Кењес љкіметініњ орнауы



жүктеу 304,5 Kb.
бет30/43
Дата01.02.2022
өлшемі304,5 Kb.
#37313
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43
Кенес окимети

1965 жылғы реформа

 

Н.С.Хрущевтің нәтиже бермеген реформалары экономиканы басқаруда қайта құруды талап етті. 1965 жылы тағы да бірнеше министерліктер мен ведомстволар құрылды. Мұнымен бірге шаруашылық бірқатар өзіндік жұмыстарды атқаруды қолға алды. Бұл кезде шаруашылықта есеп (хозрасчет) жүргізілді. Сондай-ақ, жұмысты бақылауға т.б. талаптар қойылды. Бұл үшін кәсіпорындар мынандай көрсеткіштерді көрсетуі керек болды, – азық-түліктің құны, еңбек ақының жалпы қоры және басқа да қорлар құру. Жоспарланған көрсеткіштерді алдын-ала орындау т.б. көздемеді. 1966 жылы Қазақстанда шаруашылық есеп бойынша 11 үлкен кәсіпорын болды. 1967 жылдың аяғына қарай республикада жаңа үлгідегі 193 кәсіпорындар жұмыс істеді, 1970 жылы өндірістік орындардың 80% шаруашылық есеп беруге (хозрасчетқа) тартылды. Сол кезде өндірістік қатынаста жеңіл өндіріс дами түсті, транспорт, энергетика және жаңа салалар – химия өндірісі мен машина құрылысын дамыту да, айтарлықтай табыстарға жетті. 1970 жылдың басында Солтүстік Қазақстанда энергетикалық жүйе құрылып, 48 жаңа азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар құрылды.



 Тыңайған жерлерді игеру

 

1954 жылы КОКП ОК-ң шешімі бойынша егістік көлемін мемлекетте ұлғайту үшін Солтүстік Қазақстан, Сібір, Орал және Солтүстік Кавказ аудындарындағы тың жерлерді игеру көзделді. Бірақ, бұл аудандардың жерлері топырақ құнарлығы төмен ылғалдылығы жеткіліксіз, әрі қолайсыз жерлер болатын. Ол жерлердегі шаруашылық негізінен арта қалған және агротехникалық әдістерді толық меңгермеген аудандар еді. 1954 жылдың тамызына дейін Қазақстанда 6,5 млн.га, жер жыртылса, 1955 жылдың басында игерілген жерлердің көлемі 8,5 млн. га жеткізіліп және 90 жаңа совхоздар құрылды. 1954 жылдың күзіне қарай тағы да 250 совхоз құрылды. Тың жерлерді игеру жылдарында (1954-1960ж.ж.) барлығы 25,5млн. га жер игерілді. Осы жаңа жерлерді игеру үшін жұмысшы күшін елдің батыс бөлігінен мобилизациялау арқылы көптеген адамдарды әкеліп, оларға бірқатар жеңілдіктер жасалды. Мысалы, көліктермен тегін жүру, 1 мың сомға дейін ақшалай көмек, баспана салып алуларына – 10 жылға дейін 20 мың сом, 2 мың сомға тарта ақша – мал өсіруіне көмек ретінде берілді. Ондай адамдарды ауылдық жердің салығынан – 2 жылға немесе 3 жылға дейін босатты. 1954-59 жылдары барлық тың игеруге кеткен шығын 20 млр. сомды құрады.



Тың игерудің алғашқы жылдарында 1954 жылғы құрғақшылықтан басқа жылдары бірқатар жетістіктер болды. 1956 жыл елде жақсы табысты жыл болды. Сол жылы егістіктен алынған өнім – 125 млн. тоннаны құрады, оның 50%-тін астық беретін совхоздар құрса, 50%-тін жаңадан игерілген жерлер берді. Тың игеру барысында табиғи тепе-теңдік бұзылды және жердің құнарлы топырағы желге ұшып, жер тозды (эрозияға ұшырады). Осындай жағдайға байланысты күрделі экологиялық мәселе туындады. 1960 жылдардың басына қарай құрғақшылық жылдар басталып, 1963 жылы өте құрғақшылық болып, мемлекет сыртқы елдерден 12 млн. тонна астықты 1 млрд. сомға сатып алды. Сөйтіп, тың игеру жылдары жердің құнарлығы жылдан-жылға нашарлады. Мысалы, 1954-1958жж. орташа көлемі 7,3 ц (га болса) 1961-1965жж. – 6,1 ц/га астық өнімінің мөлшерін ғана көрсетті.

Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында жыртылған көлемді жерлер Қазақстанда шалғындық жерлер мен жайылымдық жерлердің де көлемінің қысқаруына себепші болды. Аймақтық жерлерде дәстүрлі ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. 1955 жылы КОКП ОК ССКР-ң арнайы шешімі бойынша 47 аудандар мен 225 совхоздарға ет өнімін өндіріп беру міндеттелді. Одан кейінгі уақытта жайылымдық жерлерді кеңейту қолға алынып, мал шаруашылығын дамытуға байланысты тұрақ қоныстар салынды. Нәтижесінде шаруашылықты көтеру қиынға түсті. 1960 жылы мал басы – 37,4 млн. болды. Бұл жерлерде тұрғылықты қоныстардың өсуіне байланысты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі туындады. 1962 жылы еттің бағасы – 30%-ке өссе, майдың бағасы – 25%-ке өсті. Жоспарланған өндіріс өнімі үш есе кем көрсеткішті көрсетті.

Ауыл шаруашылығында МТС (машина-трактор станциялары) құру және техникаларды сатып алу колхоздар мен совхоздарға жүктелді. Сөйтіп, халыққа қажетті шаруашылықтың саласы деп, жүргізілген реформаға байланысты мекемелер құруға бет алды. Бірақ кейінгі уақытта колхоздардың жағдайы төмендеді, себебі техникаларды сатып алу және қорларды сақтау қиынға түсті. Бұл реформа техника мамандары механиктер мен механизаторлардың келуін талап етті, олардың келуіне байланысты ауыл шаруашылығындағы техника тұрақтары қысқарды. Қазақстанда техниканың кемуі негізінен тың және тыңайған жерлерді игерудің дағдарысқа ұшырауымен байланысты болды.

Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында Қазақстан жерінде көлемді жерлердің жыртылуы, сол уақытта ауыл шаруашылығының дағдарысқа ұшырауына әсерін тигізді.




жүктеу 304,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау