейін жеткізеді. 

Алматыдағы Акушерлік, гинекология 

және перинатология ғылыми орталығы 

мамандарының айтуынша, елімізде 2007 

жылдан бастап енгізілген неонталдық 

скрининг нәтижесінде қазіргі таңда ФКУ-

мен ауыратын 142 баланың денсаулығын 

анықтауға және сақтауға мүмкіндік туып 

отыр. Бұл мемлекет қаржыландыратын 

Неонаталдық скрининг және емдеу бағдар-

ламасының нәтижесінде қолжетімді бол-

ды. Соның нәтижесінде Қазақстанда ФКУ 

жиілігі 24 мың жаңа туған сәбиге шаққан-

да 1-ден келетіні де анықталды. Бұрын 

мұндай  диагнозбен  туған  балалардың 

сырқатын дер кезінде емдеп, сауықты-

ру мүмкін емес еді. «Қазақстанда қазір 

фенилкетонурия ға қарсы күрестің жүйесі 

бар және ол тиімді жұмыс жасап жатыр. 

Мұндағы мәселе тек ФКУ-мен ауыратын 

науқас пен оның ата-анасы және дәрігер-

лер бір жерге жиналып, ортақ мәселені 

шешуде жұмыла әрекет етуіне ғана тіреліп 

тұр. 28 маусымда өткен Халықаралық фе-

нилкетонурия күніне арналған қайырым-

дылық акциясы осы  бағыттағы алғашқы 

қадамның бірі болды», – дейді Түркияның 

Чуқырова университетінің профессоры 

Неслихан Уненли Мюнган. 

– 81 млн халқы бар Түркияда ФКУ-

мен ауыратындардың саны 10 мыңнан 

асады. Бізде ол жаңадан туған әрбір 5 мың 

сәбидің біреуінде кездесіп жатады. Көзі 

ашық, білімді адамдар мен ғалымдар ФКУ 

туралы халыққа  түсіндіру жұмысын жа-

сап, түрлі жиындар, кездесулер өткіземіз. 

Бірақ, біз бәрібір туысқандар арасындағы 

үйленуді тоқтата алмаймыз. Егер бұл іске 

министрліктер араласып, заң жүзінде шек-

теу қойылса, мүмкін пайдасы тиер ме еді. 

Өйткені, ата-анасы бірдей тасымалдаушы 

болып тұрса да, оларға бала тумаңдар деп 

айта алмайсың ғой. Әрбір бала қоғам-

ның толыққанды мүшесі болуға құқылы. 

Өкінішке қарай, ата-аналар өзінің қалаған 

ісін жасап, балаға қиын өмір береді. Ең 

дұрыс шешім алдын алу және қорғану 

деп ойлаймын», – деген Неслихан ханым 

қазақстандық әріптестерімен білімімен, 

тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін ай-

тып отыр. 

Оның бұл сөзін Түркиядағы ФКУ-мен 

ауыратын науқастардың құқығын қорғай-

тын Фенилкетонурия отбасылық бірлесті-

гінің президенті Дениз Атакай да қостады. 

«Біздің бірлестіктің басты мақсаты диагно-

стикадан өткен пациенттердің дер кезінде 

терапиядан өтуіне ықпал ету. Қазір өзімізге 

мүше болып кірген 4500 отбасының құқы 

үшін күресіп жүрміз. Бұл үшін ресми түр-

де жұмыс жасап, саясаткерлерді, депутат-

тарды, денсаулық сақтау қызметкерлерінің 

ең негізгі дәрігерлерін бір жерге жинап, 

оларға пациенттің атынан мәселелерімізді 

айтып, талабымызды қоямыз. Балалардың 

осындай  диагнозы барына мемлекет ай-

ыпты емес. Алайда, сол диагноз қойылған 

бала қымбатқа түсетін емді ала алмай 

өлетін болса, бұл біліп тұрып дер кезінде 

пациентке көмектеспеген мемлекеттің 

кінәсі. Сондықтан, оны жүйелендіру керек. 

Қазақстанда мұндай жүйе бар және жұмыс 

жасап жатыр. Бәрі мінез-құлық сипатында, 

тұтастық жоқ. Әркім өз білгенін істейді. 

Нәтижесінде ешкім ешкімді естімейді. Де-

генмен, Қазақстанда қажетті күш-қуат бар, 

баспасөзді пайдаланып, мүдделі тараптың 

бәрін бір жерге жинауға, бұған көмек-

тесуге, қолдауға, тәжірибемді бөлісуге 

дайынмын», – дейді Дениз Атакай. Бұл 

ЕМДЕЛМЕЙТІН СЫРҚАТ ЖОҚ

бағытта ол Түркияның және халықаралық 

тәжірибедегі өзге де  ұсынымдарды беруге 

әзір. Онда ФКУ диагнозы қойыл ғаннан 

кейін пациент пен дәрігерлерге қайда бару 

керектігі және ем-домды қалай алу керегі  

кезең-кезеңімен толық көрсетілген. 

Сарапшылардың  сөзіне  қарағанда, 

ауру деген науқастың маңдайына басылған 

таңба болмау керек. ФКУ-мен ауыратын 

балаларды жай ғана белогы аз диеталық 

азық-түлікпен тамақтанатын ерекше ба-

лалар деуге де болады. Тек олар нені жеп, 

нені жемеу керек екенін жақсы білуі қажет. 

Егер  бәрі  жан-жақты  айтылып,  дұрыс 

түсіндіріліп, бағыт-бағдар берілсе, олар 

сау адаммен отбасын құрып, бірнеше буын 

алмасқан соң ФКУ тасымалдаушы дені сау 

адамның біріне айналады. 



Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,

«Заң газеті» 

КӨҢІЛДІҢ КІРІ

 

АЙТСА КЕТЕДІ



ҚАЗАҚ БАЛАСЫ

 ЖҰМЫСТЫ 

ШЕТТЕН ІЗДЕУГЕ МӘЖБҮР

(Соңы. Басы 1-бетте)

ҚОҒАМ

Қажетті жағдайдың бәрі жасалған. 

Тұрғын үй, үш мезгіл тамақ, жұмыс 

киімдері және тұрмыстық қажетті зат-

тар – бәрі тегін берілді. Жұмысқа алып 

барып, алып келетін көлік те бар. Осы-

лай бір жылдай зауытта істеп жүрдік. 

Сосын  құрылыс  компаниялары-

на ауыс тым. Өйткені, мұнда жалақы 

молдау екен. Ол жерде қазақстандық 

жастар да көп. Алайда, жағдайы на-

шарлау болды. Басында орналас тырған 

үйлері дымқыл әрі салқын болатын. 

Онымен қоса, асханасында шош қаның 

еті қосылған тамақ берілгендіктен, біз 

азық-түлікті сатып алып, өзіміз тамақ 

әзірледік. Құрылыс тың жұмысы зауыт-

пен салыстырғанда әлдеқайда ауыр әрі 

қауіптілігі де жоғары. Әрине, қырық қа-

батты биік ғимараттарды тұрғызу оңай-

ға соқпайтыны белгілі. Құрылыста тек 

біздің елдің ғана емес, сонымен қатар, 

Қытай, Ресей, Қырғыз стан, Өзбекстан 

азаматтары да жүрді.

Онда жүргенде жарақат алып, ем-

ханаға түскен кездер де болды. Бірақ, 

біздің заңды құжатымыз болмаған-

дықтан, ауруханаларда толық қаралып, 

емделуге мүмкіндік болмады. Оның 

үстіне,  ай  сайын  құрылыс  басында 

тексеріс жүргізілетін. Заңсыз жұмыс 

істегендіктен, тексеріс кезінде қашып, 

тығылуға мәжбүр болдық. Дегенмен, 

пайдалы жақтары да көп еді.

Қызықты сәттерді бастан өткіздік. 

Алған әсерлерім жаман болмады. Де-

малыс күндері қаланы аралауға уақыт 

табатынбыз. Қала үстінен жедел пойыз 

жүреді. Табиғаты керемет аралдары 

бар. Ондағы технологиялық жетістіктер 

біздің елмен салыстырғанда ондаған 

жылдарға озып кеткендей. Тағы бір 

қызығарлығы, қала көшелері өте таза 

және қауіпсіз. Таң атқанша көшеде 

алаңсыз қыдыруға болады. Ешкімнің 

сенде шаруасы жоқ.  

Жұмыс уақыты таңғы сағат жетіге 

он бес минут қалғанда басталатын. 

Бір қызығы, сол он бес минутта барша 

корей халқы бірдей жаттығу жасайды. 

Жаттығуды жасауға арналған өзінің 

әнұраны  да  бар.  Кореяның  қырық 

жастан асқан тұрғындары жұмысқа 

берілген әрі тиянақ ты болып келеді. 

Ал, жиырма жас шамасындағы жаста-

рының жұмысқа қабілеті сәл төмендеу. 

Бірақ, соған қарамастан, кәрістер өте 

қарапайым, сабыр лы халық екен. Сырт-

тан келген жұмысшыларды бөліп-жар-

май, барлығына бірдей сыйластықпен 

қарайды.

Жалпы, Кореяда жұмыс істеп жүр-

ген  қазақстандық  жастар  көп.  Бар-

лығының  ойлағаны  –  ата-анасына 

көмектесу, баспана алу. Өзім білетін 

таныстарымның көпшілігі тапқан табы-

старына көлік және үй алды. Сол жақта 

жүріп, отбасын құрғандары да бар. 

Мен білетіндердің ішінде кәріс қызын 

алғандар болған жоқ. Өзіміздің қыз-жі-

гіттер сол жақта бірін-бірі кездес тіріп, 

ұнатып, қосылып жатады. Бірге жұмыс 

істеген жігіттермен елге келген соң да 

жақсы араласып кеттік. Себебі, өзге 

елде қиын сәттерді де, қуанышты, қы-

зықты кездерді де бірге өткердік.

Осы  жақында  ғана  елге  орал-

дым. Корея да үш жылға жуық жұмыс 

істеппін. Шынымды айтайын, онда 

барғаныма өкінбеймін. Себебі, еңбе-

гімнің жемісін көрдім. Қазір елімізде 

жастардың қолы бірден жете бермей-

тін баспанаға қолым жетті. Сол жақта 

жүріп жинаған қаражатпен ата-анама да 

көмектесіп, несиелерін жауып бердім. 

Бір сөзбен айтқанда, тұрмысымды тү-

зеп алдым, – дейді әлгі жігіт. 

Қазақта «Арқада қыс жайлы болса, 

арқар ауып несі бар» деген сөз бар. 

Еліміздің ертеңгі тізгінін ұстайтын 

жастарымыз жоғары білімдерін жиыс-

тырып  қо йып,  шетелге  барып  қара 

жұмыс істеп жатса, бұның астарында 

сол шетелдердегі арнайы білімді қажет 

етпейтін қара жұмысқа төлейтін ақша 

біздегі жоғары білімді мамандардың 

жалақысынан әлденеше есе жоғары 

болғаны емес пе?! Жақында Stan.kz 

ақпараттық агенттігі Кореяда жұмыс 

істеп жүрген қазақстандық жастар ай 

сайын елімізге 5 миллиард теңге жі-

беретіні туралы хабарлаған болатын. 

Сөйтіп, шетелде жұмыс істеп жүрген 

жастарымыз өз отбасылары мен туыс-

тарын асырап қана қоймай, елімізге 

шетел валюталарының келуіне де қо-

мақты үлес қосып жатыр. Ресми емес 

деректерге қарағанда, қазіргі күні бір 

ғана Оңтүстік Кореяда 10 мыңға жуық 

қазақ азаматы заңсыз жұмыс жасап 

жүр.  Ал,  басқа  шетелдерде  жұмыс 

істеп жүргендері қаншама?! 



Қалкөз ЖҮСІП,

«Заң газеті»

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Ал, сот актісін түсіндіру кезіндегі тараптармен тілдесу «шеберліктерін» айтпасаңыз да бо-

лады. Яғни, үміткерлерді судьялыққа іріктеу кезінде мінез-құлқына, ойын жеткізу қабілетіне, 

сауатына, парасат-пайымына мән берілмейтіні осыдан-ақ ұғынықты. Осындай деңгейдегі қазы 

атанып жүргендерден не күтуге болады?! Олар бүгінгі сот-құқықтық реформаның ілгерілеуіне 

қаншалықты мүдделілік танытады деп ойлайсыз?! 

БАҚ-та сұхбат беріп, ағартушылық мақалалар жазып, насихат жүргізуді былай қойғанда, 

өзі қараған сот ісінің қорытындысы бойынша брифинг өткізетін немесе сайтқа баспасөз-бая-

нын жазатын қабілеттері жоқтар да бар. 

Кәсіби деңгейінен бөлек, енді адами болмысына, ұйымдастырушылық қабілеттеріне 

келсек... Сот кеңсесінің жұмысы – мемлекеттік қызметтің көзге көрінбейтін және жоғары 

кәсібилікті қажет ететін бір түрі. Сот органдарындағы «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот 

кабинеті» электрондық қызмет көрсету сервисі арқылы арыз, шағымдар мен өтініштерді 

қабылдау, оларды тіркеудің процессуалдық мерзімдерінің сақталуынан бөлек, жоғары тұрған 

сот органдарының бақылау-тапсырмалары уақытында орындалуын қамтамасыз ету және басқа 

шараларды ұйымдастыру бірінші сатыдағы соттарда ұйымдас тырушылық қабілетті қажет 

етеді. Жергілікті жерлерде сотқа жүгінушілердің көпшілігі компьютер мен интернет ресурс-

тарды пайдалануды толық біле бермейді. Сондықтан, бұл арада кеңсе мамандарының қол 

ұшын беруіне тура келеді. Аталған жұмыстарды өз деңгейінде атқару және нәтижеге қол жет-

кізу үшін шағын ұжымда жайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастырудың маңызы 

зор. Кейде судьялар осыны білмей, «бұл жерде бәрін мен билеуім керек» деген өзімбілемдікке 

беріліп кететінін байқағанда, қарның ашады... 

Ұзақбек АТАНБАЕВ, 

Тарбағатай аудандық сотының аға сот приставы және баспасөз хатшысы 

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ   




жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау